1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (16015) 13 мамыр, сәрсенбі 2015

Жеңiстiң 70 жылдығына арнап өткiзген Мәскеудiң әскери шеруi әлем мемлекеттерi басшыларын екiге жарғандай әсер қалдырды. АҚШ пен батыс елдерiнiң жетекшiлерi қолдарын сiлтеп, бiрауыздан байкот жариялады. Жеме-жемге келгенде Лукашенконың өзi бармайтынын ашық айтты. Ал Назарбаев күнi бұрын жететiнiн iлгерiде мәлiмдеп қойған. Сөйтiп, бiреу барып, екеу бармаған Кремльдегi парад та тарих тұңғиығына кеттi. Дегенмен бiздiң бүгiнгi айтпағымыз парадтан бiр күн бұрын­ғы әңгiме. Бiрақ мұнда да бөлiнiп-жарылудың ыңғайы аңдалып қалды.

Мәскеуде мамырдың 9‑ы күнi өткен Жеңiс парадында Батыс елдерiнiң басшыларынан тек Чехия президентi ғана төбе көрсеттi. Ресейге мерекенiң ертесiне барған Германия канцлерi Ангела Меркельдi Мәскеуге қуана сапарлатты деуге еш келмейдi. Парадқа қатыспайтынын күнi бұрын ескерткен канцлер Ресейге тарихтың мойнына артқан мiндетiн орындау үшiн амалсыз барғаны түсiнiктi. Тарих дегеннен шығады, артынша Путинмен бiрлесiп өткiзген баспасөз мәслихатында А.Меркель Екiншi дүниежүзiлiк соғыс алдында гитлерлiк Германия мен КСРО арасында жасалған “Молотов‑Риббентроп” пактiсiнiң шындығын жайып салды.

Биылғы жылдың ақпан айының соңында оппозициялық сая­саткер Борис Немцов Мәскеуде тапсырыспен өлтiрiлдi. Көзi тiрiсiнде Немцовтың Ресей президентi Владимир Путиннiң қылмысын әшкерелейтiн баяндама дайындап жатқаны айтыл­ған. Өкiнiшке қарай, баяндаманы өзi аяқтай алмады. “Путин. Соғыс” деп аталатын еңбектi Б.Немцовтың саясаттағы әрiп­тестерi қорытып, кеше жария еттi. Баяндаманы дайындауға бұрынғы вице-премьер Алфред Кох, журналистер Айдер Муждабаев, Олег Кашин, ПАРНАС (Ұлттық бостандық партиясы – Е.Р.) саяси кеңесiнiң мүшелерi Илья Яшин мен Леонид Мартынюк және партияның атқарушы директоры Ольга Шорина атсалысқан.

Өткен аптада президент Нұрсұлтан Назарбаев үкiметтiң кеңейтiлген отырысын өткiздi. Осы жиында мемлекет басшысы банк жүйесiне қатысты былай дедi: “Мiне, бiз қазiр банк жүйе­сiн ретке келтiрiп жатырмыз. Солай емес пе, Қайрат Нематұлы? БТА-ны Қазоммерцбанкпен бiрiктiрдiк, оны басқару үшiн Англиядан менеджер шақырдық. Бұл банктiң құрметке бөленiп, сенiмге ие болатынына мен сенiмдiмiн. Ол жерде ешқандай да “шуры-муры” болмайды.
Келесi жылы елiмiздiң бiлiм беру жүйесiне үлкен өзгерiстер енгiзiлмек. 2016 жылдан бастап бiрiншi сыныптың оқушысынан жоғары сынып оқушыларына дейiн ғаламдық тақырыптарды қамтитын сабақтарды оқымақ. Мәселен, бiрiншi сыныптың әрiп танымайтын баласы “Ғылым­ға кiрiспе” сабағын оқитын болады. Ал жоғары сынып оқушылары “Проектная деятельность”, “Глобальные перспективы” пәнi бойынша бiлiмiн жетiлдiредi. Сондай-ақ, келесi жылдан бастап физика, биология, химия пәндерiн оқыту 5-сыныптан басталмақ.

Қазақтың ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезов “Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе” десе, халқымыздың даңқты батыры Бауыржан Момышұлы “Тәртiпке бағынған ел құл болмайды”, деген өсиет қалдырды. Ал тәртiпке бағыну дегенiмiз – заңмен жүру. Бiз балаға тәрбиенi бесiктен бастап берсек, заңды мектеп қабырғасында жүргенде үйретуiмiз керек. 

Украинаның Ресейдi “агрессорел”, “зорлықшы ел” деп танып, оны Жоғарғы раданың (парламент) арнайы қаулысымен бекiткенi де мәлiм. Бұдан кейiн президенттiң жарлығымен “Украинаға әскери жағдайдың енгiзiлгенi” де белгiлi. Жақында Украина президентi Петр Порошенко Жоғарғы радаға тағы бiр заң жобасын ұсынды. “Әскери жағдай кезiндегi құқық тәртiбi туралы” деп аталатын бұл заң жобасында “Украинаға қар­сы агрессия жүргiзiп, шабуыл қаупiн туындатып жатқан елдiң азаматтарын

“Қазақстан – посткеңестiк кеңiстiк­тегi тұрақтылықтың жұмағы саналады. Сiздердiң мемлекет – интегратор, бұл америкалықтарға әсте ұнамайды. Және АҚШ Қазақстанда Қырғызстан мен Украи­надағыдай “түрлi-түстi төңкерiс” жасауға барын салады. Сiздердiң мемлекет – көпұлтты әрi елде көпдiндi орта қалыптасқан. Тұрғындардың бестен бiрi – орыстар. Сыртқы күштер орыс халқын немесе басқа ұлтты айдап салуы мүмкiн. Бiрақ

Редакциямызға арнайы келген өрiмдей жас қыздың шағымына бастапқыда отбасылық кикiлжiң деңгейiндегi мәселе ретiнде қарап, керi қайтармақ болған едiк. Алайда жұртқа бiршама белгiлi, сырқаттарды емдеп жүрген дәрiгердiң iс-әрекетi туралы құжаттармен танысқанымызда үнсiз қалуды жөн көрмедiк.

Шелектеп құйған жаңбырдың салдарынан Атырау қаласының көшелерi өзенге айналды. Адам түгiлi, көлiктердiң жүруi қиындағандықтан қалалық бiлiм бөлiмi кеше мектептер мен балабақшаларды бiр күнге жапты. Коммуналдық қызмет пен төтенше жағдай департаментi зардап шеккендерге көмек көрсетiп үлгере алмай әлек. Тұрғындардың кейбiрi шығынды есептейтiн арнайы комиссияны күтумен күнiн өткiзiптi. “1949 жылы салынған барақ үйiмiз онсыз да құлауға шақ тұр едi, мына жаңбыр тiптi жарамсыз еттi. Бала-шағаны туыстардың үйiне жiбердiк. Күйеуiмiз екеумiз екi көзiмiз төрт болып, “төтеншелiктердi” күтiп отырмыз”,
“Жас Алаштың” 14 сәуiр күнгi санында журналист Ерiк Рахымның “Көресiнi Локтевтен көрдiк!” деп аталатын мақаласы жарияланған. Мақалада айтылған жайт­тарға байланысты Жамбыл облысы прокурорының орынбасары А.Майлыбаев жауап бердi. Жауап төмендегiдей: “Облыс­тық прокуратура мақаланы зерттедi. Анықталғаны, 2013 жылы азамат К.Жаттаевқа тие­сiлi шаруа қожалығының учас­кесiнде жалпыға ортақ жол бо­йында қорықшы А.Локтев
– Мына мықтың кiм? – деген сумаңдаған сауал тiлдiң ұшында тұрғаны анық. Айтайық. Ол – “Қазақмыс” корпорациясы жастар одағының төрағасы. Антонның ұлы Сергей. Оны жезқазғандықтар “Жастарды жағалаған шал” дейтiнi де бар. Расында баласындай жастарға билiк жүргiзгенi жараспайды-ақ. Тысевичтiң “тепкiсiне” төз­бей, таяуда “табанын жалтырат­қан” бiр кездегi белсендi әрiп­тесiнiң айтқанына сенсек, iр­гелес екi қала – Жезқазған мен Сәтбаевта Сереганың пәтер­лердi жалға беру бизнесi бетқаратпай тұрған көрiнедi.

Халықтың жанына етене жақын сүйкiмдi де санаулы ғана газеттер болады. Көпшiлiктiң бүйрегi бұрып тұратын сондай некен-саяқ бағалы басылымдардың қатарында “Жас Алаш” та аталады. Бұрынғы “Ле­ниншiл жас” кезiнде де солай едi. Баяғы атауын қайта алған қазiргi күнде де жұртшылықтың әр санын асыға күтiп, қолына алғанда бас алмай бiр дем­мен оқып шығатын бас­пасөзiне айналғанын да көрiп жүрмiз.

ҚЫТАЙДА АТУ ЖАЗАСЫНА КЕСІЛГЕН ҚЫЛМЫСКЕР ОҚТЫҢ ҚҰНЫН ӨЗІ ТӨЛЕЙДІ
...Бейнежазбаның сапасы анау айтқандай керемет болмағанымен, көздерi байлаулы күйiнде тiзерлеп отырған бiрнеше тұтқын анық көрiнедi. Басына каска киiп, көзiне қара көзiлдiрiк таққан офицер тұтқындардың ту сыртынан жақындап келедi де, әрқайсысын желке тұсынан атып құлатады. Оның күнделiктi шаруасы осы болса керек, ең болмаса қолы дiр етпейдi де. Бас-аяғы 7-8 секундтық жазба көрсетiлiп болған соң жылы жымиған жүргiзушi қыз былай деп хабарлайды: “Құрметтi жолдастар, сiздер өлiм жазасына кесiлген
Алматы облысының әкiмi Амандық Баталовтың қаперiне
Бұл мақаланы жазуыма елдiң жай-күйi себеп болды. Бiр кездердегi әкiм-қаралардың әдiлетсiздiгi салдарынан халық әрi-сәрi күйге түстi. Iстi тексерудi тиiстi органдар бiрiне-бiрi сiлтеп, сиырқұйымшақтатып жiбердi. 1998 жылы Ескелдi ауданының бұрынғы әкiмi Сұлтан Дүйсенбиновтiң бауыры Сәкен Дүйсенбинов бүкiл ұжымның дүниесiне жерiмен қоса ие болып, бiр сәтте мұрты майланып қалды. Нақты айтқанда,
ҚР Бас прокуратурасының назарына
2014 жылдың 21 ақпанында түскi сағат он бiр шамасында кемпiрiм екеуiмiз Каспий банктен бiраз көлемде ақша алдық. Бала-шағаның қамы ғой. Сол күнi кешкi сағат тоғыз шамасында Алматы облысының Iле ауданы, Боралдай ауылындағы үйiмiзге маска киген төрт жiгiт баса-көктеп кiрдi. Төртеудiң бiрi менiң басымнан тапаншаның дүмiмен ұрып, талдырып тастамақ болды. Бiрден есiмнен тана қоймай қарсыласып көрiп едiм, бас-көз демей тепкiнiң астына алды. Бәрi жабылып сол қолымды күшпен бұрағаны соншалық, қолым сынып кеттi. Мойныма жiп орап буындырды да, аяғымнан тартып байлап тастады.

Мамырдың 9-ы күнi Орал қаласында баяғы Кеңес заманын аңсағандардың автошеруi өттi. Көлiктерiне “За Сталина!”, “На Берлин!”, “Спасибо деду за победу!” деп жазып, әлем-жәлем етiп алғандар оралдықтардың ашу-ызасын тудырды. Жергiлiктi билiктiң мұндай шеру өткiзуге рұқсат бермегенiн құлақтарына қыстырмаған олар КСРО-ның туы мен Сталиннiң портретiн көтерiп, қаланы азан-қазан еттi.

Тәжiкстан Iшкi iстер министрлiгiнiң бастамасымен Душанбедегi Кохи Джоми концерт залында Фарух Шариповпен арнайы кездесу өттi. Бұл туралы “Азаттықтың” тәжiк қызметi хабарлады. Фарух Шарипов – әлдекiмдердiң азғыруы­мен Сирияға барып, “Ислам мемлекетi” ұйымының қатарында соғысқан 25 жастағы жiгiт. Елiне қашып келген соң ол амнистияға iлiгiп, құқық қорғау органдарының қорғауына өткен.

Құрметтi редакция, күн жылына құрылыс жұмыстары басталады. Жұрт қатарлы мен де үй салсам және үйiмдi өзбек ағайындарға салғызсам деп едiм. Өйткенi олар жұмысты арзан, тез әрi сапалы iстейдi. Өзбек құрылысшыларымен келiсiп те қойдым. Алайда бiр мәселе туындап тұр. Өзге елдiң тiркелмеген азаматтарын полиция ұстап әкетедi екен. Көршiмнiң айтуынша, өзбектердiң әрқайсысына айына 3 мың теңгеден төлеп, өз үйiме уақытша тiркеуге тұрғызуыма болатын көрiнедi.

Соңғы кездерi ақын-жазушыларымыздың бiр-бiрiне хат жазуы мүлде сирегенi анық. Десек те... Ендi бүгiн оқырмандарымызға Моңғолияда тұратын қазақ ақыны Байыт Қабанұлы мен ақын Қасымхан Бегмановтың бiр-бiрiне жазған хатын оқырмандарымызға ұсынғанды жөн көрдiк. Қазақ болып жаралып, қа­зақ емес ортада өмiрiн өткiзу, қазақ ақыны болып жаралып, қазақтың үйiнiң сыртында күнелтудiң қасiретi қандай болатынын сiз, бәлкiм, түсiне де алмассыз. 
«АКАДЕМИКТIҢ КӨЗ ЖАСЫ»
Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, көзi тiрi классик Қабдеш Жұмадi­ловтiң “Академик­тiң көз жасы” атты жаңа кiтабы жарық көрдi. Жазушының бұл кiтабына соңғы жылдары жазылған хикаяттары мен әңгiмелерi, сыр-сұхбат, ой-толғамдары енiп отыр. Сұх­баттары мен мақалаларын қоспағанда, жазушы қаламынан он роман, жиырма бiр повесть, жетпiстен астам әң­гiме туған екен.
Катардың төрiне төселген кiлем үстiнде еркiн күрес балуандары шетiнен ұтылып, дiңкелеп жат­қанда еңсемiздi Дәулеттiң алтын медалi тiктедi. 61 келi салмақ дәрежесiнде белдесуге түскен Дәулет құрлықта қарсы келер балуан жоғын паш етiп, Азия чемпионы атанды. “Туған жерiм Қызылордаға барып ағайын-туыс­тың амандығын бiлiп, аунап-қунап қайтам. Уақыт тығыз, алда жауапты сын тұр. Басты мақсат – АҚШ елi ұйымдастыратын әлем чемпионатында топты жарып, олжа салу” деген Дәулеттен сұхбат алдық.
Катар астанасында күрес түрлерiнен Азия чемпионаты жалауын түсiрдi. 6-10 мамыр аралығында өткен құрлық додасында Таңат Сағындықов бас бапкерлiк ететiн грек-рим құрамасы толайым табыспен оралып, жалпыкомандалық есепте тек Иран елiнiң балуандарын ғана алға оздырды. Қытай бiзден төмен тұр. Алыптың абыройымызды асырғанын мақтана айтайық. Нұрмахан Тiнәлиев Катардан алтын медальмен оралды. Финалда қытайлық Киан Мендi 3:2 нәтижесiмен еңсердi.
ТҰҒЫРДА ТӨРТЕУI
Беларусь астанасында бокстан халықаралық турнир өттi. Кеңес одағының батыры Виктор Ливенцевтi еске түсiруге арналған турнирдiң алтын медалi Ержан Жомартқа (49 келi) бұйырды. Ержан финалда түркиялық боксшыны ұтты. Минск рингiнен Еркiн Мұхамеджан да (91 келi) чемпион атанып қайтты. Алтын медаль үшiн өткен сайыста өзбек спортшысы Ержанға қарсылық таныта алған жоқ.
Боямасыз өмiр
Абысындарының келетiн уақыты жақындаған сайын Ұлжан да қызы Әйгерiмге тапсырманы көбейттi: “Олар жай ғана қонаққа келушi ме едi? Сынап, мiнеп, күлiп кетуге келедi. Сондықтан барлық жер мiнсiз таза болсын! Дастарқан үстi ас-суға лық толғаны дұрыс”. Өзi абысын-ажындарын арнайы қонаққа шақырады. Сөйте тұрып оларды сырттай әлгiндей деп сөгетiнi қызық. Осы ойлардың жетегiнде жүрiп Әйгерiм жеңгелерiнiң келетiн уақыты таяғанын байқамапты. Әлден уақытта сыртқы есiктен сау етiп кiрген үш әйелдiң артынан тағы төртеуiнiң төбесi көрiндi.