1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (16032) 9 шілде, бейсенбі 2015
13 шiлдеден бастап жол жүру ережелерiне байланысты бiрқатар ескi-жаңа өзгертулер енгiзiледi. Ескi-жаңа деп отырғанымыз, осыған дейiн бекiтiлген ережелерге былтыр елiмiздегi бас бiлгiштер өзгертулер мен толықтырулар енгiзiп, биыл ережелердi қайтадан бастап­қы қалпына келтiрмек. Былтыр сәуiр айында жол жүру ережеле­рiне қисынға келетiнi бар, мүлде келмейтiнi бар толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлгенi есте. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық баптарының қаптап көбейгенi сондай, кейбiр жүргiзушiлер көлiктерiн тастай салып, басы ауған жаққа безiп кетуге шақ қалды.

Шiлденiң 6-сы күнi Астанада өткен шат-шадыман отырыстың “беташарын” көрмей тек дыбысын ғана естiсеңiз, төрт жасар қыздың туған күнi екен деп ойлап қалуыңыз әбден мүмкiн едi. Осыны сезген-ау шамасы, әлдебiреу тойдың ең әдемi жерiн таспаға басып, ғаламторға салып жiберiптi. 15 минуттық бейнебаянға үңiлгендер күлкiден жарылды. Расында, 75-ке толған қарияның мерейтойына еш ұқсамайды. Балалар аса жақсы көретiн “Хәпи вөздей тү ю” әнiнiң “сүйемелдеуi­мен” Нұрекең “Нұрлы жол” бульвары бейнесiндегi тортты кесiп жатыр.

Жексенбi күнi Грекияда өткен референдумнан соң Еуроаймаққа кiретiн мемлекет басшылары, Еуропа орталық банкi мен Халықаралық валюта қоры қандай шешiм қабылдарын бiлмей дал. Референдумда дауыс берушiлердiң 61,31 пайызы кредиторлардың ұсынған қатаң үнемдеу саясатынан бас тартамыз дедi. Дегенмен қарызға белшеден батқан елдiң Еуроаймақтан шыққысы жоқ. Еуроаймаққа кiретiн елдер Афиныға бейсенбiге дейiн мұрсат бердi. Бүгiн Грекия кредиторларына өз ұсынысын айтуға тиiс. Ал жексенбi күнi Еуро­одаққа кiретiн елдердiң бас­шылары Брюссельде өтетiн саммитте ақырғы шешiм қабылдайды.
ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРIНIҢ ҚАЛЫ НЕШIК?
Биылғы жылдың көктемiн­де үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өттi. Сонда президент Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық дағдарыс кезiнде бәрiн үнемдеу керек дедi. Сотталғандарға мемлекет қазынасынан қыруар қаржы бөлiнедi. “Қоя-қоя жесең қой қалады, тарта-тарта жесең тай қалады”, қамақтағылардың ас-суына, киiм-кешегiне, тағы басқасына жұмсайтын қомақты қаржыны үнемдеуге, қайта қарастыруға болады. Түрмеде отыр де­ме­сеңiз, бiздiң де үнемдеуге қосар үлесiмiз бар.
Елiмiздiң бiлiм саласы айтса таусылмайтын былықтың, дау-дамайдың ордасына айналғалы қай заман. Басшысы көп ауысатын да осы – Бiлiм және ғылым министрлiгi. Екi жыл бұрын Б.Жұмағұловтың орнына Аслан Сәрiнжiпов жайғасқанда, жұртшылықтың үмiт оты жылт еткендей болған. Әрi жас, әрi шетел көрген Асланның бiлiм саласын былықтан тазартып, бюрократияға тегеурiндi тоқтау салар деп күткендер де аз емес. Өкiнiшке қарай, бiлiм министрiнiң таяуда “DALANEWS.KZ” сайтына берген сұхбатын оқығандар бас ұстазға қатысты осыған дейiн қалыптасқан ой-пiкiрiнен айнып қалғаны сөзсiз. Сонымен тiлшiмен әңгiмесiнде министр не айтты?
400 МИЛЛИОН ЕУРОҒА КЕҢЕС БЕРУ КIМГЕ ҰНАМАСЫН...
Венада “Нұрбанк” iсi бойынша сот басталғалы берi жәбiр­ленушiлердiң мүддесiн қорғайтын “Лански, ганцгер және серiк­тестер” адвокаттық кеңсесiнiң негiзiн салушы Габриэль Лан­скидiң есiмi көп аталатын болды. Аталғанда да Ақордаға жұмыс iстеп, Еуропада Рахат Әлиевке қарсы қудалауды ұйымдастыр­ғандардың бiрi ретiнде ауызға алынады. Әсiресе, Германияның “Шпигель” журналына шыққан мақалада Ақордаға Еуропадағы ықпалды саясаткерлердi лоббист ретiнде жалдауға ара ағайындық жасаған Лански делiнедi. Осыған орай австриялық “Kurier” газетiне Г.Ланскидiң берген сұхбатын forbes.kz орыс тiлiне аударып берiптi. Бiз осы сұхбатты ықшамдап оқырман назарына ұсынуды жөн көрдiк.
“Ақорданың бұлбұлы” атанған Е.Ертiсбаевтың үнi бұл жолы алыстан талып естiлдi. Өйтетiн де жөнi бар. Президент оны Грузияға елшi қылып жiбергелi берi қазақ баспасөзi Ертiсбаев дейтiн бiреудiң бар екенiн мүлде ұмытып кеткендей көрiнген. Соған шамданып, шаң берiп қойғанды қалады ма әлде жата-жата iшi пыс­ты ма, кешегi кеңесшi “Саясат орг” сайтына сұхбат берiп, бiраз iшiн босатыпты.
Оралда туып-өскен, Сирияға “жиһадқа” кеттi делiнген бұрынғы футболшының анасы Азаттыққа бөгде елдегi соғыста жалғыз ұлынан айырылудың қаншалықты қиын екенiн айтып бердi. Оралдағы “Жастар” футбол клубының бұрынғы қорғаушысы, 27 жастағы Талғат Төреев анасы Айнаш Төрееваның айтуынша, 2013 жылы әйелiмен және кiшкентай қызымен Сирияға кеткен. Екi жылдан соң келiнi енесiне WhatsApp мобильдi қосымшасы арқылы Талғат отырған автокөлiктiң авиасоққыдан жарылғанын, оның опат болғанын хабарлаған. Содан берi келiнi байланыс­қа шықпаған.
Кезiнде одаққа де­йiн танылған, еңбегi­мен Ер атанған, ел-жұртқа сүйкiмдi асыл азамат – Жолсейiт Молдасанов 89 жасқа қараған шағында өмiрден өттi. Мал шаруашылығын өркендетуге айрықша үлес қосқан ата кәсiп иесi атақ-даңқтан кенде болмады. Бiрақ оған асып-тасымады, қарапайымдылығымен, кiсiлiгiмен, мәрттiгiмен де халқының құрметiне бөлендi.
Мемлекет үкiметтiк емес ұйымдардың бастарын бiрiк­тiрiп, жұмыстарын жетiлдi­руге көбiрек көңiл бөле бастады. Қазынадан қомақты қаржы бөлiнiп,соның арқасында үкiметтiк емес ұйымдар елдiң дамуына өз үлесiн қосып, билiк пен халықтың арасына дәнекерлiк жасап келедi. Маңғыстау облысында 30-дан астам үкiметтiк емес ұйым жұмыс iстейтiн болса, сол ұйымдардың бiрi әрi бiрегейi – Маңғыстау ауданындағы “Шаңырақ” қоғамдық қоры десек, артық айтқандық емес.
Бүгiн Алматы – Қапшағай жолымен жүрдiм. Жолды жаңартып жатыр. Бұл – көптен күткен шара. Дұрыс. Кейбiр бөлiгiн бiтiрiп, жаңа жол көрсеткiштерiн де орнатыпты. Бiрақ мынау не деген сұмдық?! Өскемен ресми түрде Өскемен болған жоқ па едi? Неге Өскемендi қазақша “Өскемен” деп, ал ағылшынша “Ust – kamenogorsk” деп жазып қойған? Адам аты, жер атаулары аударылмайды ғой? Тек сәйкес қарiпте транскрипциясын жазуға болады. Ономастика қайда қарап отыр? Жергiлiктi әкiмсымақтар не бiтiрiп отыр?

Жақында анаммен бiрге Ташкент шаһарына бардым. Ондағы темiрдей қатаң тәр­тiптi, сақтық пен сергектiктi көрiп, үлкен ойға берiлдiм. Өзбекстанға өтерде бiрiншi Қазақстан бекетiнен қолымыздағы үлкен төлқұжатты көр­сеттiк те оңай ғана өте шықтық. Ал Өзбекстан кеден бе­кетiнде екi сағат тұрып, әрең өттiк. Өзбекстан кеденшiлерi Қазақстанның да, Өзбекстанның да азаматтарын сүзгiден өткiзгендей мұқият тексерiп өткiзедi екен. Заң ереже­лерiнде көрсетiлгендей тыйым салынған заттар өткiзiлмейдi. Кеденнен өткен соң Ташкент шаһарына тарттық. Ташкентке жеткен соң, метроға ауыстық.

Бүкiл жер бетiндегi барлық iшектi аспаптардың атасы – қазақтың қара домбырасы. Себебi, қазақтан өзге ешбiр елде күй тартылмайды. Домбыра мен күй – қазақтың төлмұрасы. Сол үшiн де өткен жылы Қазақтың Қара домбырасы мен Киiз үйi адамзаттың ең ұлы он жәдiгерiнiң бiрегейi ретiнде ЮНЕСКО тiзiмiне ендi. Осы домбыра мен күй Шыңғыс ханның тегiнiң қазақ екенiне толықтай куәлiк ете алады. Қазақтың бұрынғы аңыз-жырларының барлығы дерлiк Шыңғыс хан бабамызға, немесе оның ұрпақтарына байланысты ше­жiреленедi. Солардың бiрегейi – Кетбұғаның “Ақсақ құлан” күйiнiң аңызы.
“Адал жолмен келмеген дүниенiң керегi қанша?” – дейдi құдайы көршiмiз, 80 жастан асқан Жұмабек Бөкенбаев аға. Ол өткен қоғамның есепшiсi, бүгiнгi қоғамның есепшiлерiне Жұмабек ағаны түсiну қиын. Оның жоғары бiлiмi жоқ, бiрақ 50 жылға жуық Ақтөбе облысындағы Мәскеуге бағынышты үлкен-үлкен трестер мен мұнай кәсiпшiлiгi меке­ме­лерiнде есепшi, бас есепшi болып қызмет атқарған. Жұмабек ағамыз бен Қалима жеңгей үнемi өздерiнiң 8 баладан өскен немере-жиен­дерiнiң қамымен жүредi. Бiрiн балабақшаға, бiрiн мектепке, бiрiн үйiр­мелерге жетелеп, әйтеуiр, тыным таппайды.
Шынында да, бiз осы жеке, тәуелсiз мемлекет емес, Ресейдiң бiр губерниясына айналып кеткен жоқпыз ба? Орысқолды, орысқұл, орыспиғылды (пророссийские) азаматтарымыз күн санап көбейiп, өсiп, өршiп келедi. Күн санап емес-ау, сағат санап, секунд санап... Саясатымыз онсыз да былғанып бiттi ғой, ал ендi орыспиғылдылық рухани саламызды жаппай жаулап, дендеп, дөңгелетiп әкетiп барады. Қайда дөңгелетiп, домалатып алып барады? Ешкiм бiлмейдi... Бiр ғана мысал келтiрейiн. Ресейде “Литературная газета” деп аталатын әдеби газет бар.
Қазақта Абайдан өткен ұлы да, Абайдан өткен ғұлама да, Абайдан өткен дана да, одан өткен ғалым да, ақын да жоқ. Бұрын да, қазiр де. Абай менiң пiрiм, Абай менiң бiрiм! Бұл менiң жеке пiкiрiм емес. Дүниеден өтiп кеткен небiр ұлыларымыз, қазақ зиялылары Абай десе iшкен асын жерге қойған. Ауыздарының суы құрып айтып, таңданысын жасырмай кеткен. Зейнет демалысына шыққаннан соң Дiнмұхамет Ахметұлы Қонаев бiр сұхбатында: “Қазiр Абайды қайта оқып жатырмын. Артында өлмейтiн мұра қалдырған неткен дана едi?! Қанша оқысаң да ойдың шым тереңiне тартып отырады”, – дейдi.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай “Қазақ елi” деп аталатын 10 бөлiмдi (әр бөлiм 50 минуттан) кино түсiрiледi деп естiгенбiз. Жақында ғана “Алматы” телеарнасынан көрдiк, бұл киноға қаражат аз бөлiнiптi. Сондықтан мамандар бар ақшаны там-тұмдап жеткiзу үшiн әскери костюмдердiң санын едәуiр қысқартыпты. Мәселен, 23 түрлi үлгiдегi костюмнен қазiр ең қажеттi деген 11-iн ғана қалдырған. Жақын күндерi бұл киiм үлгiлерi Қытайға жөнелтiлiп, ол жақтан тапсырыс бойынша тарихи киiмдер тiгiлмек. Оның өзi тек 70 күннен соң дайын болмақ.

Қарағанды облысы әкiмi мен облыстық мәслихат депутаттарының назарына
Адамзаттың материал­дық және рухани құндылықтарын жасағандардың бәрi де – ноқтаға асау басы сыймаған азат адам, олар: Ньютон мен әл-Фараби, Пушкин мен Абай, Бауыржан Момыш­ұлы мен Қасым Аманжолов және т.б. Қазақ жырын Абайдан кейiн тезге салған адам – Қасым! Мағжанды сол кездегi көзi қарақты, көңiлi ояу замандас-қатарластарынан басқа ешкiм байқамай қалды. Қазақ поэзиясындағы Абай, Қасым мектебi ХIХ–ХХ ғасырлардағы қазақ жырын осы күнгi адамзаттық деңгейден де
Бүгiнгi сатира
Кабинетiмде керiле берiп, есiней бергенмiн, хатшы қыз қуырдақ жегендей құлдыраңдап кiрiп келiп:
– Шалқайбек Шiренгенович, сiзге бiр апай келiп тұр, – дедi.
– Қандай апай? – деп сұрадым мен. Шынымды айтсам, кiсi қабылдай беруден жалықтым.
– Ары-ық апай. Ну, жасы примерно жетпiстерде... Сiздiң класс жетекшiңiз болғанмын дейдi...
– Кiрсiн...
Мен бiреуге гүл сыйлағанды ұнатпаушы едiм. Бозбала шақта ғашық болған үйдегi әйелiме алғашқы кездесуде бiр-ақ рет гүл берiппiн. Иә, сонан соң сәбилi болған жұбайыма перзентханаға барған сайын құрмет ретiнде гүл сыйлаған екем. Әйелiм босанған палатаға сырттай көз тастап, терезеге телмiрiп “Мейiрбикеден саған берiп жiберген гүлiмдi алдың ба?” деп сұрайтынмын. Жұ­байым болса, “Гүлiңдi әкеп бiр көрсеттi де, бөлмеден алып кеттi. Гүлдi келесi жолы перзентханадан шығарарда бiр-ақ әкелшi” дейтiн. Ал мына оқиға... басымнан өткен жайт едi.
Бүкiләлемдiк жазғы универсиададан арнаулы тiлшiмiз Несiп Жүнiсбайұлы хабарлайды
Әлемдiк спорт жарыстарына барғанда қызықты бiр оқиға болса, соңына түсiп, анық-қанығына көз жеткiзгенше тоқтамайтын әдетiм бар. Кореяның Кванжу қаласында өтiп жатқан Бүкiләлемдiк универсиадада да тура солай болды. Моңғолдың аса  ауыр салмақтағы  дзюдошысы кимано сыймай күреспей жеңiлiптi дегендi естiп бiлген соң соны жатпай-тұрмай iздеуге көштiм. Таптым да!  Алып десе алып екен!
ЖҮЛДЕГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Универсиадаға келген Қазақстан делегациясы штабының кезектi отырысы кешелерi ғана жеңiмпаз, жүлдегер болған спортшыларымызды марапаттаудан басталды. Штаб жетекшiсi республикалық дене тәрбиесi мен спорт ғылыми орталығының өкiлi Бауыржан Рамазанов универсиада чемпионы Д.Баландинге, қола жүлдегер атанған Ж.Қашқынға және 5-6-орындарды бөлiскен Е.Ерғалиевке ұйымдастыру ко­митетiнiң арнаулы дипломын табыс еттi. Биылдан бастап универсиада чемпиондары мен жүлдегерлерi қомақты ақшалай да сыйақы алатын болады.
Бүгiн алматылық “Қайрат” Еуропа лигасының iрiктеу раундының қарымта матчын өткiзедi. Орталық стадионда сербиялық “Црвена Звезда” клубын қабылдайтын Владимир Вайсстың шәкiрттерi барын салса, алғашқы белестен асуға мүмкiндiк молынан туып тұр. 2 шiлдеде Белградта өткен ойын­да “Қайрат” “Црвена Звезданы” 2:0 есебiмен ұтып, “жуасытып” қойған-ды. Сол матчта алматылық клуб ойыншыларының қанжығасына гол молырақ байланатын едi. Сәт сайын сәтсiздiк тұсау бола бердi. Дегенмен де 45-минутта Қуат Исламбектiң басымен