1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №57 (16035) 21 шілде, сейсенбі 2015
“ЭКСПО-ның тiзгiнi қоса берiлген соң, “екiге жарылғандай” болған Әдiлбек Жақсыбеков өзiнiң аяңына қайта түседi. Оған президент халықаралық көрме өткiзу шаруасын сенiп тапсырады. Есесiне әкiмдiк қызметтен босатады. Ал оның орнына кiм келедi деп ойлайсыздар? Онда тыңдаңыз, Н.Назарбаев бұл орынға Нұрәлi Әлиевтi қоятын тәрiздi. Соңғы айлардағы саяси ауыс-түйiстер бiртiндеп осыған әкеле жатыр. Билiктiң ұшар басындағы сыпсың әңгiме де осы ойды қуаттай түседi”. Ақорданың табалдырығын жиi аттайтын және бiлгенiн бiзбен бөлiспесе, “iшкен асы бойына тарамайтын” оқырманымыз осылай дедi.
2025 жылға дейiн “Протонның” ұшқаны ұшқан. Бұл туралы елiмiздiң Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы Талғат Мұсабаев өткен аптада парламент сенатының отырысында мәлiм еттi. Қазақстанның ғарыш саласына қатысты бiрқатар сауалдарын қойған сенаторлардың кейбiр сұрақтары жауапсыз қалды. Мәселен, елiмiздегi киiктердiң жаппай қырылуы “Протонның” ұшуымен байланысты ма деген тақырыпты айналып өткен Талғат Мұсабаев өзге мәселенi тiлге тиек еттi. “Бiз қазiр “Протон” зымырандарын ұшыруды азайтуға қатыс­ты жұмыстар жүргiзудемiз.
Кеше шiлденiң 20-сы күнi абақтыдағы саясаткер Владимир Козлов аштық жариялады. Бұл туралы оның әйелi Әлия Тұрысбекова хабарлады. В.Козлов өзiн нақты дәлел-себепсiз карцерге қамағаны үшiн аштық жариялауға мәжбүр болған. В.Козлов жазасын өтеп жатқан Алматы облысы, Заречный кентiндегi түрме әкiм­шiлiгiне жоғарыдан бұй­­рық түскен көрiнедi. Сая­саткермен бiр баракта жатқандарды түрме әкiм­шiлiгi жинап алып, оған қар­сы түсiнiктеме берудi талап еткен.
Мұхтар Әблязов отбасымен кездестi. Әрине, бұл олардың ал­ғашқы кездесуi емес. “Мұхтармен кездесудi алдын ала хабарлаудан қорқамын. Себебi межелi уақытта бiз ойлағандай шықпауы мүмкiн” деп жазады Мұхтардың әйелi Алма Шалабаева өзiнiң жеке парақшасында. “Үш баламызды ертiп Мұхтармен кездесуге бардық. Кiшi қызымызға күнi бүгiнге дейiн әкесiнiң қайда жатқанын айтқан емеспiз.

20 маусым күнi Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк медицина университетiнiң жалпы медицина факультетiнiң 2-курс студентi Азамат Жомартов микробиология пәнiнен емтиханнан шыққан бойы жатақханадағы бөлмесiне келiп өзiне-өзi қол жұмсады. Оның өлi денесiн емтиханнан келген жолдастары тауып алды. Мемлекеттiк грант негiзiнде бiлiм алып жатқан 19 жастағы Азаматтың мұндай қадамға баруына не себеп болғанын қазiр прокуратура жан-жақты тексерiп жатыр, тексеру қорытындысы әлi шыққан жоқ.

Ай мен күннiң аманында депутаттық мандатты өткiзе салу – Қазақстан тарихында өте сирек болатын құбылыс. Өйткенi парламентте шалқайып отыруға да әжеп­тәуiр “күш” керек. “Күшi” барлар мандатты өткiзуi мүмкiн, бiрақ жоғары билiк­тен мәнсап алады. Бұл – қа­лыпты жағдай. Ал Темiрхан Досмұхам­бетовтiң өз еркi­мен Мәжiлiстен кетуiн осы “қалып­қа” сыйдыруға бола ма? Өздерiңiзге белгiлi, өткен аптада Мәжiлiс депутаты Темiрхан Досмұхамбетов өз қалауымен отставкаға кеттi. Оның өтiнiшi Мәжiлiс отырысында қабыл алынып, депутаттық өкiлеттiлiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылды.
САПАРБАЕВТЫҢ ЕРТЕГIСIНЕ ЕЛ СЕНЕ МЕ?
Президент Н.Назарбаев әр келген сайын мақтап кететiн Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Асқар Мырзахметовте кейiнгi кездерi бiр тосындау әдет пайда болды. Бұл әдеттi облыс басшысының жаманын жасырып, жақсысын асырамыз деп ақ тер, көк тер болып жүрген бергi жақтағы көмекшiлерi жұқтырды ма, әлде әкiмнiң өзiнше сақтанған түрi ме, ол жағын бiлмедiк. Бiлетiнiмiз, бұрын ашықтығымен қуантатын Мырзахметов бүгiнде аудан, қала әкiмдерiнiң есебiне “Халықтың көзi, тiлi һәм құлағы” (Ахмет Байтұрсынұлы)
Елсiз қалған елiме,
Ел толтырсам деп едiм.
Малсыз қалған жерiме,
Мал толтырсам деп едiм.
(Махамбетше)

Қазақстан президентi Н.Ә.На­зарбаев: “Қазақ тарихында қазақ ұялатындай ештеңе де жоқ” дейдi. Датымыз бар! Кешiрiңiз, келiспеуге рұқсат етiңiз. Арғы-бергi тарихымызды парақ­тап қарасақ, ұяттан жерге кiрiп кете жаздайтындай томпақ тұстарымыз толып жатыр. Ұялатындай тiрлiкке ұялмайтын, қызармайтын, сөз өтпейтiн “бетонбет” болып алған бар кiнә өзiмiз­де. Бiз ұялмасақ, болашақ ұрпақ бас шайқайтын болар, бәлкiм. Ұятты бәрiнен де биiк қойған қазақ тарихында ұялатындай тiрлiк болған, болып жатыр, бола да бередi.

Қазақшасы қаншалықты қабысатынын қайдам, орекеңнiң “Запасной аэродром” дегенiн осылай қотардым. “Қазақмыс” қазiр қызметiнен “қуылған” кейбiр әкiмқаралар үшiн осыған ұқсайды. Анау бiр жылдары Қарағанды облысының қызметiнен босаған бiр әкiмi “Қазақмыс” корпорациясының басшысына кеңесшi болып барғанын естiгенде, есiмiзден танып қала жаздағанбыз. Ендi қалай, Қажымұрат Нағыманов Жезқазған облысының әкiмi болып тұрғанда қазiргi “Қазақмыс” шекпенiнен шыққан

Ауыл халқының жерден өзге несi бар? Түгi де жоқ. Егiнiн егiп, малын бағып, iлдәлдамен тiрлiк кешiп келе жатқан жұрттың осы күнiн де билiк көп көрген сияқты. Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша енген өзгерiстер мен толықтырулар шаруалардың шымбайына батып барады. Өйткенi жер салығына қатысты өзгерiстердi бiлiктi мамандар емес, аграрлық саланың иiсi мұрнына бармайтын алаңғасарлар жасаған тәрiздi. Немесе қалайда бюджеттiң бүйiрiн толтыру үшiн халықты қанай беру мақсатымен түзiлгендей көрiнедi.

Қазiр жер-жерде елiмiздiң демографиясын көтеру туралы жиi айтылады. Дұрыс-ақ. Хал­қымыздың санын көбейту керек. Бiрақ көбейту керек екен деп жыл сайын бала табатындарды түсiнбеймiн. Демография­лық мәселе – мемлекеттiң жүзеге асыратын мүддесi. Үкiмет балаңның көбейгенiне мейлiнше жағдай жасап жатса, қарсылық жоқ. Ал қазiргiдей қара халықпен iсi жоқ үкiмет пен партияның тұсында саны көп те, сапасы жоқ ұрпақты өрбiтудiң қаншалықты қажетi бар?

Байқасаңыз, қазiр жер-жерде балаға қол көтермеу жөнiнде көптеп мақала жазылатын болды. Жалпы, қол көтеру жақсы әдет емесi бел­гiлi. Бiрақ бала тәрбие­сiнде ұрып-ұрсу қажет те емес пе? Өткенде ауылға қарай бiр таксиге жайғасқаным сол едi, жаныма екi баласын жетектеген келiншек отырды. Отырғаны бар болсын, аядай көлiктiң iшiн азан-қазан шуға айналдырды. Екi жағынан аңырап жылаған екi баласын жұбата алмай әлекке түскен әлгi келiн­шекке
Әдетте кiрсабынды киiм жуғандағы көмекшi құрал ре­тiнде ғана пайдаланамыз. Ал бiле бiлсеңiз, оның адам денсаулығына тигiзер пайдасы жетiп жатыр. Мәселен, адамның қолына тiкен немесе ағаштың жаңқасы кiрiп кеткен жағдайда оны инемен тескiлеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кiр сабынды жылы суға езiп, дәкеге қалыңдау етiп жағып, тiкен кiрген жерге таңып қойсаңыз, бiр сағаттың iшiнде тiкен өзiнен-өзi сыртқа шығады.

Жұмысқа бара жатқан жолда құлаған британиялық келiншек жедел жәрдем жеткенше бiрнеше сағат жатқан. Аяқтары қимылсыз қалған 35 жастағы әйелдi көлiкке дейiн жеткiзу үшiн тағы да уақыт кеттi. Артынша анықталғандай, барлығына оның сол күнi киiп шыққан джинсы шалбары себепшi екен. Өйткенi тар шалбар киiлген кезден бастап, оның аяғындағы қан айналымы бұзылып, ұйып қалыпты. Осының кесiрiнен iсiнген аяқтардан шалбар шешiлмей, дәрiгерлер оны сол жерде қайшымен қиюға мәжбүр болды.

ҚР Iшкi iстер министрлiгi елiмiздегi жол апатына жиi ұшырайтын автокөлiктердi атады. Тiзiмнiң көш басында жапонның “тойо­тасы” көш бастап тұр. Одан кейiнгi орындарды немiстiң Mercedes, Volkswagen және Аudi көлiктерi иеленедi. Бұлар да басқа маркалы машиналарға қарағанда көбiрек апатқа түседi екен. Әйтсе де министрлiк бұл көлiктердiң нелiктен апатқа жиi ұшырайтынын нақты, ашып айтпайды.

Әңгiме
– Асан!Асан!   Жәмила айқай салды. Ол күйеуiн алыстан көрдi. Әне, ол көше бойлап асығыс кетiп барады. Қолында үлкен қобдиша...  Әлi күнге өкiнедi. Неге сонда артынан жүгiрмедi? Неге секем­денбедi? Неге үрейленбедi? Неге? Әлi күнге таңғалады. Сол елеусiз көшеге оны қай Құдай айдап апарды десеңшi?! Әйте­уiр, мистикалық жағдай...  Сол күнi Асан таңғы шайға қарамай асығыс үйден кеткен едi. Кетерiнде бiраз кiбiртiктеп тұрды да, “Кеш келетiн шығармын, алаңдама” дедi. Өтiрiк, күлдi. Жәмила осы сәттi қайта-қайта есiне алады.

Әлi есiмде, Ресейде, Пенза қаласында әскери борышымды өтеп жүрген кезiм. Бiр күнi шешемнен қалың хат келдi. Ашып қалсам, алтынмен апталғандай әп-әдемi кiтап — “Көктем тынысы”! “Жазушы” баспасынан жарық көрiптi. Көлемi он баспа табақтай! Ол кезде бұл бiздiң түсiмiзге де кiрмейтiн дүние. Қырық шақты ақынның жыры. Бейне бiр антология секiлдi! Несiпбек Айтұлы, Исрайыл Сапарбай, Жұматай Жақыпбаев, Заида Елғондиева, Иран Ғайып алғаш рет оқырмандарымен осы кiтап арқылы жүздестi.

“Жас Алаш” газетiнiң өткен нөмiрiнде (16шiлде, 2015 жыл) Ұлдай Ибадуллаеваның “Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” деген мақаласы жарияланды. Обалы не керек, мақала – жақсы, ойлы мақала. Қазақ тарихындағы ел басқаруға араласқан дана, бiлiмдi, бiлiктi әйелдер­дiң бiразын автор өз мақаласына арқау етiптi. Мұндай бастаманы, сөз жоқ, қолдау керек. Айтайын дегенiм – осы мақаланың iшiне берiлген Жәңгiр хан мен оның әйелi Фатима ханымның фотосуретi туралы. Автор “Бұл фотосурет жазушы
ҚОРЛЫҚҚА ҚАШАНҒЫ ТӨЗЕ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?
“Өрлеу” ұлттық орталығы АҚ-ы директорлар кеңесiнiң төрағасы Мұрат Әбенов Қазақстан Бас прокуратурасына Ресейдiң бейнежаңалықтар көрсететiн Life News порталын жауып тастауға өтiнiш түсiрдi. Неге? Life News жақында бейнеролик көрсетпей ме, бұл бейнероликте Украинаның президентi Петр Порошенко Қазақстанның әнұранын орындайды екен. “Әнұран” болғанда да, Бораттың әйгiлi фильмiндегi елдi қорлайтын, жердi қорлайтын Қазақстанның “әнұранын”.
“Қазақстан барысы” қазақ күресiн дамыту қоры қамқорлық кеңесiнiң төрағасы Арман Шораевтың ұлттық спортымызды өркендету жолында қадау-қадау шаруаларды атқарып жүргенiн бiлемiз. Кабинетiнен қарға адым ұзап шығуға ерiнiп, орынбасарларын жұмсап қойып жүре беретiндерге оп-оңай бұйыратын атақ-марапат осындай атпал азаматтарды өзi iздеп табуы керек қой деп ойлайсың. Айтпағым, Арман Шораевтың шаруақорлығын мақтау емес. Биыл бесiншi мәрте ұйымдастырылған “Қазақстан барысы” республикалық турнирiн көргенде түйгенiмдi қауашағымда қайта пiсiрiп, қағазға түсiрiп отырмын.
ҚАЙРАТЫ КЕМIМЕСЕ...
Алматылық “Қайрат” футбол клубы Еуропа лигасының екiншi iрiктеу раундын сәттi бастады. Армениялық “Алашкерт” клубын қабылдаған алматылықтар қонақтар қақпасына үш гол соқты. Ресейлiк төрешiлер қадағалаған матчта “Қайрат” футболшылары еревандық клубтың есiн екеу, түсiн төртеу еттi. Матчтағы басымдықты бiрден өздерi тiзгiндеген “Қайратты” 12-минутта капитан Бауыржан Исламхан алға шығарды.

Францияның химия және физика саласындағы ұлы ғалымы Жозеф Луи Гей-Люссак (1778 – 1850 жыл) сабырлы, ұстамды адам болған екен. Көңiлдi жүретiн күндерi де болыпты. Айтпақшы, алғаш рет “хлор” атауын енгiзген осы кiсi. Шәкiрттерi ғалымның зертханада аяғындағы калошымен билеп жүргенiн талай көрiптi. Мұндай көрiнiстi, әсiресе, оның табысты өткен ғылыми тәжiрибесiнен кейiн көруге болатын едi.