1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №46 (16024) 11 маусым, бейсенбі 2015

Путинге дауа жоқ екен, қазақты қажауға келгенде алдына жан салмайды. Өткен жылы “қазақта мемлекет болмаған” деп бүкiл алаш баласының қанын қарайтқан. Ендi оның бәрiн ұмытып, Нұрекеңдi Невский орденiмен марапаттады. Былай қарасаң, бәлендей ештеңе жоқ. Бiрақ қуанайын десең, “көмейiңе өксiк” кептеледi. Себебi сонау 1725 жылы қатын патшаның тұсында қолданысқа енiп, әлi күнге дейiн “сәннен түспей” келе жатқан Невский орденiнiң соңғы жылдары қадiрi қашты. Путин оны итке қарғыбау таққандай қылып кiм болса, соның кеудесiне жапсыра бердi. Сөйтiп, тәп-тәуiр дүниенiң әбден әтуерiн кетiрiп барып, қазақ басшысына “мә” дейдi. Осындай да құрмет бола ма ендi!?

ҚР бiлiм және ғылым министрi А.Б.Сәрiнжiпов мырзаға
Менiң жұмыс орныма Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебiнiң мұғалiмi Айман Сағидуллаева iздеп келiп жолығып, әкiмшiлiк құрылым қызметкерлерiне тиiстi жұ­мыс­тардың барлығы дерлiк мұғалiмдерге артылғаны, елiмiзде сайлау науқаны бола қалса, үгiт-насихат жұ­мыстарына, үй-үйдi аралап, мекенжай бойынша адам түгендеуге, мектепке бала санын анықтауға, әскерге  шақыртуға, қанша малың, неше үйiң, көлiгiңнiң маркасы мен нөмiрi қандай екенiн анықтауға жаппай мұғалiм­дер жегiлетiнi және толып жатқан әншiлердiң концерт­терiнiң билетiн өткiзу мұға­лiмдерге жүктелетiнi,  барлық қарсылық “жұмыстан кет” деген сөзбен басылатыны жайлы ашына айтты.     

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, “Емшан” компаниясының президентi Мейiржан Өндiргеновтi 30 мамыр күнi көшеде көлiгiмен кетiп бара жатқан жерiнде қаржы полицейлерi ұстап, абақтыға жауып тастады. Айып – Өндiргенов компания үлескерлерiнiң бiрi Бауыржан Пiрмановтан “Ақжол ЛТД” серiктестiгiндегi 10 пайыздық капиталын берудi талап еткен, жеке көлiгiн бiреудiң атына жаздыруға мәжбүрлеген, “Пiрмановтар отбасы Өндiргеновтен психологиялық қысым көрген, қоқан-лоққы жасаған”.

Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының бесiншi құрылтайынан соң әлем өзгере ме?
Кеше Астанада әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының бесiншi құрылтайы басталды. Онысы екi күн өтедi. Жиынның түңлiгiн Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың өзi түрiп бердi. “Мұсылман әлемi үшiн қасиеттi Мекке мен Мединаға жақын жерде – Йеменде қақтығыс бастал­ғаны бiздi қатты алаңдатты. Экстремистiк топтар бiрiмен-бiрi жауласып, Азия мен Африка құрлығындағы көптеген қауымдастықтың арасына сына қақты.
Түркияда жексенбi күнi өткен парламент сайлауының нәтижелерi президент Ережеп Тайып Ердоған дәуiрiнiң аяқталуы деп бағаланды. Сайлау қорытындысы бойынша Ердоған құрған “Әдiлет және даму” партиясы 40,8 пайыз дауыс жинап, 2002 жылдан берi тұңғыш рет парламенттегi басым көпшiлiк орынға ие бола алмай қалды. Алдын ала қорытынды бойынша, сайлаушылардың 25 пайызы Халықтық республикалық партияға, 16,3 пайызы Ұлттық қозғалыс партиясына дауыс берген. Күрдтердiң мүддесiн көз­дейтiн Халықтық-демокра­тия­лық партия 13 пайыз да­уыс жинап, тұңғыш рет парламентке өтетiн болды.
 «Академик» отбасымен соттасып жүр» - Жазылған жайдың жалғасы
“Жас Алаш” газетiнде “Академик отбасымен соттасып жүр” (13 мамыр, №37) деген С.Мәди атты жорналшының мақаласы жарияланды. Көзi қарақты, сөзi салмақты оқырманға, одан берi сотқа қысым жасап, бiздiң жанұямыздың жай-жапсары туралы сот төрелiгi жасалмай жатып, қиянат мақала жариялағандарыңыз қалай? Қазақстан Республикасының сот жүйесi бойынша бұл қоғамдық пiкiр тудыру, сотқа жағымсыз ақпарат тарату арқылы мүдделi жақтың пайдасын көздеу деген сөз.

Германияда өткен G7 саммитiнде АҚШ президентi Барак Обама осы жиынға шақырылмаған Ресей президентi Владимир Путинге қарата былай дедi: “Мәскеу жоққа шығарғанына қарамастан, ресейлiк әскер әлi де Украинаның шығысында соғысып жүр. Қажет болса, индустриалды алпауыт елдер Ресейге қарсы санкцияны күшейтуге дайын. Ресей президентi Владимир Путин өз елiнiң экономикасын құлдырату арқылы кеңес империясының даңқын

Жезқазған мен Қызылорданың арасындағы қаражол көпшiлiктi қажытқалы қашан?! Соның биыл орайы келер деп дәмеленiп жүргенде, үмiт тағы да үзiлдi. Жол жөнделмейтiн болды. “Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда” тасжолының құрылысына биыл бюджеттен 274 миллиард теңге қаражат қарастырылғанын бiлемiз. Ол туралы облыстан бастап, Астанаға дейiнгi талай алқалы жиында айтылды. Бiрақ жөндеу жұмыстарын бастау уақыты ұзап бара жатқан.

Оңтүстiк Қазақстан облысының Жетiсай қаласында ұлттық бiрыңғай тестiлеу кезiнде қыз боп киiнген студент жiгiттiң әшкере болғанын газетiмiздiң өткен сандарында жазғанбыз. Алғашқыда “сүйiктiсi үшiн әлгiндей әрекетке барыпты” деген әңгiме шықты. Артынша-ақ мұның махаббатқа еш қатысы жоқ екенi белгiлi болды. Қыз боп киiнген Аян Жәрдемовтiң өзгеге жәрдем беретiндей қауқары бар екен.

Таяуда ғана Астанада өткен ресейлiк “МузTV - 2015” сыйлығын тапсыру iс-шарасына қатысты қоғам белсендiсi Ермек Нарымбаев сотқа шағым түсiрдi. Қазақстанның бюджет қаржысы есебiнен өткiзiлген ресейлiк шоу-бағдарламаның парықсыздығын, қажетсiздiгiн алға тартқан ол өзге елдiң мәдени iс-шараларына ел қаржысынан ақша бөлудi заңсыздық деп санайтынын мәлiмдедi.

Қарауылтөбе ауылы – Жетiсудың солтүстiк-шығысында, Сарқан өлкесiнде. 150-ге жуық түтiнi бар, берекелi ауыл. Тарихи өлке екенiн атының өзi-ақ аңғартып тұр. Жаугершiлiк заманда, етегiнде ауыл қоныс тепкен Қарауылтөбе биiгiнде ата-бабамыз дұшпанның келуiн қадағалап, қарауылдаған. Олардың iшке енуiне мұрсат бермеген. Оған ауыл маңынан шашыраған адам сүйектерiнiң, тұтынған заттар, қару-жарақ қалдықтарының табылуы анық дәлел. Алайда

Адам өмiрiнде ұмытылмайтын, өле-өлгенше мәңгi есте қалатын оқиғалар болады. Менде сондай оқиғаның екеуi есiмде жатталып қалды. Бұл еретекте, бұдан 60 жыл бұрын болған едi. Онда мен 7-сынып оқушысы едiм және комсомол мүшесi болғаныма аз уақыт болған. Өзiм колхоз орталығы – Шоқпартоғай деген жерде бiр ағайымның үйiнде жатып оқыдым. Ал өзiмнiң үйiм қырда, орталықтан 20-25 шақырымдай жерде, шешем сауыншы. Сенбi күнi түс қайта сабақтан шыққан соң ауыл балалары топырлап үйге қайтушы едiк.
Жұмыр басты пендеге құрығын салмай қоймайтын “Ажал” дейтiн тажал тағы бар. Тiрiлердiң қабырғасын қайыстырып, қайғының қара бұлтымен тұмшалап әкете бередi екен. Жақында бiз де аяулы анамыз Нұрпия Кәдiрхан­қызынан қапыда көз жазып қалдық. Сұм ажалдан арашалай алмай, көкiрегiмiздi өкiнiш пен қайғының уы кернеп соңында қала бердiк... Баласын жеткiзу үшiн ана отқа да, суға да түспей ме? Анамыз жетi перзенттi дүниеге әкелiп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ұлды – ұяға, қызды – қияға қондырды.
Жақында бiр азаматтың ғұмырымен таныстым. Шыны керек, осынау жан жөнiндегi бейнеро­ликтi көзiмнен жасым тама отырып қарадым. Оның өмiрi, адамдық ұстанымы менi жiгерлендiре түстi. Сонымен ол кiм? Ол – Ник Вуйчич. Ник Вуйчич – өмiрде мүмкiндiгi шектеулi жанның болмайтынын дәлелдеген адам. 1984 жылы 2 желтоқсанда дүние есiгiн ашқан баланың кәдiмгi томардан өзгешiлiгi жоқ болатын. Оның қолы мен аяғы жоқ едi. Ник Вуйчич бала күнiнде өте қатты қиналды, тiптi сегiз жасқа келгенде ваннадағы суға тұншығып, өзiне-өзi қол жұмсағысы да келедi.

Аяулы анам Күлапараз бен әкем Әбдiразақ екеуi 39 жыл бiрге өмiр сүрiп, алты ұл мен бiр қызды дүниеге әкелдi. Отбасындағы 7 баланың сапалы бiлiм, саналы тәрбие алып шығуына ерекше көңiл бөлдi. Ол кiсiлер ашаршылықты да, соғысты да бастан өткiздi. Көрген қиыншылықтар­ға қарамастан, балаларын әрдайым адамгер­шiлiк­ке, iзгiлiкке, мейiрбандыққа тәрбиеледi. Анам әкемiздi қатты сыйлайтын, ұсақ-түйек әңгiменi бала-шаға көзiнше айтпайтын.

Көздерi жаутаңдаған Ақбөкенiм,
Ажалға айналғаны-ай бақ-мекенiң.
Қырылып жатырсыңдар мыңдап-мыңдап,
Оқпенен көрiнбейтiн атты екен кiм?

Қытаймен шекаралас жатқан Алматы облысындағы Нарынқол ауылын бiлмейтiн жан кемде-кем шығар. Сол ауылдың тыныс-тiршiлiгi күйреп, құлап қалмаса да, әдеттегi сүркiл жүрiсiнен жаңылған емес. Бiрақ жұмыссыздық жанбасына батқан тұрғындардың көбi туған ауылынан алыста жүр. Әрине, тiршiлiк қамымен. Керiсiнше, көзi қысық көршiлерiмiз шекараның арғы жағынан алыстан-ақ ақ шаңқандай болып көз тартатын жетi-сегiз қабатты үйлер тұрғызып, жазық даланы шағын қалашыққа айналдырып үлгердi.

ИЫҚТАРЫ СЕЛКIЛДЕГЕН ЕКЕУIНЕН КӨЗ АЛМАЙ ҚАРАДЫҚ ТА ОТЫРДЫҚ
...Мен Кеңес заманы кезiнде туған адаммын. Ол кезде сақалды кiм көрiнген қоймайтын. Аталар және өнер адамдары ғана қоюшы едi. Қазiр кiм көрiнген қоятын болыпты сақалды. Отыздың ар жақ-бер жағындағылардың сақал қойғанын көрiп “Сақалдың да сиқы кете бас­тапты. Заман бұзылайын десе, осы екен ғой....” деп ойлаған едiм. Бiрте-бiрте бой да үйренген секiлдi. Ендi мына жайтты өз көзiммен көргенде... Жақында бiр жолдасым әкесiнiң 80 жасқа толуын атап өттi. Атамыздың аппақ сақалы тақияның астынан сығалап шығып тұрған ақ шашына жарасып тұр. Көптi көрген қария өзiн сыйлап тойға келгендерге өнегелi әңгiме айтты.
Әңгiме
– Көкемдi айтасың ба?
– Иә, өзiңнiң әкең.
– Ендi көкем өлдi ғой. Дәл ж-жылын.
– Әкеңнiң өлген күнi ғана емес, күнi, сағаты, минуты да керек,– дедi Бер­шүкiр нақ бiр бұдан сабақ сұрап тұр­ғандай тақылдай сөйлеп.
– Көкемнiң өлген жылы... күнi...
102 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛ ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАДЫ
АҚШ-тың 41-пре­зидентiнiң зайыбы Барбара Буш – 90 жаста. Барбара көп өмiр сүруiнiң құпиясын ашты. “Iнжу моншағын мойнымнан тастамаймын. Iнжу тасы менiң әрдайым жас болып жүруiме септiгiн көп тигiздi”, – дейдi Барбара. Бiр кездегi бiрiншi ханым қалжыңдауды да ұмытпайды: “Тек бетiме таға алмайтыныма өкiнемiн”, – дейдi күлiп. Және шашына түскен ақты ел-жұрттан жасырмағанын, табиғи қалпында ұстағанын, одан ешқашан ұялмағанын айтады.
Ертең Алматының Орталық стадионында келесi жылы өтетiн Еуропа чемпионатының финалдық сынына iрiктеу аясындағы кезектi матч өтедi. Юрий Красножан баптайтын елiмiздiң ұлттық құрамасы ФИФА рейтингiнде 34-сатыда тұрған әлем чемпионатының һәм Еуропа бiрiншiлiгiнiң қола жүлдегерi Түркия құрамасына қарсы тұрады. Түрiктердi тойтара аламыз ба? Рас, осы уақытқа дейiн ба­уырлас елдiң тегеурiндi футболшыларымен бес рет ресми матчта жолымыз түйiсiп, бес ойында да аттың бауырында кеттiк.
НӘТИЖЕ ТӘУIР
Ресейде эстрада әншiлерi арасында футболдан әлем чемпионаты өтiп жатыр. Елiмiздiң намысын арқалап “Алатау” футбол командасы В тобында екiншi ойынын өткiзiп, үш ұпайды олжалады. Бiздiң әншiлер Оңтүстiк Кореяның әншiлерiнен жасақталған құрамасын 3:1 есебiмен ұтты. Жеңiске бастаған үш голды Қазбек Әлқожаев, Амангелдi Меңдiбаев, Батыр Байназаров соқты.
“Жас Алаштың” №45 санында “Жалын сөнсе күл болар” деген тақырыппен жарияланған сұхбатты оқыған соң ойымды бiлдiрмекке бекiндiм. Қытайдан атажұртына көшiп келген балуан баламның (қазақтың ұланы бә­рiмiздiң де баламыз) бойындағы бұла күшi таңдандырды. Кеудесiнде көзi бар бапкер болса, аяғын жерге тигiзбей iлiп әкетiп, қанатының астына алып, баптауға кiрiсiп кетер едi. Ал бiз спорттық разряды болуы керек, облыстың чемпионы атансын, республикалық, халықаралық турнирлерде топ жарсын, сосын көре­мiзден аспай отырмыз.