1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (16027) 23 маусым, сейсенбі 2015
Емшiлiк қасиет бiреулерге қанмен берiледi. Яғни, ата-бабасынан дариды. Ендi бiреулерге бала күнiнде қонады. Аяқасты ауырып, кейiн емшiлiк жолға түскен кiсiлер де аз емес. Емшi “терiсiн” жамылған алаяқтар одан көп. Қысқасы, емшiсiз ел болмайды. Ал Сiз халықтың жанын емдейтiн “шипагер партия” туралы естiп пе едiңiз? Естiген жоқсыз. Өйткенi әлемнiң ешбiр мемлекетiнде мұндай партия жоқ. Тек Қазақстанда ғана бар. Өткен аптада “Нұр Отан” партия­сы төрағасының бiрiншi орынбасары Бауыржан Байбек Астанадағы медициналық мекеменiң бiрiне бас сұғып, дәрiгерлер қауы­мын кәсiби мерекесiмен құттықтады.
Ресейде “Забайкальский край” деп аталатын үлкен өлке бар. Бұл өлкенiң әкiмшiлiк орталығы – Чита қаласы. Мiне, осы өлкеден жақында ғана Қытайдың “Хуаэ Синьбан” дейтiн компаниясы 115 мың гектар жердi жалға алды. 49 жылға. 115 мың гектар жер дегенi­мiз – орыс журналистерiнiң айтуынша, кiшiгiрiм бiр мемлекет­тiң жерi екен. Мәселен, Гонконгтың қазiргi күнгi алып жатқан бүкiл жер көлемiн есептеп шықсаңыз, 115 мың гектарға жет­пейдi.

Осы жылдың басында Н.Назарбаев “қатаң үнемдеу саясатына көшемiз” деп мәлiмдеген едi. Осыған байланысты бюджет шығыны 700 миллиард теңгеге қысқарды. Ал ұлттық және басқару компанияларына дағдарысқа қарсы iс-шаралар дайындауға тапсырма берiлдi. «Мұнайдың бағасы 100 доллардан жоғары тұрған кезде бәрi жақсы болды. Металдар да жақсы сатылды. Өмiрiмiз жайлы болды. Мiне, сол кезде бiз «жайылып» кеттiк. Ақшаны оңды-солды шашып жүрдiк. Ендi, қазiргi жағдайда бәрiн қолға алып, тұрақсыз кезеңдi еңсерiп шығу қажет», – дедi президент сол кезде.

Герхард Шредер бастаған немiстiң көрнектi саясат­керлерiнiң Қазақстанның жағымды имиджiн ақшаға қалыптастырып, Н.Назарбаевтың Еуропадағы лоббисте­рiне айналуын Германияның Spiegel журналы егжей-тегжейлi жазды. Бұл оқиғаны Еуропа мен Ресейдiң ақпарат құралдары iлiп әкеттi. “Шпигельдiң” жазуынша, Германияның бұрынғы канцлерi Герхард Шредердiң Қазақстаннан ақша алғаны жөнiндегi ақпарат Венадағы Lansky, Ganzger + Partner адвокаттық кеңсесiнiң еуропалық саясаткерлермен электронды пош­та арқылы алмасқан хат-хабарларынан белгiлi болған
ТӨРАҒАНЫҢ IЗIН АЛА АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР ДА ҰСТАЛДЫ
Газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде “Астана ЭКПО-2017” Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтiң үйқамаққа түскенiн жазғанбыз (“Ұлттық кадрлар неге ұры атанып жатыр?”, №47). Онда “Ақорданың табалдырығын жиi аттайтын” оқырманымыздың дерегiне сүйенiп, Т.Ермегияев пен Қ.Қожамжаровтың арасында болған кикiлжiңдi сөз еткен едiк.

“Бiреу тойып секiредi, бiреу тоңып секiредi” дегендей, бүгiнгi бай мен кедейдiң ара жiгi бiржола ашылған уақытта әркiмнiң өзiнше “секiретiнiн” көзiмiз көрiп жүр. Қарағанды облысының Ақадыр елдiмекенiнде қазақтың жас келiншегi үш жасар қызын өлтiрiп, сосын өзiне-өзi қол жұмсағанын жазады ақпарат құралдары. Және соңына “ақшасыз өмiр сүруден шаршадым” деген қағаз жазып қалдырыпты әлгi келiншек. Оны бұл секiлдi қадамға итерiп тұрған сол – атың өшкiр жоқшылық.

Сәтiн салып сапарға шықсам, жүрген жерiмнiң тарихын тамырлатуға “тәбетiм” тартып тұратын әдетiм бар. Аңсарымды аударған аңыздың өзiнен бүгiнгiнiң бедерiн iздеймiн. Естiгендерiмдi қойындәптерiме түртiп қоямын, көргендерiмдi суретке түсiрiп аламын. Төмендегiлер – соның бiр парасы. Көкшетаудың Айыртау сiлемiндегi оқшау төбеде қазақтың батырлары – Ар­қаның Ағынтайы мен Жетi­судiң Қарасайы қатар жатыр.

Баспасөз бен ел iшiнде “салпаңқұлақ” атанған Ораз Әлiмбектiң  Серке.орг  сайты саясаттанушы Данияр Әшiмбаев ар­қылы құзiреттi органдар  басқаратын  8 сайттың iшiне кiретiнi анықталды.  Бұл туралы ақпараттар ғаламторда youtube.com   бастаған порталдарда өрiп жүр.  Ал Данияр  Әшiмбаевтың  өзi  қазақтың ұлттық һәм мемлекеттiк мүддесiн қорғаушы нағыз патриот ұлтшылдарының басты  қарсыласы екенi белгiлi.  

Рамазан Стамғазиев – өнер өлкесiндегi ұстаздары Жәнiбек Кәрменов пен Қайрат Байбосыновтың ерекше сенген үмiтiн ақтаған шәкiрт, бүгiнде қалың қазақтың сүйiктi әншiсi. “Қалың қазақ” дейтiнiмiз – Рамазанның әуездi үнiн Қазақстанда ғана емес, шетелдерде тарыдай шашырап жүрген қандас ағайындар да қадiр тұтады. Әсiресе, Қытай мен Моңғолияға өнер сапарымен барғанда Рамазан келiптi деп ақжарма көңiлiн ала жететiн ағайынның ықылас-пейiлi алабөтен. “Моңғолияға барып, екi күн қатарынан концерт өткiздiк.

“Кимэнэ БАбак кимэ кименэ би бек, Те ма камана би бэт тэма таманэ бэт” деп шырқап жүрген   “Қазнет жұлдызы МС Сайлаубек Атырауда концерт бердi. Шымкенттегi мектептердiң бiрiндегi соңғы қоңырау мерекесiнде түлектер МС Сайлаубектiң “өз тiлiндегi әнiне” билеп, флешмоб өткiздi. Итальяндық әншi Сон Паскаль СМ Сайлаубекпен бiрлесе ән шырқады. “Орда” тобы МС Сайлаубектiң әнiн орындады, Талғат Жорабаев та қатарынан қалғысы келмей МС

ТЕГIН ӨТКIЗДI. НЕГЕ?
“Ой, жеңге” әнiмен танымалдығы күрт артқан әншi Серiкбол Сайлаубек Алматы облысының әр өңiрiн аралап, тегiн концерт өткiзiп келдi. Ендi елiмiздiң өзге облыстарын аралап тегiн кеш өткiзбек ниетте. “Алматы облысын аралағанда тек мәдениет үйiнде ғана емес, ашық алаңда да концертiн өткiздi. Серiкбол неге концертiн тегiн өткiздi? Бала күнiнде ауылына концерт өткiзуге келген әншiлердiң кешiне билет сатып алуға ақшасы болмай көре алмапты.
Бiзде қалталы азаматтар да, кәсiпкерлер де аз емес. Ал ендi осыларға “Газетке демеушiлiк көрсетi­ңiз” деп көрiңiзшi, ат-тондарын ала қашады. Өйткенi газет – тек шығын. Одан ешқандай кiрiс кiрмейдi. Ал бiздiң алыпсатарларға ең әуелi пайда қажет. Пайда болғанда да, шұғыл пайда! Ал ендi дәл қазiргiдей заманда республикалық, не болмаса облыстық газет болса бiр сәрi-ау, аудандық газеттiң 49 пайыз акциясын сатып алып (51 пайыз – аудандық әкiмшiлiктiкi), осы аудандық газеттiң жақсаруына,
БIЗДIҢ ЕЛ
Тас-талқан боп кеттi ме тәуелдiлiк?
Ызыңдайды санамда әуен-күдiк.
Мұртымызды сөйлеймiз көкке шаншып,
Атымызды жатыр деп әлем бiлiп.
«МЫНАУ ҒАЗИЗ ДҮНИЕ»
“Мынау ғазиз дүние” – жазушы Есей Же­ңiсұлының үшiншi кiтабы. Бұл кiтапқа Е.Жеңiс­ұлының “Дарабоз” атты балаларға арналған шығармалар бәйгесiнде жүлде ал­ған “Мынау ғазиз дүние” хикаяты мен бiрнеше әңгiмелерi ендi. Әңгiмелер балалардың бүгiнгi қиялын, дүниетанымын аңғартуға деген талпынысымен қызықты. Жаңалыққұмар Қабылтай, ойынпаз Дәуiржан, мақсаткер Мұқан жас оқырмандарды өз әлемiне қарай қызықтыра тартады.
Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) бесiншi маусымының жеңiмпазы – “Астана арландары” клубы! АИБА-ның осы жобасында (WSB) екi рет жеңiске жеткен жалғыз ұжым – “Астана арландары”! Екi дүркiн әлем чемпионы, Лондон жазғы Олимпиадасының жеңiмпазы, Серiк Сәпиев “Астана арландары” клубының бас менеджерлiгiне (бұрынғы бас директорлық мансап) тағайындалғанда сөз берген едi. “Бiз биыл­ғы маусымда жеңiске жетемiз!”.
“БАРЫСҚА” БАС БАПКЕР КЕЛДI
Астаналық “Барыс” хоккей клубының бас бапкерi қызметiне Ерлан Сағымбаев таға­йындалды. Кешеге дейiн “Барысты” баптаған Андрей Назаров санкт-петерборлық СКА клубына бапкерлiкке бекiтiлдi. Сағымбаев өзiн шыңдаған өске­мендiк “Торпедо”, қарағандылық “Автомобилист”, омбылық “Авангард”, новокуз­нецскiлiк “Металлург”, новосiбiрлiк “Сiбiр” клубтарының намысын қорғады, хоккейден елiмiздiң ұлттық құрамасының да жейдесiн кидi.
Қызық екен
Атын бүкiл әлемге әйгiлi еткен мүмкiндiгi шектеулi жандар өмiрде жетiп артылады. Олардың тiршiлiкке деген құлшынысы ерiксiз таңғалдырады. Тағырдың басына түскен ауыртпалығына мойынсұнбай, күресе бiлгендердiң арасында АҚШ-тың 32-президентi Франклин Делано Рузвельт бар. Ф.Рузвельт 1921 жылы полиомиелит ауруымен ауырады. Кеселмен бiрнеше жыл алысады. Ол аурумен арпалыса жүрiп, еңбек ете бередi.