1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №36 (16014) 7 мамыр, бейсенбі 2015
“28 ПАНФИЛОВШЫЛАР ПАРКIН” БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ АТЫНА БЕРУГЕ НЕ КЕДЕРГI?
“Елуден астам жау танкiсi Панфилов атындағы дивизияның жиырма тоғыз советтiк гвардияшылары қорғаған шепке жылжып келедi. Жиырма тоғыздың iшiнен бiреуi ғана жiгерсiздiк танытты... олардың бiреуi ғана қолын жоғары көтердi... бiрнеше гвардияшы бiр мезгiлде, келiспестен, бұйрықсыз, қорқақ сатқынды атып салды... Соғыс төрт сағаттан астам уа­қытқа созылды. Бұл кезде жау­­дың 14 танкi майдан даласында қимылсыз қалған едi. Сержант Добробабин мерт болды, қызыл әскер Шемякин де қаза тапты, Конкин, Шадрин, Тимофеев, Трофимов та жан тапсырды.

Бүгiн Астанада бас қолбасшының қатысуымен әскери шеру өтедi. Бұл – көптен бергi дайындықты паш ететiн ерекше күн. Алайда Қорғаныс саласының қуаты – әскери парадтың деңгейiмен өлшене ме? Жоқ, әрине. Шеру кезiнде жарқыраған техниканы алаңнан арлы-берлi өткiзу кез келген мемлекеттiң қолынан келедi. Ал нағыз “Дабыл!” белгiсi қағылғанда саптағы техниканың бәрi гүр етiп отала кете ме? Оталғаны оқ атуға жарай ма?

Құдай-ау, сенер-сенбесiңдi бiлмейсiң, үндемес депутаттар Қайрат Нұртаспен жарыса ән салып жүр. Бүгiнгiнiң жастары “құлақ” деп атайтын тыңдау құрылғысын атдорба құсатып, бастарына iлiп алған. “Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын” деп қойып, ырғақтағанда кәсiби әншiлерiң әдiрәм қалсын! Әңгiме не туралы екенiн өзiңiз де бiлiп тұрған шығарсыз, қадiрлi оқырман. Абай Бегейдi тойдың гүлi жасаған “Аспанға қараймын” әнiн халық қалаулылары “тартып” алды. Негiзi “тартып алды” дегенiмiз артықтау. Өйткенi жаңа клипте Абайдың өзi де жүр.
Президенттiң төрағалығымен “тарап барып” қайта тағайындалған үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өттi. Әдеттегiдей түрлi мәселеге күркiрей шүйлiккен Н.Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадамның практикалық жайттары мен аталған реформалардың әрқайсысы бойынша мiндеттер тапсырды. Осы жиын барысында президент Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi

Судья Андеас Бем прокуратураның деректерiнен шикiлiк тапқан соң, басты айыпталушылар – Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошлякқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертiп, оларды босатқанын жазған едiк. Өткен нөмiрде осыған қатысты “Лански, Ганцгер және серiктестер” адвокаттық кеңсесiнiң қызмет­керi, жәбiрленушiлердiң қорғаушысы Анна Цайтлингердiң сұх­батын бердiк. Бүгiнгi нөмiрде осы мәселеге қатысты сотқа жәбiрленушi әрi куәгер ретiнде қатысқан Армангүл Қапашеваның (Жолдас Темiрәлиевтiң жесiрi) пiкiрiн ұсынып отырмыз.

Соғыс талай-талай шаңырақты құлатты, талай керегенi қиратты. Бiр әулеттен еркек кiндiктiң бәрi соғысқа аттанып, шетiнен қара қағаз келген күндер де өтiптi. Сұм соғыс бiздiң әулеттi де аямаған екен. Өз әулетiмiз де, нағашыларымыз да Кетпеннiң етегiндегi (Алматы облысының Ұйғыр ауданы) Сүмбе деген ауылда өсiп-өндiк. Нағашы әжемiз Әспен қайратты һәм қатал кiсi едi. Екi ұл, бiр қыз тәрбиелеп өсiрдi.

“Соғыс даласында бiз небiр қиындықтарды көрдiк. Ас-ауқат жетiспедi. Қыстың күнi шыршаның бұталарын астымызға төсеп, соған қисая кететiнбiз. Қиналып жүргенiмiздi бiлетiн фашистер күндiз-түнi бiздi азғырып, парақшалар тарататын. “Бiз жаққа өтсеңдер, ыстық тамақ, жататын жылы орын беремiз, советтер бәрiбiр жеңiледi” дейдi. Осы азғыруларға ерiп, бiр күнде немiстер жаққа өтiп кеткендер де болды”, – дедi Жаһанша ақсақал

Атажан Сатыбалдыұлы 1923 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 1942 жылы өзi қатарлы өрiмдей жастармен бiрге соғысқа аттанады. А.Сатыбалдыұлының жүрiп өткен жолына көз салсаңыз, құдды бiр қанмен жазылған карта iспеттес. Мәскеуден бастап, Украина, Беларусь, Польша, одан әрi Германияның Эрфрут, Лейпциг, Эльба, Майнгейм қаласына дейiн ол кiсiнiң iзi сайрап жатыр. Атажан Сатыбалдыұлы жан алып, жан берiскен шайқастарға сан мәрте қатысып, екi рет жараланған. Маршал Георгий Жуковтың бұйрығымен I және II дәрежелi Отан соғысы орденiмен, “Жауынгерлiк ерлiгi үшiн” медалiмен марапатталған.

1939 жылы әскер қатарына алынып, 1941-45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысқан Байтума Тұраров ақсақал былай дейдi: – Қарақтарым, қанды қырғыннан аман-есен келген бiз – бақыттымыз. Алла тағалаға сол үшiн ризашылығымызды бiлдiре­мiз. Бүгiн, мiне, шөбере сүйiп отырмыз. Миллиондаған адам опат болды шайқастарда, солардың бiрi болсақ, мына өмiрдi көрмес едiк. Елiмiздi қан төгiп, жан берiп қорғаған құрбандардың рухы алдында бас иiп, тағзым еткен жөн. “Ұрпақтарымыз соғысты ешқашан көр­месiн!” деп тiлеймiн үнемi.
Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында АҚШ бас консулдығының ұйымдастыруымен “Ортақ жеңiс” атты фотокөрме ашылды. Одақтас күштердiң Екiншi дүниежүзiлiк соғыстағы жеңiсiнiң 70 жылдығын мерекелеуге арналған фотокөрменi Қазақстандағы АҚШ елшiсi Джордж Крол ашты. Фотокөрмеге ҚР Орталық мемлекеттiк кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалалары мұрағатынан және АҚШ ұлттық мұрағатынан алынған сирек суреттер қойылған.
Көпшiлiк кiтапханалар жүйе­сi­нiң кiтапхана бөлiмшелер қызметкер­лерi және С.Рахымов атындағы мектеп интернатымен бiрiгiп ұйымдастырған “Елдiк белестер – ел тарихында” атты тарихи танымдық кеш өттi. Кештi №17 кiтапхана қызметкерi Жанжамал Қалымбетова жүргiздi. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен қойылымда №2 кiтапхана оқырманы Бауыржанұлы Рахымжан Абылайханның образын ерекше сомдады.
ҚАРА ЖАМЫЛЫП ОТЫРҒАН ҮЙГЕ «ӨЛГЕН» АТАМНАН ХАТ КЕЛЕДI
Атамыздың әкесi Тұрлыбек Жаментиков Ақсуат ауданынан 1941 жылы Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа аттаныпты. Майданда ауыр жарақат алып, госпитальда бес айға жуық жатады. 1942 жылдың күзiнде “соғыс­қа жарамсыз” деп елге қайтарылады. Дәрiгерлер “6-7 жыл өмiр сүресiз” дептi. Солай болды да. Тұрлыбек атамыз 1949 жылдың 15 қыркүйегiнде 41 жасында дүниеден озады. Үлкен атамның тұңғышы менiң атам Қабыкен
Мен 1986 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiн тарих мамандығы бойынша бiтiргеннен кейiн Қызылорда облысына жұмысқа сұранып, өзiме-өзiм 3-4 жылдан кейiн Алматыға ораламын деп уәде еткен едiм. Сол уәдем 28 жылдан кейiн ғана орындалып, өткен жазда Алматыға көшiп келдiм. Бiрақ менiң айтпағым бұл туралы емес.
Алматыға келiп жұмысқа жаңа орналасқан кезде қызықты жағдайға тап болдым. Түсiнiктi болу үшiн бәрiн жай-жапсарымен айтайын. 1995 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орта мектепте жұмыс iстеп жүргенiмде, аудандық оқу бөлiмi бiздiң мектепте тарихшылардың облыстық семинары өтетiнiн хабарлады.

“Келiн” телехикаясын ұлттық арнадан көрсеткелi берi төрт жыл болды. Не бiтпедi, не қоймады. Мәселе ұзақтығында емес, халқымыздың санасына әсер етуiнде. Бiр қарасаң, сыпайы келiн бейнесi, ер мен әйел арасындағы сыйластық, ене мен келiннiң әдемi қарым-қатынасы, қазаққа тән қасиеттер... Алайда осынау төрт жыл, қазаққа қазақтығын ұмыттыру сияқты ма, қалай өзi?! Ауылдық жерлерде бұл анық көрiнуде. Неге дейсiз бе? Үйдегi қазына қарттарымыз келiндерiн үндiнiң келiндерiмен салыстырып, соларға теңеудi шығарды.

Ұлы үйленедi дегенде “отыз күн ойын, қырық күн тойын” жасап, барын шашатын қазақпыз ғой. Себебi, той – бiз үшiн iзгiлiк пен жақсылықты, озық дәстүрлердi жаңғыртып, жалғастыратын елеулi оқиға. Үйлену тойының сәнi беташар екенi белгiлi. Осы бiр киелi де кәделi ғұрыпта қаншама тәрбие тұнып тұр десеңiзшi. Әйтсе де осы бiр дәстүрiмiздi қаншалықты дұрыс атқарып жүрмiз?!
Тойдан бiраз сiлтеп қайт­қан Сәкен аға Гүлсiм жеңешеме: – Неге осы “Жедел жәр­демнен” гөрi пицца үйге тез келедi, а? – дедi. Жеңешем жауап қатпаған соң: – “Жедел жәрдем” шақырдым. Көршiге. Менен кейiн Аружан (қызы) пиццаға тапсырыс бердi. “Жедел жәрдем” жеткенше, Аружанның тамағын тез алып келдi үйге. Неге бұ­лай, ә?! Түсiнбеймiн. Жеңешем тағы үндеме­дi.
“БIЛМЕЙ ҚАЛЫППЫН” ДЕУ ОБЛСОТҚА ЖАРАСА МА?
Ұлы сөзде ұят жоқ, қазiр “күштiнiң арты диiрмен тартқан” заман болып тұр. Тiптi тәуелсiз, шешiм шығарарда тек әдiлдiк пен заңдылыққа арқа сүйейтiн соттың өзi сол күштiлердiң ықпалынан шыға алмай қалған ба дерсiң. Мен мұны “аспанға қарап, жұлдыз санап” айтып отырғаным жоқ. Қатардағы судья болса мейлi, бiлдей облыстық соттың, кассациялық алқаның судьялары өзi шығарған қаулыға өзi қарсы шыққан соң өзгесiне не айтуға болады? 

Т.Медетбектiң Махамбеттi қабiр­ден шығаруын фантасмагориялық элемент ретiнде қабылдап, мұны ақынның зейiн байлығына, қиял байлығына жатқызуға да болар едi. Немесе “Жер бетi жаманшылыққа мәймiлдеп толған кезде жер астынан Мәдi шығады” деген шығыстық-дiни аңыздың нобайымен автор Махамбеттi жер үстiне шығарып отыр деп жорамалдауға да болатындай. Менiңше, бұл жерде Т.Медетбек таза қазақы ұғымға жүгiнiп отыр.

Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?
Аса көрнектi жазушымыз, ҚР Мемле­кеттiк сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткерi, республикалық “Қайнар” баспасының директоры Оразбек Сәрсенбай дүниеден озды. Жетпiс жетi жасында. Оразбек Сәрсенбайдың “Лениншiл жас” газетiнде (қазiргi “Жас Алаш”) 1961 жылы “1961 жыл” атты публицистикалық дас­таны басылды. Қоғамның кем-кетiгiн батыл сынаған бұл дастан кезiнде билiк басындағылардың арасында үлкен дау туғызған-ды.
ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ КӨСЕГЕСIН КӨГЕРТУ ҮШIН
Қазақстан футбол федерациясының президентi Ерлан Қожағапанов аймақтарды аралап, қордалы мәселелердiң берiштенiп қалған түйiнiн шешу мақсатында жиын өткiзiп жүр. Түнеугүнi Тараз қаласына тоқтап, жергiлiктi жұртшылықтың басын қосып жиын өткiздi. Одан кейiн Қызылорда футболының жай-күйiн көрiп-бiлмекке Сырға да барды.
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА АЙҚАСАДЫ
Кәсiпқой бокста 19 жекпе-жек өткiзiп, қарсыластарын қоғадай жапырған Қанат Исламның алдағы уақыттағы айқасының бiрi Қазақ жерiнде ұйымдастырылуы мүмкiн. Vesti.kz порталының хабарлауынша, Diamond Ring қоғамдық ұйымының директоры Дәурен Нұрмағанбетов Қанат Исламмен және оның промоутерi Нельсонмен келiссiз жүргiзген көрiнедi. Екi жақ мәмiлеге келсе, онда Қанаттың бiр жекпе-жегi елiмiзде өтуi мүмкiн. WBA Fedelatin тұжырымының чемпионы Қанаттың келесi айқасы АҚШ-та болмақ.
Әлемде әрбiр үш секунд сайын дүниеге бала келедi. Ал бiр ай мен үш айға толған балалар қанша жылағанымен, көздерiнен бiр тамшы да жас шықпайды. 7-8 айлық бала бiр мезетте ауа да, тамақ та жұта алады. Шотландтық балалардың көбiсi жылпық сары болып туылады.