1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16011) 28 сәуір, сейсенбі 2015
БАСТАМАШЫЛ АССАМБЛЕЯҒА ҚҰЛАҚҚАҒЫС
Айтсаң – мақтанғандай боласың, айтпасаң – iшiңе сыймайды. Ешбiр ел басшысы дәл бұлайша халық “сенiмiне ие” бола алған жоқ. Қарсыласынан бiрер пайыз артық дауыспен алға шығатын батыстың басшылары қазiр у жеген иттей дөңгелеп жатыр. 60 пайыздық көрсеткiшпен алға шыққан Атамбаевты айтпай-ақ қояйық, 63,6 пайызбен билiкке әрең келген Путиннiң iшiне от түсiп кеткен шығар. 55,9 пайыз – Порошенконың шыққан биiгi. Бұлардың “ұялмай” қалай ел басқарып жүргенiне таңданбау мүмкiн емес. Әлiн бiлмей, қазақ әрiптесiнен қалғысы келмейтiн Каримовтың өзi әнеукүнi 90 пайызды әрең игердi. Ал Назарбаевтiкi – exit poll мәлiметi бойынша 97,5 пайыз. Нақты қорытынды жарияланғанда 98 пайыз болуы да мүмкiн. Бiрақ бұл Нұрекең мүмкiндiгiнiң шегi ме? Жоқ. Ендеше қазақ басшысы неге 99,999 пайыз дауыс ала алмады?

“Жас Алаштың” тiлшiлерi 26 сәуiр күнi Алматы қаласындағы №254 сайлау учаскесiне бақылау жасады. Бұл сайлаудың бұрынғы сайлаудан өзгешелiгi – аса көңiлдi жағдайда өттi. Мұның себебi неде? Себебi – күлкiңдi келтiретiн кандидаттарда. Бiрi – сайлау науқанына қатыспай, президент ретiнде ел аралап жүрдi. Екiншiсi – желдиiрменмен күрескен Дон Кихоттай АҚШ-пен алысып әлекке түстi. Үшiншiсi – әлемдiк мұздықтардың қамын жеп, “қайғы жұтты”. Қалай күлмейсiң ендi?

Бұл сайлауда қалың қауымға кеңiнен танымал тұлғалар дауыс бердi ме, қай үмiт­кердi қолдады екен деген сауалға жауап iздедiк. Жалпы, бұл сайлауды сайлау деп есепте­мей­мiн. Бiрiншiден, сайлаудың Конституциялық уақыты бұзылды. Саяси науқанның кезектен тыс мерзiмi билiк тарапынан жарияланды. Ең алдымен, Конституцияның заңдылығын қорғау керек едi бiзге. Өкiнiшке қарай, ол құқығымыз бұзылды. Ал президенттiкке үмiткерлер қазiргi елдегi жағдайды сөз етердей, маңызды мәселе көтерердей адамдар болмады

Президент Н.Назарбаев бесiншi мерзiмге сайланған сайлаудан кейiн елдi қандай өзгерiстер күтiп тұр? Жұрттың назары осы мәселеге ауғаны сөзсiз. Қазақстан ары қарай да сайлаудан сайлауға дейiн өмiр сүре ме, әлде өзгерiстерге бастайтын реформалар жасала ма? Ең бастысы, бесiншi мерзiмiне кiрiсетiн Н.Назарбаев билiктiң транзитi процесiн қолға ала ма? Бiз бұл сұрақтарды саясаттанушы, Тәуекелдердi бағалау тобының жетекшiсi Досым СӘТБАЕВқа қойып көрдiк.

Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Долан ауылындағы №409 сайлау учаскесiндегi комиссия төрайымы Гүлнар Раисова “Азаттық” тiлшiсi Асылхан Мамашұлына комиссия мүшелерiнiң әр партиядан екенiн айтқан. Комиссия мүше­лерiнiң бiрi Қазақстанда жоқ “Азат” партиясының мүшесi ретiнде таныстырылған. Сондай-ақ, “партия мүшелерi” өз партияларының төрағаларының аты-жөнiн айта алмаған. Тiлшi мен комиссия мүшелерi арасындағы тiлдесудi қаз-қалпында қағазға түсiрдiк. Оқып көрiңiз.

Қазақстандағы сайлауды жазған Батыс басылымдары президент Н.Назарбаевтың жеңiсi күнi бұрын белгiлi болған анық нәрсе екенiн жазыпты. Батыстың ақпарат құралдары осымен бесiншi мәрте президенттiк қызметiне кiрiсетiн Н.Назарбаевтан кейiн Қазақстанды не күтiп тұр деген сұраққа жауап iздейдi.

ЖАС ЖIГIТТI ӨЛIМШI ЕТIП САБАҒАНДАРДЫ ҚОРҒАШТАП ЖҮРГЕН КIМ?
“Менiң аты-жөнiм – Нұрлан Жұмағұлов. Әлiби Жұмағұловтың әкесiмiн. Сәуiрдiң 21-iнен 22-сiне қараған түнi ұлымды үш адам өлiмшi етiп ұрған. Ұрып қана қоймаған, әбден қорлаған. Ұлымның жағдайы мүшкiл. Соққыға жыққан – Қайрат Жамалиев пен оның сыбайластары Арман мен Толик...”. Қоғамды дүр сiлкiн­дiрген бұл оқиғаның ыстық-суығы басылған жоқ әлi. Қылмыстық iстi бас прокурор А.Дауылбаев пен iшкi iстер ми­нистрi Қ.Қасымов жеке бақылауына алуының өзi көп жайтты аңғартып тұр.
Биылғы көктем Арқа даласын әбден әбiгерге салды. Наурыздың аяғында жауған қалың қар сәуiрдiң басында күрт ерiп, елдiмекендердi су басты. Оның осылай мөлшер­сiз жайылуына бiрiншi себеп – наурыздың аяғында түскен қалың қар десек, екiншi себе­бi – тоң әлi жiбiп үлгерме­ге­н соң, ерiген қар суы жерге сiң­бей, өз бетiнше далаға жайылып кеттi.
МАМЫР АЙЫНЫҢ СОҢЫНА ДЕЙIН ШЫМКЕНТТЕ МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ЖАҢА ПӘТЕР ТАПСЫРЫЛМАҚ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында қолжетiмдi тұрғын үй тұжырымдамасын қайта қарап, жалға берiлетiн тұрғын үй салуға басымдық берудi тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес Үкiмет “Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасын” әзiрледi. Осы ауқымды бағдарламаның құрамдас бөлiгi болып табылатын жалға берiлетiн әлеуметтiк тұрғын үй бағдарламасына Ұлттық қордан 180 миллиард теңге бөлiндi.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi, ақын Мақпал Мысаның бұған дейiн “Алақандағы бақыт”, “Мен керекпiн” атты өлең кiтаптары жарық көрсе, осы жақында ғана “Аспантаудың көктемi” атты жыр жинағы баспадан шықты. М.Мыса – I.Жансүгiров атындағы республикалық мүшәйраның жүлдегерi, М.Мақатаевтың 80 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының жеңiмпазы, республикалық жас қаламгерлер фестивалiнiң Майра Уәлиқызы атындағы сыйлығының иегерi, облыстық байқаулардың бiрнеше дүркiн жеңiмпазы.

ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ҚҰРМЕТIНЕ
Биыл республика көлемiнде аталып өтiлетiн үлкен даталардың бiрi – Абайдың 170 жылдығы. Бұған әр аймақ өзiн­ше дайындық жасап жатыр. Жақында Павлодардағы “Ер­тiс” баспасөз клубында осы мерейтойға байланысты жазушы, бiрнеше халықаралық әдеби сыйлықтардың иегерi Роллан Сейсенбаев, опера әншiсi, ҚР Халық әртiсi, Мемле­кет­тiк сыйлықтың лауреаты Шахмардан Әбiловтермен журналистердiң кездесуi өттi.

Голландтық дәрiгерлер адамның жанарын, әсiресе, көз жасын жан-жақты зерттей отырып, көз жастың “атласын” жасапты. Онда айына әйелдердiң орташа есеппен 3,5 рет, ал еркек­тердiң 1,4 рет жылайтыны белгiлi болды. Көзден тек қана жас емес, қан да ағады. Әлемдiк медицинада бұл аурудың емiн таппай әлек. “Мұндай ауру тәжiрибемiзде ешқашан кездеспеген” дейдi атағы дардай әлем дәрiгерлерi. Олар науқастарға көмектескiсi-ақ келедi, алайда...

Өнерге деген қызығушылық өзгерген, дәстүрлi өнердiң қоңыр даусын эстраданың даңғыр-дұңғыры басқан, әу дерi бардың бәрi өздерiн жұлдыз санайтын, елi сүйген дүлдүлдер нәпақасын тойдан iздеген бүгiнгiдей заманда бойында ұлы өнердiң ұшқыны бар жастардың – топ жарып, жұртқа танылуы қиынның қиыны. Сондықтан жастар бетiнен “Шолпан” деген жаңа айдар ашуды жөн санадық. Мақсатымыз – ел iшiндегi таланттарды оқырманға таныстырып отыру. Егер даусын тыңдап, дарынын бағаласа, жұрттың “жұлдыз” туралы түсiнiгi өзгерер деген үмiтiмiз де жоқ емес. Сонымен “Шолпанның” алғашқы кейiпкерi – Ұлжан Ағлақова.

Қыз бен жiгiт отбасын құрып, үйленгелi жүрген кезде өздерiн әлемнiң ең бақытты адамдарындай сезiнедi. Олардың болашаққа құрған жоспарлары мен арман-тiлектерi көп болады. Бiр-бiрiне серт берiп, “ерлi-зайыпты болғанда былай етемiн, былай етемiн” деп уәде етедi. Тек сол айтылған сөздердiң бәрi отбасылы болған соң ұмыт болады немесе күшiн жоғалтады. Мұны үйленгелi жүрген жастардың шаблон сөздерi деп атап, сондай “құлақтан iлетiн” тiлектердi жинақтап ұсынғанды жөн санадық. Ендеше, жiгiттер үйленбес бұрын қандай шаблон сөздерге ұста болады?

Естерiңiзде болса, сайлауға он шақты күн қалғанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келген едi. Сол келiсiнде Орталық стадионда ұйымдастырылған “Алматы көктемi” фести­валiне де қатысты. Мемлекеттiк ақпарат құралдары бұл шара туралы “Назарбаев  20 мың адаммен кездестi” деген ақпарат таратты. Нақты қанша адамның жиылғанын қайдам, әйтеуiр стадионға келген жұрттың негiзгi бөлiгi жастар болатын. Ал президент не айтты? “Алматыда бiлiм алуға да, жұмыс iстеуге де барлық жағдай жасалған” дедi. “Жастар үшiн еңбек етiп жатырмын” дедi. Стадионға кездесуден 5-6 сағат бұрын
ЖАСЫ ЖҮЗДЕН АСҚАНДА...
“АҚШ-та 103 жастағы кейуана орта мектептi бiтiрiп шықты, ендi ол колледжге құжат тапсыру жөнiнде ойланып жүр” деп жазады New York Daily News. Басылым дерегiнше, Мари Хант Висконсин штатының тұрғыны екен. Ол өзiнiң бауырлары мен сiңлiлерiн асырау үшiн кезiнде мектептi тастауға мәжбүр болған. Алайда қанша жыл өтсе де оның осы бiр арманы жанына маза бермеген көрiнедi. “Бұл менiң ылғи да аяқтағым келiп жүрген iсiм едi.
Вашингтондық дәрiгерлер осылай деп дабыл қағып жатыр. Бұған АҚШ жастарының қалай қарайтынын кiм бiлсiн, бiрақ қазақ жастары ойлануы керек-ақ. Өйткенi бұтқа жабысқан тар джинсы сәндi көрiнгенiмен, денсаулық үшiн аса зиян екен. Кейбiр аурулардың пайда болу себебiне қатысты ұзақ жылдар бойы зерттеу жасаған Вашингтондық дәрiгер Карен Бойл былай дейдi: “Тар шалбарлар неврит ауруына, жүйкенiң қабынуы мен жамбас тамырларының қысылуына әкелiп соғады. Невритке шалдыққан адамның жамбасында шаншу пайда болады, аяғы жиi ұйып қала бередi”.

Бәрi қалай басталып едi өзi. Иә, “Астана” кәсiби президенттiк спорт клубы құрылғанда тәп-тәттi сөз­дер, ақжарма тiлектер, тау­дай талап пен биiк мақсаттар туралы сөз болып едi ғой “Самұрық-Қазына” ұлт­тық әл-ауқат қорының басы­бүтiн қамқорлығындағы ұжым 2012 жылдың желтоқсан айында құрылған-ды. 

ЕУРОПАНЫ ЕКIНШI РЕТ ЕҢСЕРДI
Шағын футболдан алматылық “Қайрат” УЕФА кубогын иелендi! УЕФА-ның ат басындай бағалы кубогын алматылықтар 2013 жылы да олжалаған болатын. Араға екi жыл салып қайта бұйырған кубок жолында “Қайраттың” қырандары испандық “Барселонаның” ойыншыларын 3:2 есебiмен тiзерлеттi. Кубокка бастаған голдарды Умберто – 17, Алешандре Диваней – 19, Игор 32-минутта соқты.