1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (16033) 14 шілде, сейсенбі 2015
Қайда қарасаңыз да, айналадағы жағымсыз жаңалықтардан көз сүрiнедi: iшiп қою, жеп қою, тонап кету, атып кету, пәленбай миллион долларды қалтаға басып шетел асып кету, түгенбай миллион парамен ұсталып қалу және т.б. т.с.с. Ғалымдардың айтуына сенсек, осындай жағымсыз жаңалықтарды ести-ести iшқұсалыққа ұрынған адамдар да бар екен арамызда. Ал бұл жолғы жаңалық... Шын мәнiнде, Дәуiт пайғамбардың шамдалының жарығы түскендей сәуле­лi, жағымды жаңалық. Ендi осы жаңалықпен танысалық. 25 жастағы Асхат Мырзабаев
МҰСАЕВ ПЕН КОШЛЯК БОСАТЫЛДЫ. «БАНКИРЛЕРДI ӨЛТIРГЕН КIМ?» ДЕГЕН СҰРАҚ ЖАУАПСЫЗ ҚАЛДЫ
Шiлденiң 10-ы күнi Вена соты “Нұрбанкгейт” iсi бойынша айыпталған Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошлякқа қатысты үкiмiн жария еттi. Австрия соты Әлнұр Мұсаевты барлық айып бойынша кiнәсiз деп тапса, В.Кошлякты тек “адам ұрлау” айыбы бойынша кiнәлi деп таныған. В.Кошляк бұл айып бойынша 16 айға кесiлгенiмен, қамауда отырған мерзiмi есепке алынып, сот залында босатылды.

Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауына айналған “Байқоңыр” ғарыш айлағы 6717 шаршы шақырым аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы зымыран ұшырылған. Содан бергi 60 жылда әртүрлi мақсаттағы 1100 ғарыш аппараты және 100-ден астам құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырылып сыналыпты.

Өткен аптада елiмiзге Үндiстанның премьер-министрi Нарендра Моди ресми сапармен келген-дi. Мәртебелi мейманды Ақорда барша сән-салтанатымен қарсы алды. Қазақтың қонақжай дәстүрiне разы болған Модекең елiне аса көтерiңкi көңiл күймен аттанды. Бiрақ оның бiр сөзi Ақорда басшысының “көңiлiне келiп” қал­ған сияқты. Ол не десеңiз, айтайық, Үндiстан үкiмет басшысы әңгiме арасында ойындағысын жасыра алмай қалып: “Қазақстандағы халық Үндiстанның бiр қаласындағы адам санына да жетпейдi екен” деп iшегiн тартқан.
Өткен аптаның соңында, яғни 8 шiлдеде Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кенiшiнде қазақ-қытай жұмысшыларының арасында төбелес болды. Астанада өткен баспасөз брифингiнде премьер-министрдiң орынбасары Бердiбек Сапарбаев бұл төбелеске бас-аяғы 145 адам қатысқанын мәлiмдедi. KazMinerals тау-кен комбинатының жұмысшылары мұндай бұзақылыққа не себептi барды?
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қорғау министрi Т.Дүйсенованың назарына
Үкiмет мiнберiнен жем­қорлыққа қарсы күрес жөнiн­дегi заңды қолдану туралы Мемлекеттiк бағдарламалар қабылданып, оны жүзеге асырудың жолдары талқыланған сайын қарапа­йым халық әдiлдiктен дәмеле­нiп әр күнге сенiммен, үмiт­пен жүретiнi хақ.
Армяндардың таяуда Еревандағы бас көтеруiн бiреулер “екiншi Майдан” десе, ендi бiреулер “түрлi-түстi революцияның тағы бiр түрi” деп тауып, танып отыр. Ал шын мәнiнде, армяндар неге бас көтердi? Бұл бас көтерудi, бiр сөзбен айтқанда, “Ресейге қарсылық” деп айтуға әбден болады. Иә, иә, Ресейге қарсылық. Ресейдiң саяси қысымына қарсылық. Бұған армяндардың Баграмян алаңындағы бас көтеруде айтқан наразылықтары толық куә бола алады.
Вайоминг штатының солтүстiк‑шығысында “Iбiлiс мұнарасы” аталып кеткен құзжартас – әлемдегi құпияға толы мекендердiң бiрi. Құзжартастың биiктiгi – 386 метр. Оның шыңына осы күнге дейiн санаулы адам ғана шыққан. Бар себеп – жартастың пiшiнiнде. Iбiлiс мұнарасы осыдан 65 миллион жыл бұрын жанартау атқылауынан пайда болған делiне­дi. Құзжартастың сыртқы тау жынысы эрозияға ұшыраған да, iшкi қабатымен салыстырғанда иiлгiштiгiнiң әсерiнен тiп‑тiк пiшiнге өзгерген.
Таңғажайып құдiретке ие Әзiрбай Есқұлұлы бақсы туралы Ақтөбе өңiрiнiң азаматы Қапаз Еламанов “Шежi­ре­лi өңiр” жинағында былай деп жазған: “Әзiрбай Есқұл­ұлы (1900-1965) Торғай облысы Ырғыз уезiнiң Тәуiп болысында шаруа отбасында туылған. Өскен ортасы – қазақ ауылы. Қазақша да, орысша да сауат ашу мек­тебiнен өтпеген жан, оған болашақ бақсылық әуре­шiлiгi әсер етсе керек.

Әлi ақыл бiтпеген жасөспiрiм кезiмiзде менiң құрбыларымның бiрi кешкiсiн үйiнде қызық ойын болатынын айтып, қонаққа шақырды. Қызық iздеген бiздер де керегi осы, бiр топ қыз шақырған жерге белгiленген уақытта жетiп бардық. Шай iшiлiп, әңгiме-дүкен айтылып бiткен соң, әлгi құрбым сол ойынның мәнiсiн түсiндiрiп бердi.

ЕҢ АЛЫС ҒАЛАМШАРҒА ЖЕТПЕК
Плутон ғаламшары – Күннен – 6, Жерден 4,75 миллиард шақырым қашықтықта орналасқан. НАСА-ның New Horizons атты ғаламшаралық стансасы жақында ең шағын ғаламшарға жетедi. 15 шiлде күнi New Horizons Плутоннан 12 500 шақырым аумақта ұшып өтедi. Осылайша, НАСА аппараты тұңғыш рет Плутонға жақындамақ. Зонд Плутон орбитасы аумағында бар-жоғы екi сағат аялдайды. Бiрақ осының өзi жетiстiк.
Қарсы мақала
Исатай мен Махамбеттiң хан Жәңгiрдiң шектен шыққан озбырлығына қарсы азаттық күресi тарихы әлi де жан-жақты зерттелмей келе жатыр. Сондықтан да болар, соңғы жылдардағы баспасөз беттерiнде жаңсақтықтар, тiптi Исатайдың өлiмi мен жерленген жерi туралы бұрын жазылып қалған тарихты бұрмалау­шылық алға шықты. Бұрмалаушының бiрi – атыраулық тарихшы, профессор, “исатайтанушы” Амангелдi Шамғонов. Екiншiсi – Жауғашты Жұмағалиев.

Ертiс-Баян өңiрiндегi қалам ұстағандардың аға буын өкiлi Сүлеймен Баязитов ақсақалды бiреу бiлсе, бiреу бiлмес. Былтырғы жылы жетпiс жасқа толған Сүлекеңнiң тырнақалды шығармалары сонау 1963 жылдары Баянауыл аудандық “Жеңiс” газетiне жариялан­ған екен. Сол уақытта совхозда шопанның көмекшiсi болып жүрген бозбала Сү­леймен кейiн әскерге алынып, қайтып келген соң бiржола шығармашылық жолға түседi.

“ТАРИХ-И РАШИДИ” – ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТҮП НЕГIЗI
Алматыдағы Ұлттық кiтапханада Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Мұхаммед Хайдар Дулатидың “Тарих-и рашиди” атты кiтабының тұ­саукесерi өттi. Кiтап ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнiң “Әдебиеттiң әлеумет­тiк маңызды түрлерiн басып шығару” мемле­кеттiк бағдарламасы бойынша жарық көрдi. Кiтапты шығарған – “Қазақпарат”.
АҚШАСЫН ҮНЕМДЕЙМIН ДЕП АУРУХАНАДАН БIР-АҚ ШЫҚТЫ
Шотландтық “Rewind” тобының 19 жастағы ән­шiсi Джеймс Макэльвар Лондоннан Глазгоға ұш­пақшы болады. Әуе компаниясының қызметкер­лерi оған артық жүгi үшiн қосымша 45 стерлинг (11900 теңге) төлеу кере­гiн ескертедi. Бұған жас әншi үзiлдi-кесiлдi қарсы болады. EasyJet әуе компаниясы бұдан шығудың бiр-ақ жолы барын, ол – артық киiмдердi үстiне қабаттап кию ғана қалғанын
МЕРГЕНДЕРГЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕ БҰЙЫРДЫ
Кванжуде өтiп жатқан Бүкiл­дүниежүзiлiк Универсиадада Қазақстан студенттерi тағы екi қола медаль жеңiп алды. Бұл медальдарды стенд атушылар олжалады. Екi медаль да командалық бәсеке нәтиже­сiнде келдi. Әуелi Әсел Орынбаева, Жәния Айдарханова және Ангелина Мищук үштiгi командалық атудың скит түрi­нен үшiншi орын алса, ертеңiне Владимир Почивалов, Александр Ященко және Андрей Фролов бiрiккен команда жүлделi үшiншi сатыға көтерiлдi.
ТАҒЫ БIР ЖОЛДАМА
Бокстан ұлттық құраманың мүшесi, әлем чемпионы Бiржан Жақыпов (49 келi) келесi жылы өтетiн Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамасын иелендi. АИБА-ның АРВ жобасында жазғы Олимпиаданың жолдамасы үшiн жекпе-жекке түскен Жақыпов шешушi сында эквадорлық Карлос Пилатаксидi ұтты. Бұл жобадан бұған дейiн 60 келiде күш сынасып, чемпиондық белбеудi иеленген Берiк Әбдi­рахманов та Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамасын олжалаған-ды.