1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №45 (16023) 9 маусым, сейсенбі 2015

Маусымның 5-i күнi “Астана-Аренада” ресейлiк “МУЗ-ТВ” арнасының жыл сайынғы жүлдесi тапсырылды. “Ресейдiң музыкалық арнасы Астанадан не iздеп жүр?” деп сұрамай-ақ қойыңыз. Қазақстан Республикасы президентiнiң арқасында iздеген нәрсесiн молынан тапқанына күмән жоқ. Бiздiң Астанада не өтпейдi?! Түрлi саммиттер мен ЕХРО-ны былай қояйық, тiптi әлемдегi бар дiннiң басын қосып, “өз дiнiмiздi” жасамақ болып жатқан жоқпыз ба? Оның жанында “МУЗ-ТВ” деген не, тәйiрi?! Өзгенiң қаңсығын таңсық көретiн баяғы әдетiмiз сол.

Ырғыз ауданының Құтикөл, Аманкөл ауылдық округiне қатысты жерлердiң бәрiнде сиырлар жаппай өлiп жатқанын хабарлады ауыл тұрғындары. Киiк қырыл­ғаннан кейiн ауылдың жайылымдағы малдары шетiнен далалықта өле бастаған. Құтикөл, Аманкөл ауылдық округтерiнiң Тәуiп, Нұра, Тельман елдiмекендерiнiң аумағы – Ырғыз-Торғай табиғи қорығына кiретiн жерлер.

Венадағы сот
Прокуратураның деректерiнен қарама-қайшылық тапқан судья Андреас Бем 29 сәуiр күнi айыпталушылар Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошлякқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертiп, қамаудан босатқан едi. Екi сотталушы содан берi сотқа үйлерiнен келiп-кетiп жүрiп қатысқан. Алайда кеше Мұсаев пен Кошляк қайта қамауға алынды.
Австрияда “Нұрбанк” iсi бойынша өтiп жатқан сотқа үш аптаға жуық уақыт қатысқан “ADAM” журналының тiлшiсi Мирас Нұрмұханбетов Алматыға қайтып оралды. Венадағы сотта сөйлеген қазақстандық куә­герлердiң жауаптарын тыңдап, өз ойын түйген М.Нұрмұханбетовтен соттың өту барысы жайлы пiкiрiн сұраған едiк. – Сот жүйесi барлық жерде бiрдей. Бастысы, кiм қандай шешiм қабылдайтынында. Ең алдымен көзге сыртқы антураж түседi. Кiреберiстегi күзетшi өзiңдi күлiп қарсы алады. Бiздегi­дей қатулы қабақ жоқ. Бастан-аяқ толық тексеретiнi рас.
Қазақ басшысы аграрлық саланың дамуына көңiлi толмайтынын бiлдiрдi. Мұндай пiкiрдi ол ҚР президентi жанындағы шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң 28-шi отырысында айтты. Назарбаевтың сөзiне ден қойған бiрқатар сарапшылар ендi ауыл шаруашылығы саласы қаржыдан қағылуы мүмкiн деп болжайды. “Аграрлық сектор елдiң экономикалық өсiмiнiң және экономикамызды әртараптандырудың драйверi атанбады. Өнiм импорты соңғы бес жылда 45%-ға, 4 млрд. долларды қамтып отыр. Тұтынылатын сырдың жартысы, құс етi, шұжық өнiмдерi және май сырт­тан әкелiнедi.
Ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң алты күндiк нәтижесiнде 65 947 түлек шектiк 50 балдан жоғары жинап, сынақтан сүрiнбей өттi. Бұл жайында елiмiздiң Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң баспасөз қызметi хабарлады. Осы күнге дейiнгi ҰБТ-ға 85 856 баланың 80980-i қатысқан. Тест тапсырушылар нәтиже­сiнiң орташа көрсеткiшi 79,5 балды құрап отыр. 100 балдан жоғары жинаған түлектердiң саны 14 133. Ал 125 балдық көр­сеткiшке бес түлек қол жеткiздi.

Ақтөбе олыстық мәслихатының депутаты һәм “Емшан” компаниясының президентi Мейiржан Өндiргеновтi 1 маусым күнi тұтқынға алу туралы сот қаулысы шығып, 2 ай уақыт қамауға алынды. Алдын ала жүргiзiлген тергеу нәтижесiнде анықталғандай, Өндiргенов кәсiпкер Бауыржан Пiрмановтың меншiгiндегi “Ақжол ЛТД” ЖШС капиталының 10 пайызын бопсалаумен тартып алған.

Журналистер арасында қайтпас қайсарлығымен, күрескерлiгiмен, жеке өз өмiрiне төнген қауiп-қатерге қарамастан, алған бағытынан қайтпаушылығымен танылғандар баршылық. Солардың бiрi – Әзiрбайжандық әрiптесiмiз – Хадиджа Исмаилова. Ол бүгiнде қамауда отыр. Азат Еуропа/ Азаттық радиосының тiлшiсi, өз елiндегi жемқорлықты, билiктегiлердiң қылмысын әшкерелеушi батыл журналистi – Х.Исмаилованы Қазақстан жұртшылығы да бiлсiн деген оймен және қудалаудағы әрiптесiмiзге рухани қолдау бiлдiру мақсатында төмендегi материалды жарияладық.

Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың назарына
Ауыл – қазақтың бастау бұлағы. Ұлт болып сақталып қалуымыз да осы ауылдың арқасы. Бiздiң барша асыл  мұраларымызды сақтаушы ауыл жайлы айтар әңгiме, ой-тол­ғау­лар таусылмайды. Алайда ауылдың қазiргi кезеңдегi хал-ахуалы жайлы айтарда кеу­деңдi мақтаныш сезiмi кер­немейдi, себебi ауылдың ажары кеткен, ең қиыны ауылдан көшiп кетушiлер көп.

Несiн жасырамыз, бүгiнде өмiр сүру түгiлi, өлудiң өзi қиын болып қалды. “Өлу қиын” дегенде, мұны тура мағынада түсiнудiң қажетi жоқ. “Өлiмнен басқаның бәрiне асық” деген, ал өлiмге асығудың қажетi жоқ. Уақыт-сағатымыздың қай уақытта аяқталатынын Алладан басқа ешкiм бiлмейдi. Пешенемiзге жазылған өмiрiмiз бiттi екен, оп-оңай жан бере саламыз. Бiрақ, сол өлген кiсiнi жерлеу мәселесiне келгенде, бiраз машақаттың алдымыздан шығатыны анық.

Әңгiме
10 маусым – көрнектi жазушымыз, көркем прозаның хас шеберi Тынымбай Нұрмағанбетовтiң туған күнi. Ертең Т.Нұрмағанбетов 70 жасқа толады. Туған күнiңiз, 70 жылдық мерейтойыңыз құтты болсын, Тынымбай аға! “Қазiргi тiрлiгiмiз, бүгiнгi өмiрiмiз туралы көркем шығарма жазылмай жатыр...” деп бiлгiшсiнедi әрi өкiнгенсидi кейбiр әдебиетшiлерiмiз. Тынымбай Нұрмағанбетовтiң бүгiнгi өмiрiмiз, қазiргi қоғам жөнiнде жазылған “Мешкей” деген романы бар.

Ресей құқық қорғау органдары да, Варя Караулованың ата-анасы да қазiр осы са­уалмен бас қатыруда. 29 мамыр күнi университетке кетiп, артынша анасының телефонына “итiммен бiраз серуендеп келемiн” деп смс жазып, сол күйi ұшты-күйлi жоғалған студент Сириядан бiр-ақ шыққан. Сонда мектептi алтын медальмен бiтiрген, университеттi тек беске оқыған, ағылшын, немiс, француз, араб тiлдерiн жетiк бiлетiн, әке-шешесiнiң алдын кесiп өтпеген, достарымен араздаспаған Варя Караулова нелiктен

Грантпен бiлiм алғандар кемiнде үш жыл өз мамандығы бойынша жұмыс iстеуге мiндеттi. ҚазАқпараттың хабарынша, осындай норманы жуырда ғана ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары бiрiншi оқылымда мақұлдапты. Дұрыс-ақ. Бiрақ грантпен оқыған студент өз мамандығы бойынша жұмыс iстеуге мiн­деттi ме әлде оны тапсырыспен оқытқан мемлекет жас­тар­ға жұмыс тауып беруге мiндеттi ме? «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселе­лерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасының қорытындысына
БЕЛЬГИЯНЫ БЕРI ҚАРАТТЫ
Қазақстанның Мемлекеттiк рәмiздер күнiне орай Бельгиядағы қазақстандық студенттер шетелдiк курстастарына ұлттық тағамдар ұсынып, өздерiнiң елi мен оның мемлекеттiк рәмiздерi туралы баяндап бердi деп хабарлады ҚазАқпарат. “Бельгиялық студенттер үшiн қазақ ұлттық тағамдарын әзiрледiк, шетелдiк­тердi мәдениетiмiз және
“Ол сенен үнсiз күйде, тыныш қана кетiп қалады. Ең қорқыныштысы – ойламаған жерден кетедi. Тағы бiр қорқыныштысы – олар ешқашан қайта оралмайды”. Өзiнiң махаббаттағы қоштасулар жайлы ойын британдық классик Оскар Уайльд осылай түсiндiредi. Қыз бен жiгiттiң қарым-қатынасында әртүрлi жағдай болып жатады. Махаббатта тек қана сүйiспеншiлiк дәурен құрмайды.
“Теңiз қорықшысының” жаңалығы қашан жүзеге асады?
Нидерланды студентi Боян Слат биыл 21 жасқа толды. Дегенмен оның ұлы жаңалығы осыдан бiрер жыл бұрын бүкiл жаһан ғалымдарын таңдай қақтырған. Расында теңiз бетiндегi қалқыған пластик қалдықтарын жинап алудың тиiмдi жолын бұған дейiн ешкiм ұсына алмаған едi. Ал оны жиырмаға де толмаған жеткiншек көрсетiп бердi. Ендi 2016 жылдан бастап Боян Слаттың негiздемесi бойынша теңiздер мен мұхиттар қоқыстан тазартыла бастамақ.
Қисық сөз күлгенге жақсы
Өткен семестрдiң сабағы бойынша сынақ алып жат­қан профессор “Жарық жылдам ба, дыбыс жылдам ба?” деген сауал қояды.
Бiрiншi студент:
– Жарық жылдам.

Мәриям аурухана дә­лiзiнен шығып бара жат­қан немере қызы Жаңыл мен шөбересiне сүйсiне қа­рап, iштей шүкiр­шiлiк етiп тұрды. Ұлы мен қызының, басқа немерелерiнiң iшiн­дегi ең жақыны, әжесi дегенде iшкен асын жерге қоятыны, осы – Жаңылы. Аурухана тамағы жақсы екенiн айт­қанмен, ол үйдiң тамағы деп мiндеттi түрде дәмдiлеп ыстық тамақ әкеледi. Өзi жұмыстан шыға алмай қалған күндерi тамақ әкелетiн туыстарының кестесiн жасап, әже­сiне баруды ұмытып кет­пеулерiн қайта-қайта қоңырау шалып ескертедi. Әйтеуiр, кiшкене баламен бiр тыным таппайды.

Қытайдың Iле облысынан атажұртына оралған бозбала балуан Қайрат Тұрсынәкiм туралы әрiптестерiмiз жазды. Күш-қайраты кемерiнен асқан балуанның атамекенiне көшiп келгенiне жарты жылдың жүзi өтсе де азаматтық алудың машақатынан құтыла алмай келедi екен.  “Еркiн күрестен Қазақ елiнiң намысы үшiн белдесуге түсiп, көк байрағымызды желбiреткiм келедi” деген жiгiттiң арманы да асқақ. Басқа-басқа дәл осы еркiн күрестен есемiздiң екiнiң бiрiне кетiп жүргенi шымбайымызға ғана батпайды, қабырғамыздың астынан шаншудай қадалады. 
КАТАЛОНИЯҒА КУБОК ЖАУҒАН ЖЫЛ
Каталондық “Барселонаның” қанжығасына биыл үш кубок байланды. Испания чемпионатында топ жарды, Испания кубогы жолында алдына қара түсiрмедi. Ендi мiне УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық айқасында туриндiк “Ювентустi” 3:1 есебiмен тұқыртты. Берлиндегi “Олимпиаштадио­нын” дүбiрге бөлеген финалдық матчтың алғашқы голы 4-минутта соғылды. Иньестаның “Ювентус” қорғанысының көбесiн сөге шығарған пасын Иван Ракитич ұтымды пайдалана бiлдi.