1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №40 (16018) 21 мамыр, бейсенбі 2015
ДАРИҒАНЫҢ МИНИСТРЛIКТЕН ДӘМЕСI БАР МА?
Дүйсенбi күнi ҚР Парламентi мәжiлiсi депутаттары үкiмет сағатына еркше дайындықпен келiптi. Сол күнi халық қалаулары “ерекше шабыттанып”, мәжiлiске оқулықтарын көтере келген Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiповтi тарпа бас салды. Оқулықтарға ерекше шұқшиған заң шығарушы органның өкiлдерi сауалдарын кiтаптың сапасы мен бағасынан тәп-тәуiр бастаған едi. Бiрақ артынан ашуына мiнiп, өздерiн тоқтата алмаған қалаулылар ақыр аяғы “бiз тарихта осындай iстерiмiзбен қалдық, ал сiз тарихта қалай қалмақсыз?” деп мәселенi төтесiнен қойды. Депутаттарға мұндай батылдық қайдан келген?
Мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының бауыры Рысбек Сәрсенбайұлы мен Б.Байбосын және В.Журавлевтiң туыстарының өкiлi М.Аспандиярова Австрия Республикасы Әдiлет министрлiгiне барып, арнайы хат тапсырды. Министр Вольвганг Бранд­­штеттердiң атына жолданған, сондай-ақ Еуропа жұртшылығының назарын аударуды мақсат еткен хат мәтiнi төмендегiдей:

Қазақ басшысы қармағына iлiнген балықты қуана көтерiп алғанда ойымызға “Тамаша” дейтiн тамаша әннiң өлең жолдары орала кеттi. Жаңылмасақ, “Тамаша жексенбi күн көл басында, тұнықтан балық аулап бала отырса...” деп аяқталатын едi ғой сол әннiң бiр шумағы. Ән жақсы-ақ, бiрақ оның әдемiлiгiн әйгiлейтiн бейнежазба көзiмiзге түспептi бұрын. Ендi бұл кемшiлiктiң де орны толды. Тек баланың орнында басқа адам. Сондықтан сөзiне сәл ғана түзету енгiзiп, “ойықтан балақ аулап шал отырса” деп қойсаңыз, әйгiлi ән мен балықшы бейнесiнiң арасы мүлде жымдасып кеткелi тұр.

Сейсенбi күнi “Нұр Отан” партиясының жанынан құрылған жемқорлықпен күрес жөнiндегi республикалық қоғамдық ке­ңестiң отырысы өттi. Осы отырыста мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң төрағасы Қайрат Қожамжаров былай дедi: “Шекара бойында жасалатын жемқорлыққа түбегейлi тосқауыл қоя алмай жүрмiз. Соңғы айдың өзiнде бiрнеше дерек әшкерелендi.

Созақ көтерiлiсiне – 85 жыл
Қаратаудың терiскейiндегi Созақ өңiрi – ежелден әулие-әмбиелердiң, хандардың, күйшi-жыраулардың, ақын-жазушылардың мекенi. Ұлы Мұхаңның – Мұхтар Әуезовтiң “Созаққа барсаң, күйшiмiн деме...” деген сөзiнiң астарында үлкен мән бар. Тарихи деректерге қарағанда, алғашқы қазақ хандары Созақ жерiнде билiк еткен. Созақ жерi талай зобалаңды да бастан өткердi. Солардың бiрi әрi отызыншы жылдары Кеңес өкiметiнiң саясатына қарсы шыққан көтерiлiстердiң iшiндегi ең iрiсi – Созақ көтерiлiсi. Биыл осы тарихи оқиғаға 85 жыл толды.
“Жас Алаш” көтерген мәселе
Өткен аптада мәжiлiс депутаттары “Жеке детектив қызметi туралы” заң жобасын қабылдап, қызылкеңiр­дек болды. Осы заңның қажеттiгi жөнiнде бұдан жетi жыл бұрын “Жас Алаш” газетi мәселе көтерген-дi. Газет редакциясына Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин кентiнiң тұрғыны Жасталап Әнесұлы хат жолдап, жеке детектив болғысы келетiнiн, бұған қатысты заң қабылдау керектiгiн айтқан.

Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың отбасына қатысты мәселе соңғы күндерi республикалық БАҚ-тың басты тақырыбына айналды. Оқиғаның жай-жапсары мынадай: әкiмнiң 22 жастағы ұлы Дәурен Бозымбаев қыз зорлау дерегi бойынша куә болған. Әлдекiмдер осыны iлiк етiп, жәбiрленушi қыздың сөзiн таспаға басып алған да, Қ.Бозымбаевтан 500 мың доллар талап еткен. “Сұрағанымызды бермесең, бейнежазбаны жария етiп, масқаралаймыз” деген.

– Жылжымайтын мүлiк саласында анау айтқандай белсен­дiлiк жоқ. Қазiр нарықтың бұл саласы белгiлi бiр деңгейде инвестициялық тартымдылығын жойды. Тек iшiнара мемлекеттiк бағдарламалар ғана жұмыс iстеп жатыр. Оның өзiнде бұл жобалар халықтың 10-12 пайызын ғана қамтып отыр. Өткен жылдан бас­тап, күнi бүгiнге дейiн бұл салада белсендiлiк байқалмайды.

Осыдан төрт-бес жылы бұрын ақпараттың ордасы, орталығы қала едi. Ақпарат, бiлiм, кәсiп, ғылым, танымдық дүние, қажеттi тауар iздеген ауыл тұрғындары қалаға мойын созып қарайтын. Керектi жабдық, қажеттi тауарды iздеу үшiн ауыл адамы ат артып қалаға баратын. Қала мен ауыл арасындағы осы қашықтықты, сан жылдардан бергi қалыптасқан түсiнiктi «Алтел» отандық компаниясы талқандап бұзып жатыр.

Пролетариаттың ұлы көсемi Лениннiң “Өнердiң iшiндегi ең бастысы – кино” деген тәмсiлiн ес бiлгеннен естiп, қанық боп өскенiмiз шындық. Оның үстiне кино дегеннiң рөлi зор екенi тағы рас. Қа­зiргiлердi қайдам, советтiк кездегi жастардың талғам-талабы, өмiрге көзқарасы дұрыс қалыптасып, патриоттық сезiм­дерiнiң шыңдалуына киноның әсерi шексiз болатын. Отан соғысы тұсында және одан кейiн­гi кездерде алыстағы қазақ ауылдарына апарып кеңсе үйiнiң дуалына тұтатын ақ матада көрсетiлетiн кинолардың ой-сезiм,

ҚАЛНИЯЗ ЖЫРАУДЫҢ МҮРДЕСI АТАМЕКЕНГЕ ЖЕТКIЗIЛДI
1993 жылы сүйегi Ресей жерiнде қалған Исатай батыр Сүйеубаевтың денесi Маң­ғыс­тауға әкелiнсе, ендi мiне, тәжiк жерiнде ғасырдан астам уақыт “сарғайған” жорық ақыны Қалнияз жыраудың мүрдесi атамекенге жеткiзiл­дi. Қалнияз Шопықұлы 1816 жылы қазiргi Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында дүниеге келген. Жастайынан “Қырымның қырық батырын” жырлап, жыршы, жырау ретiнде танылған. Әрi ақын, әрi батыр ол Хиуа хандарына қарсы жорықтарға қатысып, сарбаздарды өлең-толғауларымен ерлiкке үндедi.

Тәуелсiздiк алған жылдардан берi көршi өзбек халқының саны 30 миллионнан асса, бiзде ондай қарқынды өсiм байқалмайды. Десек те, соңғы уақытта егiздер мен үшем, төртемдердi дүниеге әкелiп жатқан алтын құрсақты аналарымыз аз емес. Өкiнiшке қарай, Қазақстанның қай аймағында болмасын, бiрден екi-үш балалы болған отбасыға мемлекет тарапынан берiлетiн көмек ауыз толтырып айтарлықтай емес. Әрi кетсе, бiр құшақ гүл­мен сәбилi болған шаңыраққа құтты болсын айтып кiретiн әкiмқаралар кейiн сол отбасыны естен шығаратыны

Мемлекеттiк тiл тақырыбы жауыр тақырыпқа айналғаны рас. Ана тiлiмiзде сөйлеу, сол тiлде iс қағаздарын жүргiзу туралы айтыла бастаса, екiнiң бiрi қолды сiлтейтiн жағдайға жеттiк. Десек те, осы тақырыпқа байланысты қызық оқиғаны ортаға салғым келедi. Өзiмнен кейiнгi iнiм мен келiнiм ауылдан шыққан, қарапайым қазақы ортада өскен жандар. Жұмыс бабымен қа­лаға көшiп келiп, сонда тұрақтап қалды
Бiр тақырыпқа үш хат
Әдеттегiдей жұма намазына барған едiм. Күтпеген жерден тосын оқиғаның куәсi болдым. Намаздан кейiн имамның уағыздарына құлақ түрген жамағаттың арасынан “сұрағым бар” деген дауысқа бәрiмiз елең еттiк. “Молдеке, сiзге бiр сұрағым бар едi. Осы дiн тақырыбы төңi­ре­гiнде отбасымызда дау туындап, көкейiмiздегi сұрақтың жауабын таппай дал болдық. Жалғыз ұлым бар. Кезiнде бiлiмiн жетiлдiремiн деп Араб елiнде дiни сауатын ашып, елге тақуа болып оралған-ды.
Дәл қазiр ұлы Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңына орай мектеп оқушылары арасында түрлi байқаулар, конкурс­тар, мектепаралық жарыстар, әдебиеттен әр түрлi бәсеке-сайыстар өтiп жатыр. Бiз бүгiн өз оқырмандарымызға оқушылар арасында өткен осындай сайыстардың бiрнеше дүркiн жеңiм­пазы Айша Ибадулланың екi өлеңiн ұсынып отырмыз.

Соңғы екi жылда қаладағы, аудандағы ғимараттардан байқағаным, баспалдақтардан бөлек, мүмкiндiгi шектеулi жандардың көшеде еркiн қозғалуына, шығып, түсуiне арналған ыңғайлы пандустар (мүмкiндiгi шектеулi жандардың өтпесi) салыныпты. Тiптi мектептерде де талап етiлiп, бой көтерген әрбiр ғимаратқа қойылуда. Ендi мен өзiм көрген жайды айтайын. Өткен жолы аудан көшелерiнiң бiрiндегi дүкеннен шығып келе жатып, арбада отырған ағайдың пандусқа қарап, “мына

Елiмiзде елорда деген жаңа атқа ие болған Астана қаласы күн сайын көркейiп келедi. Рас, зәулiм ғимараттар бiр-бiрiнен асып, бой көтерiп жатыр. Жаңа сауда орындары, медицина орталықтары, оқу орындары саны жағынан мол
(сапасы туралы бөлек әңгiме). Дегенмен, мәселелер де жоқ емес. Соның бiрi – күннен-күнге көбейiп келе жатқан көлiк кептелiсi. Кеше ғана “Алматыдағы кептелiс бiзде жоқ” деп мақтанушы едiк, бүгiнде олай мақтана ал­маймыз. Ендi бiрер жылда ол жағынан Алматыны басып озатынымыз анық.
Алты жыл бұрын жол апатына ұшыраған Алданыш о дүниенiң босағасынан сығалап қайтқан. Күл­дей боп күлдiрей сынған аяқ-қол мен жамбас­ты айтпағанда, мойын омыртқасы үзiлiп кете жаздап, қай­та Құдай сақтады. Облыстық аурухананың жансақтау бөлiмiнде 12 күн ес-түссiз жатып, ел үмiтiн үзе бастағанда ғана кiрпiгi қимылдаған. Кейiн Алматының бiлiк­тi дәрiгерлерi: “Бел омыртқаға тиген соққыдан жүй­ке тамырлары жаншылған. Ендi өз аяғыңызбен жүрiп-тұруыңыз неғайбыл” деп, қорытынды шығарған.

 Монако княздiгiнде өткен Monaco Open  халықаралық турнирiнде топ жарған Айдар Махметовтен сайыс төңiрегiнде сұрап, шағын сұхбат алдық. Айтпақшы, Монакода NAGA тұжырымы бойынша Максим Гуров та жеңiске жеттi. 97,5 келi салмақ дәрежесiнде сынға түсiп, қарсыластарын қаймықтырған Гуровты жұрт “Астана” велоклубының бұрынғы шабандозы ретiнде жақсы таниды. Джиу-джитсуға ауысқанға дейiн Гуровтың тақымы шайтанарбасынан босаған емес. Үлкен спортқа қайта оралған Айдар Махметов “денсаулығым сыр бермегенде талай белестен асар едiм” дейдi. 

ШАМАМЫЗДЫ БАЙҚАДЫҚ
Ресейдiң Челябi қаласында өткен әлем чемпионатынан бiзге жүлде де, жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасы да бұйырған жоқ. Сенiм арқалап даянгке шыққан қыз-жiгiттердiң денi қирай ұтылып, алғашқы айналымда-ақ аттарынан ауып қалды. Ересектер арасындағы әлем чемпионатының жүлдесi соңғы рет елiмiзге 2009 жылы бұйырыпты. Арман Шiлманов Данияда өткен әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлдесiн иеленген едi. Арада алты жыл аунап түстi. Жығыла-жығыла жон арқамыз жауырға айналды. Әлем чемпионатының жүлдесi жоқ.