1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (16000-01) 19 наурыз, бейсенбі 2015
Дүниежүзiндегi ұлттар мен ұлыстардың барлығы да өз Жаңа жылдарын мейлiнше мерекелейдi. Бұлардың iшiнде тек екi-үш күн ғана емес, бiр апта бойы, 9 күн, 10 күн, не болмаса 12 күн қатарынан тойлайтын елдер де бар. Олардың сондағы мақсаты – жемегендi жеп, iшпегендi iшу емес, өзiндiк бет-бейнесi, өзiндiк тағдыр-тарихы, өзiндiк өмiр салты бар ел екендiктерiн әйгiлей түсу. Нақтылай түсу. Және олар осы мереке барысында өзiндiк өмiр салты мен өзiндiк болмыс-бiтiмi бар ел екендiктерiн кейiнгi ұрпақтың бойы мен ойына сiңiрiп бағуға тырысады. Олардың бiз секiлдi дiнiн сатпайтыны, тiлiн айырбастамайтыны, намысын аяққа таптатпайтыны да содан.
Егер ортамызда есен-аман жүрген болса, дәл бүгiн Қазақстанның халық жазушысы, аса көрнектi ақынымыз Тұманбай Молдағалиев мерейлi 80 жасқа толар едi. Сейдахмет Бердiқұловтың “Арбаған менi бiр сиқыр” деге­нiндей, жақсы, шынайы өлеңде де сиқыр болады. Бұл сиқыр оқырманды арбап алады. Тұманбай Молда­ғалиев поэзиясының сиқырына арбалған адамдарды мына өмiрде аз кездестiрген жоқпыз. Жас дейсiз бе, кәрi дей­сiз бе, әйел дейсiз бе, еркек дейсiз бе, Тұмағаңның өлеңде­рiн көздерi жасаурай отырып жатқа оқи­тын қазақтарды тiзiм­десеңiз, жүз мыңның үстiне шығып кететiнiне еш шәк келтiр­меймiз.
22 наурыз – менiң сүйiктi газетiм, тек менiң ғана емес, мен сияқты мыңдаған оқырмандардың сүйiктi газетi “Жас Алаштың” туған күнi. 21 наурыз күнi “Жас Алаш” 94 жасқа толады. Осы бiр ғасырға жуық ғұмырында “Жас Алашты” кiмдер басқарды? Кiлең қазақтың марқасқалары, халқымыздың “сен тұр, мен атайын” атпал азаматтары. “Ат аунаған жерде түк қалады”, осы мар­қ­асқалардың рухы қазiргi “Жас Алашты” да көлденең қақ-соқтан қорғап, қолдап жүр.
Президенттер портретi
Оқырманның есiнде болуы тиiс, “Жас Алаш” газетi ел басқарған көсемдердiң көктен түспегенiн, олардың да екi аяқты пенде екенiн әйгiлеу үшiн “Президенттер портретi” айдарымен ондаған мақала жариялаған едi. Онда президенттердiң ақыл-парасатымен қоса, пендеуи қырлары, тiптi зымиян пиғылдары да бүкпесiз айтылды. Владимир Путиннiң, Ислам Каримовтың, Александр Лукашенконың, Рамзан Қадыровтың, Гур­бан­гулы Бердымухамедовтың, Си Цзинь­пиннiң, Режеп Тайып Ердоғанның, Ангела Мер­кель­дiң пор­третiн “сал­ғанда”, олардың бет-әл­петiндегi жылт еткен “қылпыққа” дейiн қалт жiбермеуге тырыстық. Мұнымыз оқырманның да ойынан шыққан тәрiздi.
СОЛ АРҚЫЛЫ ӨЗ РУБЛIНIҢ МӘСЕЛЕСIН ШЕШПЕК КӨРIНЕДI
Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валютаның енгiзiлуi мүмкiн екенiн интеграцияға қарсы сарапшылар болжап жүрген. Осы қатер расқа айналуы бек мүмкiн. Ресей президентi Владимир Путин үкiметке  1 қыркүйекке дейiн осы мүмкiндiктi саралап, болашақта қаржылық және валюталық интеграцияның алдағы бағыттарын белгiлеудi тапсырды.
РАХАТ ӘЛИЕВТIҢ ӨЛIМI ЖАЙЫНДА ШУХОВ ПЕН МҰСАЕВТЫҢ НЕ БIЛГЕНI БАР?
Рахат Әлиевке топырақ Венадан бұйырды. Бұл туралы га­зетiмiздiң өткен нөмiрiнде жаздық (“Көресiңдi көрмей, көрге де кiрмейсiң” №21). Ирина Петрушова айтпақшы, Әлиев ендi Венада “ұлылардың арасында” жататын болды... Әлиевтiң жұмбақ өлiмiне қатыс­ты әркiм өз бiлгенiн айтып жүр. Пiкiр бiртектi емес. “Әлиевтiң өлiмi билiкке тиiмсiз” дейтiндер мәйiттi Аустрияда және Швейцарияда сойып көргендегi нәтижеге сүйенедi. “Әлиев өзiне-өзi қол жұмсаған жоқ” деп есептей­тiндердiң де уәжi осал емес – “ол өмiрге құштар едi” дейдi.

Оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың қазасы ең алдымен оның туыс-туғандарына, жақындарына ауыр тигенi түсiнiктi. Ресей оппозициясы көшбасшысынан көз жазып қалса, саясаткердiң туғандары өмiрдегi тiрегiнен айырылды. РБК арнасындағы бағдарламалары арқылы көпшiлiкке танылған Б.Немцовтың үлкен қызы Жанна Немцова әкесiнiң қазасына әлi күнге дейiн сенбейдi. Қасiреттен есiн жия алмаса да тәуелсiз ақпарат құралдарына сұхбат берiп жүрген ол әкесiнiң қазасы үшiн саяси жауапкершiлiктi Ресей президентi Владимир Путинге жүктейдi. Бiз Ж.Немцованың БиБиСи және “Дождь” арналарына берген сұхбаттарын жинақтап, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдiк.

Тойдың сәнiн бұзар сайлау келдi. Төтесiнен, кезектен тыс. Жау жетiп, жаналқымнан алмаса да. Берекесiз елдердi кезiп, айналсоқтап шықпайтын экономикалық дағдарыс дегендi сылтауратып. Қазақстандағы сайлаулардың сиқы әмбеге аян. Құдды осындай сайқымазақ сайлауды пешенемiзге жазып қойғандай. Мұның сыры неде? Елiне, мемлекетiне шынайы жанашыр азаматтар осындайда не дейдi? Ақиқатты тайсалмай айта бiлген, бүгiнде алты Алаштың аңсап iздерiне айналған Алтынбектiң жоғын-ай?!. А.Сәрсенбайұлының бұдан бұрынғы сайлау­ларға қатысты талдауы, берген бағасы мен анықтамасы қазiр де құнды. Телефон шалған, хат жазған оқырмандар соларды газетте қайталап жариялауды өтiнедi. Қажет болған соң сұрағаны ғой... “Үш тағанға” және бiр үңiлiп көрейiк те, өз таңдауымызды жасайық.
Осындай тақырыппен Алматы қаласының Ақсақалдар алқасы атынан Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазылды. 1991 жылғы Президенттiк сайлау­да, қазақ халқының талай заман армандаған Тәуелсiздiк таңы ендi арайлап атқан күндерде, өзiңе Елдiң тұтқасын сенiп тапсырдық, Нұрсұл­тан!” деп басталған хат қатқыл жазылыпты.
Жарылқапты жалғыз қалдырмайық!
Мен – “Жұлдыздар отбасы” мен “АҢЫЗ АДАМ” журналдарының бас редакторы Қазақстан Республикасы президенттiгiне үмiткер ретiнде тiркелдiм. Ел iшiнде ұлтыма, мемлекетiме қалай қызмет етсем деп жүрген ұлтжанды, мемлекетшiл, ойлы азаматтар өте көп. Менiң бұл сайлау додасына қатысудағы басты мақсатым – осы мүмкiндiктi пайдаланып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен талап--тiлегiн, сол ойлы азаматтардың бүгiнгi қоғамдағы қордаланып қалған проблемаларға көзқарасы мен оны шешу жолдарын, болашақта Қазақстан қандай ел болуы керек екенiн, келе жат­қан дағдарысқа қалай қарсы тұрамыз, одан шығу жолдары қандай деген ұсыныс-пiкiрлерiн билiкке жеткiзу.

Негiзi қазақтың наурызы 14-iнен басталып, осы күн бұрынғылардың есебi бойынша наурыздың бiр жаңасы немесе көктем­нiң алғашқы күнi саналған. Нау­рыздың 14-i – қазақша жыл басы. Адамның туған күнi осы күннен бiр күн бұрын болса да, 14-iнде бiр жасқа толды деп санайды. Сондықтан үлкендер кiшiлерге “жасың құтты болсын!” деген тiлек айтады. Атырау, Маңғыстау облыстарында бұл күндi “көрiсу күнi” деп ерекше атап өтедi. Менiң туған же­рiм, өскен ортам Байғанин ауданында Ақ­төбе облысының басқа аудандарына қарағанда, осы көрiсу күнiн ерекше тойлайды.

Елiмiздiң ақпарат құралдары Жаңа жыл басталмай жатып жарнамалап, түрлi шаралар ұйымдастыру қамына кiрiсiп кететiн. Жыл сайын солай. Кө­шелер, қоғамдық ұйымдар, жекелеген азаматтар өз үй­лерiнiң iшiне, сыртына шырша орнатып жатқанын жылда көремiз. Жалпы, жаңа жыл туралы бiз не бiлемiз? Жаңа жылда үйлерге шырша орнатуды Ресейге Бiрiншi Петр патша енгiзген. Ол 1700 жылдың 1 қаңтарында “барлық үй­лерге шырша бұтақтарымен безендiрiлiп, адамдар бiрiн-бiрiн Жаңа жылмен құттықтайтын болсын!” – деп әмiр еткен.
Iлгерiректе көршi үйдегi апа “қазiр заман өзгердi, жастар бұзылды” деп күрсiнiп қоятын. Сондайда “Заман неге өзгердi екен?..”, “Жастарды кiм бұзды?” деп ойлайтынмын. Қазiр соның жауабын тапқандаймын. Өзгерген заман емес, адам. Дәлiрек айтқанда, адамдардың санасы... Бұрын “Үлкенге қарсы келме!”, “Бiреудiң затын рұқсатсыз алма!”, “Мұғалiмге қарсы сөйлеме!” дейтiн. Қазiр бәрi басқаша.

Әдеттегiдей жұмыстан үйге келе жатқанмын. Көршiмнiң егiз ұлдары бүгiнгi жаңалықтарымен бөлiсiп, алдымнан шықты. “Бiз бүгiн мектепте Наурыз ме­рекесiне байланысты суретке түстiк”,– дескен екеуi сол қызықтарын жарыса айтуға кiрiстi. Ұққаным, түрлi көрiнiстер мен кейiпкерлердiң жанында оқушыларды суретке түсiрген сияқты. “Фаридун – қарақшының кейпiнде, Алмас – өрмекшi адам болып суретке түстi”, – деген Ерасылдан өзi қай кейiпкер ретiнде түскенiн сұрадым. “Бiз Нұрасыл екеуiмiз мына көрiнiстi таңдадық!”, – деген ол екi суреттi алдыма жайды. Егiз ұлдардың таңдауына iштей қатты сүйсiндiм.

Жақында “Жас Алашта” Д.Ботантаевтың “Ауғанстанға ойнау үшiн барған жоқпыз” (№18, 5 наурыз, 2015 жыл) деген мақаласы шықты. Соған байланысты өз ойымды бiлдiрсем деп едiм. Ауғанға барғанда жақсы соғысыпсың, ерен жауынгер болыпсың. Бiрақ қаншама ауған отбасына қайғы әкелгенiңдi ойладың ба?! Адамзат баласы мыңдаған жыл соғысып келедi, ондай соғысты жаңғыртып, еске ала бергеннен ешнәрсе өнбейдi.

Бұл күнi елiмiзде жең ұшынан жалғасқан жемқорлық өршiп тұр. Мемлекеттiң мүлкiне қол салудың түрлi тәсiлiн меңгерген қолы сұйық “супер” шенеунiктер ескерткен сайын есi жоқ баладай есiрiп барады. Бала демекшi, әр адам ұрлықты жас күнiнде өз үйiнде ұсақ-түйектi қолды етуден бастайды. Ата-ана тәрбиесi әлсiз болса, уақыт өте әкесiнiң қалтасына түсетiнi де жасырын емес. Өз үйiнде қатал тәрбиеден өткен, қамшының дәмiн татқан бала ендiгәрi ұрлық жасамайды.

“Қыз баланың осы өмiрге келгендегi басты мақсаты – отбасының берекесi атану”, “Қыз мұраты – кету”. Мұндай жаттанды сөздi 25 жастан асқаннан кейiн-ақ жақын-туыс, таныс, жамағайын, ата-анаңның жолдастары, таныстары... бәрi-бәрi айтады. Сонда сол қыздардың бұл өмiрде тұлға болып қалыптасуы, мақсаты, тал­ғамы, арманы қайда қал­мақ? Неге мұны ешкiм ойламайды?

(Өзімнің өзіммен сұқбатым)
– Күлкiм көп десем – көлгiрсi­генiм, күрсiнiсiм мол-ау десем – күңiренгенiм боларын сезем бе, екеуiн де ешкiмге көрсете беруге де, айта беруге де құлқым жоқ. Мынау өкiнiшi көп дүниенiң өңешiнен төгiлетiн мол өксiктi естiген сайын күлкiнiң ернi кезеретiнiн кiм де болса ұқса керек. Содан соң-ақ күрсi­нiс­тiң қынжылтқан қақпасынан қалай енiп кеткенiңдi байқамай қалуың түк емес. Қайғысы езген, қатыгездiгi маң­дайдан сүзген бүгiнгi аласапыран тiрлiктiң азасы мен қазасын молайтқан әдiлетсiздiгi өршiген тұста күлкiмен ерiксiз қоштасуға мәжбүр болғандайсың.
Үмбеталиев Мұхтархан Қалиұлы аспантаулар аясындағы Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүние­ге келген. Мұқағали ақынның аталас жақын туыс iнiлерiнiң бiрi. Өлең жа­зу – Мұхтарханның қанында бар қасиет.
Отырғызғандай әкелiп таққа менi,
Мен үшiн бұл керемет мақтан едi.
Мойыныма пионерлiк галстуктi,

“Былтыр наурыздың 17-сi күнi зымыран ұшырылып, 4-5 күннен кейiн күн райы Павлодар жақта 30 градусқа дейiн, ал Қарағанды облысында     24-27 градусқа дейiн ыстық болғаны есте. Сол ыстықтың салдарынан су тасқыны болғаны да мәлiм. Ал сол кезде Шымкент, Тараз, Алматы өңiрлерiнде  27 градус­қа дейiн ыстық түстi. Осыны гидромет­тiң қызметкерлерi “бұ қалай болды” деп ойлануы керек едi. Ыстық пен суықтың араласуынан ауа райы күрт өзге­рiске ұшырайды.

Өзге мерекелерден гөрi әз-Наурыздың түркiтектес халықтар үшiн маңызы мен мәнi ерекше. Ұлыстың ұлы күнiн атап өту шаралары қазiрдiң өзiнде басталып кеттi. Соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанда наурыз мерекесi ұлттық мейрам ретiнде аталып өтiп жүр. 22 наурызда күн мен түн теңелiп, шығыс күнтiзбесi бойынша жаңа жыл басталады. Және уақыт ағымына байланысты Наурызды тойлау үрдiсi де қазiр өзгеше екенi анық. Сонымен қатар, төл мерекемiз туралы әркiмнiң көптiң де түрлiше.

Елдiң сайлауы тартысты өтсе, бiздiң сайлау қызықты өтедi. Қызықтың көкесi биыл болатын тәрiздi. Өйткенi тiркеу шарасы бiтпей жатып сайлаудан “сексуальды белгiлер” байқала бастады. Мұрат Телiбековтiң сенiмдi өкiлi көрген “құқайын” қағазға түсiрiп, сотқа жеткiзетiнiн мәлiмдедi. Себеп қандай? Себеп жалғыз: оны тал түсте зорлауға әрекеттенген. Оның дәлелi – Мемлекеттiк тiл комиссиясының хатшысымен сүйрелесiп жүргенде, ол мұның анарынан қысқан... 

Кеше Ақордада АҚШ-тың Қазақстандағы елшiсi Джордж Крол президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сенiм грамотасын тапсырды. “Сенiм грамотасын тапсыру мен үшiн зор мәртебе. Сiздiң тамаша елiңiзде еңбек етуге дайынмын!”, – дедi Дж.Крол қазақ тiлiнде. Сенiм грамотасын тапсырған Кувейт, Пакистан, Сауд Арабиясы елдерiнiң елшiлерi аудармашының көмегiне жүгiндi. Ал Болгарияның елшiсi орысша сөйледi.

Мен бұрынғы жылдарды айтпағанда, тәуелсiздiк алғалы берi “Жас Алашқа” үзбей жазылып келемiн. Ханға қамшы үйiрген “Жас Алаштың” журналистерiне тәнтiмiн. Шын жүрегiмнен сендерге шығармашылық табыс тiлеймiн. Шыбын жандарыңды шүберекке түйiп жүрiп, шырылдап шындықты жазғандарың үшiн ағалық алғысымды айтамын. Билiктегiлердi былай қойғанда, аудан әкiмiне “әй” деп айта алмайтын тәуелдi газеттердiң тiлшiлерiн аяймын. Шiркiн, соларға ерiк, баспасөзге бостандық берсе...

Белгiлi журналист және театр сыншысы Артур Розенбергер театрдағы қойылым бiтер-бiтпестен сыртқа бет­тедi. Қойылым көрермен­дердiң көңiлiнен шығып, елдiң ду қол шапалақтағанын газет редакциясына бару үшiн таксиге отырып жатқанда ес­тiдi. “Спектакль, әрине, жаман шыққан жоқ. Бiрақ басты рольде ойнаған Янс Ханноның ойыны –масқара! Ол мүлде ойнай алмады”, – дедi iшiнен Розенбергер.
ЭКС-ПРЕМЬЕР ПРЕЗИДЕНТТЕН КЕШIРIМ СҰРАЙ МА?
Үйқамақта отырған Серiк Ахметов күдiктiден айыпталушыға айналды. Оған Қылмыстық кодекстiң төрт бабы бойынша алты қылмыстық iспен айып тағылды. Қылмыстық кодекстiң 176-бабының 4- тармағы – сенiп тапсырылған өзгенiң мүлкiн iрi көлемде иемденiп кету, 311-бап – пара алу, 310-бап – кәсiпкерлiк қызметке заңсыз қатысу және ол бұған қоса 307-баппен (қызмет бабын асыра пайдалану) үш эпизод бойынша кiнәлi деп танылды. Премьер-министр, облыс әкi­мi, қорғаныс министрi қызметiн атқарған Серiк Ахметовтi iстi бол­ған өзге шендiлермен салыс­тырсаңыз, сөз жоқ, калибрi үл­кен. Калибрi үлкен бола тұра, Ах­ме­товтiң қылмыстық iсi елеусiз өтетiн түрi бар. Олай болатыны, оның үнi шықпайды. Мұнысын “кiнәсiн мойындағаны” дейсiз бе, әлде “қауқарсыздығы” деп түсi­несiз бе, қалай жорысаңыз да еркiңiз.
– Жаңа заң қабылданыпты, естiдiң бе? – деп сұрады Тоқай көршiсi Ноғайдан.
– Әй, қойшы! Жаңа заң шығыпты дегенiң жаңа ән шығыпты дегенмен бiрдей болып қалды ғой. Күнде бiр заң қабылдап жатқан өкiмет емес пе? Одан да зейнетақыға қанша қосылыпты, соны айтсаңшы.
– Е, оны қойшы. Одан да қоспай-ақ қойғаны дұрыс-ау. Көбе­йе­тiнi – бес жүз теңге, базардағы бар нәрсе қымбаттап жүре бередi.

Жақында Қазақстан үкiметi Манхэттеннiң (Нью-Йорк) федералдық сотына арыз түсiрдi. Белгiсiз хакерлер үкiметтiк компью­терлерге бұзып кiрiп, қазақстандық шенеунiктер мен нью-йорктiк заң компаниясы өкiлдерiнiң құпия хаттарын жариялап жiберген. Ол қандай құпия болды екен, ә?

Жақында көлiгiмнiң жарығын жақпағаным үшiн жол полицейi тоқтатты. Бес айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл жазып бермек болған полицей көлiгiмдi айып тұрағынан бiр-ақ шығарды. Неге дейсiз ғой? Жүргiзушi куәлiгiмнiң ауыстыру мерзiмi өтiп кетiптi! 2005 жылы наурызда алдым, 2015 жылдың наурызында ауыстыруым керек екен. Ендi қайттiм?
Қазақтың дауын орыс судьясы бiтiрге­нi­нiң қолайсыздығын бiз айтпасақ та, тамам қазақ бiледi. Мысалы, қазақ көтере алмастай шығын, оның үстi­не әдет-рәсiмге терiс болып, көп қиыншылық, залал болмақ.  Билiк туралы қазақтың ескi жолы жоқ емес, қазыл­ған қара жолдай жолы бар. Бiрақ ол жолы ұмытылған. Себебi, көбiнесе орыс законына қарағандықтан болған. Мысалы, сайлау туралы закон па­ра, жақындықпен би болуға ыңғайлы болып, кiм болса – сол би болып, аузына не келсе – соны айтқан. Және бiр себебi жазылмай қалғандықтан.

Таяуда ғана Талдықорғанда өткен күрес түрлерiнен Қазақстан чемпионатында 61   келiде Дәулет Ниязбеков жеңiмпаз атанды. Еркiн күрес шеберiнiң ел чемпионатын бесiншi рет ұтуы бұл. Еркiн күресте әлемдiк жарыстарда қазақтың атын әйгiлеп жүрген балуанның бiрi – осы Ниязбеков. 2011 жылы Түркияда өткен әлем бiрiншiлiгiнде қола жүлде олжалап қайтты. Арада он төрт жыл салып қазақтың еншiсiне әлем бiрiншiлiгiнiң жүлдесi бұйырды. Дәулет – Азия бiрiншiлiгiнiң де жүлдегерi.

“Жас Алаштың” 17 ақпандағы нөмiрiнде жарияланған дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкерi Ермек Имамбековтiң сұхбатын оқып, (“Жапондар бiздi мойындады”), көптен берi көке­йiмде жүрген ойымды бiлдiрудi жөн санадым. Ұлттық құраманың бас бап­керi былай дейдi: “Әрине, олардың күресi – өнер. Бiздiң жiгiт­тер жасыратыны жоқ, шаршап-шалдығуға бейiм тұрады.

Еркiн күрестен КСРО спартакиадасын ұтқан тұңғыш қазақ, қазақтың көзi тiрi Қажымұқаны, 1963-71 жылдар аралығында өткен халықаралық турнирлердiң барлығында жеңiске жеткен алып – Әбiлсейiт Айханов. Жазғы Олимпиада ойындарының үш дүркiн чемпионы, әлем чемпионаттарында жетi рет жеңiске жеткен Александр Медведь, төрт дүркiн әлем чемпионы, олимпиада ойындарының жеңiмпазы Александр Иваницкий сынды саңлақтарды жеңген Айханов КСРО-ға қазақтың қаһармандығын паш етiп едi.

Бiздiң қоржын тәрiз­дес қазақы тамның есiгi күн батысқа қараған, ал көршiлес бiздiң үйге иық тiресе салынған Шардарбек көкенiң тоқал тамының есiгi күн шығысқа қараған. Арасы үш-төрт қадам тұратын қоңсылас қос үйдiң балалары бiз­дiң үй, сiздiң үй дегендi бiлмейтiн. Кешке үшеу ара бiр көрпенi аяқтаса жамыла, қолдарындағы бiр-бiр үзiк таба нанды құрғақтай жеп жатып ұйқыға кететiн. Күн ұзақ көктемнiң сартап күнiн­де лақ-қозының соңында жүрiп, әрi ойын баласына тән көктемгi гүлдердi сайдан сайға қуалай қызық