1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16040) 6 тамыз, бейсенбі 2015

Президент үнем жайлы айтқан сайын ауылдағы ағайынның қабағы қыржың ете қалады. Бiр жағынан оларды да түсiнуге болады негiзi. Өйткенi ауызсудың бағасы мен электр энергиясының құны жыл сайын қымбаттайды. Ал үнемшiлдiктi ойлаған кiсiнiң үй-iшiндегi “басы артық” дүние шаш етектен. Мысалы, жуырда ғана “Азаттық” радиосы қазақ басшысының қолындағы сағаттың құнын жариялады. Онысы 60 мың доллар екен. Қарапайым қазақ 5 мың доллардың көлiгiн мiнедi деп есептесеңiз, мұныңыз – 12 көлiктiң ақшасы. Сонда “осынша қаржыға сағат алып жүрген кiсi үнемдi өзiнен бастаса неғылады?” деген сауал неге тумасын?

“ЖЕР СIЛКIНЕДI” ДЕП ЖҰРТТЫ ДҮРЛIКТIРIП ЖҮРГЕНДЕРДIҢ НЕ БIЛГЕНI БАР?
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биофизикалық экология зертханасының меңгерушiсi Виктор Инюшин тамыздың басында “алдағы үш аптада Алматыда жер сiлкiнедi” деп жұртты дүрлiктiрiп қойды. Биофизиктiң уәжi мынадай: “Өткен жылдардағы деректер мен көрсеткiштердiң нәтижесiне қарасақ, жер сiлкiну ықтималдығы 95 пайыз. Бiздегiдей зертхана
Қазақстанның өз азаматтары екi қолға бiр күрек таппай қиналып жүр. Ал 2015 жылдың бiрiншi жартысында елiмiздегi қытай жұмысшыларының саны екi есеге өскен. Қытайдан келетiн жұмысшылар iрi компаниялар мен өндiрiс, кен өнеркәсiпте­рiн, сондай-ақ, сауда орындарында көп. Қытай жұмысшыларының саны екi есеге артқанын еңбек және әлеуметтiк даму комитетiнiң төрағасы Ақмәди Сарбасов мәлiмдедi.Оның айтуынша, биылғы алты ай­дың өзiнде жұмыс iстеуге рұқсат алған 38 мың 300 шетел азаматының 12 мыңнан астамы Қытай азаматы екен.
“Ол өзiнiң бүйрегiн туған бауырына беруi тиiс едi”. Анасы осылай жоқтаған Дмитрий Яковенконы Талдықорған қаласының полиция қызметкерi табельдiк қаруымен атып, қайтыс болды. Зергерлiк өнердi шебер меңгерген Дмитрий тiрi болса, ертең 30 жасқа толтын едi.  Қайғылы оқиға Талдықорған қаласында болған. Ажал құшатын күнi Дмитирий таныс қызды жұмысқа орналастыру үшiн орталыққа барған. Бұлармен бiрге қыздың құрбысы қоса ерiп жүрiптi.
Елiмiздегi әрбiр сыбайлас жемқорлық қылмыс­тарының алтыншысы бiлiм беру саласында орын алады. Осы жылдың бiрiншi жартысында тiркелген бiлiм саласындағы экономикалық қылмыстар саны – 64. Бұл туралы “Нұр Отан” партия­сының Астана қалалық бөлiмiнiң өкiлi Сапар Ахметов мәлiмдедi. “Бiлiм саласындағы сыбайлас-жемқорлық қылмыстарына қатысты деректер – республикалық деңгейдегi көрсеткiштер. 2013 жылы 145, ал 2014 жылы 252 жемқорлық қылмыстары тiр­келген.
Ресеймен кедендiк одаққа кiргелi берi отандық өндiрушiлер­дiң өрiсi әбден тарылып барады. Бұл әсiресе, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа ағайындарға қиындық туғызып келедi. Мысалы, екi-үш жыл маңдай терiн төгiп өсiрген малының етiн саудаға салып, дұрыс бағаға өткiзе алмайды. Себебi, базар бiткендi басып кеткен Ресейден келетiн арзан ет. Қазiр Ресейден мал-құс етiн тасумен тек қазақстандық алыпсатарлар ғана емес
Былтырғы жылы Украинадағы “Еуромайданнан” кейiн Ресейге қашқан бұрынғы премьер-министр Николай Азаров Украинаны құтқару комитетiн құрды. Арасында өзiмен бiрге Ресейдi паналаған орыспиғылды экс-шенеунiктер мен шоумендер енген комитет өздерiн Украинаның “қуғындағы үкiметi” деп жариялады. Мұнысымен қоймай, Азаров пен оның серiктерi президенттiкке өз үмiткерлерiн ұсынды. 
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Ж.Тұяқбай мырзаға ашық хат
Қызылорда облысы филиалында биыл әдеттен тыс екi жиналыс өттi. Бiрi – саяси кеңес мүшесi Тастемiр Рахимовтың ұйымдастыруымен заңсыз шақырылған филиал кеңесiнiң отырысы. Мұнда менi төрағалықтан шеттету мәселесi қаралып, ұсыныс қабылданбады. Екiншiсi – тағы да сол Тастемiр Рахимовтың шақыруымен өткен партия белсендiлерiнiң жиналысы. Мұн­да менi шеттету туралы сiздiң өкiмiңiзбен партия белсендiлерi таныстырылды.
Ресейдiң белгiлi тележүргiзушiсi Ксения Собчак жақында Батыстың “Свобода” радиосына сұхбат бердi. Ендi осы сұхбатты ықшамдап назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдiк. – Белгiлi оппозиционер Борис Немцовтың өлiмiнен кейiн мен де қорқайын дедiм. Бұған дейiн күзет мәселесiне мән бермей келген едiм, ендi оққағарлар жалдап алдым. Және қайда барсам да, күзетшiлер жанымда болады.
Немцовтың қызы Лех Валенса атындағы сыйлықтың иегерi атанды
Әкесi Борис Немцовтың қазасынан кейiн Ресейден Еуропаға қоныс аударған журналист Жанна Немцоваға Польша президентi Бронислав Коморовский 4 шiлде күнi Лех Валенса атындағы “Ынтымақтастық” сыйлығын табыс еттi. Л.Валенса атындағы сыйлықты Польшаның сыртқы iстер министрлiгi тағайындаған. Бұл сыйлық адам құқығы мен демократияны қорғау саласы бойынша берiледi. Оның қоры – 1 миллион еуро.
ЖАСАЛАШТЫҚТАР ЫСТЫҚКӨЛДЕ БИДЕН “ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС” ӨТКIЗДI
Өткен аптада “Жас Алаштың” ұжымы газеттiң екi нөмiрiн едел-жедел шығарып тастап, жылдағы дәстүрмен Ыстықкөлде демалып қайтты. Ыстықкөлдiң жағымды климаты биыл да қуантты бiздi. Жайлы көлiк түнiмен тербетiп, таң ата Ыстықкөлдiң жағалауындағы Бозтерi қалашығына табанымызды тигiздi. Биылғы шiлде шамадан тыс ыстық болғандықтан ба, Ыстықкөлде ығы
Мен салт-дәстүрiмiздi де, әдет-ғұрпымызды да бiр қазақтай бiлемiн. Менiңше, осы құндылықтарымызға қажетсiз, тү­сiнiксiз “салттар” “кi­рiп” кетiп жатқан се­кiлдi. Өткен жылы Астанаға ет жақынымыздың немересiнiң бе­сiктойына бардық. Шынын ай­ту керек, той жақсы өттi. Даңғаза, тарс-тұрс музыка  жүй­кемiздi жұқартқан жоқ. Асабаның ұтымды, тапқыр сөздерi көңiлiмiзден шықты. Осы тойда тұрпайы көрiнген нәрсе – жаңа “салт” болды.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКIМI ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВТЫҢ НАЗАРЫНА!
Бiз, Қызылорда қаласындағы Мүсiрәлi Әжiқожа көшесiнiң тұрғындары, жанайқайымызды халықтық басылым арқылы жеткiзуге бел будық. Өйткенi мәселенi құзырлы органдар құптағанымен, әзiрге шешiлер түрi көрiнбейдi. Оның үстiне соңғы бiр айдан берi жағдай тiптi ушығып кеттi. Қысқа-нұсқа айтқанда...
Былтыр “балаларыма жақын отырайын” деп Қарқаралыдан Қарағандыға көшiп келдiм. Бұрын көрiп жүрген қала болғанымен бұл жердiң қазағының басым көпшiлiгi – орыстiлдiлер немесе орысқұлдар. Ой-санасы, көзқарасы орыс жағында. Құдай сақтасын, осы бiздiң қоғамға не iштен, не сырттан жау шапса, бұлар сырт қалары анық.
Қыстыгүнi №146 автобуспен келе жатсам, түгел орысша сөйлеген қазақтар.

Баспасөзден оқимыз, теледидардан естимiз, парамен ұсталып жатқан “төре­лердi” де бiлемiз. “Осылардың әйелдерi не қарап отырады?” деген ой келедi кейде маған. Егер ұсталып жатқан шенеунiктерге әйелдерi: “Қой, осы табысың да жетедi. Балаларымыздың қасында аман-есен отырайық” десе, мүмкiн, қылмысқа бармас едi-ау. Себебi, қай заманда да әйелге бағынбайтын еркек жоқ. Түрiк әлемiн билеген Сүлеймен патша да әйелге бағынған.

Кеше ғана ашылуының 90 жылдығын атап өткен, қазақ мектептерiнiң қара шаңырақтарының бiрегейi – Алматыдағы №12 Ш.Уәлиханов атындағы дарынды балалар гимназиясының 1965 жылы 11 “а” сыныбын бiтiргендер өздерiнiң 50 жылдық мерейтойында бас қосты. Сонау өткен ғасырдың ортасында бiздер – №12 қазақ орта мекетебiнiң жанындағы ұлдар мен қыздар пансион-интернаттарында бөлек жатып, бiрге оқушы едiк.

Мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, сенделiп жүрген жастарымыздың қатары күн санап артып келедi. Әке-шешемiздiң соңғы ақшасын, қорадағы жылғыз сиырын сатып, оқу ақшасын төлеп, жоғары оқу орнын бiтiрген соң диплом бұл өмiрде өз орныңды табуға кепiл емес екенiн бiз, жастар, қазiр әбден түсiндiк. Сондықтан да болар, дипломды шкафтың, не сандықтың бұрышына тастап, бұйырған жұмыс­ты қанағат етудемiз.

Менiң күллi ғұмыр жасым аудандық, облыстық газеттердiң редакцияларында өттi. Француздардың “Ақын провинцияда туып, Парижде өледi” деген сөзiнiң шынайылығына менiң көзiм жеткелi қашан! Мына дүниеге шыр етiп келген жерiм Қызыларай-Ақсораң — Сарыарқадағы ең биiк тау, одан заңғар шың болар деп ойламағам; алғаш рет ақша бұлтқа оранған Алатауды көргенде көз алдымның көгiлдiр тұманға көмiлiп кеткенi әлi есiмде...

ОҚҚА БАСЫҢДЫ ТОСҚАНША...
 Белгiлi айтыскер ақын, прозашы, сыншы, әдебиетшi Баянғали Әлiмжановтың әкесi Тақан ақсақал – екiншi дүниежүзiлiк со­ғыстың екiншi топтағы мүге­дегi. Соғыстың басынан аяғына дейiн қатысып, Берлинге дейiн барып қайтқан. Екi рет ауыр, бiр рет жеңiл жараланған. Бiр жолы танк снарядының жарықшағы шекеден тиiп, әрең аман қалған екен.
МОЙЫНДАУ
Асаулау шығар тағдырым,
Өзiм де момын емеспiн.
Айтар ем бүкпей барлығын,
Түсiнбейдi, әттең, менi ешкiм...

Дәл қазiр жасыл алаңда көсiлiп жүрген қазақ футболшыларының iшiнде тәжiрибесi мол – Қайрат Нұрдәулетов. Қазақстанның бiрнеше командасында ойнап, елiмiздiң екi дүркiн чемпионы, ел кубогының үш дүркiн жеңiмпазы атанған қорғаушы бiраз жыл ұлттық құрамамыздың да намысын қорғап, бас командамызды алаңға капитан ретiнде бастап та шықты. Бүгiнде Қызылорданың “Қайсарында” ойнайтын Қайратпен қазақ футболының қазiргi ахуалы жайлы ашық әңгiмелесiп, бiраз ой – пiкiрiн бiлген едiк.

31 шiлде күнi Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өткен Халықаралық олимпиадалық ко­митеттiң 128-сессиясында фрисби (ұшатын диск) спорты олимпиа­далық спорт түрiне қосылды. Сессияға қатысушылар осы бiр спорт түрiн олимпиадалық спорт түрi деп таныды. Келешекте ХОК фрисбидi қаржыландырып, таралуына қолдау жасайтыны ғана болмаса жазғы Олимпиада ойындарына енгiзiлген жоқ.