1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (16017) 19 мамыр, сейсенбі 2015
«НАЗАРБАЕВТАН КЕЙIНГI ҚАЗАҚСТАНМЕН» ЕЛДI ҚОРҚЫТУ ТАҒЫ БАСТАЛДЫ
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси кеңесшiсi болған Ермұхамед Ертiсбаев есiңiзде ме? Ол қазiр Грузияда елшi. Қазiргi жұмысы бас ауыртып, бел талдыратындай емес. Содан да ма, әйтеуiр, “қазiр оның iшi пысып-ақ жүр” дейдi бiлетiндер. Сарайдағы орнын сағынған. Грузиннiң тiл үйiрер қанқызыл шарабы мен кәуабы да жалықтырған. Ол әлдекiмдер арқылы президентке қолқа да салыпты. “Менi елге қайтарыңыз” деп. Президент ләм-мим демептi. Ертiсбаевтың “кеңесi” бiр керек болса, сайлаудың алдында керек болар едi. Ал ендi көпiрден өтiп алған соң кеңесшiнiң қажетi қанша? Құдайшылығын айтайықшы, Ертiсбаев елде жүргенде саясат қызық сияқты көрiнетiн. Анығында, Ертiсбаевтың айтқандары. “Ойпырым-ай” дейсiң, күлесiң, күлесiң де қоясың. Бiр сөзбен айтқанда, көңiлдi едi. Ертiсбаев кеткелi Қазақстанның саяси кеңiстiгiн сұп-сұр бұлт басып тұратын болды.

Бұрынғы кеңестiк елдердiң кейбiрi бүгiнде өткен тарихын қайта қарап, ескi мұрадан арылу, тазару, жаңару дәуiрiн бастан кешiрiп жатыр. Украина – сондай елдердiң бiрi екенi анық. Бұрнағы күнi сол елдiң президентi Петр Порошенко мен премьер-министр Арсений Яценюк бастаған үкiмет мүшелерi саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiнде “Быковнянск зираты” ұлттық тарихи-мемориалды ескерткiшiне барып, тәу еттi.

Өткен аптаның соңы Қазақстанның ең басты екi қаласы – Алматы мен Астананы оңдырмады. Қатты соққан жел Алматыдағы кәрi ағаштарды түбiрiмен қопарып, электр желiлерiн үздi. Төбесiн темiр қаңылтырмен жапсырып жаба салған кейбiр ғимараттардың шатырын әудем жерге бiр-ақ ұшырды. Әуежайда кейбiр рейстер тоқтап, ұшақтар қаңтарылып тұрды. Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөнiндегi департаменттiң хабарлауынша, желдiң күшi секундына 11 метрге жетiптi. “Адам шығыны болған жоқ, әйтеуiр” деп ақталғандай болыпты төтеншелiктер.
ТҰҒЫРЫНАН ТҮСКЕН «КӨСЕМ» ТАҒЫ БIР ЖЕРДЕН ТӨБЕ КӨРСЕТПЕСIНЕ КIМ КЕПIЛ?
Сталин – ХХ ғасырдағы ең қанқұйлы диктаторлардың бiрi. Сталин мен Гитлер миллиондаған жазықсыз жандардың өлiмiне кiнәлi. Отызыншы жылдары Сталиннiң тiкелей бастамасымен жүзеге асырылған ұжымдастыру саясатының салдарынан Қазақстанда, Украинада, Ресейдiң көптеген өңiрлерiнде бұрын-соңды естiп-бiлiп көрмеген алапат аштық болды. Халық миллиондап қырылды. 1932-33 жылдарғы қазақ даласындағы аштықтан 3 миллион қазақ өлдi. 1936-38 жылдары Сталин мен оның айналасындағылар 44 мыңға жуық адамды түрлi жазаға кескен, оның басым бөлiгi атыл­ған. Бұлардың арасында Алаш қайрат­керлерi де бар.
Өткен сенбi күнi Алматыда қатты дауыл тұрды. Астанада бiр айлық мөлшердегi жауын жауып, қаланы су басты. Әлеуметтiк желiнiң кейбiр қолданушылары табиғаттың тосын мiнезiн сол күнi Байқоңырдан ұшырылып, 9 минуттан кейiн жерге құлаған “Протон” зымыранымен байланыстырады.
ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан СәрiнжiповтIң назарына
Облыстық мамандандырылған физика мектеп-интернатының оқушылары бiрнеше жылдан берi қаңғыбастың күйiн кешiп келедi. Мектеп мұғалiмдерi, оқушылары мен олардың ата-аналары әр оқу жылы аяқталар кезде, алдағы қыркүйекте қай жерге қуып жiберер екен деп үнемi алаңдаумен жүредi. Жыл сайын әр балабақшаның босағасында уақытша қоныстанумен жүрген осы оқу орны айналасында бiрнеше жылдан берi астыртын әрекеттер жүрiп жатыр.
Елiмiздi салық реформасы күтiп тұр. 5 мамырда президент қолданыстағы қосымша құн салығын сауда-саттықтан, анығырақ айтқанда, сатылымнан алынатын салықпен ауыстыру туралы қаржы министр­лiгiне тапсырма бердi. Сарапшылар осыған орай алдағы уақытта жаңа Салық кодексi қабылданатынын айтуда. Жалпы, бiздiң елiмiзде са­лық ауыртпашылығы зор. Сондықтан кәсiпкерлердiң денi ашық салық саясатын жүргiз­бейдi. Көбi аз салық төлеу мақсатымен табысты жасырып-жабуға тырысады.
Күнi кеше Мәжiлiс депутаттары “аса күрделi” заң жобасын қарап, екi сағат бойы даурықты. Ел мен жердiң мүддесiне қатысты дүниелерге келгенде дәл бұлайша таласып-тартысқаны есте жоқ. Сонда бұл неғылған заң дейсiз ғой, кәдiмгi зайырлы елдердiң бәрiнде қолданыста жүрген жеке детективтердiң қызметiне қатысты заң.

Атом электр стансасы мәселесiнiң қоғамда талқыға түскенiне аз уақыт болған жоқ. Бұл туралы “Жас Алашта” көптеген мақала жазылып, сол сала мамандарымен арнайы дөңгелек үстел де өткiзiлдi. Сайып келгенде, АЭС-тiң адамзат үшiн пайдасынан гөрi қаупi басым екенi айтылып та, жазылып та жүр. Осы жақында ғана елге танымал ғалымдар мен азаматтық қоғам белсендiлерi Қазақстанға атом электр стансасы қажет емес деген тақырыпта баспасөз мәслихатын өткiздi.

Биылдан бастап ҰБТ қорытындысы бойынша баға беру жүйесi өзгередi. Бұл туралы Бiлiм және ғылым министрлiгi хабарлады. Ендi аттестатқа тестiлеуден алынған балл ғана емес, жыл бойғы баға мен ҰБТ балының арасындағы арифметикалық баға қойылады. Осыған дейiнгi талап бойынша Ұлттық тестiлеудiң бағалау жүйесi мектеп түлектерiнiң тағдырын шешiп келдi. Бұл нормаға сәйкес оқушы 11 жыл бойы, мысалы

Бұған бұдан үш жылдай бұрын қоңсылас қос қала — Жезқазған мен Сәтбаевтың тұрғындарын тауық қораға түскен түлкiдей шулатқан “ЖезказганЭнергосбыт” ЖШС-нiң қой жылғы қылығы куә. Электр қуатының құнын 5,01 теңгеге бiр-ақ көтердi. Оны компанияның үстiнен шайлығын айырып отырғандар БАҚ арқылы ақпарат таратып, тарифтiң кезектi “тарпаңдығын” электр қуатын өндiру мен тасымалдаудың қымбаттауына тели салды.

...“Атырауға iссапарға баратын болдың” дегенде қатты қуандым. Әкiмнiң портретiн жасайтындығыма емес, бес жыл көр­ме­ген Табылдымен жүздесетiн­дiгiме жүрек дүрсiл­дедi. Сол бес жылда өзi де Алматыға ат iзiн салмады. Жер шалғай. Бiз де жете алмадық. Күнде­лiктi күйбең тiрлiк пен енжарлық тағы бар. Әйелi қайтып, “қамшының cабы сынғанынан да” хабардармын. Көңiл айтпақшымын. Сұмдық күйзелiсте жүргенiн бә­рiмiз естiдiк. Iссапарға берiл­ген үш күннiң ең құрығанда бiр күнiн досыма арнасам арманым болмас едi-ау...

Алматының көшелерiнде алшаң-алшаң басып жүрушi едi ол. Қазақтың Атырау – Арқа–Алатау – Алтайынан келген кiлең игi жақсының арасында оның орны мен үшiн ерен де, ерекше едi. Ұлттық һәм дүниежүзiлiк әде­биеттiң тұнығынан жүзiп iшiп, кiсiлiктiң небiр қадiр-қасиетiн тұла бойына әбден сiңiрiп алған осы бiр атпал Азаматтың жүрiс-тұрысы, сөйлеген сөзi, жүрек лүпiлi де ешкiмге ұқсамайтын-ды. Сонау бастау бұлағында ұлы ұлттық эпосы мен жыраулар жыры, Абай, Мағжан, Қасым, Мұқағалилар тұрған қазақ поэ­зия­сына ол ешкiмге

«ҚАЗАҚ БОЛАЙЫҚ!»
Белгiлi саясаттанушы Берiк Әбдiғалиұлының “Қазақ болайық!” атты кiтабы жарық көрдi(Астана, 2015). Б.Әбдiғалиұлы өзiнiң кiтабын “Қазақ болайық!” деп атапты. Бiр қарағанда, “онсыз да қазақ емеспiз бе?”, “қазақты қазақ болуға шақырудың не жөнi бар?” деп ойлауға болатындай. Шын мәнiнде, мәселенiң көкесi – ұлт болу, қазақ болу. Б.Әбдi­ғалиұлы осы ойдың төңiрегiнде үлкен-үлкен пiкiр айтады.
Жуырда Алматы Полиграфия колледжiнде “Фотоөнер” қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдасты­руымен кезектi “Фотосын” сағаты болып өттi. Бұған дейiн “Фотосын” сағаты екi рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң журналистика факуль­тетiнде өткен болатын. Онда “Игiлiк” журналының фототiлшiсi Мақсат Тұрсынбайұлының фотосу­реттерi көпшiлiк талқысына түскен едi.  Бұл жиынға колледж басшылары, мұғалiм­дер, студенттер, фотосуретшiлер, дизайнерлер және бейнеоператорлар қатысып,
Фотожурналистика – 160
Тұңғыш фототiлшi Роджер Фентон 1855 жылы ағылшын зкспедициялық кешенiмен бiрге Қырымға аттанып, бiр жылдан кейiн жүздеген сурет түсiрiп оралды. Сол кездiң өзiнде фотокамера әскери тiлшiлер мен журналистерге өмiрдiң шынайы тiршiлiгiн көрсетуге қызмет еттi. Мiне, осы фотожурналистикаға биыл 160 жыл толды. Фотожурналистиканың  басқа фотографиялық өнерге қарағанда күнделiктi өмiр­де бiз байқамайтын шынайылықты көрсетуге мүмкiн­дi­гi мол.
Балалық шағымен қоштасқысы келмейтiндерге LEGO фотоаппарат шығарды. Түрi ойыншыққа ұқсағанына қарамастан бұл камераның техникалық мүмкiндiгi зор. Ол – 3 Мп, орнатылған жарқылдақ, тұрақты фокус, 1,5-дюймдық дисплей және 128 Мб жады картасы. Камера USB арқылы компьютерге жалғанып қуат алады және де түсiрiлген фотосуреттер көшiрiледi.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Оңтүстiк Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарасты “Отырар алқабы” газетiнiң фототiлшiсi Береке Қойшы­байұлы Сейiт­жап­пардың 2014 жылдың қо­рытындысы бойынша өткен “Сала саң­­лақтары” номинациясында “Үздiк фо­тожурналист” атануымен құттықтап, әрiптесiмiзге зор денсаулық, шығармашылық табыс тi­леймiз!

Жоныңнан өтпей сойылдың салмағын сезiне аласың ба? Кiшi Вилли Монро жекпе-жек өткенге дейiн қалай-қалай сайрады. Кәсiпқой боксқа ауысқалы ең тегеурiндi қарсыласқа тап болғанына қарамастан “Тәубесiне түсiремiн! Былтырғы Boxcino турнирiнде қынаптан суырған қылышымның қалай жарқылдағаны көрермендердiң есiн­де шығар.

ШЕНЕУНIК ЧЕМПИОН
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ-ның қоғаммен қарым-қатынас департаментiн басқаратын Айдар Махметов джиу-джитсудан Монако княздiгiнде өткен халықаралық турнирде жеңiске жетiп, NAGA (North American Grappling Association) тұжырымының чемпионы атанды. 79,5 келi салмақта сынға түскен Махметовке жартылай финалда француз спортшысы да, финалда итальяндық қарсыласы да еш қайрат көрсете алған жоқ.
Оңтүстiк Корея астанасында “IBSA” деп аталатын зағиптардың әлемдiк ойындары өттi. Осы байрақты бәсекеге бiздiң елдiң үмiтiн арқалап 14 азамат аттанған едi. Бүгiн Сеул­ден сүйiншi хабар жеттi. Соңғы кезде жүлде алудан Қазақ паралимпиадашыларының көш басында тұрған Әнуар Ахметов жүзу сайысында қос күмiс медальдi иленген. Бiр күмiс медальдi Ислам Салимов жеңiл атлетикадан олжаласа  жас дзюдошымыз Әнуар Сариев қола медальға қол жеткiздi. Зағиптардың халықаралық спорттық ассоциациясының (IBSA) әлемдiк ойындары – төрт жылда бiр ұйымдастырылатын бәсеке.
ЗИГМУНД ФРЕЙД
Австриялық психолог, психиатр, невролог, психологиялық талдаудың негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд 62 санынан өлердей қорқып өтiптi. Әсi­ресе, жолға шығар сәтте “қонақүйден 62 санды бөлме тиiп қала ма?” деген үрей бойын билеп алады. Өле-өлгенше бұл қорқыныштан арыла алмаған. Ол да сол кездегi замандастары секiлдi кокаин қабылдапты. Фрейд өзiнiң сүйiктi қарындасына “Менi таңда немесе пианиноны таңда” деп шарт қойыпты.