1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16029) 30 маусым, сейсенбі 2015
Масалар да қызық негiзi, басқа жер таппай қалғандай тас қалаға әуес. Көлшiк-көлшiктiң маңы мен қамыс-қамыстың арасында жүре бермей Астанада несi бар екен десеңiзшi. Әлде қазақ басшысы әйдiк қаланы масаның ордасына апарып салған ба? Күйiнгендiкi шығар, кейде қауашағыңа осындай да ой келедi. Бiрақ оған бола бас қатырудың қажетi шамалы. Өйткенi салынар қала салынды. Шыбын-шiркейдiң ызыңына да құлақ үйренген. Әрi-берiден соң, қазақтың қанын кiм сормай жатыр, масалар да сорсын! Маса шағып, майып болған адамды көргемiз жоқ. Қайта бұлар кедей-кепшiк пен әлсiздердi ғана қанайтын бүгiнгi билiктен әлдеқайда әдiлеттi.
Маусымның 26-сы күнi ресейлiк Lenta.ru сайтында “Еуразиялық үштiктiң” бiрi – миллиардер Патох Шодиев туралы “Патох Всемогущий” деп аталатын көлемдi мақала жарияланды. Патох Шодиев бiзге де бөтен емес.    Ол – қазақтың Құдай берген байлығын теспей сорған “үштiктiң” бiрi, Қазақстан прези­дентi Нұрсұлтан Назарбаевтың, ҰҚК төрағасы Нұртай Әбiқаевтың, елдегi саяси элитаның “мен” дегендерiнiң көпшiлiгi мұны дос санайды. Осыны ескерiп, “пай­ғамбар” Патохтың кiм екенi қазақ қоғамына да қызық болар деген оймен ресейлiк сайт жариялаған мақаланы аударып басуды жөн көрдiк.
Австрия астанасында “Нұрбанк” iсi бойынша өтiп жатқан сотта айыпталушылар Вадим Кошляк пен Әлнұр Мұсаев бұрынғыша өздерiн қорғап қалу үшiн қолдан келгенiн жасап әлек. Олардың мұнысы тегеурiндi қорғанысқа көшуден гөрi суға кетер алдында талды қармап қалу әрекетiн елестедi. Мәселен, өткен соттардың бiрiнде В.Кошляктың адвокаты Вальтер Энглер Рахат Әлиев тастап кеттi делiнген “құпия жәшiктi” ашуды сұрады.
Қазақстандықтардың зейнет жасында алаңсыз өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн заң жобасын мәжiлiсшiлер бiрiншi оқылымда-ақ қабылдап жiбердi. Жаңа заңға сәйкес ендi үш жылдан кейiн жұмыс берушiлер зейнетақы қорына жұмысшылары үшiн бес пайыз қосымша ақы аударуға мiндеттi. Осы жылғы маусымның 24-i күнi қабылданған бұл жаңа заң мемлекет тұрғындарының зей­неткерлiкке шыққан соң еш уа­йым-қайғысыз, жоқ-жiтiксiз күн кешуiн қамтамасыз ететiн көрiнедi. Бұған дейiн жалақыңыздың он пайызы мiндеттелген зейнетақы қорына аударылып келдi.

Қазақстан Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүшелiкке қабылданар тұста Кедендiк одақтың қажетi не деген сұрақ қылтиды. Кедендiк одаққа кiрерде “170 миллион халықтан тұратын нарық бiзге есiгiн айқара ашады” деген ұрандар көтерiлдi. Бiрақ желтоқсан айынан бастап 160 елмен жеңiлдетiлген режимде еркiн сауда аймағы құрылмақ. Десек те, Еуразиялық экономикалық одақ пен ДСҰ арасындағы қарама-қайшылықтарды реттейтiн келiсiм бар болып шықты.

Алматылық полицейлер заңсыз адам тасымалдаушы жүргiзушiлерге ендiгi жерде айыппұл салады. Айыппұл көлемi де аз сома емес, 15АЕК, яғни – 29730 теңге. Бiрiншi рет таксист ретiнде қолға түскен жүргiзушiлерге ескерту жасалады. Ал келесi жолы айыппұл төлеуге мiндеттеледi. Талапқа сай көлiгiнде жолақ сызығы жоқ, “Т” белгiсi орнатылмаған және тарифтiк есептегiш құралы жоқ көлiктер адам тасымалдаумен айналысқан жүргiзушiге тәртiп бақылаушылары айыппұлдың астында қалатынын ескертуде.

Республикада халқының саны ең көп облыс әрi елдiмекендерi тығыз орналасқан Оңтүстiк Қазақстан облысының бюджетi биыл былтырғымен салыстыр­ғанда 6 миллиард теңгеге кемiдi. Соңғы жылдары тек өсiммен, жылдан-жылға ұлғаюмен келе жатқан қазына қаржысының азаюы қаржы дағдарысымен қаншалықты байланысты, бұл әлеуметтiк салаға қаншалықты әсер етедi? Бiз осы жөнiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Ербол Садырмен сұхбаттасқан едiк. 

Нұрсұлтан Назарбаев Италия премьер-министрi Маттео Ренцимен бiрге лифтiде қамалып қалды. Оқыс жағдай 27 маусым күнi болған. Италиялық La Stampa басылымының хабарлауынша, қос саясаткер екi ортада “салбырап қалған” лифтiнiң iшiнде бiрнеше минут бойы тұрған. Қазақ басшысының бұл жолғы сапары қауырт жұмыстармен өтiп жатыр. Мәселен, “қамалардың” алдында Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кезде­сiп, ЭКСПО-2017 көрмесiнiң жай-жапсарын талқылады.

“Ұлағатты жанұя” қоғамдық қорына бiрнеше мектеп бiтiрушiнiң ата-анасы шағым түсiрдi. Бұл туралы “Информбюро” редакциясы хабарлап, күмәндi фотосуреттер ретiн жариялады. Биылғы ҰБТ тапсыру барысында көптеген заңсыздыққа жол берiлгенiн айғақтайтын суреттер мен ата-аналардан ақша жиналғаны туралы мәлiметтер де бар екен.

ОРЫСТIЛДI БАСЫЛЫМДАР АРАНДАТУДЫ ҚАШАН ҚОЯДЫ?
Ақпарат қызметкерле­рiнiң жуырда өткен мерекесi қарсаңында Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаев жылдағы дәстүр бойынша журналистер­дiң басын қосты. Бұл жолғы бiр өзге­ше­лiк – аймақ басшысы қаламгерлердi құттықтаудан бұрын елге белгiлi шулы оқиға жөнiнде сөз еттi.  – Сiздер сұрақ қоймай тұрып-ақ, өзiм айтайын, тергеу жүрiп жатыр. Өзiм лауазымды тұлға әрi жәбiрле­нушi болып есептелген соң, кейiнгi кезде болған жағдайлар туралы сот шешiмi шықпай, ешқандай мәлiмет беруге мүмкiншiлiгiм жоқ.

Аса дарынды һәм бiлiмдар жазушымыз Жәлел Кеттебектiң өмiрден өткенiне де сегiз жылға жуықтап қалыпты. Төмендегi әңгiме – Жәлел Кеттебектiң өмiрiнiң соңғы күндерi жазған әңгiмелерiнiң бiрi. Әзiрге еш жерде жарияланған жоқ. Бiз осы әңгiменi, жазушының қазiргi күнгi қазақ қоғамының былғанып, берекесiзденiп, күйреп бара жатқанын бүкпесiз бейнелеген әңгiмесiн өз оқырмандарымызға ұсынғанды орынды көрдiк.

Боямасыз өмiр
Шырт ұйқыда жатыр екен, есiк қоңырауының безек қаққанынан оянды. Ұйқылы-ояу есiкке беттедi. Үй iшi тас­тай қараңғы. Әдетте көше шамының сәулесi бұлардың жатын бөлмесiне түсiп, бөлменiң iшiн жап-жарық қылып тұрушы едi. Ал бүгiн... Ол екi-үш аттап есiкке жеттi. “Бұл кiм?”. Тым-тырыс. Өңi, не түсi екенiн айыра алмаған Бәтима бiр есiнеп алып бөлмесiне қарай беттемекшi едi, есiктегi кiлт шоғыры сың­ғырлағандай болды.
Елiмiздiң әр аймағынан жиналған фототiлшiлер Тараз төрiнде бас қосып, “Қазақ хандығына 550 жыл” атты фотоэкспедиция ұйымдастырды. “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiр­лестiгi мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетi мұрындық бол­ған бұл iс-шара “Нұр Отан” партиясы ғимаратында, баспасөз мәслихатынан соң “Ақыртас” кешенiне жол бастады. “Ақыртас” тарихи кешенi VIII-IX ғасырға жататын iрi бек сарайының аяқталмай қалған iргетасы екен. Фотожурналис­тер тарихымен танысып алған соң кешендi әр қырынан суретке түсiруге кiрiстi.

“Фотоөнер” ҚБ-нiң Астана бөлiмшесi бойынша жетекшiсi Омаров Ерлан Серiкбайұлы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi журналистика және саясаттану факульте­тiнде “ фотожурналистика жанрлары және олардың “Егемен Қазақстан” газе­тiн­дегi берiлу ерекшелiк­терi” тақырыбы бойынша ма­гистрлiк диссертациясын 100 балмен қорғады.

Бұл құжатқа әрбiр кәсiби фотограф қол жеткiзе алады. Әрi бұл төлқұжат көптеген мүмкiндiктерге жол ашады.Мәселен, сiзде осы төлқұжат бар болса, әдетте кiруге шектеу қойылған, рұқсат етiле бермейтiн орындардың өзiнде сурет тарта аласыз. Мысалы, Америкадағы батыс әскери академиясына фотосуретшiлердiң кiруiне рұқсат етiлмейдi, бiрақ қолыңызда осы төлқұжат болса, емiн-еркiн кiрiп, сурет түсiруге болады.
Сазгер Н.Тiлендиевтi қарсы алу. Киноартист Ә.Өмiрзақова. Жазушылар О.Бөкей мен Ш.Мұртаза. Киноартистер Қ.Тастанбеков пен М.Өтекешова. Драматург-сыншы Асқар Сүлейменов. Драматург ҚалтайМұхамеджанов. Ақын Т.Молдағалиев пен сазгер Ә.Бейсеуов.

Алла сәтiн салса, биыл “Қазақстан барысы” республикалық турнирi бесiншi мәрте өткiзiлмек. Қазақ күресiн насихаттаудың төте жолында қай балуанның бағы жанбақ? Айтпағымыз, республикалық турнирдiң – жүлдесi қомақты жарыстың әдiл өтуiне баса назар аударсақ деген мақсаттан туындайды. Рас, бұған дейiн де төрт мәрте ұйымдастырылған доданың көрiгi қызған жоқ деп айтсақ, абырой арқаламасымыз анық. Төрт жылда төрт “Қазақстан барысы” жарқ етiп шықты.

ТИМОЩУК КЕЛЕДI
Бiр аяғы зейнеткерлiктiң үзеңгiсiнде тұрған украиналық футболшы Александр Тимощук алматылық “Қайраттың” намысын қорғауы мүмкiн. 36 жастағы футболшының санкт-петерборлық “Зенит” клубымен жасасқан екi жылдық келiсiмшарты бүгiн, 30 маусымда аяқталады. Жасамыстығын жақтырмады ма, петерборлық клубтың басшылығы бiзде қал деп өтiнбептi.