1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35 (16013) 5 мамыр, сейсенбі 2015

Қараңызшы, бұл қандай заман? Бiр тиынды екi етейiн деп сауда жасасаң – жиған-тергенiң өртенген базармен бiрге күлге айналады. Мемлекеттiк қызметке тұрсаң – кез-келген уақытта қыс­қаруға ұшырауың мүмкiн. Ауылға көшсең – үй-жайың мен мал-мүлкiң суға кетедi. Құрылысқа кiрсең – құлаған көпiрдiң астында қаласың. Қыл аяғы есiрген байдың ерке тоқалына ұнап қалсаң да – қасiрет, Жама­лиев секiлдiлер жоныңнан таспа тiледi. Сонда бұл ненiң белгiсi? Өркендеген жұрттың ба, дамыған мемлекеттiң бе? Бәлкiм, “Мәңгiлiк елiмiз” осы шығар?

Юрий Швец – Украинаның тумасы, Кеңес одағының бұрынғы барлаушысы әрi Федералдық қауiпсiздiк қызметкерi Александр Литвиненконың жұмбақ өлiмiне қатысты Лондонда өтiп жатқан сот тыңдауындағы басты куәгерлердiң бiрi. Қазiр ол АҚШ-та тұрады. Ресей президентi В.Путинмен МҚК институтында бiрге оқыған. Украинаның “Гордон” сайтына сұхбат берген Ю.Швец Путиннiң ресми өмiрбая­нын­да айтылмаған кейбiр жайттарды жария етiптi. Ықшамдап жариялауды жөн деп таптық.
РЕЖИССЕР ЕРКIН РАҚЫШЕВПЕН СҰХБАТ
– Бiзде әртүрлi бағыт-бағдарды ұстанған партиялар бар. Бiрақ бұлардың ұстанымы әр түрлi көрiн­генiмен, сайып келгенде олар билiктiң айтқанына көнiп, айдауынан шықпайтын мүдделес партиялар. Бiрен-саран оппозициялық бағыт ұстаған партиялардың өзiн де, халық “билiктiң проектiсi” деп сенбейдi. Сондықтан ұлт жана­шыр­лары мен ұлтшыл азаматтар бiрiгiп, қарапайым халықтың мүд­десiн қорғайтын партия ашуға ниет етiп жүр. Бұл партия – өз туған жерiнде қайыршының күнiн кешкен тұрмысы төмен жандардың, кең байтақ жерiмiзден баспана салуға жер ала алмай, үйсiз, күйсiз жүрген бауырларымыздың партиясы болады.
Көкiрекбаев Қазақ хандығының 550 жылдығын ойдағыдай өткiзе ала ма?
...Соқыр сенiмге көзсiз берiлген 34 жастағы Мақсат Қариев алдымен өзiн бақылап жүрген Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң екi қызметкерiн атып өлтiрдi. Артынша қару-жарақ дүкенiне басып кiрiп, күзетшiнi жайратып салады, тағы бiр азаматты ауыр жаралады. Бұдан кейiн көшедегi күзет полициясының екi сержантын өлтiрiп, граната атқыш қарумен Ұлттық қауiпсiздiк департаментiнiң ғимаратын атқылады.
Венада “Нұрбанк” iсi бойынша өтiп жатқан сотта ешкiм күтпеген бетбұрыс болып, қамаудағы Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляк сот залында босатылды. Босатыл­ғанда, әрине, олар ақталып, iс жабылып, бiржолата еркiндiкке шыққан жоқ. Iстен шикiлiк тапқан судья қалған деректерге де күмән келтiретiнiн алға тартып, айыпталушыларға қолданылған бұлтартпау шарасын өзгерту жөнiнде шешiм қабылдапты.
Қазақстан Республикасының президентi Н. Назарбаев мырзаға
АШЫҚ ХАТ
Бiздер, бұрынғы Республикалық “Госплемзавод Каменский” Ұлттық академиялық аграрлық зерттеу мем­лекеттiк мекемесiнiң қызмет­керлерi сiзге екiншi рет хат жолдауға мәжбүр болып отырмыз. Қазiргi өзiмiз тұрып жатқан Алматы қаласы, Наурызбай батыр ауданына қарасты Шұғыла ықшамауданының осы күнге дейiн шешiлмеген проблемасына өзiңiздiң араласуыңызды өтiнiп, көмек сұраймыз.

Есiңiзде шығар, Өктем Алтаев. Оның “Не жаздым мен жаным саған”, “Жаным”, “Ақ сәулем” сынды әндерi тыңдарманның аузында жүрдi. Той-томалақта Өктемнiң осынау әндерi үнемi шырқалып, отырыстың ажарын аша түсетiн. Әншi, сазгер Өктем Алтаев Алматыда 2004 жылы жеке кеш өткiзгелi берi көптiң алдына шыққан жоқ. Сахнадан көрiнбей тыңдаушыларын сағындырып жүрген әншi 20 мамырда Республика сарайында концертiн ұйымдастырмақ екен. “Қазағым” атпен ән кешiн өткiзетiн әншiнi Шымкент қаласына жол жүргелi тұрғанда “ұстап”, шағын сұхбат алдық.

Қарапайым жандардың өмiр­де де, өнерде де өзiне тие­­сiлi үлесiнен құр қалуы жиi кездеседi. Сондай асқақ тұл­ғаның бiрi – Роза Ахмет­қызы Жаманова. Аса талантты әншi апамыз зейнет­керлiкке шыққан соң да елеусiз, ескеру­сiз қал­ды. Тiптi 85 жасқа толған мерейтойында теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдарды жарыса жазып, дүркi­ре­тiп әкетпедi. Дүркiретке­нiңiз не, аты дардай бiр журналиске өтiнiш бiлдiрiп едiм, “Ол кiсi әлi тiрi ме?” деп көзiн-аударып төңкергенде жағамды ұстап шошыдым.

“ТУҒАН КҮНIНДЕ ЕСКЕ АЛАМЫЗ”
Қызылордада кiндiк қаны тамып, 53 жасқа қараған шағында ақырғы демi Мәскеуде үзiлген әншi Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсiмi Алматыда, Жамбыл атындағы филармонияда өттi. Өзi еңбек жолын бастаған өнер ордасындағы азалы жиында сөз алған қала әкiмi А.Есiмов Батырханның туған күнiнде (18 мамырда) еске алу кешiн ұйымдастыру қажет дедi. Марқұм “Россия 1” телеарнасындағы “Один в один” телешоуының бағдарламасына қатысып келген соң-ақ жайсыз сезiнген. Жедел жәрдем шақыртып
Редакциямызға салт-дәстү­рiмiздi насихаттап, халық ән­дерiн жаңғыртып жүрген “Асыл әжелер” тобының мүшелерi хабарласты. “Қадiрiмiздiң қашқанына” күйiнiп, хабарласып тұр­мыз” деген әншi әжелердiң базынасына құлақ түрiп, жазып ал­дық. “Әуезов ауданының әкiмшiлiгi өткiзетiн түрлi iс-шараларына бiздi де шақыртатын. Соңғы екi жыл көлемiнде оны да доғарды. Бұрын конституция күнiнде, тәуелсiздiк күнi, жаңа жылдық мереке, мұғалiмдер күнiне орай ұйымдастырылған концертте бiз де өнерiмiздi көрсетушi едiк.

Т.Медетбектiң жоғарыдағы өле­ңiн­де қазаққа жабы мiнгiзiп, оны интернационалдық көкпардың шет жағында жүргiзiп қоюы ненi бiлдiредi? Бұл – қазақтың билiктен де, байлықтан да шеттетiлгенiнiң көрiнiс-белгiсi. Дәл осы жерде бiз өзiмiздi де алдамай, өзгенi де алдамай, мына мәселенiң бетiн ашып алғанды жөн көрiп отырмыз: ақынның “қазақ” деп отырғаны – қазақтiлдi қауым. Ал ендi Қазақстанның қазiргi жағдайында орыстiлдiлер мен орыстiлдi қазақтарды “қазақ” деп айтуға мүлде келмейдi. Қазақ тiлiнен де мақрұм, қазақтықтан да жұрдай.

Шығармалары әлемнiң отыздан аса тiлдерiне ауда­рыл­ған, көптеген халықаралық әдеби сыйлықтардың иегерi, испан жазушысы Хусто Хорхе Падронның есiмi қазақ оқырмандарына бейтаныс болуы мүмкiн. Өз шығармаларына жалпы адамзат баласының тағдырын, бүгiнде әлем жұртшылығын алаңдатып отырған алмағайып мәселелердi өзек етiп алған ақын шығармалары Еуропа мен Америка құрлығына кеңiнен мәлiм. Падронның “Тозақ шең­бер­лерi” деп аталатын кiтабын оқыған

Ғасыр жекпе-жегi деген мәртебе берiлген айқаста америкалық кiшi Флойд Мэйвезер жеңiмпаз деп танылды. Күллi әлем кiрпiк қақпай тамашалаған сайыста үш төрешi де америкалыққа жоғары ұпай жазды. Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өткен кiшi Флойд Мэйвезер мен филиппиндiк Мэнни Пакьяо жекпе-жегiнде үш қазы 118-110, 116-112, 116-112 есебiн тiркеп, бiрауыздан Мэйвезер жеңiске жеттi. Бұлай болатынын америкалық боксшы күнi бұрын болжап, кәсiпқой бокстағы жеңiстерiнiң санын 48-ге жеткiзетiнiн айтқан.

Кәсiпқой бокста 48 жекпе-жек өткiзiп жеңiлiп көрмеген америкалық кiшi Флойд Мэйвезер әуесқой бокста жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесiн иелендi. 1996 жылы Атлантада өткен жазғы Олимпиа­да ойындарына осы Мэйвезер 57 келi салмақ дәрежесiнде қатысып, жартылай финалда болгарлық С.Тодоровқа 9:10 есебiмен есе жiберiп, қола жүлденi мiсе тұтқан. Бiлетiндер Мэйвезер: “Тодоровтан жеңiлгем жоқ, төрешiлер жығып бердi” деп әдiлетсiздiкке төзбей, кәсiпқой боксқа ауысты дейдi. 19 жыл бұрын Атланта Олимпиадасында осы   Мэйвезерге қарсы бiздiң де боксшымыз айқасқа түстi. Ол – Бақтияр Тiлегенов.

ГОЛОВКИН КӨШТIҢ АЛДЫ
АҚШ-тың Pound for pound (P4P) тәуелсiз журналының рейтингi жаңаланды. Кәсiпқой бокстағы саңлақтардың рейтингiн саралайтын басылымның бағалауы бойынша Геннадий Головкин 3-сатыға өрлеген. WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдарының чемпионы Генаның алдында америкалық кiшi Флойд Мэйвезер мен украиналық алып Владимир Кличко бар. Бұған дейiн рейтингтiң үшiншi сатысында тұрған филиппиндiк Мэнни Пакьяо құлдилап, бiрден 7-сатыға ығысты.
55 РЕТ ТҰРМЫСҚА ШЫҚҚАНӘЙЕЛ
Мавритания мемлекетiнде тұрмыс құрмаған әйелдер көп. Соның өзiнде бiр әйел 55 рет тұрмысқа шығыпты. Ол Нуакшота қаласында тұрады. Жақында елу жастағы әлгi әйел теледидардан сөз сөйледi. Ең бiрiншi рет күйеуге 12 жасында шығыпты. Өзiнiң ең ұзақ некесi 15 жыл, ал ең қысқа некесi – 2 күнге созылғанын айтты. Қалған күйеулерiмен 3 айдан артық тұра алмаған. Оның айтуынша, күйеулерiмен сенiм­сiздiк пен қызғаныштың салдарынан ажырасып кеткен.