1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (16005) 7 сәуір, сейсенбі 2015

Еуразиялық экономикалық одаққа кiргелi елiмiздегi сауда сөрелерiнде адам айтса нанғысыз, сұмдық тауарлар қаптады. Естерiңiзде болса, осыдан аз уақыт бұрын Қазақстанға Ресейден жеткiзiлетiн бiрқатар тауарлардың талапқа сай еместiгi, адам ағзасына қауiптi қоспалардан жасалғаны анықталған-ды. Ендi мiне, кеше ғана Қазақстанда сатылатын Ресейдiң сүт өнiмдерiнен iшек таяқшалары бактериясы мен қауiптi микроорганизмдер табылғаны мәлiм болды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық экономика министрлiгi тұтынушылар құқын қорғау жөнiндегi комитетiнiң баспасөз қызметi хабарлады.

БИЛIК НЕ СЕБЕПТI САЯСИ РЕФОРМА ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ?
Президенттiкке кандидат Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламасын жариялады. Бағдарламада көп жайт сөз болған. “Экономиканы әртараптандыру”, “трансұлттық компания­ларды iрi жобаларға жегу”, “индустриялизация­ны дамыту”, “кiшi және орта бизнестi қолдау”, “Еуразиялық экономикалық одақтың төрiнде нық тұру”, тағысын-тағылар. Естiр құлаққа тым жағымды осы уәделердi бұған дейiн де сан мәрте естiгенбiз. Әсiресе, президенттiк сайлаулардың тұсында. Бұл жолғы бағдарламада да көпшiлiк күткен негiзгi нәрсе жоқ. Ол – көзi ашық, көкiрегi ояу жұртты үмiттендiретiн, жемқорлыққа шатыл­ған шендiлердi тiтiркендiретiн саяси реформа жүргiзудi бастау мәселесi.
Құрметтi президенттiкке үмiткерлер: Нұрсұлтан Назарбаев, Абылғазы Құсайынов, Тұрғын Сыздықов
Отанымыздың табыстары үшiн мен де қуанам, әсiресе спорттағы, бiлiм бе­ру саласы мен ғылымдағы, мәдениет пен өнердегi және бизнестегi жетiс­тiктерiмiз қуантады. Бiрақ, сонымен бiрге, кемшiлiктердi де айтпай қалу – адамгершiкке жатпайды, тiптi қылмыс деп санаймын. Бүгiн президенттiк сайлау мiнберiн пайдаланып, мемле­кеттiң ең жоғарғы лауазымына үмiт­керлерге және солар арқылы сайлаушыларға шығып қоғамдық маңызы бар келесi мәселелер бойынша ой бөлiскiм келе­дi.

Ресей президентi Владимир Путин неге ортақ валюта енгiзуге тым асығып отыр? Мұның астарында не жатыр? Әрi мұндай жағдайда Қазақстан қалай әрекет еткенi дұрыс? Осы сұрақтарға қатысты Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек АРЫСТАНБЕКОВ бiзге түсiнiктеме бердi.

КОММУНИСТЕР БIР-ЕКI ПАЙЫЗ ДАУЫС ЖИНАУДАН ҮМIТТI
26 сәуiрде өтетiн президенттiк сайлаудың үмiткерi Тұрғын Сыздықов сайлауалды үгiт-насихат жұмыстарына қызу кiрiсiп кеттi. Елiмiздiң бiрнеше аймақтарындағы iрi өндiрiс орындарына барып қайтқан ол қарапайым жұмысшылармен кездесулер де өткiздi. Қазақстан Коммунистерi партиясының атынан президенттiк сайлауға түскен Тұрғын Сыздықовты да былайғы жұрт аса жақсы танымайды. Ол президенттiкке үмiткер үшеудiң бiрi.

КТК арнасындағы жексен­бiлiк “Портрет недели” бағдарламасында көрсетiлген сюжет­тердiң бiрi Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ортақ валюта тақырыбына арналды. Бағдарлама жүргiзушi Ярослав Красиенко ә дегеннен-ақ “Ор­тақ валюта ертең пайда болады деу – қателiк. Десек те бұл жоғарғы деңгейде талқылана бастады” деп бастайды. Осы жерде Беларусь президентi Александр Лукашенконың тiл­шiлерге берген түсiнiкте­месiн қосты. “Астанада үшеу­мiз бұл сұрақты талқылағанда Путин бәрiбiр ортақ валюта мәсе­лесiмен бетпе-бет келе­мiз дедi.

Мемлекеттiк тiлдiң кө­сегесiн қалай көгерту ке­ректiгiн Ақорда ендi түсiн­ген шығар. Әйтпесе қазақ тiлiн үйретуге қанша жерден қаржы бөлсең де, ол үмiтiң ақталмайды. Тiлге құрмет төменнен емес, жоғарыдан басталуы керек. Мәжiлiс депутаты Виктор Киянский осы мәселенiң шетiн шығарды. Бiрақ “мем­лекеттiк тiлде сөйлеңдер!” деп ешкiмге ақыл айтқан жоқ. Бар болғаны қағазға түртiп әкелген сауалын қазақ тiлiнде тәптiштеп тұ­рып оқып бердi. Бiраз дайындал­ғаны, әжептәуiр ең­бектенгенi көрiнiп-ақ тұр. Құлағында мүкiсi жоқ адамға депутаттың сұрағы былай естiлдi:

Өткелi жатқан президент сайлауы алдында кандидаттарға аманат есебiнде Қазақстан халқы елiмiзде орын алған кейбiр келеңсiз жағдайларды тағы да бiр еске түсiрiп, сараптауды, олардың (кандидаттардың) алдағы (президент болып сайлана қалған жағдайда) күнделiктi iс жоспарына еңгiзу мақсатында осындай тiлек-талаптардың болуы дұрыс деп есептеймiн. “

Сағыныш... Адам жанының аса нәзiк әрi қылдай жiңiшке сезiмi. Сағына бiлудiң өзi – ерекше қасиет. Кей-кейде титiмдей жүрек тәттi бiр мұңға тербелiп, түсiнiксiз күй күмбiрiне елтидi. Тояты жоқ көңiл шiркiн көк теңiз­де өз көкжиегiн iздеген ақ кемедей ой сергелдеңiн кезедi. Сондай сәттерде ғана сағыныштың саршатамыз ыстығын сезi­несiң. Сағыныштың қорғасындай салмағын бағамдайсың...  Сағым болған бала кез. Пәк те шыншыл дүния-ай! Бүгiндерi бәрi елес. Кенеттен жарқ еткен бiр сәуле санаңда сақталған бiр сәттiк қимас көрiнiстi есiңе тү­сiредi. Маған сағыныштың, кү­тудiң, төзудiң дәмiн таттырған, өсе келе адамдармен қарым-қатынас жасау қағидаларына өз ережелерiмдi
“ӨЗ ЕЛIМ МЕНIҢ”
Қазақстан Жазушылар одағының Әде­биетшiлер үйiнде көрнектi ақын Қадыр Мырза-Әлiнiң рухына бағышталған “Өз елiм менiң” атты ән-жыр кешi болып өттi. Бұл жиында ақынның шығармашылығы мен адамгер­шiлiк қасиеттерi жайында терең әңгiме қозғалды. Нұр­лан Оразалин, Ға­лым Жайлыбай, Ғаббас Қабышұлы, Ораз­ақын Асқар, Көпен Әмiр-Бек, Мереке Құлкенов, Маралтай Райымбекұлы және өзге де қаламгерлер ақынның өмiр өткелдерiнен қызғылықты әңгiмелер айтты. Ақын Рафаэль Ниязбеков, Қырғызбай Нақысбек, Жиенбек Рәбiлұлы арнау өлең оқыды.
ҮМIТIМIЗ АҚТАЛДЫ
Алматыда аралас жекпе-жектен Қытайдағы беделдi турнир саналатын KUNLUN FIGHT CHAMPIONSHIP тұжырымының чемпиондық белбеуi үшiн халықаралық турнир өттi. Ел үмiтiн арқалап шыққан жампоздарымыз абыройымызды асырды. Оқырмандарымыздың есiнде болар, газетiмiздiң өткен нөмiрiнде (“Ел намысы еңкеймеуге тиiс”, 2 сәуiр 2015 жыл) осы турнир турасында “Әлем жауынгерлерi” (ALEM FIGHTERS) кәсiпқой спорт клубының басшысы, ережесiз жекпе-жектен үш дүркiн әлем чемпионы Ардақ Назаровтан сұхбат алғанбыз.  
ҚОЛА ЖҮЛДЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Былтыр Алматыда өткен әлем чемпионатында 77 келi салмақта топ жарып, Албанияның әнұранын шырқатқан Даниел Годделидiң қаны таза болмай шықты. Алатау бөктерiнде шой темiрдi шырқ үйiрген Годделидiң қанын тексергенде пайдалануға рұқсат етiл­меген препарат табылған. Тек Даниел ғана емес, албандардың үмiтi Ромела Бегаж, Хусен Пелакидiң де басы дауға шатылды. Егер тексерiс қорытындысы нақтыланса, бұлар үлкен спорттың ауылына екi жыл жуықтай алмайды.

Азаннан бергi жүрiс-тұрыстан соң жол-жөнекей сыраханалардың бiрiне бас сұққам. Жайғасып отырған соң байқасам, төрдегi үстелдердiң бiрiне қазақ-орысы бар, еркек-әйелi аралас бес-алты адам бас қосыпты. Көңiлдi топ бiр-бiрiне тiлек арнап, бiраз дабырласып отырды.

“ФОТОӨНЕР” Қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен ай сайын өткiзiлетiн “Фото сын” сағатының алғашқы кездесуi өттi. “Фото сында” бiрiншi болып бағын сынаған – фотограф Ардақ Төлеубай. “Суреттер сөйлейдi” бастамасын көтерген Ардақ Төлеубайдың өзi едi. Бұл шараның мақсаты – фотографтардың туындыларына сыни баға бере отырып, кемшiлiктердi айту, сапалы суреттердiң санын арттыру, сөзбен емес iспен дәлелдеу. Сонымен бiрге жас фотографтарға дұрыс бағыт-бағдар беру.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк орталық музейi 2015 жылдың 1 сәуiрiнде хронодокументалист, ҚазТАГ-ТАСС фототiлшiсi Мұрат Мамбетовтiң жеке фотокөрмесi ашылды. Ол – КСРО Журналистер одағының және Қазақстан Журна­лис­тер одағының мүшесi, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегерi (2006 ж.). Мұрат Мамбетов 1955 жылы Батыс Қазақстан облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Ол фотосу­рет­ке жетi жасынан әуес. Ол өзiнiң еңбек жолын 1957 жылы Орал қаласындағы облыстық теларнасында кинооператордың көмекшiсi болып бастады. Мұрат кә­сi­би фототiлшi (Полиграфиялық техникалық училище, Уфа қаласы) және журналист (сырттай ҚазМУ, Алматы қаласы) мамандығына
ҚАЗАҚСТАН – ҚЫТАЙ ШЕБЕРЛЕРIНIҢ ТӘЖIРИБЕ АЛМАСУ ЖИНАЛЫСЫ
Үшiншi кезегi өткен “Шiң­гiл салбурын салтанаты” тек саятшылардың өнер көр­сетiп, құс бабын сынайтын жарысы ғана емес, шартараптан са­был­ған фотографтардың да бабы мен бағын бағамдайтын шараға айналып барады. Жылдағыдай би­ыл да шетелден, iшкi өл­ке­лерден ауданның әр аймағынан мыңнан аса фотограф келдi. Мемле­кеттiк этнографиялық фотосурет магистрi, Алтай аймақтық фотографтар қоғамы төр­ағасының орынбасары Се­рiк Мұқышұлының ұйымдастыруымен, Шiңгiл ау­дан­дық партком
СIРIҢКЕНIҢ ҚОРАБЫНДАЙ
Әлемдегi ең кiшкен­тай фотоаппаратты ойлап тапқан, үнемi пайдаланатын ел – Жапония. Сiрiңкенiң қорабындай ғана мини-гаджеттердiң басты ерекшелiгi сыртқы дизайнi­нiнен-ақ көз­ге ұрып тұрады. Chobi Cam асықтай ғана мини-фотоаппараттың қосымша әйнеккөзi бар, дыбыстық бейнетүсiрiлiмдi де iске асыра алады, ең қолайлысы су өткiзбейдi. Яғни теңiздiң тұңғиығына сүңгiп алып та сарт-сұрт фотоға түсiрiп, бейнежазбаны да iске қоса аласыз.

Өткен аптада Алматыда Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы жаңа Galaxy S6 және S6 Edge смартфондарын таныстырды. Galaxy S сериясындағы өнiмдердiң тұсаукесерiнде Samsung компаниясының өкiлдерi су жаңа смартфонның артықшылықтары мен басымдықтарын егжей-тегжейлi түсiндiрiп, көрсетiп бердi. Дәл осы құрылғылар GSMA мобильды операторлардың халықаралық қауымдастығының нұсқасы бойынша Mobile World Congress 2015 көрмесiнiң ең үздiк смартфоны деп танылған болатын.