1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №48 (16026) 18 маусым, бейсенбі 2015

“Ақорда ЭКСПО-ға “ен салғалы” жатыр екен” деген әңгiме туғанда-ақ елдiң iшi қылп ете қалған. Өйткенi халықаралық жиындарға әуес қазақ билiгi бұған дейiн де халықтың несiбесiн уыстап шашып келген едi. Ал ЭКСПО – “тоймайтын тажалдың” нақ өзi. Оның үстiне қыруар қаржы құйылған жерде құлқынды қадағалау да қиынға соғады. Кiшi Үсенов жолдың оң мен солын айырудан қалған тұста жұрт “тегiн келген ақша сау адамды тентек қылады, әкесi асап жатыр екен-ау” деп ой түйген. Қазiр Үсеновтiң үлкенi қамауда. Төрағалықтың тiзгiнiн ұстаған Талғат Ермегияев те күдiкке iлiгiп, үйқамаққа алынды. Ал Әдiлбек Жақсыбеков бiр аяғын

“ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТI” ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАТАРЫНДА МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮРГЕНI РАС ПА?
АҚШ-тың терроризмге қарсы күрес орталығының дерегiне қарағанда, “Ислам мемлекетi” ұйымының қатарында Орталық Азия елдерiнен мыңдаған адам бар. Анығында, ұйымға Тәжiкстан мен Қырғызстаннан жүздеген адам қосылса, Қазақстаннан мыңнан аса жас “Ислам мемлекетi” қатарында соғысып жүр. Орталық Азия мемле­кеттерiнен ғана емес, көршiлес Ресейден де Сирия мен Иракқа “жиһад” жасау үшiн аттанғандар аз емес екен.
“БОЗЫМБАЕВТЫ БОПСАЛАҒАНДАРДЫҢ” ҚАТАРЫ КӨБЕЮI МҮМКIН
“Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтан 500 мың доллар бопсаламақ болды” деп айыпталып, ҰҚК-нiң тергеу изоляторында отырған Нұржан Сүлейменов адвокаты арқылы бiр кездерi өзiнiң тiзесi батқандардан кешiрiм сұрап, облыс әкiмi Қанат Бозымбаевқа екi мәрте хат жолдапты. Хатында ол былай дейдi: “Сiз­дер­ге хат жолдаушы – Нұржан Қаниұлы Сүлейменов. Ең алдымен Сiздерден және отбасыларыңыздан моральдық зиян келтiргенiм үшiн, денсаулықтарыңызға зиян жасағаным үшiн кешiрiм сұраймын.

Бiлiм және ғылым министрi болып тұрған кезiнде Бақытжан Жұмағұлов жасөспiрiмдер арасындағы суицидтi Ұлттық бiрыңғай тестiлеумен байланыстыруға болмайтынын, ҰБТ-ның салдарынан мектеп бiтiрушi түлектiң өз-өзiне қол салған бiрде-бiр деректi бiлмейтiнiн мәлiмдеген едi. Бiрақ атқамiнерлер дәл Ұлттық бiрыңғай тестiлеу кезiнде түлектер арасында ала арқанға асылып, ажалына асығатындардың көбейiп кеткенiн лажсыз мойындауға мәжбүр. Естерiңiзде болса, мамандар 2014 жылғы тест тапсыру науқанында бiрде-бiр суицидтiң тiркелмегенiн қуана хабарлаған

Кейiнгi жылдары елiмiздiң әр аймағында пайда болған жұмбақ жағдайлар қоғамды барынша алаңдатуда. Және осындай түсiнiксiз құбылыстарға бүгiнгi ғылым жауап беруге дәрменсiз-ақ. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы Березовка, Ақмола облысындағы Қалашы ауылдарындағы ерекше жағдайдан оқырмандар құлағдар. Жуырда ғана Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарының аумағында мыңдаған бас киiк белгiсiз кеселден қырылып қалды.

Түрiк халқының аяулы перзентi, Түркияның бұ­рынғы президентi Сүлеймен Демирел 91 жасында бақилық болды. Мамырдың ортасынан берi Анкарадағы ауруханалардың бiрiнде жатқан экс-пре­зиденттiң жағдайы кеше күрт нашарлаған. Дәрi­герлер ажалға ара түсе алмады. Сүлеймен Демирел 1949 жылы Стамбул техникалық университетiнiң инженерлiк-құрылыс факультетiн бiтiрген. Университетте ұстаздық еттi. 1949-50 және 1954-55 жылдары АҚШ-та еңбек тәжiрибесiнен өткен.
Шотландияның Канна аралында өткен ғасырдың 60-жылдарынан берi бiрде-бiр рет ұрлық пен тонау болмаған. Бiрақ жақында елу жылдың iшiнде болған алғашқы ұрлық арал жұртын дүр сiлкiндiрдi. Жағалаудағы дүкен есiгi үнемi ашық қалады екен. Бұл аралға келетiн балықшылар интернеттi пайдаланып, дүкеннен қажеттiсiн алсын деген ниетпен жасалыпты. Дүкеннен керегiн алған адам оның
16 маусым күнi кешкiсiн Астанадағы “Артем” сауда үйiнiң алдында шу шығып, арты төбелеске ұласты. Оқиға базар тарайтын уақытта болған. Куәгерлердiң айтуынша, төбелес қайыршы әйел мен базар күзетшiлерiнiң жанжалынан басталған. Кәмелеттiк жасқа толмаған үш баласын жетектеген қайыршы әйел Алматыдан Астанаға қайыр сұрауға келген екен. II топтағы мүгедек әйелдi базар­ға кiргiзбеймiн деп қарсыласқан күзетшi мен арада басталған айғай-шудың соңы төбелеске ұласқан. Базар күзетшiсiнiң әрекетiн құптамаған бiр

“Бiр мәшине көк жоңышқа мен бiр мәшине қызыл жыңғыл түсiрiп бер” дейiн. Бұл өзi бiз үшiн ұшпай тұрған нәрсе ғой”. Шүкән бiраз уақ тiсiн шықыр-шықыр қайрап, жан-жағына қарап жатты да, “Ертең балабақшаны қарауылдаудың соңғы күнi” деп, бiр бей-жай дүниемен қоштасқандай болды. Шүкәннiң тiс қайрайтындай да жөнi бар. Қырық үшiншi жылы соғысқа кеттi, сонан ауылдың бiр топ жiгiтi Сталинградта соғысты тастап, елге қашып келдi. Әйтеуiр, қашқысы келдi, елдi бiр көрiп қалу арманы болды.

ӘСЕЛХАН МЕН ӘСИЯ
Қостанайда жыр айдынында қатар қалықтаған халық ақындары Әсия Беркенова мен Әселхан Қалыбекованың шығармашылық кешi өттi. 80-жылдары айтыс өнерiн қайта жаңғыртқан шоғырдың iшiнде жарқырай көрiнген ақын қыздарын тобылдық жырсүйер қауым сағынып-ақ қа­лыпты. Ән-жырдан шашу шашып, қошеметпен той төрiне шығарды.

Бiздiң Суханбаев ауылдық әкiмшiлiгiне қарасты Жақаш, Қарасу, Көкөзек ауылдарында жеке шаруашылықтарға арендаға берiлген суармалы жердiң су iшпей отырғанына қынжыласың. Су мәселесi нағыз керек кезiнде шаруаларды әбден әбiгерге салып келедi. Шаруалар тек мал шөбiн бiр рет орып алудан басқа еш пайда көре алмай отыр. 2014 жылы жаздың ыстығында үш ауылға су бермей, қаншама шығын келдi. Биыл да Суханбаев әкiмшiлiгiне қарасты Сәмбет тоғанына 50 литр су жүргiзiп қойып

Қазақ халқы – салт-дәстүрге, ырымдар мен тыйым сөздерге өте бай халық. Сондай ырымдардың бiрi – “баланы сатып алу” ырымы. Мысалы, бiреудiң баласы туғаннан шетiней берсе, яғни баласы тұрмаса, онда одан кейiн туған баланы сақтап қалу үшiн “сатып алатын” ырым қазақта ежелден бар. Бұл ырым былайша жасалады: елдегi немесе ауылдағы балгерлер, бақсылар әлгi үйге келiп, “Менiң баламды ұрлап алыпсыңдар, өзiм аламын” деп нәрестенi ата-анасының наразылығына қарамастан, алып кетедi.

“Жас Алаштан” (№42, 28 мамыр 2015 жыл) “Қостанайда Ресей туы желбiреп тұр...” деген мақаланы оқып қайран қалдым. Онда айдың-күннiң аманында Қостанай қаласының “Геолог” саяжайында Ресейдiң туының желбiреп тұрғаны айтылады. Бiз неткен байқам, көрсоқырмыз? Сонда деймiн-ау, бiлдей бiр облыс орталығынан бiр жан шығып, ана туды жұлып алмағаны ма? Елдiк, патриоттық сезiм қайда?

Жұмыс орның мен үйдiң арасы шалғай болғандықтан жолай күнделiктi қол көтерiп тоқтататын адамдарды қиыс болмаса ала кетесiң. Бiр күнi жасы отыздың о жақ бұ жағындағы келiншек қол көтердi. Ашық терезеге еңкейе менiң баратын жерiме жақын мекенжайды айтты, “отырыңыз” дедiм. Алматының кешкi кеп­телегiнде итiңдеп iлбiп қана келемiз. Жол қысқарсын де­гендегi екеуара әңгiмемiз былай басталды.

Он алты жасымнан берi қарай өмiр маған талай жайттарды түсiнiдiрiп бағуда. Ең алғашқы өмiрлiк қиындықтар... Шын қуану мен жылаудың не екенiн бiле түскендеймiн. Түсiнгенiм, бiлiм мектебiнен гөрi өмiр мектебiнен “бестiк” деген бағаны алу әлдеқайда қиын екен. Жаз маусымы басталысымен жұмысқа шықтым. Сары ауыз балапан болып келген менi обалы не керек, еңбек ұжымы жақсы қарсы алды.
Қара сирақ бала кез, ақылымыз келте едi,
Жар қуалап қаңғушы ек, бiр-бiр үйдiң тентегi.
Түйеге ұқсап боздайтын, мына бiр жар туралы,
Неше түрлi сол кезде айтылатын ертегi.

Бiз, Алматы қаласындағы №156 мектептiң мұғалiмi Рахымова Бақытгүл Көшербайқызына ата-аналар атынан алғыс айт­қымыз келедi. Ол кiсi кiшкентай бүлдiршiндердiң дүние сырларын тануына жол ашты. Балалармен бiрге қуанып, бiрге күлiп “Әлiппенi” оқуға, жазуға үйреттi. Бақытгүл Көшербайқызының ұстаздық тәжiрибесi балаларға жазу мен оқудың алғашқы сабақтарын ғана емес, өмiрдiң әлiппесiн де қатар ұсынды деп ойлаймыз.

Сырласып, сұхбаттасатынбыз. Пiкiр таластырып, айтысып та қалатынбыз. Ондайда қызуқанды Төлеухан нағашым әкемнен бiр сыбап алып: – Әй, әкiм (ауыл әкiмiнiң орынбасары болатынмын), немереңе президенттiң есiмiн бердiң. Жарайды, ел басқарсын. Ал өзiң не бiтiрiп жүрсiң? Жұртты қашан жарылқайсыңдар? Егемен ел болғанымыз осы ма? Барымыздан айырылдық. Бү­лiнумен, тоналып-сатылумен келемiз. Өз ел, өз жерiмiзде жүрiп өгейдiң күнiн кешудемiз.
2015 жылдың сәуiр айында Қазалы қаласындағы мәдениет үйiнде облыстық, аудандық мәслихат депутаттары президент жолдауына байланысты халық жиынын өткiздi. Сол жиында депутаттарға мынандай сұрақ қойған едiм: “Қаршабек Тәшенов жалғызбасты, II топтағы мүгедек. Ол – қазақтың аяулы ұлы Жұмабек Тәшеновтiң немере iнiсi. Отырған баспанасын өз атына рәсiмдей алмай, үкiметтен алатын қолдау көмектi де ала алмай отыр”.

Бүкiләлемдiк бокс сериясының бесiншi маусымының финалдық айқасына да санаулы күн қалды. 20-21 маусым күндерi Астанадағы Дәулет спорт кешенiнде өтетiн айтулы тартыста “Астана арландары” “Куба қабыландарына” қарсы тұрады. “Арландар” да, “қабыландар” да – бүкiләлемдiк бокс сериясының кубогын олжалаған ұжым. Бұл жолы ат басындай кубокты кiмнiң иеленетiнiн сенбi-жексенбiде бiлемiз. “Астана арландары” клубының бас бапкерi Марат Жәкиевтен шәкiрттерiнiң жай-күйiн сұрадық.

БЕЛОГЛАЗОВ – БАС БАПКЕР
Еркiн күрестен ұлттық құраманың бас бапкерi ауысты. Үш жылға жуық ұлттық құраманың бас бапкерлiк қызметiн атқар­ған Руслан Өмiрәлиевтiң орнына Сергей Белоглазов тағайындалды. Жазғы Олимпиада ойындарының екi дүркiн жеңiмпазы, алты дүркiн әлем чемпионы, егiздiң сыңары Сергей Белоглазов ендi елiмiздiң еркiн күрес құрамасының бас бапкерi болып қызмет етедi.
ПИКАССОНЫҢ НЕМЕРЕСI АТАСЫНЫҢ ҮЙIНЕН ҚҰТЫЛА АЛМАЙ ЖҮР
Әйгiлi испан суретшiсi, мүсiншiсi, графигi, дизайнерi Пабло Пикассоның 64 жастағы Марина атты немересi бар. Марина атақты атасынан қалған вилласын бiрнеше жылдан берi сата алмай ке­ледi. Өте бай адамдардың өзi Маринаның сұраған 165 миллион долларын қымбатсынып отыр.