1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (16006) 9 сәуір, бейсенбі 2015
Ғаббас Қабышұлы – 80
9 сәуiр – көрнектi сатирик жазушы, өткiр публицист, қоғам қайраткерi Ғаббас Қабышұлының туған күнi. Бүгiн Ғабаң мерейлi 80 жасқа толып отыр! Қазақ баласы үшiн қарияның орны қашанда бөлек. “Үлкен тұрып кiшi сөйлегеннен без” дегендi жастайынан құлағына құйып өскен қазақы орта, көбiнесе, ақсақалдардың аузына қарайды. Әсiресе, батырып айтатын, батыл айтатын кездерде. Бiрақ бiздiң қадiрмендi ақсақалдарымыз, мұны кiмнен және не үшiн жасырамыз, бұл тұрғыда ұлттың алдында да, қоғамның алдында да аса ұятты: жағымпазданудан алдарына жан салар емес, әкiмқара­лардың қолындағы “ойыншық” болудан да жалығар емес...
БIРАҚ БҰҒАН “КӨШБАСШЫ” КӨНЕ МЕ?
Еуропада Чехия дейтiн алақандай ғана мемлекет бар. Басқару формасы – парламенттiк республика. Осы Чехияның президентi Милош Земан жақында АҚШ елшiсi Эндрю Шапиромен “шәй” десiп қалды. Бiз мұны газетiмiздiң өткен санында (№27, 7 сәуiр) жаздық. Даудың басы – 9 мамырда Мәскеуде өтетiн жеңiс парадына бару-бармау мәселесi. Елшiлiк қызметiн былай ысырып қойған Шапиро шап етiп Милоштың бетiнен ала түстi.
АҚШ-тағы аса iрi ин­вес­тициялық банк – Bank of America (BofA) Merrill Lynch (Меррил Линч) сарапшылары Қазақстан ұлттық валютасын 30 пайызға девальвациялануы тиiс деп есептейдi. Оған себеп – мұнай бағасының төмендеуi мен Ресей рублiнiң құнсыздануы. Америкалық банктiң болжамынша, жылдың соңына қарай теңгенiң долларға қатысты айырбас бағамы 250 теңгеге жетедi. Бiрақ Merrill Lynch-тiң жазуынша, саяси жағдайды ушықтырмас үшiн Қазақстан билiгi теңгенi тек сайлау өткеннен кейiн ғана девальвациялайды.

Қатты “дамып кетсең де” қиын-ау, қазақты көре алмайтын ел көбейдi. Өзгенi қойып, өзiмсiнiп жүрген iргедегi көршiлердiң де әне жер-мiне жерi “тырысып” қалды қазiр. Тырысқан соң, не iстейдi? Тырнақ астынан кiр iздейдi. Таппаса, кекетiп-мұқатады. Соның бiр дәлелi – “Одинокие сердца” атты сериал. Жанры – мелодрама. Бiрақ бұл қазақ үшiн трагедияға жақын дүние. Өйткенi кино түсiрушiлер қазақ президентiнiң суреттегi “басын кесiп” алып, орнына тәжiктiң шөжiген шалының “кәлласын” жапсыра салған.

Өзге елдi қайдам, әйтеуiр Қазақстанның дағдарысқа қарсы шарасы ылғи дайын тұрады. Алда келе жатқан экономикалық “қатерiңе” де “Нұрлы жол” бағдарламасымен қарсы шығамыз. Қарсы шыққанды былай қойып, “маңқасын қайырып” жiберуiмiз бек мүмкiн. Өйткенi көршi мемлекеттер тiзесi қалтырап, дағдарыстың дауылынан ыға бастағанда бiз бiлек сыбанып тiкұшақ жинауға кiрiсемiз. Ал шаруалар кеңестiң көнетоз тракторын тыртыңдатып, жер айдап жүр. Кеше ғана Орталық коммуникациялар қызметiнде “Нұрлы жол” бағдарламасын iске асыру мәселесiне арналған брифинг өтiп, онда ҚР Ұлттық экономика министрiнiң бiрiншi орынбасары Марат Құсайынов мәлiмдеме жасады.
Сейсенбi күнi Ресейдiң оппозициялық сая­саткерi Борис Немцовтың қазасына 40 күн толды. Бұл күнi серiктерi мен үзеңгiлестерi саясаткердi еске алып, оның қаза тапқан жерiне гүл шоқтарын қойды. “Парнас” партиясы аймақтық бөлiмшесiнiң жетекшiсi Илья Яшин қылмысқа тапсырыс берушiлердiң қатарында Шешенстан iшкi iстер министрлiгiнiң бұрынғы қызметкерi Руслан Геремеев бар деп есептейдi. Күдiктiлердiң бәрi Қадыровқа қызмет еткенiн алға тартқан И.Яшин тергеу кем дегенде Шешенстан президентiнiң кабинетiн тiнтiп, сұраққа алуы керек дейдi.

Осы аптаның iшiндегi Павлодардағы басты жаңалық облыс әкiмiнiң идеология жөнiндегi орынбасары Арын Орсариев қызметiн тапсырып, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк уни­верситетiне ректор болып ауысты. Кезiнде КазМУ-дың халықаралық қатынастар факультетiн үздiк бiтiрiп, шет­елде бiлiм толықтырған бұл азаматтың ғұмырбаянына үңiлсек, президент аппаратынан бастап, талай қызмет­тiң тезiнен өткен. Әкiм­нiң орынбасары қызметiне Е.Арынның тұсында келген.

Осыған дейiн қазақстандық шенеунiктер “Нұр Отанның” бастамасымен акция өткiзудi бастағаны есте. “Өзiңнен баста!” деп аталатын бұл акцияның мақсаты – шенеунiктердiң табысын жария ету. Алайда басы тәп-тәуiр бастал­ған акцияның ақыры сиырқұйымшақтанып кеткен-дi. Ендi мiне таяуда елiмiздiң бiрер шенеунiгi өз табысын жарияға салыпты.

Мен 40 жылдан берi Кеңес одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмiрбаян дерегiн, майдандағы ерлiк жолдарын зерттеп келемiн. Батыр қыздың туған жерi Қобда ауданының Әлия ауылындағы мұражайдың ашылуына бастан-аяқ үлес қосқан адаммын. Осы мұражайды көп жыл бойы басқардым. Қазiр Ақтөбедегi “Қос шынар” – Әлия мен Мәншүк қоғамдық бiрлестiгiнiң басшысымын. Жасым сексенде, өмiр көрдiм, бiраз жайды бiлемiн деп есептеймiн.

“Не шықса, Шымкенттен шығады”. Ел аузынан жиi естiп тұратын осы сөздi қағидаға айналдырып айтқың келмейдi-ақ. Бiрақ кейде айтуға мәжбүрсiң. Шымкентте қазiр не болмай жатыр дейсiз. Арыға бармай-ақ соңғы 1-2 жылдың көлемiнде естiген адамның құйқасын шымырлатар талай сұмдық қылмыстық оқиғалар тiркелдi. Туған балаларын – перiште бүлдiршiндерiн тiрiдей бауыздап тастағанды да, бiр отбасын түгелдей қырғанды да, туған қызын зорлағанды да, ерлi-зайыпты кейуана мен қарияны азаптап

Бұл үкiмет аузымен қолдап, көмектеседi, қолымен жағаңнан алып, аяғыңнан шалады. Биылғы қой жылы үкiметтiң салық жаңалықтарымен қосылып қойдай жуас шаруаларға қасқырдай сес көрсете келдi. Салық кодексiнiң 439-бабының 1-1-тармағымен толықтырылуына байланысты шаруа қожалықтары осы кодекстi 71-тарауына сәйкес қоршаған ортаны мал бағып бүлдiргенi үшiн 870.00 салық есеп нысанын
Қала басшысы Батырлан Ахметов кезектi мемерандумға қол қойғанына мәз. Ақпанның аяғында қытайлықтар келiп кеттi. Кеме жасау өнеркәсiптiк корпорациясының Шыңжаң энергетикалық жабдықтар компаниясынан. Жезқазғанға екiншi жылу-электр орталығын салмақшы. Отыз айда. Оған 600 миллион доллар жұмсалады. Қытайлық компанияның қаржы директоры Ши Дзиньгху осылай дедi. Сол сөзге сенiп қалды ма, Жезқазған қаласының әкiмi Батырлан бiрден мемерандумға қолды қойып кеп жiбердi. Ал жезқаз­ғандықтардың көңiлiнде күдiк қалды.

Камила апа маған өз анамдай.Құдай қосқан көршiмiз. Өз анам Күлшира Қанайқызы 2005 жылы дүниеден озды. Қос кейуана өзара арқа-жар­қа әңгiмелесiп, бiр-бiрiн дәмге шақырып, қазағымыздың салт-дәстүрiн берiк ұстан­ған, бiзге де өнеге ретiнде үйреткен құрбылар едi. Заманы бiр. Жиырмасыншы ғасырдағы ел басына нәубет әкелген сұрапыл уақыттың бел ортасында, мойыл жанарларынан төгiлген ащы жасты жұта жүрiп есейген, бiр кiсiдей жақсы өмiр сүруге күрескен қазақтың қарапайым әйел­дерi-тұғын.

ТЫЛДАҒЫ ЖАНҚИЯРЛЫҚ ЕҢБЕК
Соғыс жылдарында Аякөзде вагон депосы, паровоз депосы, авторемзавод, жүн иiру фабрикасы, элеватор, ет комбинаты сияқты мекемелер жан қиярлықпен жұмыс iстедi. Ер азаматтардың басым көпшiлi­гi майданға аттанып кеткен. Әйелдер мен жасөспiрiм балалар барлық ауыртпалықты мойындарымен көтерiп қажырлы еңбек еттi.
Қазақтың әйгiлi күйшi-композиторы, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тiлендиев жайлы төмендегi естелiк Зейнеп Ахметованың “БАБАЛАР АМАНАТЫ” кiтабынан алынды. Азанғы астың дастарқанын жинастырып жатқанымда атаның менi шақырған даусын естiп, бөлмесiне бардым. – Балам, маған телефон мен телефон нөмiрлерi жазылған дәптердi әкелгiн. Неге екенiн бiлмеймiн, бүгiн ертелi берi әлгi қалқанқұлақ қайта-қайта есiме түсiп отыр. Өзiме тартқан шатақ неме едi, аман-есен бе екен, соған хабарласайын, – дедi.
Сары Батақұлын бiз, яғни оның тума-туыстары, ұрпақтары Ахмет Жұбановтың жазған кiтабынан, көнекөз ағайлардың айтуынан бiлемiз. Бiз соңғы кездерi бабамызға iздеу салып, халықтан бiлгендерiн сұрап жатырмыз. А.Жұбановтың “Сарының әндерi” атты кiтабында әндердi Сарымен үзеңгiлес ақын Мөңке Төлегеннен алғанын жазады. Мөңке Төлеген – серi ақын, Сарының досы. Бiр қызығы, махаббаты да бiрдей.

– 1920 жылы өмiрге келiп, Голощекин қырғынынан аман қалып, 1940 жылы армия қатарына шақырылдым. Соғыс өртi мемлекет шекарасына тақалған 1941 жылы бiздi атақты Брест қамалына әкелдi, – деп әңгiме айтатын Қали аға. – Жауға қарсы жанқиярлықпен соғысқанымызбен, осы жылдың 24 маусымында тұтқынға түстiк. Бiздердi Балтық бойына апарып, таңның атысы, күннiң батысы ауыр жұмысқа салды.

Өткен ғасырдың жетпiсiншi жылдардың орта шенiнде парткомның хатшысы сауыншыны шақырып алып:
– Сүт жоспары қалай орындалып жүр? – дейдi.
– Жүз қырықтан кем емес.
– Жүз елуге жеткiзе аласың ба?
Ғаббас Қабышұлы – 80
Бажырайып тұрып қарады. Маған. Менiң бет-аузыма! Бажырайының iшiнде бiрдеңелер жыпырлайды. Сұрақ белгiлерi мен леп белгiлерiне ұқсайтын сияқты. Соларды көрсетiп алмайын дедi ме, көп аялдатпай, бажырайын аударып әкеттi. Мен ұсынған қағазға қарай! Бiрақ онда көп тұрақтай алмады, бажыраң еткiзiп қайтадан бұрды. Маған, әрине! Сол бажырайған күйi бұ жолы көбiрек аялдады. Одан шашыраған ұшқындардан көзге көрiнбейтiн белгiсiз бiрдеңелер андыздайды. Олар да бажырайысып қалған.
Өткен аптада Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сара­йында ұйымдастырылған халықаралық KUNLUN FIGHT CHAMPIONSHIP турнирi туралы абың-күбiң әңгiме басыла қойған жоқ. Қытайдағы беделдi доданың бiрi саналатын Kunlun Fight тұжырымының президентi Тони Чен мырзадан Алматыда өткен дода туралы сұрап, сұхбат алдық.  – Тони Чен мырза, осындай халықаралық турнир қазақ елiнде алғаш рет ұйымдастырылды. Қалай бағалайсыз?– Өте керемет. Ертеректе ТМД елдерiнiң iшiнде бiз Беларусь мемлекетiнде халықаралық турнир өткiзгенбiз. Алматыдағы халықаралық сайысқа жоғары баға беруге болады.
БАТПАҚТА ДОП ТЕУIП БАҚЫТТЫ АҢСАЙМЫЗ
Футболдан бiрiншi лиганың да алғашқы тур ойындары өттi. Екiбастұз қаласында болған “Екiбастұз” бен “Восток” тартысы жасанды көгал (газон), көк майса шөпте емес, баптақтың, ағаш үгiндiсiнiң үстiнде өтiптi. Сөйтсе, қаладағы “Шахтер” стадионы бiрiншi лиганың түңлiгiн түрер ойынды қабылдауға сай болмай шыққан. Жауған қар уақытында тазартылмағандықтан алаң ми батпаққа айналып, кебу топырақ, ағаш үгiндiсi төселiптi.
СОТҚАРЛЫҒЫ ҮШIН ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ
1954 жылы Минскiде екiншi дүниежүзiлiк соғыста қаза тапқандарға арнап Жеңiс алаңында монумент салынған едi. Ал 1961 жылы осы монументте Мәңгiлiк от жағылды. Жақында ел тыныштығын бақылап жүрген полицейлер Жеңiс алаңындағы Мәңгiлiк оттың үстiнен әрлi-берлi секiрiп жүрген ер кiсiнi байқайды. Жақындап келiп қараса, әлгi ер кiсiнiң үстiнде сырт киiмдерi де жоқ екен. “Есiң дұрыс па өзiңнiң?”