1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №56 (16034) 16 шілде, бейсенбі 2015
Байқап-байқап мақтанбасақ, бiздi көре алмайтын ел онсызда көп. Баяғыда Нұрекең 2030 стратегиясын түзiп бергенде-ақ талайдың iшiне шоқ түсiп кеткен. Қырық жыл кейiнгiнiң бағдарын сызып, 2050 бағдарламасын жасап шыққанда өзгелер қызғаныштан өртенiп кете жаздады. Бiрақ бiз сырткөз сөйтiп жатыр екен деп, тiзгiндi тартпадық. Керiсiнше, ЭКСПО-ға “ен” тағып, қызғаншақтардың iшiн одан сайын қыздырдық. Сөйтсек халықаралық көрме деген пәлекетiңiз әлем халқының қатысуымен өтуi тиiс дүние екен ғой. Оны бiз қайдан бiлейiк.
2015 ЖЫЛДЫҢ 17 ШIЛДЕСI – ОРАЗА АЙТТЫҢ БIРIНШI КҮНI
Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ халайықты ораза айт мейрамының басталуымен құттықтады. “Ораза айт мерекесiне аман-есен жеткiзген Алла тағалаға сансыз шүкiрлер мен мадақтар болсын. Барша халықты мұсылман қауы­мының ұлық, қастерлi мере­кесi – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСIНIҢ МӘЛIМДЕМЕСI
Қазақ ұлттық кеңесi қоғамдағы жалпыға мәлiм, сан рет көтерiлген мәселелердi тағы да атап көрсетiп, Қазақстан билiгiне қарата мәлiмдеме жасады. Оған түрткi болған басты себептiң бiрi – “Справедливость” атты көпұлтты партия құру жөнiндегi белсендiлердiң әрекетi, “Халық рухы” партиясын 9 жыл бойы әдiлет министрлiгiнiң тiркеуден өткiзбеуi. Мәлiмдеме мәтiнi төмендегiдей. 

Шындық экспедициясы киiк қырылған аймаққа арнайы барып, мәселенiң мән-жайын анықтап, өз қорытындысын жасап қайтқан-ды. Бұл туралы “Жас Алашта” жазылып, экспедиция өкiлдерiнiң президент, премьер-министр, депутаттардың атына хат жолдайтындарын хабарлағанбыз. Шiлденiң 13-i күнi қоғам белсендiлерi осы хатты тиiстi мекен жайына тапсырды.

НЕМЕСЕ «ӘЛИЕВЩИНА ӘЛI ДЕ ӘЛIНДЕ»
Венада бiрнеше ай бойына созылған сот процесi аяқталды. Соңғы отырысына қатысып қайттым. Жолдас Темiрәлиев пен Айбар Хасенов секiлдi “Нұрбанктiң” топ-жетекшiлерiн ұрлап әкетiп, өлтiрдi деген айып тағылған Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляк толық дерлiк ақталып, сот залынан бостандыққа шықты. Осы сотта iсi қаралуы тиiс Рахат Әлиев бұдан ертерек белгiсiз жағдайда түрмеде көз жұмды. Бiреу оны өлтiрiп тастады дейдi, ал бiреу – өз-өзiне қол жұмсады дейдi.

Қазақ киносының атасы саналатын Шәкен Аймановтың туғанына биыл 100 жыл толды. “Тас түскен жерiне ауыр” демекшi, бұл мерейлi дата әсiресе өнерпаздың өз туған өлкесi Павлодар облысы үшiн ерекше маңызды. Осыдан шығар, “Аймановтың 100 жылдығы аталып өтiледi, Павлодарда ескерткiшi қо­йылады” деген сөздi былтыр құлағымыз шалған. Айтқандай сол ескерткiш биыл дайын болыпты. Бiрақ ол облыс орталығында емес, Баянауылда орнатылады екен.

Ақпарат құралдары кеше ғана Шығыс Қазақстан облысындағы Күршiм ауданының әкiмi Алтайбек Сейiтовтiң кiсi қолынан қаза болғанын хабарлап едi, ендi бүгiн Ақмола облысы Жақсы ауданындағы Белағаш ауылдық округiнiң әкiмi Яна Крыльдiң осындай жағдайда ажал құшқанын жариялады. Күршiм ауданындағы қанды оқиғаға байланысты жергiлiктi iшкi iстер бөлiмi ресми ақпарат берiп, әкiмдi белгiсiз бiреулердiң атып өлтiргенiн растайды.
Таяу күндерi елiмiздiң бiрқатар аймақтарында ауа райы +43 градусқа дейiн ысуы мүмкiн. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментi мәлiмдедi. Департамент таратқан ақпарда 15-17 шiлде күндерi Алматы қаласы және Алматы облысының кей жерлерiнде ауа темперетурасы +33-38 градусқа дейiн, кей аймақтарда +41-43 градусқа дейiн ысуы ықтимал. Ауа райын болжау мекемесi алдағы күндерi Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы +40-43 градус, Оңтүстiк Қазақстан облысында +46 градусқа дейiн жететiнiн ескертедi.

Бiздегi iрi-iрi нысандардың көбi Астана күнiнде, яғни 6 шiлде күнi салтанатты түрде iске қосылып, лентасы қиылып жатады. Солардың бiрi – Астана локомотив зауыты 2009 жылы президент пен ел орданың құрметiне ашыл­ған-ды. Сол тұста зауыттың бүгiнi мен келешегiне жоспарлар түзiлiп, жұртты елеңдеткенi де есте. “Локомотив зауыты жылдық қуаты 50 екiсекциялық электровоз шығара алады, кәсiпорын өз жұмысын 2013 жылы қаңтарда бастап, 2016 жылы жобалық қуатында қызмет атқаратын болады” делiнген жалынды ұрандар да осы кезде айтылған едi.

Жексенбiден дүйсенбiге қараған түнi 17 сағатқа созылған келiссөзден кейiн Грекия ақыры кредиторлардың талабына көнiп, келiсiмге келдi. Бiрақ бұл келiсiмнiң қатаң талаптары гректердiң көңiлiнен шыққан жоқ. Бұған наразы халық Афины көшелерiне шерулетiп шықты. Келiсiмге келу бiр бөлек те, ол талаптарды орындау мүлде басқа екенi түсiнiктi. Сол келi­сiмдi орындаудың өзi Грекияға қиынға соғатын түрi бар. Өйткенi экономикада бiрқатар реформа жүргiзуге мәжбүр.

Осыдан бiр жыл бұрын, шiлденiң 17-сi күнi Украинаның Донецк облысының аумағында Малайзияның Boeing MH17 ұшағын зымыран атып түсiрген едi. Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған ұшақта 298 жазықсыз жан ажал құшты. Осы оқиғадан берi бiр жыл өтсе де, “ұшақты шын мәнiнде атып түсiрген кiм?” деген сұраққа кесiмдi жауап жоқ. Оқиғаға халықаралық деңгейде тиiстi баға берiлдi деуге де келмейдi, өйткенi кiнәлiлер табылып, жауапқа тартылмады.

Биылғы жыл мен үшiн өте есте қаларлық оқиғаларға толы болды. Мамыр айының аяғында институт бiтiргенiмiзге қырық бес жыл толғанына байланысты курстастарымызбен ұшқан ұямыз Алматы зоотехникалық – малдәрiгерлiк институтының ескi ғимаратында (қазiргi Қазақтың Ұлттық аграрлық университетiнiң Технология және биоресурстар факультетiнiң оқу корпусы) кездесу өткiздiк.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиеттi Рамазан айымен құттықтауына орай пiкiр бiлдiрген белгiсiз бiр кiсi: “Биыл ораза ұстамаймын. Тамақ қымбат. Әр жерде құлап, аш бұратылып жүретiн жағдайым жоқ”, – дептi (мәтiндi өзгертпей берiп отырмын – авт.). Расында, ораза – иманды сынайтын ұлы құлшылық. Биылғы шiлiңгiр шiлденiң ыстығы да иманды шайқалтқан сыңайлы.
 “Жас Алаш” газетiнде “Мұғалiм – мемлекеттiң құлы емес” тақырыбында республикалық деңгейде көтерiлiп жатқан мәселеге газеттiң тұрақты оқырманы, әрi жоғары бiлiмдi ұстаз ретiнде өз ойымды ортаға салғанды жөн көрдiм. Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылы мектебiнiң мұғалiмi Айман Сағидуллаеваның көтерiп отырған мәселесi өте орынды және бұл тек Айманның ғана емес, бүкiл Қазақстандағы мұғалiмдердiң бастарындағы жағдай. Сондықтан да, мұғалiмдердiң мәселесiн тура батылы жетiп, ашық айта бiлгенi үшiн Айман­ға алғыс бiлдiрген дұрыс.
Бүгiнгi күнге жеткен ғажайып аңыздардың бiрi – амазонкалар туралы аңыз. Бұл туралы тарихтың атасы Геродот та, Гиппократ та, Эфор да жазған. Олардың айтуынша, амазонкалар қазiргi Каспий мен Азау теңiзiнiң арасын мекендеген. Яғни, ертедегi сақтардың, әр түрлi түркi тектес тайпалардың мекенi. Амазонкалар кiмдер? Бұл – әйелдер үстемдiк ететiн қауым. Бұл қауымда әйелдер үстемдiк жүргiзген. Тұрмыстық, саяси, елдiк мәселелердi де әйелдер шешкен.

Америкалық мейiрбике Флоренс Ригни өзiнiң 90 жылдығын жақында жұмыста жүрiп атап өттi. Ол Такома қаласының тұрғыны (Вашингтон штаты). 1925 жылы туған мейiрбике Флоренс Риги еңбек жолын 1946 жылы бастаған. Ол дәрiгерлiк кол­ледждi бiтiрiп, ауруханаға мейiрби­ке болып орналасып, онда 69 жыл үзiлiссiз жұмыс iстейдi. 67 жасында зейнеткерлiкке шығамын деп, 5 айдай ғана жүрiп, ауруханадағы жұмысына қайта оралады.

Жанары жоқ, қиядағыны шалатын,
Қауқары жоқ қашқан аңды алатын.
Жайып ұшса керегедей қанатын,
Сыр беретiн болды ол да талатын.

“Астана” президенттiк кәсiби спорт клубының басшылығы ауысты. Осы күнге дейiн прези­денттiк клубқа жетекшiлiк етудi Владимир Смирнов атқарып келген-дi. Ол өзiнiң қалауымен өтiнiшiн жазып, қызметiн босатып берген. Оның орнына Ерлан Қожағапанов тағайындалды. Ерлан Қожағапанов былтырғы жылдың желтоқсан айында Қазақстан футбол федерациясының президентi деген дөй қызметтi тiзгiндеген болатын. Осы қыз­метiне тағы бiр лауазымды мансап қоса берiлдi.

ҚҰРЛЫҚТА КҮШТIМIЗ 
Мьянмада күрес түрлерi­нен жастар арасындағы Азия бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Елiмiзге оралған балуандарымыздың қанжығалары майлаулы. Әсiресе, грек-рим мен еркiн күрес серкелерi құрлық додасының алтын медалiн көсiп алды. Дастан Зарлыханов (55 келi) Хұсейiн Муцольгов (84 келi) қарсылас­тарының белiн үзiп, Азия чемпионы атанды, екi балуанымыз финалда сүрiнiп, күмiс жүлде алса, жартылай финалға же­тiп тоқтаған 3 спортшымызға қола медаль бұйырды.
Биыл екi мың он бесiншi жыл. Шағын ауыл тып-тыныш. Ешқандай оқиғаны, ешқандай қуаныш пен қайғыны басынан өткiзбегендей үнсiз жатыр. Анда-санда ауыл iшiнен шөлдеп сусаған арқандаулы есектiң ақырған үнi ғана естiледi. “Күндiз ұйықтасам, түнде ұйықтай алмай қаламын” деп үй iргесiндегi тал көлеңкесiнде әлдененi ермек еткен Тыныштық ападан басқа аулада тiрi жан жоқ. Бұл ауылда түс әлетiнде үйдi қараңғылап ұйықтау әдет болған. Мал өсiрiлгенiмен, жүнi қырқылмайды,