1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (16004) 2 сәуір, бейсенбі 2015
“Дұрысы – “президент­тiкке үмiткер” болуы керек едi ғой” деп “қате” түзеуге асықпаңыз, құрметтi оқырман. Оның себебiн мақаланың соңында айтамыз. Алдымен Конституцияны, “Сайлау туралы” заңды және “Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентi – Елбасы туралы” заңын бiр парақтап шығайық. Президент туралы Конституция не дейдi? “Қазақстан Республикасының пре­зидентi – мемле­кеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғарғы лауазымды тұлға”

Мерзiмiнен бұрын өтетiн бұл жолғы президенттiк сайлаудың үмiткерлерiнiң тек бiреуi ғана, яғни Н.Назарбаев халыққа кеңiнен танымал. Ал қалған екi үмiткердiң аты да, заты да жұртқа аса таныс емес. Бәлкiм, қазақстандық коммунистер Тұрғын Сыздықовты, ал қарағандылықтар Әбiлғазы Құсайыновты бiлетiн де шығар. Десек те, елiмiздiң кез келген азаматы сайлау кезiнде өз таңдауын жасауы үшiн қазiргi үмiткерлердiң саяси кескiн-келбетi айқын болуы керек емес пе?

Ресей тұрғындары В.Путиннiң шұғыл шешiм қабылдайтын сергектiгi мен жiгерiне және тәжi­рибесiне жоғары баға бередi. Алайда оның адалдығы мен саясаттағы ұқыптылығына келгенде халықтың пiкiрi қожырай бастаған. Мұндай мәлiметтi “Левада-Центр” сараптамалық орталығының деректерiне сүйенiп РБК агенттiгi таратты. 2015 жылдың наурыз айында жүргiзiлген сауалнамаға 18 жастан асқан 1600 адам қатысқан. Олар Ре­сейдiң 46 аймағының 134 елдiмекенiнде тұрады.

Қазақстанның ақпараттық кеңiстiгiн бүгiнде Ресей идеологиясы жайлап тұр. Қазақстандықтар дүниежүзiнде болып жатқан саяси-қоғамдық оқиғалар жөнiнде тек орыс тiлiнде ғана ақпарат алады. Және олар Ресейдiң сүзгiсiнен өтiп келетiнi де ешкiмге жасырын емес. Сондықтан бiздер қазiр әлемдiк саяси алаңда болып жатқан кез келген шаруаға тек Ресейдiң көзiмен қарап, соларша ой қорытамыз. Ал Еуропа елдерiнiң күнделiктi баспасөзi не айтып жатыр, басқадай дамыған елдер не дейдi, бiз үшiн оның есiгi жабық.

27 ақпан күнi қаскүнемдер қолынан қаза тапқан Ресейдiң оппозициялық саясаткерi Борис Немцов өлiмiнен бұрын Украинада соғысып жүрген Ресей әскерi жөнiнде баяндама әзiрлеп, оны жария етпек болған-ды. Алайда айтып келмеген ажал оның бүкiл жоспарына нүкте қойды. Қазадан кейiн Б.Немцовтың компьютерiндегi барлық құжатты тергеу орындары алып кеткен едi.

Беларусь президентi Александр Лукашенко Bloomberg агенттiгiне берген сұхбатында Украинадағы дағдарысқа қатысты пiкiрiн бiлдiрiп, шиеленiстi ахуалды реттеуге АҚШ қатысуы керек дептi. Беларусь президентiнiң өзi де былтырғы жылдан берi Мәскеу мен Киев арасында ара ағайындық жасап, Ми­нскiнi бiрнеше мәрте келiссөз алаңына айналдырғаны бел­гiлi. Тiптi биылғы жылдың 12 ақпанында Минскiдегi Тә­уелсiздiк сарайында “нормандиялық” төрттiк – Германия, Ресей, Украина және Франция басшыларының келiссөзi өткен.
Атырауда өткен соттан кейiнгi ой
Менiң жасым – жетпiстiң үшеуiнде. “Мемлекеттiң жұмысы менен қалған!” деп кергiмей-ақ қояйын, бiрақ зейнетке шыққанға дейiн облыс көлемiнде жауапты қызметтер атқардым. Облыстың арғы-бергi тарихын да, кешегiсi мен бүгiнiн де, шаруашылығы мен тұрмыс-тiрлiгiн де жақсы бiлемiн. Айтайын дегенiм – Атырау облысының бұрынғы әкiмi Б.Рысқалиевке қатысты өткен сотқа байланысты бiрер пiкiр.
НЕМЕСЕ ИЕСIЗ ЙЕМЕННIҢ ЕРТЕҢI НЕ БОЛМАҚ?
Қазiргi жағдайларды бағамдап отырған сарапшылар Йемендi азамат соғысының алдында тұр деп есеп­тейдi. Сауд Арабиясының әуе және артиллериялық шабуылы әлi жалғасып жатыр. Күнi кеше ғана Йеменнiң бас сауғалап кеткен президентi Абдрабба Мансур Хадидiң үйiне түскен бомбадан кемiнде 17 адам көз жұмды деген ақпар тарады. Тағы бiр деректер бойынша азық-түлiк өндiре­тiн зауыттағы жарылыстан 28 адам қаза тапқан.

“Жас Алаш” газетiнiң 2015 жылғы 17 наурызындағы санында Ербол Жалпошовтың “Түркiстан: Базарды өрт шалмасын” атты мақаласы жарық көрген болатын. Жалпы, Түркiстан қаласындағы өртенген базар мәселесi бүгiнгi күнге дейiн облыс әкiмдiгiнiң тұ­рақты бақылауымен қала әкiм­дiгiнде бiрнеше рет қаралып, атал­ған орындағы кәсiпкерлермен арнайы кездесулер ұйымдас­тырыл­ған.

 МҰНДАЙ КЕСIМДI ТҰЖЫРЫМ ЖАСАУ ҮШIН ӘЛI ДЕ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГIЗУ ҚАЖЕТ
“Жас Алаш” газетiнiң 2015 жылы 15 қаңтардағы (№4) санында жарияланған кинорежиссер Еркiн Рақышевтың мақаласында көтерген тақырыбы орын­­­ды. Қашанғы жасыра бер­мекпiз. Шындығына келгенде, бұл тақырып тек қана әке-шешесi­нен айырылған сол кездегi жас сәбилерге ғана бататын сияқты. Ал ет жақындары зардап шекпегендерге бәрiбiр болып көрiнедi.

Кезектi еңбек демалысымда немерелерiмдi ертiп, Астананың маңындағы елдiмекендердi аралаудың сәтi түстi. Алыстан күнмен шағылысқан биiк мұнара көрiндi. “Бұл – “АЛЖИР” мұражайы, кезiнде лагерь болған”, – деп таныстырды мұражай қыз­меткерi. Шаңқайған күннен көзiмiздi көлегейлей жүрiп, биiк жалтыраған төбесi доғал бағанға қарап, бiраз аялдадық. Темiр торлы есiк арқылы аулаға кiрдiк. Сол жақ кiреберiсте тозығы жеткен, қоңыр бояумен сырланған, ырсиған ағаштарының қиюы кеткен ескi вагон тұр.

Ақтөбе қаласының Мәскеу шағын ауданындағы үйлердiң бiрiнiң есiгiнен менi жылы шыраймен, күлiмдеп қарсы алған Ұлтай Исмаилова – Қазақстан­ға еңбегi сiңген мұғалiм, 40 жыл қазақ тiлi мен әдебиетi пәндерiнен өскелең ұрпақты бiлiм нәрiмен сусындатқан ұлағатты ұстаз. Жақында Ұлтай апай бiздiң мұражайға хабарласып, қолында соғысқа қатысқан медбике қыздың күнделiгi барын айтқан едi. Естелiк қолжазбаны жазып қалдырған – 1942 жылы 17 жасында майданға өзi сұранып, санитарлық пойызда медбике қызметiн атқарған Нинель Солонина атты жас қыз.

Айына, жылына жолың түсiп ауылға барғаныңда алдымен iздейтiнiң жеңгелерiң ғой. Өйткенi жолыққан сайын: “Бiз келiн болып түскенде кiп-кiшкентай бала едiң”, – деген жылы сөзi балалық шаққа жетелеп апарып келгендей әсер беретiн. Жеңгеңнiң қас-қабағы, кескiн-келбетi жадырап, ақ көңiлiмен қарсы алуы бiр әлем. Көрпешесiн қалыңдап салып, шайды сүтпен қоюлап құйып беретiн де осы – Гүлнар жеңгем. Iнiсiнен ешнәрсенi аямайтын, бiрақ өзiне жалтақтай қараған ағамызға: “Неғып отырсың, ағасы-ау? Мырзабала келiп қалыпты.

Осыдан төрт-бес жыл бұрын, балам туыстарымен бiрге күйеу­баламның туған күнiне кеткен. Үйде жалғыз едiм. Бiр кезде безiлдеген телефонның құлағын көтердiм. “Әлгiнде балаңыз (аты­мен атап) қару-жарақ сатып жатқан жерiнен милицияға ұсталды, сөйлесiңiз”, – деп телефон тұтқасын балама ұстата салды. Ол: “Мама, менi тезiрек құтқарып алшы” дегенi сол едi, байланыс үзiлiп кеттi. Жүрегiм қоса үзiлiп кеткендей болды. Iле бағанағы ер адам: “Қалта телефоныма хабарласпасаңыз, бiреу-мiреу естiп қояр.

“Қазатомөнеркәсiп” ұлт­тық компаниясы уран шикi­затын өндiруден әлем елдерi арасында алдыңғы қатарда екенiн мақтанышпен айтып келемiз. Алып компанияның уран кенiштерiнiң басым көпшiлiгi Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Созақ ауданында орналасқан. Ата-бабамыздан мирас болып қалған жерасты қазба байлықтарымызды кәдеге жаратып, ха­лық игiлiгiне жұмсау, әрине, игiлiктi iс.

Қазекем “1941-45 жыл­дардағы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына даярлыққа” осыдан тұп-тура бiр жыл бұрын қызу кiрiсiп те кеттi. Бiз дәл бiр осы соғыс туралы 70 жылдан бергi жазылған миллиондаған кiтап, мақала, суреттеме, очерк, кино, киножурналдар аз бол­ғандай ендi Қазақстанның әр облысы өз аймағынан соғысқа аттанғандардың, аман қайтып келгендерден бастап хабар-ошарсыз кеткендердiң тiзi­мiн түгендеген кiтаптар шығаруға кiрiскенiмiзге де жыл болып қалды. Мұндай кiтап­тар бұдан бұрын осы со­ғыс­тың 50, 60 жылдықтары кезiнде де шығарылған едi.

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНОВКЕ ЕСКЕРТКIШ ОРНАТЫЛДЫ
Петропавлда халқымыздың батыл да батыр ұлы, мемлекет және қоғам қайраткерi Жұмабек Тәшенов­тiң 100 жылдығы құрметiне ескерткiш орнатылып, қаладағы №20 орта мектепке оның есiмi берiлдi. Салтанатты жиын­ға облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов қатысты. “Жұмабек Тәшенов – халқы үшiн көп қызмет еткен тұлға. Отанының нағыз патриоты, әдiлдiк үшiн күрескер азамат ретiнде хал­қының мәңгi есiнде қалды.
“Әлем жауынгерлерi” (ALEM FIGHTERS) кәсiпқой спорт клубының нояндары 4 сәуiр күнi әлемнiң әр қиырынан келетiн жекпе-жек өнерiнiң шеберлерiне қарсы тұрады. Өзi айқас­қа түсудi уақытша шектегенiмен, шәкiрттерiн өрге сүйреп, талай жастың жолын ашқан, ережесiз жекпе-жектен үш дүркiн әлем чемпио­ны Ардақ Назаровтан халықаралық турнир туралы сұрап шағын сұхбат алдық.   4 сәуiр күнi Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Kunlun Fight тұжырымы бойынша халықаралық турнир ұйымдастырылады. Кешкi сағат 18:00-де басталатын додада тоғыз жекпе-жек ұйымдастырылады. Билеттер спорт сарайының кассасында сатылуда.
ҚАҢҚУ СӨЗ ҚАЛМАЙДЫ
 “Мәскеудегi кәсiпқой бокстан өткен жекпе-жектер сайысына Қанат Ислам да қатысады” деген қаңқу сөздi таратқан ресейлiк басылымдар Қанаттың қатыспайтыны анық болғанда “Исламның промоутерiнiң қаржысы болмағандықтан, Мәскеуге келе алмады. Қазақ елiнiң бокс­шысы басқа промоутер таппаса, Нельсон Лопес ұзаққа апармайды” деп те “ақыл” айтты. Жуырда ғана Колумбияда Орландо Де Хесус Эстраданы есеңгiрете сабап, 4-раундта сұлатып салған Қанат соңынан желдей ескен қаңқу сөзге қатысты өз пiкiрiн бiлдiрдi.

“ҚАЗАҚСТАН” телеарнасында өткен “Сенбiдегi кездесу” (21.03.2015 ж.) бағдарламасында Жақсылық Үшкемпiровпен бол­ған кездесуде шындық   бұрмаланды. Осы кездесуде Жақсылық ағамыз Мәскеу Олим­пиадасына (1980 ж.) қазақ жас­тарынан Серiк Қонақбаев екеуi­мiз ғана қатыстық деп бiрнеше рет айтты. Бiрақ Жақсылық ағамыз