1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16012) 30 сәуір, бейсенбі 2015

“Жақтарың талмай қайталайтындарың бiр сөз: “Христиандарды қырды, армяндарды қырды” дейсiңдер. Мұны қандай дәлелге сүйенiп айтып жүрсiңдер? Бұл – өте лас тәсiл! Бұлай деп байлам жасауға қандай дәлелдерiң бар? Арменияның сыртқы iстер министрi арамызда отыр. Қараңыз, мен шақырту жiбердiм. 2005 жылы хат жаздым. Тағы да солай iстеуге әзiрмiн. Бiз барлық мұрағатымызды аштық. Бұл мәселеге қатысты миллионнан астам құжат декларацияланды. Егер Арменияның мұрағаттарында дәлел болса, олар да солай iстесiн.

Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры, саясаттанушы Тол­ғанай ҮМБЕТӘЛИЕВА қоғамдағы көп про­цестердiң негiзгi себебiн президенттiң шынайы рейтингiсiнiң төмендiгiнен тарқатады. Сайлауға дауыс берушi­лердiң 95 пайызы қатысты деген көрсеткiштiң сыры да осында.

АСЫҒЫСТЫҚТЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР?
Кеше Астанадағы тә­уелсiздiк сарайында Қазақстан пре­зидентi Нұрсұл­тан Назарбаевты ұлықтау салтанаты өттi. Президент Н.Назарбаев осымен бесiншi мәрте Қазақстан хал­қы алдында ант бер­дi. Ұлықтау шарасын мем­лекеттiк телеарналардың бәрi тiкелей эфирде көр­сеттi. 2011 жылғы ұлықтау кезiнде де сөйткен. Айырмашылығы жоқтың қасы. Тiптi тiкелей эфирдi орысша-қазақша жүргiз­ген­дердiң сөздерi де тым ұқсас. Тек аз-кем айырмашылықты есептемегенде. “Биыл – Конституцияның 20 жылдығы, Ассамблеяның 20 жылдығы және “Ұлы Жеңiстiң” 70 жылдығы” деп қосып қойды зор дауысты жүргiзушi.

Әнеугүнi, шамамен сайлаудан он шақты күн бұрын темiртаулық Наталья дейтiн жирен шаш әйел президенттiң әдiрiсiне әдемi бiр сөз айтқан. Онысын жұрт әрқилы түсiндi. Бiрақ ешбiр еркек “мұнысы несi?” деген жоқ. Сосын бiз де сайлау науқанында елдiң көңiл-күйiн бұзбайық деген оймен “сегiз миллион әйелдiң сезiмi” жөнiндегi былжыр әңгiменi iшiмiзде сақтай тұрғанды дұрыс көргенбiз. Ендi соның жай-жапсарын ашпасақ, жағдай ушығып кеткелi тұр.

Лысова ханым “тарихи жаңалық ашты”, сұрасаң санап бере алмайтын көпұлттылықты насихаттау көзбояушылық емей не?
Қазақстанда мыңдаған жылдар өтсе де өзiнiң даңқын, тарихи орнын сақтап қал­ған Тараздай қаланы таба қою қиын. Архео­­ло­гтардың зерттеуiне қарағанда, көне Тараз қаладағы қазiргi көкбазардың орнында, бiздiң жыл санауымыздан 8 ғасыр бұрын, сақ-үйсiн дәуiрiнде болған екен. Егер күректi бойлатып тереңiрек қазып жiберсеңiз, Тараздың тарихы одан да әрiге кете беруi мүмкiн. Әулиеата өңiрi небiр тарихи оқиғаларды бастан кешiрдi. Арабтардың, моңғолдардың, жоңғарлардың, одан берiде қоқан мен орыстың шабуылына ұшырады.

1989 жылы Чернобыль қаласындағы апаттарды жоюға Ақ­төбеден 50-ге жуық жiгiт бардық. Мен бұл кезде Ақтөбе қаласындағы темiр-бетон зауытының жұмысшысы едiм. Апаттың болғанына үш жыл өтсе де осы аймақтағы радиация зардабы әлi күштi едi. Бiз Чернобыль түбiн­дегi бiр қалашықта 25 сәуiр мен 25 тамыз аралығында автокөлiк­тердi жуатын құрылыс салдық (апат ошағына кiрiп-шыққан автокөлiктердi жууға арналған). 30-дағы сап-сау жiгiттер 4 айдан соң елге ауру болып оралдық.

Жеңiстiң  70 жылдығына орай Алматыдағы МКҚК № 30 бөбекжай бақшасының тәрбиеленушi­лерi өз күште­рiмен концерт қойды. Балабақша меңгерушiсi Аяулы Қасым­ақынқызының бастама көтерiп, ұйымдастыруымен өткен мере­ке­лiк шараға “Гүлдер” және “Ботақан” тобынан 22 бала қатысты. Әскери тақырыпта өткен бұл шара барысында бүлдiршiндер адамгершiлiк, Отанын сүю, достық секiлдi сезiмдердi бойына сiңiрiп, парыз деген жауапкер­шiлiктiң салмағын сезiндi.

Ауылда Құрманбай деген кiсi болды. Жасы пайғамбар жасына келiп қалған. Бiрақ арақты әлi қоя алмай жүр. Ауық-ауық қойған болады. Бiрақ бiраз жүрiп қайта iшiп кетедi. Сондықтан ауылдастары да оның “арақты қойдым” дегенiне соңғы кездерi сенбейтiн болды...

ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Түркiстан маңындағы Шоқтас деген елдiмекенде Керiмбек болыс өмiр сүрген. Ауылдың ең бай адамы екен. Бұл кiсiнiң абыройы мен атағы Шымкент, Тараз, Ташкент маңайындағыларға белгiлi. Керiмбек ата 1880 жылы мұсылмандықтың бiр парызы – Меккеге қажылыққа да барған. Ол кiсi өле-өлгенше жетiм-жесiрлерге, кедейлерге көмектесiп отырған. 

«КЕУДЕСIНДЕ НАМЫС ОТЫ ЖОҚ АДАМ БАТЫР ДА, БАТЫЛ ДА БОЛМАЙДЫ»
Менiң әкем Сыдық Байсалбаев 1894 жылы Жетiсу губерниясының Аягөз дуанына қарасты Көксала ауылында дүниеге келген. Әкем келбеттi, кең иықты, қарулы адам едi. 1934 жылдан бастап соғысқа шақырылғанға дейiн Қазақстан Жазушылар одағында ат айдаушы болып қызмет iстептi. 1941 жылдың тамыз айында соғысқа шақырылып, 1942 жылдың желтоқсанында “Немiс қоршауынан шыққан кездегi көрсеткен ерлiгi үшiн жоғарғы дәрежелi атаққа лайық” деп бас штабқа құжат дайындатқан полк комиссары Мәлiк Ғабуллиннiң өзi екен.
Мен атамды тек суретiнен бiлетiнмiн. Суретi үйдiң төрiнде iлулi тұратын. Екiншi дүниежүзiлiк соғыста қайтыс болғанын бiлетiнбiз. Әкемiз аузынан тастамай айтып отыратын. Қаралы қағаз соғыс кезiнде келген екен. Атам Қадырбек Желдiбаев Шымкент облысы, Түлкiбас ауданы,  Көктерек колхозында 1905 жылы туылған және осы мекен жайдан 1941 жылы желтоқсанда соғысқа алынған. 1945 жылдың 17 ақпанында қайтыс болғаны жөнiнде естiгенiмде, өзегiмдi өкiнiш өртедi. Жеңiске 2,5 ай қалғанда қайтыс болуы

Бәукеш бүгiн үлкен үмiт­пен оянды. Құдай қаласа, кешке жақын ұлан-асыр болмаса да кiшiгiрiм той... Келiншегiне өзiне ұнайтын қоңыр кәстөмiн үтiктеттi. Қоңыр галстугын әдемiлеп түйдi. Кеше шаштаразға барып, шашын түзеткен едi. Таңда аса бiр өсiп кетпесе де сақал-мұртын тағы бiр қырған болды. Бүгiн қуанышты күн. Бiрақ не қуаныш екенiн келiншегiне айтқан жоқ. Алдын ала айтсам қызықсыз болып қалар, онан да әбден алғаннан кейiн барып айтып, қуа­ныштан жүрегiн жарып жi­берейiн деп ойлаған.

Үкiметке халық тоқ сияқты көрiнедi ғой деймiн, айлық жалақымызды жалап-жұқтатып барып, қаспақтай қылып өсiрген болады. Ендi мiне “еңiреп”, дағдарыс деген қызылкөз пәле келе жатыр. Ақша азып кеттi... Кеше теледидардан көрдiм, аэроғарыш комитетiнiң төрағасын депутаттар талап жеп қоя жаздады. Демек, депутаттар да “аш...”.  Айтпақшы, мынадай қызықты көргенiңiз бар ма?! Үш сотық жерiмде құлайын деп тұрған лашығым бар, үйдiң артына арматураны қадап, су құйып едiм, ертеңiне темiрiм “гүлдеп” тұр! Он метрдей өсiп кетiптi тағы. Темiр “көшеттерiн” егiп, соны сатып, үй тұрғызып алдым!
МӘСКЕУДЕ ДҮНИЕ САЛДЫ
Дарынды әншiмiз Батырхан Шүкенов дүние салды 53 жасқа қараған шағында. Мәскеуде. Батырхан Шүкеновтiң туыстарының айтуынша, әншiнi не Алматыға, не туған жерi Қызылордаға жерлейтiн сияқты. Б.Шүкенов неден қайтыс болды? Әзiрге бұл жөнiнде ешкiм ештеңе бiлмейдi. Соңғы кездерi Батырхан бiрдi-екiлi танысына “өзiнiң жүрегi сыр берiп жүргенiн” айтқан да екен.
2 мамыр күнi кәсiпқой бокстағы айтулы жекпе-жектердiң бiрi ретiнде тарихтың парағына қашалатын айқас өтедi. Өйткенi кәсiпқой бокс тарихында бұрын-соңды дәл мұндай қомақты табыс түскен емес. Америкалық кiшi Флойд Мейвезер мен филиппиндiк Мэнни Пакьяо айқасынан түсетiн табыс – 540 миллион доллар. Бұған дейiн тарихта бiр ғана жекпе-жектен мұншама табыс жауған емес. Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтетiн сайыстың билеттерi сатылым­ға түскен сәттен-ақ пышақ үстiнен бөлiп әкеткен. 100 мыңнан аса жанкүйерге билет жетпей қалған
ЕСЕСIН ЖIБЕРМЕСI АНЫҚ
Бүгiн (30 сәуiр) Қапшағайда ММА турнирi өтедi. MMA Royal Plaza Alash Pride (RPAP) халықаралық турнирi биыл бесiншi мәрте ұйымдастырылмақ. Alash Pride клубының спортшылары Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiк­стан, Украина, Грузия елдерiнен келген саңлақтарға қарсы тұрады. 10 жекпе-жектiң iшiнде ұйымдастырушылар ресейлiк Георгий Кичигин мен қазақстандық Азиз Амуев арасындағы айқас тартысты өтедi дейдi.