1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16007) 14 сәуір, сейсенбі 2015
Өткен аптаның соңында қазақ басшысы елiмiздiң әр аймағынан жиылған таңдаулы жастардың алдында көсiле сөйледi. Тәуелсiздiк сарайындағы жастар форумының тақырыбы – “Елбасымен бiрге – жаңа жеңiстерге!” деп аталса, президент көсiлмегенде кiм көсiледi? Ал жаңа жеңiстерге жету үшiн не керек? Әрине, жаңа дүниелер, тың идеялар, тосын пiкiрлер керек. Ел басшысы тосылған жоқ, айтып-айтып тастады. Соңында форум қатысушылары Қазақстан жастарына үндеу жариялап, “бәленшеге бiрауыздан дауыс беремiз” десiп тарқас­ты. 
ИМПОРТҚА ТӘУЕЛДI ЕЛДЕ КӘСIПКЕРЛIК ДАМЫМАЙДЫ
Таяуда президент Ауыл шаруашылық министрi Асылжан Мамытбековтi қабылдады. Кездесу барысында министрлiктiң қазiргi қызметi, көктемгi егiс жұмыстарына дайындық барысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы сөз болды. Президент пен министр сондай-ақ негiзгi азық-түлiк өнiмдерiмен қамтамасыз ету кезiндегi импорталмастыру және импортталып отырған құс етi, шұжық өнiмдерi, алма сияқты өнiм түрлерi бо­йынша өз өндiрiсiмiздi жолға қою қажеттiгi туралы да сөз қозғады.
Әнеугүнi Талғат Мұсабаев өзiнiң кәсiби мерекесi қарсаңында тiлшiлерден тұра қашты. “Ресейдiң Батыры”, “Қазақстанның Халық қаһарманы” дейтiн атағы бар адамның жас бала құсап, зыта жөнелгенi – көрер көзге ерсi, әрине. Бiрақ ол жай кеткен жоқ, депутат қойған сауалдың жауабын да өзiмен бiрге ала кеттi. Естерiңiзде болса, Мәжiлiс депутаты Тұрсынбек Өмiрзақов былай деп сауал қойған: “Соңғы он жылда Қазақстан ғарыш саласындағы жобаларға 1,5 млрд.доллар жұмсапты. 
“МАЛОВОДНОЕ ОҚИҒАСЫ” ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚАЙТАЛАНУЫ МҮМКIН
Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың,
Iшкi iстер министрi Қалмұхамбет Қасымовтың назарына
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны Төрехан Қыдыров елдегi жағдайды жеткiзу үшiн “Жас Алаштың” редакциясына арнайы келiптi. Қолтығына қысқан бума-бума қағазы бар. Т.Қыдыровтың айтуынша, қорықшы А.Локтев жергiлiктi халыққа тiзесiн батыруын қояр емес.
ҚАЗАҚСТАНҒА КЕДЕНДIК ОДАҚ ТИIМДI МЕ?
Франция түрмесiнде отырған бұрынғы банкир Мұхтар ӘБЛЯЗОВ бұл мақаласын экономикалық бiлiмi жоқ, бiрақ Қазақстан экономикасының жай-күйiн, қазiргi ахуалын түсiнгiсi келетiн азаматтарға арнап жазыпты. Бiз өз оқырмандарымызға М.Әблязовтiң мақаласын ықшамдап ұсынуды жөн көрдiк. Қазақстанға Кедендiк одақ тиiмдi ме деген мәселенi түсiну үшiн сырт­қы сауда айналымына үңiлу қажет. Бұл үшiн бiз кез келген елдiң саудасының нә­тижесiн көрсететiн негiзгi ұғымдарды пайдаланамыз.
Наурыздың 28-i күнi Алматыда “Қазатомөнеркәсiп” ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Қаппаровты жерледi. Марқұм қырық бес жасқа бар-жоғы екi-ақ күн жетпедi. Қапаровтың қазасы неден болды? Ресми мәлiмдел­гендей ол шынымен де жүрек талмасынан көз жұмды ма?

Ертең Австрия астанасы Вена қаласында “Нұрбанк” топ-менеджерлерiнiң өлiмi бойынша сот отырысы басталады. 2007 жылдың 31 қаңтарында “Кең дала” бизнес орталығына Р.Әлиевпен кездесуге кетiп, үйлерiне қайтып оралмаған Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасеновтiң жақындары бұл сот процесiн 7 жыл бойы күткен едi. “Сотқа 7 апта қалған кезде басты айыпталушы Р.Әлиевтiң түрмеде өлi денесi табылды;

(Оқырмандарыммен сұхбатым)
“Өкiнiшi көп Дүние-ай...” деген мақалам (“Жас Алаш” 13 наурыз, 2015 жыл) жарық көргелi интернет арқылы да, телефон соғып та, хат жазып та жай-жағдайымды сұрап, хабарласып жатқан қазағымның тiлеулестерiнiң шынайы көңiлiнiң жылуы мен шуағына бөленудемiн. Емiренген жүректердiң өзiме деген елжiре­уiк лүпiлiн сезiнуiм сондай, тебiренген жаныммен кейде мынау айдай әлемге сыймай кетердей лепiре желпiнемiн. 
Әлемдi бiздiң дәуiрiмiзден сан ғасыр бұрын басқан топан су қайталануы мүмкiн бе? Бұл – апаттарды зерттейтiн ғалымдардың ең өзектi тақырыбы. Өйткенi Жер ғаламшары жаратылғалы берi оның бетiн топан су 30 мәрте басқан екен, қазiргi адамзат 31-апаттың алдында тұр деп есептейтiндер бар. Жердi көне заманда топан су басып, адамзат жойылып ке­тiптi деген аңыз қасиеттi Құран мен Iнжiлде ғана емес, әлемнiң бүкiл елдерiнiң аңыз‑әбсаналарына арқау болған.
37 жастағы американдық Луи Джордан осыдан екi ай бұрын балық аулау үшiн қайығымен ашық теңiзге кетiп, жоғалып кеткен. Содан берi оралмаған балықшыны отбасы өлдiге санаған. Алайда 66 күн өткен соң немiс кемесi оны Солтүстiк Каролинадан 320 шақырым жерден, өз қайығынан қалған қирандының үстiнде отырған жерiнен тауып алған. Биылғы жылдың 23 қаңтарында балық аулау үшiн қайығымен теңiзге шыққан Джордан түн ортасында дауыл басталып, қайығы аударылып, қақ бөлiнгенiн айтады.

Алғаш рет 2008 жылы Ядролық зерттеулер жөнiндегi Еуропалық орталық iске қосқан Үлкен адронды коллайдерден ғалымдар үлкен үмiт күткен. Бiрiншi тәжiрибелер 2009 жылдың қарашасында басталды. Бұл жаңалыққа физик ғалымдар ғана емес, қарапайым адамдар да көз тiктi. Өйткенi бiрқатар ақпарат құралдары адронды коллайдердегi тәжiрибелер ақырзаманға әкеп соқтыруы мүмкiн деп топшылаған. Десек те ғалымдар ондай қатердi бiрден жоққа шығарды. Бiрақ екi жыл бұрын Үлкен адронды коллайдер iстен шыққан болатын.

НАСА: 10-20 жылда бөгде ғаламшарлықтарды табамыз
АҚШ ғарыштық агент­тiгiнiң басты ғылыми қыз­меткерi Эллен Стоуфан алдағы он жылда Жерден тыс өмiр сүретiн тiршiлiк бел­гiлерiн табамыз, ал 10-20 жылдан кейiн мұны дәлел­дейтiн бұлтартпас айғақтарды ұсынамыз дейдi. Э.Стоуфанның айтуынша, ғарыштық агенттiк қыз­меткерлерi Ғаламның қай жерiнен тiршiлiк белгiлерiн iздеу керектiгiн бiледi, оған қажеттi технологиялары да бар көрiнедi.

Бұл – қарағандылық жас ақын Жа­нат Жаңқашұлының өлеңi. Face­book-те отырғаныма бiр-екi жыл, содан берi көзiме шалынып, көңiлге көп ой салған осы өлең болды. 2012 жылы тұла бойы тұңғышы “Тәңiр таңбасы” “Жалын” баспасынан жарық көрген жас талаптың Поэзия дейтiн қасиеттi құбылыстың берiсi ұлттық, әрiсi адамзаттық миссиясын қырандай қиядан шалуы тәнтi етедi. Өлең ерiккеннiң ермегi емес, Құдайдың бiр құбылысы екенiн аңғарыпты ол! “Ақынның құлағына Алла, халтурщиктiң құлағына Сайтан сыбырлайтынын” сезiп отыр

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның “Ай мен Айша” романы мен “Мылтықсыз майдан” повесiнiң желiсi бойынша Еркiн Жуасбектiң жазған драмасы М.Әуезов атындағы драма театрдың сахнасына шықты. 11 сәуiр күнi. Соғыстан бұрын сүттей ұйып, шат-шадыман өмiр сүрiп жатқан бейғам ауылдың тыныштығы мен берекесi “халық жауы” атанып ұсталып кеткен Мұртазамен бiрге кеткендей. Үш баласын әйелi Айшаға аманаттап үлгеруге ғана шамасы келген Мұртаза сол кеткеннен оралмады.
Қайдасыңдар, сендер, сәбет кезiндегi тарақандар? Сағындық қой бiз сендердi, неге жоғалып кет­тiңдер сендер? Сәбет кезiн­дегi тарақандар, кiм сен­дер­дi үркiттi, кiм сендердi қорқытты? Неге тастап кеттiңдер бiздi? О, сәбет тарақандары... Кiмге ке­дергi жасадыңдар сендер, кiмдi ренжiттiңдер? Тып-тыныш күйде жайылып жүрушi едiңдер ғой, табын-табын, үйiр-үйiр болып... Ас үйдiң көркi едiңдер ғой, сендер. Кей кезде түнде тұрып шам жағып қалғанда жан-жаққа бытырай қашушы едiңдер-ау. Есте­рiңде ме, сендердiң жүгiр­ген­дерiңнен еш дыбыс шықпайтын, сендерден тiптi иiс-қоңыс та шықпайтын. Ендi қайдасыңдар сендер? Қайда кеттiңдер?
Француз драматургы Жан Расин атын атап, түсiн түстемесе де, өле-өлгенше бiр дәрiгердi әрдайым жолдастары арасында келеке етiп отырады екен. – Қатты ауырып, кеңес алуға бiр дәрiгерге бардым. Ол менi әбден тыңдап алған соң: “Ет жемеңiз, шарап iшпеңiз, ештеңе оқымаңыз, бiр орында көп отыра бермеңiз. Ең бастысы, ештеңеге ашуланбаңыз, көңiл-күйiңiз көтерiңкi және бәрiне риза болып жүрiңiз” дедi”, – деп Расин iшек-сiлесi қатқанша күлетiн көрiнедi.
КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы, самбо күресiнен 122 КСРО спорт шеберiн, 6 халықаралық дәрежедегi спорт шеберiн, 2 КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберiн тәрбиелеген шәкiрттерi әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарында, КСРО бiрiншiлiктерi мен спартакиадаларында топ жарған бапкер, халықаралық дәрежедегi “Экстра класс” атағын алған әдiл төрешi, самбодан Франция құрамасын баптаған Марат Жақыт туралы толғаныс.  Марат Аякөздiң iргесiн­де Сергиополдағы (қазiргi Мамырсу) мектепте оқыды, мен Аякөз ауданына қарасты, Таңсық кеңшарындағы К.Қадiржанов атындағы Қызылқия орта мектебiнде бiлiм алдым. 
ТАЙСОНҒА ТЕҢЕП ҚАЙТЕМIЗ
Кеше, 8 сәуiрде WBA (Super), IBO һәм WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, Геннадий Г оловкин 33 жасқа толды.  Өткенде ғаламторда әулекi Майк Тайсонды Головкинмен теңеген пiкiрдi оқыдым.   Мұнымен келiсе алмаймын. Себебi Тайсон – алаяқ. Оны өзi бетi бүлк етпестен жазғаны да жұрттың есiнде. Биографиялық «Бесспорная правда» деген кiта­бында өзiнiң даукес екенiн мойындаған.