1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №44 (16022) 4 маусым, бейсенбі 2015
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КӨТЕРIЛУГЕ ТИIС МӘСЕЛЕ
Мұғалiмдердiң құқығы сақталуға, қорғалуға тиiс. Мұғалiм – мемлекеттiң қолбаласы емес. Осындай талаптармен таяуда елiмiздегi мұғалiмдердiң бiрi Айман Сағидуллаева бастама көтердi. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық мектебiнiң мұғалiмi Айманмен болған едел-жедел сұхбатымыздың барысында қазiргi қазақстандық мұғалiмдердiң шарасыз күйi, бұдан арылудың жолдары кеңiнен сөз болды. Расын айтқанда “неге бұлай?” деген сұ­рақ талайдан берi
Қыжыртпа
Бiздiң халық та қызық негiзi, бiреу үздiк отыздыққа апарар қадамды “ұзарта алмай” жүрсе, бұлар керiсiнше қысқарта алмай жүр. “Әдiлдiк үшiн” қозғалысының белсендiлерi президенттiң “100 нақты қадамының” орнына “Халыққа қарай 20 қадам” дейтiн балама жоба ұсынды. Сондағы айырмасы – 80 қадам. Әрине, жастар үшiн жүз қадам тұрмақ, жүз шақырым да алыс емес. Бақытты ғұмыр кешетiнiне шынымен сенсе, құландай жүйткiп, қырандай самғайды.
Венадағы сот
“Нұрбанк” iсi бойынша Венада өтiп жатқан сотта сейсенбi күнi Қазақстанның Хорватиядағы елшiсi, президент әкiмшiлiгiнiң бұрынғы жетекшiсi Аслан Мусин жауап бердi. А.Мусиннiң бұл сотқа куәгер ретiнде шақыртылуының мәнi бар. 2007 жылдың 31 қаңтарында Р.Әлиевпен кездесуден кейiн ұшты-күйлi жоғалған банкирлердiң мәйiттерi тек 2011 жылдың мамырында “Қазтелерадио” аумағынан табылған болатын.
“Дариға – анда, Дариға – мұнда” деген қағытпа бiр кездерi көп жұрттың аузында жүретiн. Әсiресе, екi мыңыншы жылдардың басында. Адамның басына не келiп, не кетпейдi, “жалғанды жалпағынан басқан” Дариғаның да төбесiнде күн тұтылған кездер болды. Түн артынан күн келетiнi анық, президенттiң қызы үшiн бұл – екi есе ақиқат. Дәл қазiр Дариғаның күнi шуақты. Президенттiң үлкен қы­зы өзiн жарнамалауға мұқтаж. “Хабарда” баяғыдай базар жоқ. “КТК” мен “Еуразия бiрiншi арнасы” да елең ете қоймайды бүгiнде. Радиоларынан күй кеткен.
Маусымның 2-сi күнi елiмiздегi мектеп бiтiрушiлер Ұлттық бiрыңғай тест тапсыруға кiрiстi. ҰБТ-2015 өткiзiлген алғашқы күнi ең жоғарғы 125 балды Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының оқушысы Гүлназ Ердосова алды. Бұл туралы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң баспасөз қызметi хабарлады.  ҰБТ-ның алғашқы күнiнде: “Бiз өз кезегiмiзде барлық түлектердiң тестiлеу кезiнде өздерiн еркiн ұстау үшiн толық мүмкiндiктердi жасадық. Кезекшi медициналық қызметпен қамтамасыз етiл­дi және барлық тәртiптер министрлiк пен Мемлекеттiк комиссия бақылауына алынған.

Жапон мәжiлiсiнiң кезектi отырысы кешiрiм сұраумен басталды. Жапония премьер-ми­нистрi Синдзо Абэ өткен жолы“қорғаныс” туралы заң жобасын талқылау кезiнде оппозиция өкiлiне қарсы қаттырақ сөйле­генi үшiн өзiн айыпты санады. Күн тәртiбiндегi “Бейбiтшiлiк және қауiпсiздiк” заң жобасын талқыламастан бұрын, ол: “өт­кен жолы айтқан сөздерiме тағы да сiздерден кешiрiм сұраймын.

2007 жылдың 12 желтоқсаны. Үйiмнiң екiншi қабатындағы кабинетiм­дегi телефон тарғыл мысықтың тарғыл даусымен бажылдап ала жөнелдi. Жатын бөлмеде жатқан орнымнан тұрып барып, трубканы көтердiм. Телефон шалған қала әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов деген азамат екен. Амандасып, хал-жағдайымды бiраз сұрап алып, “Аға, бiзге келiп кетiңiзшi!” де­генi ғой. “Әкiмдiктiң кеңесшiсi” дейтiн бүтiнге жарамастау жартылай “жабуым” бар-тын. Әлдебiр тығыз жұмыстары болып қалған шығар деумен көп ұзатпай орынбасардың каби­не­тiнен табыла қойдым.

Қазақстандағы iрi туроператордың бiрi – Travelsystem жұмысын тоқтатты. Сейсенбi күнi туроператордың сайтында осындай кiшiгiрiм мәлiмет iлiнiптi. Ал компанияның Қазақстандағы бөлiмше­сiне жетекшiлiк еткен Роман Хван едел-жедел Еуропаға қашып кеткен. Iрi туроператордан демалыс жолдамаларын сатып алған 700 шақты қазақстандық турист Түр­кияда далада қалатын түрi бар. Олардың мәселесiмен қазiр Инвес­тиция жөнiндегi министр­лiктiң индустрия және туризм департа­ментi айналысып жатыр.

Бүгiн – белгiлi ақынымыз Еркiн Iбiтановтың туған күнi. Егер арамызда аман-сау жүргенде, дәл бүгiн ақын мерейлi 80 жасқа толар едi. Еркiн Iбiтанов(1935–2009) Алматы облысы, Райымбек ауданы (бұрынғы Нарынқол ауданы), Қаратоған ауылында маусымның 4-iнде дүниеге келген. ҚазМУ-дiң журналистика факультетiн бiтiрген. Алғаш Қарасаздағы орта мектепте, одан кейiн аудандық халық театрында жұмыс iстеген. Аудандық “Хан-Тәңiрi” (бұрынғы “Советтiк шекара”) газетiнде бөлiм меңгерушiсi, редактордың орынбасары қызметтерiн атқарған
Осы сөздердi апам жиi айтушы едi. Бала кезiм, бала болсам да апамның күңiрене, күрсiне айтатын осы сөздерiнен көкiре­гiм қарс айырылып құлазитын. Кей-кейде апама iштей кейiп, “қазақ деген қалың ел, қайсы­бiрiне қабырғасы қайыса бере­дi, осы” деп жазғыратынмын да... Апам өмiрi адам баласына дауыс көтермеген, мейiрбан, қолы ашық, әңгiмешiл адам едi. “Айтайым-ау, қасыма кел, шер тарқатайын” – деп, кеш батар-батпастан ұзақ-сонар әңгiме-естелiктердi айта бастаушы едi. Әңгiме арқауы – көбiне өткен өмiр, қайран жалған, көрген қиямет, қиын тiрлiк едi. Әлi өкiнемiн, сол кездерi көңiлге түйiп, зейiн

Республикалық басылымдардың бiрiнде жарияланған сәбидiң суретiне көзiм түстi. Ол жылап тұр. Тiптi аянышты. Фотосуретшiнiң ұлтшылдығынан, тапқырлығынан туған ой болар, әлгi суретке “Қор болған ана тiлiм-ай!” деп тақырып қо­йыпты. Тәуелсiздiгiмiздiң туы желбiресе де, өзге тiлдердiң қыспағында тұншыққан туған тiлiмiздiң бүгiнгi мұңды халiн дәл бейнелеген осы көрiнiс көз алдымнан кетер емес...

Оқырман шығармашылығынан
Шырт ұйқымнан оятып шағала мұң,
Тербеледi босаға, шаңырағым.
Таудан аққан тас бұлақ сияқтанып,
Тамырымда қан ойнап табар ағын.

Қазақ күй өнерiн зерт­теушiлер “Тәттi күйдiң Тәңiрi” деп таныған Тәттiм­беттiң туғанына 200 жыл толды. Тәттiмбет Қазанғапұлы 1815 жылы жаз маусымында қазiргi Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылдық округi аумағында, Мыржық тауының бөктерiндегi Мөшеке бұлағында жарық дүние есiгiн ашыпты. Дала аристократиясының аса көрнектi өкiлi, жетi атасынан берiде басынан бақ, босағасынан байлық үзiлмеген

Шыңғыс хан мен Шыңғыс хан құрған мемлекет жайында Қытайдан  шыққан  бiрнеше  кино  көрдiк. Бiрақ  ол кинолардың барлығында қазақтың тарихын бұрмалап көрсеткен. Ал тарихтағы шындық бойынша  Шыңғыс хан да,  Шыңғыс ханның  құрған  мемлекетi  де таза түрiк мем­лекетi  болған.   Ал  бiз  көрген  Қытайдың Шыңғыс хан жайлы бар фильмiнде Шыңғыс ханды да, басқа қазақ-татарларды да  тек қана  “моңғолдар”  деп  көрсетедi.  Моңғол деген ұлт Шыңғыс

“Аттыға ерiп жаяудың таңы айырылыптыны” айтқан қазекем ендi соның кебiн өзi кимекке әлектенiп әуре. 2022 жылы өтетiн қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырудан дәмелi Алматы басты бәсекелесi Бейжiңмен иықтасуға тыраштанып әлек. Олимпиаданы (жазғы, қысқы) ұйымдастырудың мемлекетке қыруар шығын әкелетiнiн, шаруасы шаш-етектен екенiн талай мәрте жаздық та.
НЕГЕ КЕТТI?
Футбол бұл күнде спорт түрi ғана емес, табыстың қайнар көзi. Ол осы байлығы мол спорт түрiнiң майлы жiлiгiн 1998 жылдан берi сорып келе жатқан-ды. Бiр апта бұрын ғана ФИФА-ның президенттiгiне бесiншi мәрте сайланған. 2 маусым күнi Йозеф Блаттер ФИФА-ның президентi деген мансабынан бас тартты. Өз қалауымен. “Сайлауда жеңiске жеткенiм анық, бiрақ ФИФА-ның кейбiр өкiлдерi мен клубтардың басшылығы менiң бас­қарғанымды қаламайды екен. Сол себептi шұғыл конгресс өткiзiп, жаңа басшы сайлануы керек” деген Блаттердiң бойын үрей билейтiн секiлдi.