1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (16036) 23 шілде, бейсенбі 2015

Адам әлiн бiлмесе де қиын-ау, Қажымқанның баласы шамасына қарамай Әбiштiң ұлымен “жағаласқысы” келетiн сияқты. Нұрекеңнiң “Нұрлы жолына” жұрт ендi-ендi көз үйрете бастағанда Кәрiмекең жаңа  “маршрут” ашты. Онысы – Астана – Хан Тәңiрi – Ыстықкөл дейтiн бағыт. “Болашаққа бастар жол” тәрiздi “құйрығы” жоқ екен демесеңiз, бұл да – жол. Ұқсастығы, Мәсiмовтiң де миында “қазақстандықтар қойша шуап артымнан ерсе екен” дейтiн дәме бар. Айырмашылығы, Кәрiмнiң соқпағына түстiң бе, онда ат түгiлi есекке де мiнбейсiң. Қара жаяу шығасың да, жол талғамайтын бульдозер құсап, тiке тартасың.

Қытай қор нарығының құлдырай бастауы бүкiл әлем назарын аударды. Әлемдегi екiншi iрi экономикалардың бiрi саналатын аспанасты елiнiң қор нарығындағы жағымсыз жағдайдың арты дағдарысқа әкеп соқтырмай ма? Бұл басқа елдерге қалай әсер етедi? Әлем жұртшылығын алаңдатқан сауал осы. Аспанасты елi қор нарығындағы құлдырау кеше не бүгiн басталған жоқ. Маусым айының басынан берi жалғасып жатқан жағымсыз үрдiске сарапшылар бiраз уақыттан кейiн ғана көңiл аударды.

Шiлденiң 16-сы күнi Бiшкектiң орталығында және ГЭС-5 ауданында өткен арнайы операцияда «Ислам мемлекетi» экстремистiк ұйымына мүше деген күдiктi алты содырдың көзi жойылып, жетеуi ұсталған. Бұл туралы “Азаттық” хабарлаған-ды. Қырғыз арнайы қызметiнiң мәлiметiнше, мерт болғандар арасында Бiшкек түрмесiнен қашқан Қазақстан азаматы Жанболат Әмiров те болған және ол күдiктi топқа жетекшiлiк еткен. Ж.Әмiров былтырғы тамыз айында Сирия мен Иракқа соғысқа бару мақсатында, қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесiп өткен және сол жерде Қырғызстан арнайы жасақтарының қолына түскен.

“Жас Алаш” жазған мәселе едi...
“Халық банкiнiң” Шардара аудандық филиалында iрi көлемде ақша ұрланып, бұл қылмыстық iс бойынша банктiң бiр топ қызметкерлерiнiң тұтқындалғаны туралы сараптамалық мақала “Жас Алаш” газетiнде бұған дейiн де жарық көрген болатын. Тұтқындалған азаматтардың туыстары айыпталушыларға жала жабылғанын, тергеушiлердiң оларға күш көрсету тәсiлiн қолданғанын көлденең тартқан едi. Мiне, бiр жарым жылға созылған қылмыстық iс бойынша жуырда Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты үкiм шығарды.
Әкесiн баласы ұрды дегендi естiсек те, баласы әкесiн арбаға байлап қойып тұрып сабапты дегендi естiмеушi едiк. Мәссағанның сапалағы керек болса, ондайды да еститiн күнге жеттiк... Қостанайда жол тәртiбiн бұз­ба, бұзсаң айыппұл төлеп қана қоймай, неше түрлi жәбiрлеу, зорлық- зомбылықтың неше атасын көре­сiң. Көргенде де, жол тәртiбiн бұзғаның үшiн толтырылған әкiмшi­лiк хаттаманы қазақ тiлiнде толтырсаң, 20 мың теңге, ал ендi жеңiлдетiлген түрi
Қазақстанда “Әдiлдiк” деген атаумен жаңа саяси, көпұлтты партия құрылмақ. Бұл туралы саяси ұйымның болашақ жетекшiсi Олеся Халабузарь мәлiмдедi. Партия “Қазақстанның кәсiби жастар қоғамдастығы” АҚ   негiзiнде жасақталмақ.   Әзiрге “Әдiлдiк” партиясы ресми тiркеуден өтпеген. Тiр­кеуден өтуi үшiн заңға сәйкес, саяси ұйымның қатары 40 мыңнан астам мүшемен толығуы керек. Десек те, қазiр осы партия­ны құруға мүдделi топ аймақтарда насихат жұмыстарын жүр­гiзуде. О.Халабузарь бүгiнге дейiн партияға мүшелiкке өтуге ұсыныспен 1,5 мың қазақстандық құжатын өткiзгенiн айтады.

Бiздер, 1966 жылы Талдықорған облысы, Андреев (қазiргi Алакөл) ауданы, Жыланды ауылының орта мектебiн бiтiрген түлектермiз. Бұлардың 20-дан астамы осы Алматы қаласы мен оның маңайында тұрамыз. Әр­түрлi себептермен басымыз қосылып, кездесiп те жатамыз. Жиналып, сағынысып, көрiсiп, мауқымыз басылған соң, көптеген мәселелер ортамыздағы “тай қазанға” түседi. Сондағы бiздi көп мазалайтын, ойландыратын, әлi жауабын таба алмай жүрген бiр сұрақ бар, ол: “Туған ауылы­мыз­дың болашағы қалай болар екен?”.

Қазақта “Қолынан келген, қонышынан басады” деген қанатты қағида бар. Ып-рас! “Қазақмыс” корпорациясы жастар одағының төрағасы С.Ты­севичтiң тiрлiгi осыған ұқсас. Ғаламтордан жастар ода­ғының сайтын ашып қарадық. Құрылғанына жиырма жылға жуықтапты. Төрағасының да жасы ентелеп “елуге” келiп қалыпты. Корпорация кәсiп­орындарындағы жасы 35-ке дейiнгiлер осы қоғамдық бiрлестiктiң “қорасына” кiр­ген. Жұмысқа тұр­ған күннен бастап жап-жақсы жарна төлейдi.
Қазақстан президентiнiң бұрынғы күйеубаласы, Вена түрмесiнде өзiне-өзi қол салды делiнген Рахат Әлиев кезiнде “Шерлок Холмстың пәтерiн” сатып алған болуы мүмкiн. Global Witness зерттеуiне қарағанда, Әлиев Лондон орталығындағы Бейкер-стрит көшесiнде орналасқан үйге иелiк еткен. Бұл үйдiң құны 147 миллион фунт стерлингке бағаланған.

Қайткенде бiлiм сапасын арттыруға болады және қайткенде сол сапалы бi­лiмдi игеруге болады?! Менiңше, бiрiншiден, капи­талистiк нарық экономикасының (бiздiң қазiргi қо­ғамыздың) сұраныс-талаптарын бiлуiмiз керек. Ол, әрине, жүйелi түрде мемле­кеттiк зерттеумен жүзеге асады. Соған сәйкес, Қазақстанға қандай оқу-бiлiмнiң қажеттiгiн анықтаймыз. Бұ­ған бiлiм беру саласында жүргендердiң, ғалым-оқы­мыстылардың, мамандардың, тiптi қалың бұқараның белсендiлiгi, ойын еркiн айта бiлушiлiктерi керек

Қолымнан не iс тiгу, не құрақ құрау, не аспаздар сияқты дәмдi тамақ пiсiру келмейтiндiктен, өзiмнiң бар мүмкiндiгiмдi iштей саралап, үйде отырып қалай ақша табудың жолын қарастыра бастадым. Ойлана келе өзiмнiң бiр жастан ендi асқан балама серiк қылып, көршiмнiң балаларын да бағып бере аламын-ау деген ой туды. Бiздiң үйдiң екiншi подъезiнде тұратын екi-үш келiншек жұмысқа шыққылары келгенiмен, балаларын қайда қалдыратынын бiлмей, бас­тары қатып жүрген едi.

Арыға бармай-ақ, осыдан бiр он бес, жиырма жыл бұрынның өзiнде белгiлi бiр тақырыпта мақала жазып, оның газет бетiнде жарық көруi қиынның қиыны болатын. Өйткенi мемлекеттiк тапсырыспен шығатын санаулы газет- журналдардың арнаулы өз тiлшi қызметкерлерiнен-ақ ақпарат атау­лы артылмайтын. Сондай-ақ, газет бетiнде жарияланған әрбiр мақала сараптаудан өтiп, тиiстi орындар тарапынан бақылауда тұратын. Дегенмен еркiн тақырыптарда да көптеген өткiр пiкiрлер айтылып, қызықты оқиғалар жарық көрiп жататын.

Қарсы мақала
Жақында “Жас Алаш” газетiнде (№50, 25 маусым, 2015 жыл) “Оқулықтың жайын ойлайтын кiсi бар ма?” атты мақала жарық көрдi. Авторы – шымкенттiк әдiскер-мұғалiм Қалмырза Iзтiлеуов. Ол кiсi бiздiң, яғни К.О.Бүкiбаева мен А.Т.Миразованың 2003 жылы жарық көрген 7-сыныпқа арналған геометрия оқулығымыздағы үшбұрыш анықтамасын “қате” деп тауыпты. Iзтiлеуов мырза:
Қазiр сенiң өскенiңдi де, өшкенiңдi де көре алмайтын iшiтарлар көбейiп кеттi. Апыр-ай, тiптi бiрдеңе iшкенiңдi де көре алмайтындар аз емес. “Ойбу, әлгi Әзiм iшiп алып, үйтiп қойыпты...”, “...бүйтiп қойып-ты”, “...сөйтiп қойыпты” деп пыш-пыштайтындарын қайтерсiң. Солар меңiң не үшiн iшетiнiмдi бiле ме екен? Бiлмейдi ғой, бiлмейдi. Мен iшсем анау депутаттар сияқты елдiң, жердiң, халықтың қамын ойлағандықтан iшемiн. Немене, менi тектен-текке iшетiн жынды дейсiң-дер ме?
Адам айтам деп айтпайды ғой, әбден күйгеннен, күйiнген­нен кейiн айтады. Мұрат Мөңке­ұлының “Зар шығады тiлiмнен” дейтiнi де осындайдан екен ғой... Ресми ақпаратқа сенсек, дәл қазiр Қазақстан мен Ресейдiң киномамандары бiрiгiп, жаңа телехикая түсiрiп жатыпты. Бұл телехикая 14 сериядан тұрады. Түсiрушi топ 14 серияны бiтiп те қалыпты. Фильм орыс тiлiнде шығады. Фильмнiң аты – “Ничего личного”. Биылғы жылдың қыркүйек айында бұл телехикая өзiмiздiң “Хабар” арнасынан көрсетiле бастайды.
“Жас Алаш” газетiнiң 16 шiлде күнгi санында жарияланған “Шәкен ескерткiшiне шаһардан ұлтарақтай жер табылмағаны ма?” деген мақала менi де ойға қалдырды. Қазақ киносының бiр дәуiрiнiң аңызына айнал­ған Шәкен Айманов – адам көп жүретiн, өнерлi ұрпақ өсетiн үлкен қалада тұруға әбден лайықты тұлға. Жасыратыны жоқ, кең байтақ даламызда ауылдар азайып, дала халқы сиреп бара жатыр. Ол жаққа жолсапармен ағылып барып-келiп жүрген жолаушы да сиреген.

Ақмола облысындағы iргелi мекендердiң бiрi – Атбасар қаласында биыл екi бiрдей мерейлi дата аталып өтiлмекшi. Сонау Ресей отаршылығы кезеңiнде әуелi шекаралық бекет, сонан соң уезд орталығы болған бұл қаланың iрге көтергенiне биыл 170 жыл толып отыр. Бiр өкiнiштiсi, тәуелсiздiк алғанымызға ширек ғасырдай уақыт өтсе де, 30 мыңнан аса халық мекендейтiн қала тұрғындарының 35 пайызы ғана жергiлiктi ұлт өкiлдерiн құрайды екен.

ҰЛЫБРИТАНИЯДА ҚҰРАННЫҢ КӨНЕ ПАРАҒЫ ТАБЫЛДЫ
Ұлыбританияда Құранның әлемдегi ең көне парағы табылды. Бирмингем Университетiнiң қызметкерлерi кiтапханада сақталған қасиеттi кiтаптың парағы 1370 жыл бұрын жазылғанын анықтады. Ғалымдардың айтуынша, бұл парақты жазған адам Мұхаммед пайғамбармен кездескен немесе оның насихатын тыңдаған жан болуы мүмкiн. Жүздеген жылдар бойы қолтаңба Таяу Шығыстан келген кiтаптар мен құжаттармен бiрге оқу орнының кiтапханасында сақталып келген.
ҮМIТ
Оқырмандарымызға бұдан былай “Үмiт” айдары арқылы, қазақ спортының ертеңгi мақтаныштарын таныстыруды жөн көрдiк. Жаңа айдарымыздың алғашқы қонағы – Бауыржан Жауын­таев. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауы­лында өмiрге келген Бауыржан 7-сыныптан бастап Қызылорда қаласындағы Жалаңтөс Баһадүр атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатта оқыған. Бұл күнде Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық кол­леджiнiң студентi.
АТАҒЫН ҚОРҒАЙДЫ
Бокстан ұлттық құраманың мүшесi Берiк Әбдiрахманов АИБА-ның жаңа жобасы АРВ-де топ жарып, 60 келi салмақ дәрежесiнде жеңiске жеткенi мәлiм. Чемпиондық белбеуге қоса келесi жылы өтетiн Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының жолдамасын иеленген Әбдiрахманов ендi чемпиондық атағын қорғайды. АРВ-нiң шарты солай. Екiншi iрiктеу кезеңiнде өзгелерден оқ бойы озық шыққан боксшы Әбдiрахмановтың чемпиондық атағына таласады.
Әдiлхан мен Зайра алғаш шаңырақ көтерген жылы ата-аналарымен тұрған. Бiрақ айналдырған екi бөлмелi пәтерде бұл екеуiнен бөлек төрт адам бар болатын. Үйдiң тарлығы күн өткен сайын сезiле бергендiктен “Нар тәуекел!” деп қаладан пәтер жалдауды жөн санаған. Обалы не керек, хабарландыру берiлген газетте пәтердiң түр-түрi тiзiлiп-ақ тұр. Қаланың қай ауданынан, қай қабаттан, қанша бөл­мелiсi керек, бәрi бар. Бағалары да көрсетiлген.