1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (16025) 16 маусым, сейсенбі 2015
ҮНДЕУ
Аса қамқор, ерекше Мейiрiм­дi Алланың атымен бастаймын!
Құрметтi қауым! Баршаңызды аса ұлық қасиеттi Рамазан айының келуiмен құттықтаймын. Рамазан мүбәрак болғай! Оразаға аман-есен жеткiзген Алла тағалаға сансыз шүкiрлер мен мадақтар болсын! Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы биыл да Рамазан айын үлкен дайындықпен өткiзбек. Елiмiз бойынша мешiт­тер мен медреселерде, дiни оқу орындарында, қоғамдық орталарда қайырымдылық акциялар, игi жобалар ұйымдастырылады. Баршаңызды осы iзгi iс-шара­лар­ға атсалысуға шақырамын.

“Астана ЕХРО-2017” Ұлттық компаниясының бұрынғы бас­қарма төрағасы Талғат Ермегияев екi айға үйқамаққа алынды. Санкцияны Астана қаласының №2 Алматы аудандық соты берген. Т.Ермегияевке Қылмыстық кодекстiң   176-бабы бойынша (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) айып тағылыпты. Сот шешiмi бо­йынша, ендi ол үйқамақтан ешқайда шыға алмайды, қаржы полициясының жедел-тергеу тобы, ет жақын туыстары немесе адвокатынан өзге ешкiммен сөйлесе алмайды. Мiне, осылайша бұрынғы премьер-министр Серiк Ахметовтiң басындағы кеп ендi Талғат Ермегияевтiң басына туды.

Тбилиси халқы тосыннан келген апаттан әлi есiн жия алмай жатыр. Шағын ғана, тiптi қаланың интернет-картасына да енбеген Вере өзенi 3-4 сағат шелектеп төккен жаңбыр мен бұршақтан арнасынан асып, жолындағының бәрiн жайпап өттi. 13 адам ажал құшқан, iз-түзсiз кеткендердiң саны 30-ға жуық. Қазiр апат салдарын жою жұмыстары белсендi жүргiзiлуде. Мемлекет басшысынан бастап, шендiлердiң бәрi сонда жүр.

Бас прокуратураның, ҰҚК-нiң, IIМ-нiң,
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң назарына
Алматы облысының Панфилов ауданы, Алты-үй ауылының тұрғыны Ақерке Сейтқазиева “Жас Алаштың” редакциясына адвокатын ертiп, арнайы келiптi. Оның айтуынша, мамыр айының 20-сы күнi бауыры Жомарт Сейтқазиевтi үш жiгiт жабылып соққыға жыққан. Соның салдарынан бауыры көз жұмған. – Мамырдың 20-сы күнi түнгi сағат екi шамасында туған iнiм Жомарт Қыйзатұлын

20 ақпанға қараған түнi Павлодар облысы әкiмiнiң резиденциясында қыз зорлау қылмысы жайлы журналистiк зерттеу жүргiзген облыстық “Версия” газетiнiң редакторы Ярослав Голышкин бүгiнде Қанат Бозымбаевтан ақша бопсалау iсi бойынша күдiктiге айналғаны белгiлi. Жәбiрленген қыз iшкi iстер бас­қармасына арыз жазуға барғанда қасында болған оның құрбысы Элмира Құлиева да өткен аптада куәгерден айыпталушыға айналды. Я.Голышкиннiң қорғаушысы Дмитрий Куряченко мен Э.Құлиеваның анасы Жұлдыз Құлиева кеше Алматыда осы iске қатысты баспасөз мәслихатын өткiздi.

Кеше Н.Назарбаев “өзi аттас” университеттi үздiк бiтiрген студенттерге өз қолымен диплом табыстап тұрып, “Отанның бергенiн он есе қайтаруларың керек” дедi. Мұнысы дұрыс ендi. Мемлекеттiң қаржысымен оқыған соң, туған жерге еңбек сiңiру – парыз. Оның үстiне бiлiм ордасының аты – Назарбаев университетi. Ендеше, жастарға ескертпенi басқа адам емес, Назарбаевтың өзi айтқаны әлдеқайда орынды. Дегенмен президент осы жолы жастарға бүркiт туралы тағы бiр әңгiме айтты.

Алдағы жаңа оқу жылынан бастап елiмiздегi бастауыш сынып оқушыларына тегiн тамақ беру тоқтатылады. Ендiгi жерде әрбiр ата-ана баласының мектептегi тамақтану мәселесiн өзi шешуге тиiс. Баласының қалтасына ақша салып, мектеп асханасынан ас-суын сатып алуын қамтамасыз ете ме, жоқ әлде үйден оқушының сөмкесiн тамаққа толтырып жiбере ме, өз еркiнде. Бастауыш сынып оқушысына тиiстi тегiн тамақтың қаржысы бұдан былай жағдайы төмен отбасы мен жетiм балалардың тамақтануына жұмсалмақ.

Қазақ халқы – қай кезде де елi үшiн еңiреген ерлерiне, баһадүр батырларына, туғаны жоқ тура билерiне, ары таза ақын-жазушыларына құрмет етiп олардың еңбегiн, ерлiгiн, өмiрiн, өнерiн өз деңгейiнде бағалап, кейiнгi ұрпаққа есiмдерiн аңыз етiп қалдырып отыратын iзеттi халық. Сондай арыстардың бiрi – “сортаң тағдыр, тарпаң талант иесi”, қара сөзден қасат бұзған, ажуаға толы ащы тiлмен замана шындығын ашқан Қажығұмар Шабданұлы. Олай болатыны, Қажығұмар шығармашылығының толығын, жалпы жасампаздығын ешбiрiмiз тәмамдап оқып, жете түсiнген жоқпыз.

Алматы қаласында құрылған Қазақ ұлттық кеңесiнiң кезектi жиыны өттi. Жиында М.Шаханов осыған дейiн атқарылған шаруаларды айта келе, Ұлттық кеңес жұмысын одан әрi жандандыру, оны жаңаша құру қажет­тiгiне тоқталды. Өзi сенiм бiлдiрген кейбiр адамдарға көңiлi толмағанын жасырмады, Ұлттық кеңес қолға алар iстердiң қожырап кеткендiгiне кейiстiк бiлдiр­дi. Соған орай Ұлттық кеңес­тiң жаңа басшылық құрамын ұсынды.

Бiз, Маңғыстау ауданының ақсақалдары биылғы жылдың қаңтар айында “Маңғыстау аудандық ардагерлер ұйымының” кезектi конференциясын өткiзiп, жаңа төраға етiп ел ақсақалы Аманқос Ертiлеуовтi сайладық. Сол уақыттан берi бiз жүйелi түрде, белсендi жұмыс iстеп келемiз. Аудан көлемiндегi өтiп жатқан барлық шараларға қатысып, қоғамда болып жатқан өзектi мәселелердi өз арамызда жұма сайын талқылап, ұсыныс-пiкiрiмiздi бiлдiремiз.

Жас ақын Балтабай Тайлақбаевтың пышақтың қы­рындай ғана алғашқы жыр жинағы шығып, бай әрi бақуат­ты бiр компанияны дүрiл­детiп басқарып отырған туған нағашысы тұсаукесерiн дү­рiлдетiп өткiзiп, ағыл-тегiл дастарқан жайған болатын. Мақтану мен мақтауға келгенде алдымызға жан салмайтын халықпыз ғой, поэ­зия табалдырығын ендi-ендi аттаған Балтабай молынан жайылған дастарқан үстiнде де мақтаудан кенде болған жоқ.

Егер арамызда жүргенде үлкен прозашы, белгiлi сатирик, өткiр публици ст Сайымжан Еркебаев ағамыз мерейлi 80 жасқа толар едi. Амал не, өмiрден ертерек кеттi. Бiрақ Сайымжан Еркебаев артына мол мұра қалдырды. Әсiресе, сатира саласында. С.Еркебаевтың “Менiң Қожанәсiрiм келдi де...” деген циклдi, қысқа да нұсқа әзiл-сықақтары қазақ сатирасына үлкен олжа салғанын әде­биет сыншылары кезiнде жазды да. Бiз ендi бүгiн “Жас Алаш” газетiнiң оқырмандарына белгiлi сатирик Сайымжан Еркебаевтың бiр топ әзiл әңгiмесi мен Сәкеңнiң өзi жинап-жариялаған анекдоттарын (мұның көпшiлiгiн С.Еркебаев өзi шығарған) ұсынамыз.
Бiлмеймiн, Құдай маған бiр қарыс маңдай берген, тақылдамайтын таңдай бер­ген, көз берген, көп сөй­лемейтiндей сөз берген, қарлығаштың ұясындай мұрын берген, қысқасы, “бәрiн бұрын” берген. Бiрақ неге екенiн өзiм де бiлмей­мiн, көшеде жаяу жүргiншiлермен соғысып қала беремiн. Оларды не басып кетемiн, басып кеткен кезде, алды-артыма қарамай қашып кетемiн! Өйткенi мен де жаяу жүргiншiмiн... Бiлмеймiн, жолда келе жатсам болды, “Ойпырмай-Қазына” ұлт­тық қорында менеджер болып iстейтiн жас жiгiттердiң бiр миллион жетi жүз мың теңгеден аса жалақысы есiме түседi де,
Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театрында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейiнiң ұйымдастыруымен “Ұлттық музейге сый тарту” акциясы өттi. Шара аясында 300-ден астам құнды жәдiгер Ұлттық музейге табысталды. Олардың iшiнде: Iлияс Жансүгiровтiң жеке құжаттары, отбасылық фотолары, Әлкей Марғұланның радиоқабылдағышы, сағаты, Шәмшi Қалдая­қовтың 1965 жылы 4 ақпанда Шымкент облысының жастары мен жерлестерi сыйға тартқан “Кубань” пианиносы
Мен тоқсанды алқымдаған, көзден майып қартпын. Бөркiмнiң көбесi, жолымның сөресi, шекарамның шебi, теңiзiмнiң жиегi көрiнiп қалған, Мұқағалидың тiлiмен айтқанда, “келместiң кемесiн күтiп отырған” жанмын. Соған қарамастан көрген-бiлгенiмдi, оқыған-тоқығанымды ой елегiнен өткiзiп, халқыма, көзi ашық азаматтарға ұсынып отырмын. Барлық iстiң, құбылыстың, тарихтың куәсi – уақыт. Әр дәуiр қатталып, тарихты тарих көмкерiп, көмiп жататыны бәрiмiзге аян.

Мен 73 жастағы зейнеткермiн. Бұрынғы газет қызметкерi болғандықтан да газет-журнал, кiтаптарды оқудан қалған емеспiн. Әсiресе, қазақ сөздерiнiң орыс тiлiнде берiлуiне мән берiп, кемшiлiктердi байқасам, жаным ауырады. Айталық, радио, теледидар, газеттердiң “головной мозгты” – “бас миы”, “полуостровты” –“жарты арал”, “ожидаетсяны” –“күтiлуде” деп аударуы ақылыма сыймайды. Апыр-ау деймiн, қазақта “ми” бiреу-ақ қой, ол әрбiр адамның бассүйегiнiң iшiнде емес пе, ендеше тағы қандай ми болмақ?

Әу баста “Базар жоқ” деген аттың өзi   қарабайыр болып көрiнген. Берi­рек келе, осы қарабайырлықтың астарында қырағылық, қазақылық барын байқап қуандық. Ендi мен жанкүйер кө­рермен ретiнде осы Тұр­сынбек Қабатов театрының көпшiлiктiң ойынан шығып жүрген қойылымдарына   пiкiрiмдi бiлдiре кетсем деймiн. Тұрсынбектiң театрының көтерiп отыр­ған, көтерiп келе жатқан тақырыбы – бүгiнгi күннiң проблемасы. Жан-жағымызда болып жатқан, бi­реулер көрсе де көрмей­тiн, бiреулер көргiсi кел­мейтiн жайттар. 
КҮЙШI РУХЫНА БАҒЫШТАЛҒАН КҮЙ ДОДАСЫ ӨТТI
Жақында Ерейментау же­рiнде сол өңiрдiң тумасы, күйшi-сазгер, марқұм Жақсылық Мұқановтың рухына бағышталған жас домбырашылар мен қобызшылардың байқауы болып өттi. Биыл туғанына 70 жыл толып отырған Ж.Мұқанов – кезiнде осы өңiрде өзегi үзi­лiп қалған күйшiлiк өнердi бүгiнгi ұрпаққа табыстап кеткен адамдардың бiрi. 1980 жылы “Мелодия” фирмасынан дарынды күй­шiнiң жеке күйтабағы жа­рық көредi. Онда автордың “Сағыныш” атты төлтума күйi де жазылған.
ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ
Келесi жылы өтетiн Еуропа чемпионатының финалдық ойынына iрiктеу кезеңiндегi кезектi матчын Алматыда өткiзген елiмiздiң ұлттық құрамасы Түркия ұлттық құрамасынан 0:1 есебiмен ұтылды. Еуропа құрлығының чемпионатына iрiктеу аясында өт­кiзген алты ойында бiз бесiншi рет ұтылдық. Тек латыштармен ғана итжығыс (1:1) түскендiгiмiз үшiн алған 1 ұпайымыз бар. 12 маусымда Алматының Орталық стадионында өткен ойын турасында айтпас бұрын жанкүйерлердiң футболшыларды жани жiгерлендi­ргенiне алғыс бiлдiрген жөн.
ЖЕҢДI, ЖЕҢIЛДI
Саулюс Ширмялис баптайтын футболдан жастар құрамасы бүгiн Болгария­дан оралады. София қаласындағы оқу-жаттығу жиынында жастарымыз екi рет жолдастық матч өткiздi. Алдымен Албания жастар құрамасына қарсы ойнап, 3:1 есебiмен ұтып, мәртебемiздi өсiрiп қойған. Күнi кеше Македония футболының болашақ жұлдыздарынан жасақталған жастарына қарсы тартысқа түсiп, 0:2 есебiмен жол бердi.
Қызық екен
Атақты ғалым Исаак Ньютон сыныптастарының iшiнде ең нашар оқыған оқушы болды. Физика пәнiнен өте нашар баға алатын. Тек математика сабағынан ғана жақсы болды. Бiр күнi ол сыныптасымен төбелеседi. Сол күннiң ертесiнде сабақты жақсы оқи бастайды. Ғалым кейiн “Ньютон” заңын ашып, ғылымға көп үлес қосты.