1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (16016) 15 мамыр, жұма 2015
Оңтүстiк Кореяның барлау қызметi естiген адамның төбе-құйқасын шымырлататын ақпаратты жария еттi. Солтүстiк Кореяның президентi Ким Чен Ын қорғаныс министрi Хен Ен Чхольдi өлiм жазасына кесiптi. “Ұлт көшбасшысының” өзi қатысқан әскери жиында қалғып кеткенi үшiн оны “мемлекетке сатқындық жасады” деп айыптаған. Зар еңiреп жылаған қорғаныс министрiн Пхеньяндағы әскери училищеге алып келiптi де, зеңбiректiң аузына байлап қойып, “гүрс” еткiзiптi...
Қорғаныс министрi – өлiм жазасына кесiлген­дер­дiң басы да, соңы да емес. 2013 жылдың желтоқсанында Ким Чен Ын өзiнiң ағасы Чан Сон Тхектi “би­лiктi төңкермек болды” деп атқызып жiберген.
СУДЬЯ БЕМА БАСЫН ШАЙҚАЙ БЕРДI
“Нұрбанк” төңiрегiндегi қанды оқиғаның анық-қанығын шұқшия тексерген Венадағы соттың iс қарауы одан әрi жалғасты. Осы аптаның екi күнi “СОБР” атауымен танылған Жедел әрекет ету арнайы жасағының 2007 жыл­ғы 31 қаңтардағы оқиғаға қатысы бар бес сарбазын тыңдаумен өттi. Айыпталушы Ә.Мұсаевтың бармағын шайнатып өкiндiрген жайт күтпеген жерден болды. Бұл туралы сәл кейiнiрек баяндайық. Алдымен австриялық соттың жұмыс iстеу тәсiлiне ден қойып

Жамбыл облыстық әкiмдiгi мен студенттер арасындағы жетi айға созылған дау-дамай бойынша таяуда Тараз қалалық соты нақты шешiм шығарды. Студенттер мен олардың ата-аналары сотқа шағымданғанға дейiн алдымен әдiлдiктi облыс әкiмдiгiнiң өзiнен iздеп, келiсiмге келе алмай, келiспеушiлiк күшейген тұста әкiмдiк ғимараты жанында наразылық жиындарын өткiзiп те көрдi.

Қазақ десең, өзiңе тиедi, кiсi сүйер қылығымыз жоқ қой негiзi. Әйтпесе, президенттiң көлiк жүргiзгенiнде тұрған не бар? Алпыстағы кемпiрлердiң өзi пұшпағы қанап, бала тауып жатқанда, жетпiстегi қарттың қиқаңдатып көлiк айдағанын да сөз қылуға бола ма? Жоқ, бiздiң қазақ тоқтамайды. Әрнәрседен астар iздейдi. Сосын одан өзiне жағатын мән шығарып, езуi жайыла мәз болып күледi. Қысқасы, “көк көлiктегi көке” туралы әңгiменiң майы шыққанша езе бередi, езе бередi...

Ресейдiң оппозициялық саясат­керi Борис Немцовтың “Путин. Соғыс” атты баяндамасы жарияланды. Қырымды қалай тартып алғанын, Ресейдiң Украинадағы соғысқа тiкелей қатыстылығы мен Путиннiң өтiрiгiн әшкерелейтiн баяндама таяу уақытта басылып шығады. Бүгiн Украинадағы жағдайға құлақ түрiп, көзбен көрiп отырған қазақ халқы Қырым неге аннексияланды және соғысты тұтатқан Путиннiң көзде­генi не деген сұрақтарға жауап тауып, өз бетiнше қорытынды жасауы тиiс.

Шәкәрiм Құдайбердiұлының 1915 жылы “Айқапта” жарияланған “Сөз таласы” дейтiн мақаласы бар. Сол мақалада былай дейдi: “Ауыздан шыққан сөз – атқан оқ. Оны “пәленше жеңiлiп қалды деп айтады” деп қайтып ала алмайсыздар, онан басқасы бар ма? Кекеу – кек шақырып, кек партия шақырып, партия елдiң елдiгiн жоғалтады. Менiң бiлгенiм сол-ақ. Бұл сөзiмнен “бар елдiң мiнiн көрсең де айтпа” дейдi деп ұқпаңыз. Мiнелмеген түзелмейдi. Бiрақ улап, найзалап мiнеме деймiн”. Менiң әрбiр сын мақаламды оқыған сайын Кәрiм Жұмағалиұлы ақылын айтып, жазғанымды жiлiктеп бере­дi:

Бай бiткендi барынша мұ­қатып, кедейдi көкке көтерген кешегi кеңестiк заманда Ұлтымыздың көне тарихындағы бiр тәжрибе асқан анайылықтың жарқын мысалы ретiнде жаппай талқыға салынып, қатаң сынға алынғаны мәлiм; мұндай тәжiрибе – ұлы ер жеткен бай адам сол өңiр­дегi әлеуметтiк жағдайы өзiмен деңгейлес ауқатты адамның бой жетiп отырған қызына құда түсiп, бiр-бiрiн бұрын көр­меген екi жасты үйлендiрiп ерлi-зайыпты қылу тәжiрибесi.

Кесапат–үстем, ар-намыс түскен құлдыққа,
Етi өлiп кеткен емi жоқ небiр сұмдыққа.
Басшысы да жоқ, қосшысы да жоқ, ылаққан,
Бекер-ақ келдiң адыра қалған бұл жұртқа.

Бiр ақсақал екеуара әңгiме­де көршi-қолаңның ертеңгiсiн мал айдағанда қол созып амандасып, кешкiсiн малдың алдынан шыққанда тағы да қол берiп амандасатынын айтты. Және қора-қопсыдан шыққаннан кейiн қол созып амандасудың тазалыққа жатпайтынын, көңiлге кiрбiң ұялататынын тiлге тиек еттi. Амандасудың артықтығы жоқ. Дегенмен, күнiне неше рет көрсе, сонша рет амандаса беру – ол адамның сүйкiмiн кетiрген­нен басқа әкелер пайдасы жоқ. Мектепте сыныпқа мұғалiм кiр­генде оқушылар орындарынан тұрады. Бұл – сәлемдескеннiң белгiсi. Ал мектеп дәлiздерiнде оқушылардың

Мектепте оқитын оқушының бәрi бiрдей емес. Бiр оқушы қабiлеттi, ендi бiрi – жалқау. Бұл балаларды салыстырып, “мынау – жақсы”, “мынау – жаман” деп кемсiтуге болмайды. “Адам болуы – қиын” деген оқушының кейiн жақсы азамат болғанын көрiп жүрмiз. Данышпан Абай: “Егер мен закон қуаты қолымда бар адам болсам, “мына адам түзелмейдi” дегеннiң тiлiн кесер едiм” дейдi. Атақты ғалым Исаак Ньютон мектепте физика пәнiнен үнемi нашар баға алған, кейiн ол атақты “Ньютон заңын ашып, ғылымға көп үлес қосты.

Күнделiктi өмiрде дәрiгердiң қателiгiнен мүгедек болып қал­ған не өлiп кеткен адамдар, заңды бiлмейтiн заңгерлер, бiлiмi та­йыз ұстаздар туралы әртүрлi әңгiмелердi естiгенде, қоғамымызды кiлең сауатсыздар жайлап алғандай әсерде қалады екенсiң. Қай салада болмасын, осы сауатсыздық пен жауапсыздықтың иiсi мүңкiп тұрады. Жақында КТК телеарнасы    (4 мамыр, 2015 жыл) кешкi жаңалықтарда Алматыда екi қазақ әйелiнiң мас күйiнде көлiкке отырып

Үлкен, кiшi рангалы шенеу­нiктердi жазар, немесе теледидарға түсiрер алдында ол адамды бiздiң журналистерiмiз жан-жақты зерттесе екен. Екiншi, үшiншi рет үйленгендер халық алдында сөйлеуге, оларға ақыл айтуға еш хақысы жоқ. Рас, өмiрде қанша адам болса, сонша тағдыр бар. Бiреулер әйелi өлген соң үйленiп жатады, ендi бiреулер бала сүйе алмағаннан үйленедi. Әйелдерiн жамандаса... ол еркек емес, ез. Ондай адамды ортадан аластау керек.

Бес қабатты қаңыраған үйлер, үңiрейген терезелер, жым-жырт тыныштық. Жым-жырт тыныштықтан төбе құйқаң шымырлап, денең түршiгедi. Жезқазғаннан жет­пiс шақырым жердегi Жездi кентiнiң бүгiнгi келбетi осындай. Кезiнде кен өндiрiлген өңiрдiң аты аспандап, дүрiл­деп-ақ тұрды. Сол кезде он үш мың тұрғыны бар кентте танк жасауға қажеттi металл шығарылды. Кеңес одағы тараған тұста шахта жабылып, тiршiлiктен мән кете бастады. Мұнда қазiр кемпiр-шалдар ғана қалған. Есiк-тере­зесiз апатты үйлерде адам тұрады дегенге сену қиын.
“Жас Алаштан” (№30, 16 сәуiр, 2015 жыл) “Немiс тұтқыны” нағыз батыр едi” деген мақала оқыдым. Марқұм, соғыстың нағыз батыры, ақтөбелiк Ақби Рақовтың тағдыры қабырғамды қайыстырды. Соғыс­та бiр азап көрдi, тұтқынға түсiп тағы азап көрдi, “аман-есен елге жеттiм бе?” дегенде тағы азап... Қандай қасiрет?!.
Аспаннан орын таппаған,
Жерде “жұлдыз” қаптаған.
Ұйқасы, не “құйқасы” жоқ
Әндерi бар жаттаған.
Әндерiнiң “ғұмыры”

Аралас жекпе-жектен Қытайда өткен турнирде Қазбек Әшiм өзiнiң KUNLUN FIGHT (Қытайдағы беделдi тұжырым) тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуiн қорғап айқасқа түскен. Өкiнiшке қарай, қытайлық Жаң Ми Хуан жерлесiмiзден күшi басым болды. “Бұл жеңiлiске әрненi сылтау етiп ақталғым келмейдi. Күшiмнiң жетпей, әлсiрегенiмдi жасырмаймын. Жаттығуда өзiмдi-өзiм қамшылаудың орнына жеңiлдiк жасағаныма қатты опындым” дейдi Қазбек.

САЛМАҚ СЕРКЕГЕ ТҮСЕДI
Бокстан Ресей құрамасының аға бапкерi Эдуард Кравцов 23-24 мамыр күн­дерi Астанада өтетiн бүкiл­әлемдiк бокс сериясының жартылай финалдық айқасы жөнiнде ой-пiкiрiн айтыпты. Бүкiләлемдiк бокс сериясының бесiншi маусымының жартылай финалына шыққан “Астана арландары” ресей­лiк “Russian Boxing Team” клубының боксшыларына қарсы айқасады. Келесi жартылай финалдық айқаста кубалық клуб пен мексикалықтар да жұдырықтасады.
СҮЙIКТIСI ҮШIН 305 КЕЛIГЕ АРЫҚТАДЫ
Әлемдегi ең семiз адам Пол Мэйсон ғашы­ғы Ребекка Маунтинмен танысқан кезде 445 келi болатын. Ғашықтық не iстетпейдi?! Қазiр 54 жастағы Пол Мэйсонның салмағы – 127 келi. Ұлыбританияның тұрғыны Мэйсонға жақында американдық дәрiгерлер ота жасады. Ақ халатты жандар оның арықтағаннан кейiнгi артық, салбыраған терi­сiн кесiп алып тастады. Мэйсон ауруханадан шыққанымен, әлi де төрт аптадай АҚШ-та болады.