1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16028) 25 маусым, бейсенбі 2015

Қазiргi қазақ билiгiнiң даму деңгейi қоғамнан әлдеқайда ұзап кеткен. Ақорда 2030-ды аттап өтiп, 2050-ге бет алды, ал халық ХIХ ғасырдың орта шенiнде жүр. Бiрi – анда, бiрi – мұнда. Халық пен билiктiң арасына дәнекер болуы тиiс депутаттардың да қарасы көрiнбейдi. Олар “жын қуғандай” құйындатып бара жатқан алдыңғы лектiң жуан ортасында. Бiрақ тым шығандап кетуге болмайтынын, халықсыз күндерi жоқ екенiн шенеунiктер де, депутаттар да бiледi. Сондықтан анда-санда, “естерiне түскенде”, “iштерi пысқанда” артына бұрылып қарайтын әдеттерi бар

Бұдан он жыл бұрын А.Сәрсенбайұлы президент отбасындағы “медиамагнаттарды” қалай әшкереледi?
2004 жылдың 1 қазанында “Деловое обозрение. Республика” газе­тiнде саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының “Бәрiнен бейхабар патша” туралы ертегiге мен сенбеймiн” (“Я не верю в сказки о “несведущем царе”, авторы – Александра Лазоревская) деп аталатын сұхбаты жарияланды. Сұхбатта А.Сәрсенбайұлы президент отбасының мүшелерi Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтiң қалай “медиамагнат” атанғанын,

Қазақстан 19 жылға созылған келiссөзден кейiн ақыры Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiретiн болды. Дүйсенбi күнi Женевада елiмiздiң ДСҰ-ға кiру бойынша келiссөзi ресми түрде аяқталды. Осыған орай Қазақстан президентi Н.Назарбаев халыққа арнайы үндеу жолдап, оны “тарихи оқиға” деп бағалады. Десек те Кедендiк одақтан ұтқаны шамалы отандық бизнес ДСҰ-дан кейiн тiптi тұралап қалуы ғажап емес.

ҚР мәдениет және спорт министрлiгi назарына
Таяуда Құнанбай фильмiнiң тұ­саукесерi өтедi дегендi естiп, Алматыдағы Кино үйiне барып едiк. Еңселi ғимараттың шекесiндегi “CHINA TOWN” деген үлкен жазуға қарап қайда келгенiмiздi түсiнбей қалғандаймыз. Қалдаяқов көшесi жағындағы қапталға осындай атауы бар мейрамхана қоныс тепкен екен. Екi көшенiң қиылысқан тұсына бильярдқа қажеттi асай-мүсей сататын дүкен орналасыпты. Ал екiншi қапталында “Night club” деген жазу менмұндалап тұр. Кино үйi екенiнен хабар беретiн ештеңе бай­қалмайды. Тек кiреберiс маңдайшаға “Кинематографистер одағы” деген жазу iлiнiптi.
ТАЛҒАТ ЕРМЕГИЯЕВТIҢ СЕРIК АХМЕТОВКЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?
“Жас Алаштың” өткен санында “ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының атқарушы директоры Суланбек Баркинхоевтың ұсталғанын жазғанбыз (“ЭКСПО-2017”: тағы да тұтқындау”, №49). Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев ЭКСПО-дан ұрланған ақша туралы айтқанда, Қарағанды облысының бұрынғы әкiмшiлiгiн де сөз еткен. Төраға орынбасарының айтуынша, агенттiк “бюджет ақшасын ұрлаудың басқа да жолдарын анықтаған, Қарағанды облысының бұрынғы әкiмшiлiгiмен келiсiп, 2 миллиард теңгеден астам қаржы ұрлаған”.
Өзбекстан телеарналары дабыл қақты. Соңғы күндерi әйелдердi “интим-жиһадтан” абай болуға шақырған бiрнеше арнайы материал көрсетiлген. Және бұл дүниелер Өзбекстанның Ұлттық телерадиокомпаниясына қарайтын үш бiрдей телеарна арқылы көрерменге ұсынылған. “Азаттық” радиосының Өзбек қыз­метi таратқан мәлiметтерге қарағанда, “Узбекистон”, “Ешлар” және “Тошкент” арналарынан берiлген материалда Сирияға кеткен әйелдердiң негiзiнен “Ислам мемлекетiнiң” содырларына сексуал­дық қызмет көрсету үшiн жолға шыққаны айтылған.
2014 жылдың ақпанында Ресейге қашып кеткен Украинаның бұрынғы президентi Виктор Янукович «Би-Би-Си»-ге сұхбат бердi. Бұл – оның Ресейдi паналағаннан берi шетелдiк журналистермен алғаш рет тiлдесуi. Сұхбат Украина жоғарғы радасының Януковичтi бұрынғы президент атағынан айыру жөнiндегi заңның күшiне енуiмен тұспа-тұс келдi. В.Януковичке Украинада Май­­дандағы халықты жаппай қыруға қатысы бар деген айып тағылған.
Газетiмiздiң осы жылғы 44 нөмiрiнде “Мұғалiм – мемлекеттiң құлы емес” деген тақырыппен материал жарияланған едi. Осы мақалада көтерiлген мәселелер негiзiнде Бiлiм және ғылым министрiне арнайы үндеу дайындалып, Фейсбук желiсiнде қол жинау науқаны да жүрiп жатыр. Мақалада айтылған мәселелерге байланысты редакциямызға хабарласып, пiкiр бiлдiрiп, ұсыныс айтқан оқырман көп. Солардың бiразын назарларыңызға ұсынуды жөн санадық. Мақалада айтылған мәселеге қатысты сiз не дейсiз, қадiрлi оқырман? Пiкiр бiлдiрiп, хат жазыңыз, хабарласыңыз.

Бiр күнi Нұх пайғамбар жолдан өтiп бара жатып бiр әйелдiң жылап отырғанын көрiп қалады. Ол әйелден: “Неге жылап отырсың?” деп сұрайды. Әйел: “Менiң балам қайтыс болды. Жасы 300-ге толмаған болатын, тым жас кеттi” дейдi. Сонда Нұх пайғамбар әйелдi жұбатқан болып: “Бiзден кейiн адамдар өмiрге келедi. Олардың өмiрлерi жүз жылға жетер-жетпес болады” дейдi. Мұны естiген әйел көз жасын сүртiп:

Мектеп мұғалiмi мен оқушының оқу үдерiсiнде пайдаланатын ең негiзгi құралы оқулық екенi белгiлi. Осыны ойлаған ғалымдар орта мектептiң геометрия оқулықтарын жазуды елiмiздiң тәуелсiздiк алуымен iзбе-iз қолға алып, олардың алғашқысын қолданысқа бергенiне ширек ғасырға жуықтады. Оның үстiне, Кеңес одағының кезiнде бiр сыныптағы оқушыларды бiр оқулықпен оқытып жүрсек, өз еркiмiз өзiмiзге тиген соң, қазiр әрбiр сыныпты 3-4 түрлi оқулықпен оқытуға қол жеткiздiк (оның артықшылығы мен кемшiлiгi өз алдына әңгiме ететiн нәрсе).

Бүгiнгi мектеп ұстаздарының денi – әйел қауымы. Осыған сәйкес ұлдардың еркекке тән мiнезi шала дамиды. Өз басым ағайларыма елiктеп, қатарға қосылғанмын. Қазiргi отбасында да көбiне-көп әйел билiгi үстемдiк ететiнi де өтiрiк емес. Ал ажырасқан жағдайда да заң балаларды анасына бередi. Мұндай мәселе бала тәрбиесiне әсер етпей қоймайды. Және ер балалардың тәрбиесiне үйде де, мектепте де ер-азаматтардың араласуы мардымсыз болғандықтан қыз мiнездi, ұялшақ, ашылып әңгiме, жапырып жұмыс iстей алмайтын ынжық балалардың көбейiп келе жатқаны байқалады.

Оқырман шығармашылығынан
Қара халық, қара бала
Тағдырдан сан сынақ көрдi.
Құлағы жоқ заманаға,
Қойылмайды-ау сұрақ белгi.
Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы “Тәуелсiздiк-2” көшесiндегi тұрғын үйлердi, есiгiнiң алдындағы жолға дейiн аудан әкiмi “жеке шаруашылық” мақсатында жеке тұлғаға сатып жiбердi. Бұл қазiр бiтпейтiн дауға айналды. Тұрғындардың қолындағы аудан әкiмiнiң шешiмiне сәйкес, заңды жер актiлерiне қарамастан Қ.Қошановтың жер телiмiнiң жартысы, Н.Омаровтың жер телiмiнiң бiр бөлiгi және “Тәуелсiздiк-2” көшесiнiң бiршама бөлiгi 22.07.2008 жылы Байғазиев Жақшылық Жеңiсов деген адамға (қырғызға) сатылған. Сол жерде қатар тұрған 3 жер телiмiн 1 ай iшiнде 3 түрлi мақсатқа және бiр жердi екi адамның атына сатқан.
ЖУРНАЛИСТЕР КҮНIМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қаз ҰУ-дың журналистика факультетiнiң бiр топ ұстаздары, атап айтқанда, факультет деканы, белгiлi ғалым, белсендi публицист Сағатбек Медеубекұлы, филология ғылымдарының кандидаттары Әмiр Молдабеков, Шәрипа Нұржанова, оқытушы Нұрлайын Данаева “Жас Алаш” газетiнiң редакциясына арнайы келiп, әрiптестерiн журналистер күнiмен құттықтады. С.Медеубекұлы қоғам қайраткерi, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлына құттықтау хат пен арнайы альбом табыс еттi.
Шiлде айы туа елiмiздiң төрт футбол клубы еурокубоктық ойын­дарын бастайды. УЕФА Чемпиондар лигасының iрiктеу кезеңiне қатысатын былтырғы ел чемпионы “Астана” алғашқы айқасын қай елдiң тегеурiндi клубына қарсы өткiзедi? Еуропа лигасының iрiктеу кезеңiндегi ойындарын бастайтын “Ақтөбе”, шымкенттiк “Ордабасы” алматылық “Қайратқа” қандай клубтар тап келдi? Еурокубоктық ойындардағы қарсыласымыздың қа­рымы қаншалықты екенiн оқырмандарға аз-кем айта кеткендi жөн көрдiк.
«КЕЛСЕҢ, КЕЛ БАТЫР!»
WBA (Super), IBO һәм WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин ESPN-ге сұхбат берiп бүй дедi. “Америкалық Оскар Де Ла Хойя маған қарсы айқасқа түсемiн десе, мен әрқашан әзiрмiн. Тiптi мұны кейiнге ысырмай өткiзiп жiберсек те болады”. Оскар Хойя 2008 жылдың желтоқсанынан берi рингке шыққан емес. Кәсiпқой бокста 45 жекпе-жек өткiзiп, 39 айқасында жеңiске жеткен Оскар алты жекпе-жегiнде жеңiлген. Осы күнде ол Golden Boy промоу­терлiк компаниясын басқарады.

Шағын футболдан жыл сайын қазақ спорты журналистикасының атасы Сейдахмет Бердiқұловтың  атындағы жарысты қаламгерлер асыға күтедi. Өйткенi БАҚ өкiлдерi үшiн жарыстың мәнi зор. Тек қана баспасөз мәжiлiстерiнде кездесiп қалатын журналистер қауымына бiр-бiрiмен шер тарқаса әңгiмелесiп, думан құрып тарқайтын БАҚ арасындағы жарыстардың орны ерекше екенiн айпаса да белгiлi. Кезiнде  белгiлi спорт журналисi Арыстан  Сарин мен “Қазақстан Заман” газетiнiң жүлдесiне арналған жарыстар өтiп тұрушы едi. Өкiнiшке қарай, белгiсiз себептермен ол турнирлердiң өмiрi ұзаққа бармады.

Мекке мешiттерiнiң бiрiн­де ақшам намазы уақытында мұсылмандармен бiрге ауызашар уақытын күткен мысық барша жұрттың таңданысын тудырды.  Мешiтте жайылған дастарқан басында алдындағы тамаққа тиiспей, мұсылмандармен бiрге ауызашар уа­қытын күтiп отырған мысық жайлы фото әлеуметтiк желi қолданушылары арасында қызу талқыға түсiп, қаралым саны шарықтап кеткен.