1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №43 (16021) 2 маусым, сейсенбі 2015
Қайбiр күнi редакцияға елге белгiлi ақын ағамыз телефон шалып, салған жерден былай дедi: “Өткенде “Желтимес” деп Кәрiм Мәсiмовтi жаздыңдар. Дұрыс! Әрдайым президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ығында жүретiн Мәсiмов “желтимес” болмағанда, басқа кiм болушы едi? Нағыздың өзi!  Ендi мен сендерге бiр кейiпкер тауып берейiн. Мақаланың тақырыбын “Ыржақай” деп қойыңдар. Сойған түлкiдей ыржалаңдап күледi де жүредi. Аты өзiне дөп келiп тұр! Несiне жетiсетiнiн кiм бiлсiн, әйтеуiр, қазаққа жағатын iс бiтiрiптi дегенiн естiгенiм жоқ. Бәлкiм, сендер естiген шығарсыңдар? Осы “Ыржақайды” жазыңдаршы!”.
Астана қаласы сотының кассациялық алқасы саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екi серiгi – Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтiң жақындары мен туыстарының қылмысқа айдап салушы деп танылған Ержан Өтембаевты шартты түрде мерзiмiнен бұрын бостандыққа шығаруға қарсы түсiрген шағымын қанағаттандырмай, алдыңғы инстанциядағы соттың шешiмiн өзгерiссiз қалдырды.

 Өткен апта соңында Грузияның бұрынғы президентi Михаил Саакашвили Украинаның Одесса облысының губернаторы болып тағайындалды. М.Саакашвилидi Одесса облысына Украина президентi Петр Порошенконың өзi апарып таныстырды. М.Саакашвилидi Одесса облысына губернатор етiп тағайындауды үкiметтiң өзi ұсынған. Сенбi күнi Грузияның экс-президентiне Ук­раи­на азаматтығы берiлдi. Сол күнi түстен кейiн оның Одесса облысын басқаратыны белгiлi болды.

Өткен аптада ТМД-ға мүше мемлекеттер премьер-министрлерiнiң кездесуiне қатысқан Н.Назарбаев қонақтарды Бурабайда бiрер күн жатып казино ойнауға шақырды. Бұл ендi қазақтың қонақжай дәстүрiне лайық ұсыныс. Тай сойып, табақ-табақ ет тартқаныңмен, оның қадiрiн қырғыз бен түрiкмен үкiмет басшылары ғана түсiнуi мүмкiн. Доңыздың басын сүйсiнiп мүжитiн кейбiр премьерлерге жылқының жамбасын тартып, таңғалдыра алмайсыз.
1994 жылдың тамыз айы. Кеңсем­дегi телефоным шырылдап қоя бер­дi. Трубканы құлағыма төсей бердiм. – Ассалаумағалайкум, Софы аға! – деген бейтаныс дауыс сәл кiдi­рiңкiреп барып, қайта жалғасты. – Уақытыңызды бөлiп, мазаңызды алып жатсам, кешiрi­ңiз, аға. Мен... мен Жезқазған облысының жаңа әкiмi Қажымұрат Нағыманов деген iнiңiз боламын. – Құтты болсын қызме­тiң. Жұмысың жемiстi болсын, бауырым! – деп ағасын iздеген әкiмiме риза боп, қалбалақтап жатырмын. – Софы аға! Жазушы – халқының көрер көзi, сөйлер сөзi ғой. Өзiңiзге бiр өтiнiш бiлдiрсем бе деп едiм, – деп тағы бөгелдi. – Айт, айта бер, Қажымұратжан! – деп ықылас бiлдiрдiм.

 Киiктер қырылып жатыр. Қазақпен жаны бiр жануар едi, жарықтық... Себеп көп, не дейiн... 2000 жылдардың басында осы мәселенiң салдарын айтып бiрнеше мақала жазғанмын... “Протон” зымырантасығышының қасiретi туралы 2007 жылы “Қазақ әдебиетi” газетiнде “Жылқы жөтелген жыл” атты талдау, сараптау материалым жариялан­ған. Киiктiң жанын, табиғатын, болмысын Бетпақтың шөлiнде туғалы көрiп, сезiнiп өстiм. Бала күнде жетiм қалған құралайға сүт берiп бағатын едiк.

«МҰҢЛЫ ОЙЛАРДЫҢ» ТҰСАУКЕСЕРI
Бүгiн, яғни 2 маусым күнi сағат 16.00-де Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиет­шiлер үйiнде (Абылай хан даңғылы, 105) аса көрнектi жазушымыз Софы Сматаевтың “Мұңлы ойлар” кiтабының тұсаукесерi өтедi. Кешке белгiлi өнер шеберлерi және Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының студенттерi қатысады.

Бiз қанша реформа жасасақ та бiлiм саласын тәртiпке келтiре алмай әлектенiп келемiз. Дұрысы, болашағымыз – қазақ балаларына ұлттық тәрбие бере алмай жүрмiз. Баланы қойып өзiмiз құлдық психологиядан арыла алмай-ақ қойдық. Соның салдарынан да балаларымызды орыс мектептерiне оқуға беремiз. Тәуелсiздiк алғанымызға жиырма жылдан асса да күнi бүгiнге дейiн ресейшiл пиғылдан арылғанымыз жоқ.

Мемлекеттiң басты байлығы – халқы. Ұлттық демографияны өсiру, халықтың денсаулығын жақсарту бағытында түрлi iс-шаралар жүргiзiлiп, ұсыныстар енгiзiлiп, заңдар қабылданып, ауруханалар мен емханалар құрылыстарына, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды көбейтуге, кадрлық бiлiктiлiктi арттыруға қыруар қаржы бөлiнуде. Денсаулық сақтау саласы бағытында көптеген жұмыстар орындалып та жатыр.

Ең алдымен жас жұбайлардың жанына бататыны – баспана мәселесi. Отау тiгiп, үйленген екi жастың ауылдағы қара шаңырақта қалатыны сирек. Өйткенi ақша тауып, күнкөрiстiң қамымен жас жұбайлар аудан орталығы мен үлкен қалаларды жағалайды. Ал ығы-жығы тiршiлiгi қайнаған қалаларда жас отбасы екенсiң деп жасала қоятын жағдай тағы жоқ. Әл­декiмнiң пәтерiн жалға алып, ай сайын пәтерақы төлеп, айлығын күнкөрiсiне әрең жет­кiзетiн жастарды толғандыратын келесi мәселе – бала.

Қазiр қай ауылға бармаңыз, жер тырмап, егiн егiп, бау-бақшасы жайқалып тұрған үйлердi сирек кездестiресiз. Қорадағы мал басы санының азайғаны тағы бар. “Мал жайылымы тарылды” деген жауабымыз да дайын бұған. Ал жер үйлерге тиесiлi бос жатқан жерге қауын-қарбыз, қызанақ, қияр неге екпеймiз?
Еуропалықтардың басым бө­лiгi 29-30 жаста отбасын құрады.Әлемдегi ең жас отбасы, яғни сегiз және тоғыз жасар ұл мен қыз 1910 жылы Қытайда тiркел­ген. Ата-аналары ажырасқан баланың бойының өсуi қатты тежеледi екен.Ең көп егiздер Нигерияда туы­лады.Әлемнiң көптеген елiнде балаларды қорғау күнi бар. Ал Сейшелде балаларды қорғауға бiр ай уақыт белгiленген.

 Ажырасу қазiргi кезде қазақпен бiте қайнасып бара жатқандай. Жасыратыны жоқ, он жұп үйленсе, солардың сегiзi ажырасатын жағдайға жеттiк. Мұның себебiн әркiм әрқалай түсiндi­редi. Мамандар жастарды әлеу­меттiк қиындықтардың салдарынан көп ажырасады дейдi. Ол рас. Алайда

Азияның аламанына соңғы болып осы грек-рим күресiнiң балуандары қосылған. Жiгiттер қырқай жығылып, жартылай финалдан аса алмай жатқанда Нұрсұлтан Тұрсынов (85 келi) финалға шыққан едi. Төрешiлер өзбек балуаны Рустам Асакаловқа Азия чемпионы деген мәртебенi алып беруге бел шеше кiрiскенiн көзiмiз көрдi. Көпе-көрнеу екi ұпайды еншiлеп берiп, өзбек чемпион атанды. Салымыз суға кеткенде еңсемiздi аса ауыр          салмақтағы Нұрмахан Тiнәлиев тiктеп бердi. Финалға дейiнгi қарсыласын      оңды-солды жайпаған жампоз қытайлық Кианг Мендi жығып, Азияның алтын   медалiн кеудемiзде жарқыратты.
АРУ ДА, “АСТАНА” ДА ЖЕҢIМПАЗ
“Джиро д”Италия” көпкүндiгi де мәресiне жеттi. 31 мамырда Миланда жалауын түсiрген гранд-турдың жалпыкомандалық есебiнде “Астана” велоклубы жеңiмпаз атанды. Команданың капитаны Фабио Ару көпкүндiктiң ең үздiк жас велошабандозы деген марапатқа ие болды 
Атақты суретшi Пикассоны анасы қатты қиналып босаныпты. Дүниеге келген шақалақ дауыс та шығармаған, тiптi оның дем алған-алмағаны да сезiлмеген. Акушер әйелдiң “өлi туылды” дегенiн естiген ағайы сигарасын (ұзын шылым) тартып “өлi” бала жатқан бөлмеге кiредi. Оған ұзақ тесiле қараған ол сигарасының түтi­нiн сәбидiң бетiне қарай бұр­қыратады. Осы кезде сәби шар етiп жылап қоя бередi.