1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16019) 26 мамыр, сейсенбі 2015
2025 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ АҚБӨКЕНДI МҰРАЖАЙЛАРДАН ҒАНА КӨРУIМIЗ МҮМКIН
2013 жылы қара күзде сол кездегi қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрлан Қаппаров былай деген: “Жер бетiнен жоғалып бара жатқан жабайы аңдарды, ақбөкендердi сақтап қалу және санын қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзiп жатырмыз. Соның нәтижесiнде биыл (2013 жылы – Е.Р.) ақбөкеннiң саны 187 мың басқа жеттi. 2025 жылға қарай ақбөкен­нiң санын 500 мыңға жеткiзудi мақсат етiп отырмыз...”. Екi жыл бұрын ғана “жағдай тұрақталды” деп Мәжiлiсте есеп берген ми­нистр Нұрлан Қаппаровтың өзi де бұл күнде дүниеде жоқ. “Казахстанская правда” газетi өткен жылы ақбөкеннiң саны 257 мың болғанын жазыпты. Бiр жылда 100 мың басқа өсуi мүмкiн бе? Не қарамағындағылар министрдi алдады, не басылымның дерегi нақты емес.

Мамырдың орта шенiнде Қостанай облысы Амангелдi ауданы аумағы мен оған шекаралас Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының аумағында киiктер қырылды. Ырғыз бен Амангелдi аудандарының аралығындағы елсiз дала 300 шақырым, бұл аумақ – киiктердiң төлдейтiн және төлдерiн өргiзетiн мекен. Екi миллион жылдан берi қазақ даласын мекендеп, мыңдаған жылдардан берi осы жер­де төлдеп, көбейiп, бiр­де азайып келе жатқан түз жануарлары мамырдың 10-11 күндерi теңкиiп-теңкиiп өлдi де қалды.

Биылғы көктеммен қабаттаса келген апаттың бiрi-Қазақстанның батысы мен солтүстiк өңiрiнде ақбөкен­дердiң себепсiз қырылуы. Мамыр айының ортасында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында болған бұл iндет ұзамай сол аймақпен қанаттас жатқан Қостанай облысының Жангелдин және Амангелдi аудандарына же­тiп, одан солтүстiкке қарай жылжып, Ақмола облысының Жарқайың, Жақсы аудандарының аумағына жеткен.
Киiк – қазақ секiлдi, ҚАЗАҚ – КИIК,
Кiм басына бердi екен азапты үйiп?
Қасiреттiң күрмеулi қыл арқаны,
Мойынымды барады қажап, қиып.
Дархан дала еркесi өлдi неден?
Киiкке қатысты Торғай жағындағы топалаң Жезқазған-Ұлытау аймағының жұртшылығын да қатты алаңдатты. Өйткенi киiк сияқты жүрдек жануар үшiн жердiң қашықтығы жоқ. Сондықтан қазiргi қалыптасқан жағдайды бiлмек ниетiмен аңшылықпен айналысатын шаруашылық қызметкерлерiне телефон шалдық. – Аймақ ондай апаттан аман, – дедi аң шаруашылығының қызметкерi Саят Үмбетәлиев. – Бәрi бақылауда.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА ҚАРЖЫ БӨЛУГЕ ҮКIМЕТ НЕГЕ ҚҰЛЫҚСЫЗ?
Жақында Бердiбек Сапарбаев Оңтүстiк облыстарға едел-жедел келiп-кеттi. Бұл жолы вице-премьер алдағы күзде өтетiн Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындық барысын пысықтап қайтты. Бұл iссапарды Ақорданың арнайы тапсырмасы десек те болатын шығар. Вице-премьер алдымен Түркiстан қаласында, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетiнде “Қазақ мемлекеттiлiгiндегi Қазақ хандығының орны” деген тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысты.

Өткен аптада Нұрсұлтан Назарбаев белгiлеп берген бес институционалдық реформаның “100 қадамы” ресми баспасөз бетiнде жарияланды. Сол сол-ақ екен, жаңа бағдарламаға тамсан­ғандар оны жер-көкке сыйғызбай мақтауға көштi. Бiреу “оңтайландырудың озық үлгiсi” десе, ендi бiреу “заман талабымен үндескен мiндет” дейдi. Ендi бiреулер “қарыштап дамуға бастайтын жол” деп бағалайды. Қысқасы, жүздiк қадаммен мөлшерленген бағдарламаны қазақ елiн аспанға шығаратын баспалдақ ретiнде көрсеткiсi келедi.

Өткен аптадан берi қаржы саласында талқыланып жатқан мәселе – Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасын Астанаға көшiру бастамасы. Орталық банк Астанаға 2017 жылға дейiн көшiрiлуi тиiс.Бар гәп – Астанада 2017 жылы халықаралық қаржы орталығы құрылады. Ұлттық банктен бөлек қаржы институттары – екiншi деңгейлi банктердiң бас кең­селерi де елордаға көшедi. Алматыда банктердiң тек аймақтың кеңселерi қалады.
АҒАЙЫНҒА ПАНА БОЛҒАН АЙМАҚ
Ертiстiң арғы бетiндегi Омбы өңiрi, Том мен Түмен, Ноғайсiбiр мен Барнауыл ежелден қазақтың қатар жайлап жүрген жерлерi екенiн тарихтан бiлемiз. Кейiннен бұл аймақ патшалық Ресейдiң билiгiне бiржола көшсе де, Ертiстiң арғы бетiндегi iшкi округтер­дiң құрамында қазақ болыстары сақталып қалады. Бұлардың ұрпақтары 7-8, тiптi 10 атаға дейiн әлi де Ресей жерiн жайлап келе жатыр.
Осы жылдың 26 сәуiрiнде Алматыдағы “Адем” сау­да үйiнiң өртке оранғаны мәлiм. Iрi сауда кешенiнiң 25 мың шаршы метр аумағы отқа оранып, 1600 жұмыс орны тауарымен бiрге жанып кеткен-дi. Түнеугүнi IIМ Төтенше жағдайлар жөнiндегi комитетi осы оқиғаға байланысты жаңа деректердi жариялады. Өрттен кейiнгi шығын көлемi 5,3 миллиард теңге деп болжануда.
“Немiстер плацдармнан кеткен соң кеңестiк саяси басшылық Ржев қасабында қырылғандарды жұрт көзiнен жасыру жұмысын қолға алды. Миллиондап өлген солдаттарды ол кезде кiм түгендеп жатсын? Тверьдiң әр жерiнде томпиған-топмиған төбешiктер қалды. Жол бойына, не қалаға жақын ашық жерлерде қаза тапқандарға ескерткiш-белгiлер қойылып, осы жерде жатқан жауынгерлер есiмдерi анықтала бастады. Ал орман-тоғайда, батпақтар мен тоғандар астындағылар сол күйiнде жатты. Соғыстан кейiнгi жылдары ел есiн жиғанша арасы тым жақын үйiндiлерге ешкiм қол тигiзген жоқ.
Өмiрден кiм өткенiн бiлесiз бе?
Жазушы, қоғам қайраткерi, “Алаш” әдеби сыйлығының иегерi Дидахмет Әшiмханұлы 64 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қазақта жазушы көп қой, бiрақ оның бәрi бiрдей қайраткер емес. Дидахмет сол аз қайраткердiң бiрi һәм бiрегейi едi, ажалға қарсы тұрар амал бар ма?.. Жазушының денесi кеше өзiнiң туып-өскен ауылы Қатонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы) жерлендi. “Қалихан ағам жалғыз жатпасын, менi қасына жерлеңдер” деп аманат айтыпты жазушының өзi.

– Иә, бiздiң рухани өнiм­дердiң пираттары күн санап көбейiп келедi. Менiң “Қа­зақ әлемi” дейтiн 600 беттiк кiта­бымды бiр әрiпiн қалдырмай тұтас көшiрiп алып, өз атынан шығарып жiбер­ген адамды да көрдiк. Ол жөнiнде “Егемен Қа­зақстан­ға” фельетон шықты. Мұны мен тоналғаннан соң айтып отырғаным жоқ. Бiз­дiң шығармашылық адамдар туралы не заң жоқ, не мемле­кеттiк деңгейде қор­ғау жоқ, не оның еңбегiн елеп-ес­керiп, қаламақысын төлейтiн тетiк жоқ.  Баспагерлер бiзге ойына не келсе, соны iстей алады. Қандай зорлық жасаса да қолында тұр. Ендi бұл сұмдық қой, айдың-күннiң аманында 600 беттiк үш жыл жазған еңбегiңдi алдына үш бет, артына жетi бет қосады да, бiреу өз атынан шығарып жiбередi. Оған әй дейтiн ажа, қой дейтiн қожа жоқ. Ол өз алдына бiр зар ғой.

Көрнектi жазушымыз Қабдеш Жұмадiловтiң “Көкжал” хикаятына әйгiлi Оспан батыр Исламұлының өмiрi, ол араласқан тарихи оқи­ғалар, Орыс-Қытай-Моңғол қарым-қатынастары және олардың қол астындағы аз ұлттар мен қазақ халқының көтерiлiстерiнiң көркем шежi­ресi арқау болған. Хикаяттың қыс­қаша мазмұны мынау: Алтай қазақтары көтерiлiсiнiң басшысы Оспан батырдың тұтқынға түсiп, дәлiрек айтқанда, 1951 жылдың 15 наурызында Үрiмжiдегi атақты екiншi түрмеге қамалғаны. “Бiр кезде Шәрiпхан төре, Бұқат бейсi, Ақыт қажылар жатқан түрме ғой бұл.

Жер бетiнде тылсымға толы мекендердiң бiрi – АҚШ‑тың Невада штатындағы “Өлiм алқабы” аталып кеткен жерде орналасқан Iбiлiс шұңқыры. Бұл жердiң атауының өзi тылсым құбылыстардан хабар бередi. Бұл – Жер бетiндегi ең ыстық нүкте. Жаздыгүнi бұл аймақтағы температура 50 градустан асып түседi. “Өлiм алқабындағы” Iбiлiстiң шұңқыры аталып кеткен ойық бетiнiң ұзындығы мен енi 1,8‑5,5 метр. Байырғы тұрғындар – үндiстер Iбiлiстiң шұңқырына жақындамау керек, өйткенi онда тылсым күштер өмiр сүредi деп сенедi.
Қарағандылық “Наша ярмарка” газетiнiң жазуын­ша, Қарқаралыдағы саябақтарға қарама‑қарсы орналасқан ғимараттарда үнемi тылсым оқиғалар болып тұрады. Бұл жердi ара‑тұра елес кезiп жүре­дi, қараңғы түскенде жұрт түсiнiксiз дауыстар мен шуды естидi. Жақын жер­дегi мұражай қызметкер­лерi көбiне‑көп орыс қыз­дың елесiн көретiндерiн айтады. Бұл тарихи‑өлкетану мұражайы 1870 жылы салынған. “Осы мұражайда кү­зетшi болып жұмыс iсте­генде қызметкерлерден тылсым құбылыс туралы оқиғаларды еститiнмiн. Соған бiр күнi өзiм де көз жеткiздiм.
Бұрынғылардың көзiне жын-шайтандар көп көрiнген деседi. Мұны өз басым олардың жан дүниесiнiң тазалығымен, бес уақыт намазын қаза қылмай, имандылық жолын ұстанғанымен байланыстырамын. Қазiр дүние қуып кеткен, тiршiлiктiң қамымен кеткен заманда бiзбен қатар өмiр сүретiн тылсым әлемнiң көзге көрiне қоюы екiталай. Сондықтан көненiң көзi – атамның жас кезiнде басынан өткен оқиғаны “МБМ” оқырмандарына баяндап берсем. Менiң атам ауылда мал бағып өскен қазақтың қариясы. Әкесi екеуi ауылдың малын жайылымға шығарып, бағып күн көрген. Күндердiң күнiнде атам ержетiп, малды өз бетiнше бағатын бол­ған
ЖҰЛДЫЗНАМАНЫҢ ТАҒДЫРҒА ҚАТЫСЫ БАР
Әлеуметтiк зерттеулерге қарағанда, адамдардың үштен бiрi жұлдызнамаға сенедi. Коннектикут университетiнiң профессоры Марк Гамильтон мұндай сенiмге негiз бар дейдi. Ол Comprehensive Psychology журналына шыққан мақаласында адам мiнезiне жұлдызнама әсер етедi дейдi. Мұндай қорытындыға келмес бұрын ғалым әлемдегi үш жүзге жуық танымал саясаткер, мәдениет пен ғылым саласының қайраткерлерiнiң туған айы мен өмiрдегi жетiстiктерiн салыстырып көрген.

Бүкiләлемдiк бокс сериясының биылғы маусымының жартылай финалдық айқасын ресейлiк клубқа қарсы өткiзген “Астана арландары” финалға шықты. Астана қаласында өткен жартылай финалдық сайыста ресейлiктер “арландардан” 1:9 есебiмен ұтылды. Екi күнге ұласқан он жекпе-жектiң тоғызында бiздiң жiгiттердiң айдарынан жел естi. Бәзбiреулер Ресей құрамасының бас бапкерi Эдуард Кравцов Астанаға екiншi, үшiншi нөмiрлi боксшыларын, тiптi бокстың не екенiн үш жылдан берi ғана үйренiп жүрген жастарды әкелдi,

Жексенбiде футболдан ел бiрiншiлiгiнiң 13-тур ойындары өттi. Алты қалада өт­кен матч голға сараң бол­ған жоқ. Ең алдымен “Астананың” “Шахтердi” қалай шайқағаны жөнiнде. Үш мың жанкүйердiң алдында кен­шiлердiң клубы дәр­мен­сiздiк танытып, Нөсербаев – 11, Твумаси – 14, Жолшиев – 72, Щеткин 90-минуттарда қанжығаларын майлап, 4:0 есебiмен астаналықтар жеңiске жеттi. Биылғы премьер-лигада “Шахтердiң” шатқаяқтауы бiрiншi рет емес.

Биыл бесiншi мәрте ұйымдастырылатын “Қазақстан барысы” республикалық турнирiнiң финалдық бәсекесiне қатысатын балуандардың аты-жөнi белгiлi болды. 14 облыс, Алматы мен Астананың абыройын қорғайтын 33 балуан анық. Бесiншi мәрте ұйымдастырылатын доданың сән-салтанаты жылдағыдан жоғары болмаса төмендемейдi дейдi жауаптылар.

Белгiлi спорт қалам­герi Несiп Жүнiсбай­ұлының “Золотой Олимпийский маршрут” кi­табының тұсаукесерi Өскеменде өттi.Лондон Олимпиадасы Қазақ спортының жылнамасына алтын әрiптермен жазылып қалмақ. Спорт саңлақтарының жазғы Олимпиада ойындарынан 7 алтын медаль олжалауы шынында да ғажап! Мiне, Лондон Олимпиадасы жайлы жазылған Несiптiң шежiре-жинағы “Золотой Олимпийский маршрут” кiтабы   фактiлердiң молдығымен де ерекше. Өзi түсiрген мыңнан астам суреттi iрiктеп, шығармасына кiрпiш қалағандай рет-ретiмен енгiзгенi ұтымды шығыпты.
Тайпейде бокстан жасөс­пiрiм һәм жастар арасында (қыздар) әлем бiрiншiлiгi мәре­сiне жеттi. Жасөспiрiмдер арасында қостанайлық Надежда Рябец (66 келi) әлем чемпионы атанды. Финалда Надежда аме­ри­калық Кайли Холлды ұтты. Жасөспiрiмдер арасындағы әлем бiрiншiлiгiнiң финалына тағы екi қызымыз жеткен. 63 келiде Ләйла Құсайынова қы­тайлық Лисай Юге есе жiбер­се, 80 келiде 
ҚАРИЯ ӘЛI КҮНГЕ ДЕЙIН ҚҰРАН КӘРIМДI ОҚИДЫ
Яти Мусди – Малайзия тұрғыны. Жасы – 116-да. Қазiргi кезде Мусди Ятидiң денсаулығы жақсы. Ол кiсi жасы келген қариялар секiлдi қан қысымымен, жүрек ауруымен және қант диабетiмен ауырған емес. Қарияның есте сақтау қабiлетi мен көз жанары да сол қалпында. Тiптi көзiлдiрiк те кимейдi. Тек соңғы кездерi құлағы нашар еститiн болыпты.