1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (16041) 11 тамыз, сейсенбі 2015
Абай –170
Абайдан сөз артылмаған. Абай бәрiн айтып кеткен. Тiптi ұлы Абай ең аяғы қазақтың тұтынатын дiнi мен ұстанатын саясатына дейiн айтып кеткен ғой. Тәкен Әлiмқұловтың “Қазақта бiрiншi орын Абайға тиемел” дейтiнi де содан. “Екiншi орын­ға, үшiншi орынға, төртiншi орынға, бесiншi.., он екiншi орынға таласа берiңдер, қанша талассаңдар да өз ықтиярларың! Бiрақ бiрiншi орынға ешуақытта таласпаңдар! Ол орын – Абайдiкi! Бұл орын – Абайға ғана тиемелi!” дегенi ғой бұл Тәкең жарықтықтың...
Бұрын билiк басында былықпаған бiреу болса, сол Серiк Ахметов сияқты көрiнетiн. Осылай ойлайтын жалғыз мен емес екенмiн. Қарағандыда қаралып жатқан қылмыстық iске қатысты “Бiртүрлi, сендiрмейдi” дегендi бiраз адамнан естiдiм. Алайда сол Серiк Ахметовке алты түрлi айып тағылған. Қасында тағы жиырма адам бар. Сот бұдан жарты ай бұрын басталды. Кеше жалғасты. Судья Исламхан Есенбаев күдiктi­нiң қайсысы қандай баптармен айыпталып отырғанын айтып шыққан соң, “ши” шығарған
“НҰР ОТАН” ЖЕЛДИIРМЕНМЕН КҮРЕСПЕК ПЕ?
Өткен аптаның жексенбi күндерi билiктегi кейбiр шендiлер үшiн аса маңызды күн болды. “Жанкештiлер” жексенбiге қарамай жұмыс iстеп, бiрқатар ауыс-түйiс жасап тастады. Алматыны жетi жылдан аса уақыт басқарған Ахметжан Есiмов ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының тiзгiнiн ұстады. “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары болып Оңтүстiк Қазақстан облысының бұрынғы әкiмi Асқар Мырзахметов тағайындалды. Алматыға “президенттiң сыныптасының ұлы” Бауыржан Байбек әкiм болды. Оңтүстiк Қазақстан облысына әкiм етiп Бейбiт Атамқұловты тағайындады.
Бiздiң халық та қызық-ау, Алматыдан Ахметжан кеткенде бiрдеңе өзгеретiндей, “Есiмов кетедi екен” деген әңгiменi жыл бойы гулеттi. Ендеше, жұрт ауыз жаппай айтып жатқан мәселеге президент неге “мән” бермесiн? Алматылықтардың “көзiне күйiк” болған әкiмдi Астанаға алдырды да, өзге шендiлердiң “көзiн қы­зартып” майлы жiлiктiң басын ұстатты. Ал Алматыға жiберген адамының “түрiн” қараңыз!?

Алматы қаласының бұрынғы әкiмi Ахметжан Есiмовтi кетедi екен деген сөздiң шыққанына аз болмаған-ды. Әйтсе де, Есiмов қызметiмен жексенбi күнi қоштасады, ал оның орнына Бауыржан Байбек келедi деп ешкiм күтпеген едi. Алматы қаласының жаңа әкiмiне қатысты пiкiрлер әлеуметтiк желiлерде қызу талқыланғаны сондай, тiптi кейбiреулер келешегiне қауiппен қарай да бастады. “Су үнемдеу, адам жанын емдеу” мәселелерiн қолға алса, күнiмiз не болмақ дегендер де табылуда. Ал бiзге пiкiр бiлдiрген азаматтар жаңа, әрi жас әкiмге қатысты ойларын төмендегiше түйiндедi.

Өткен сенбiде Оңтүстiк Қазақстан облысын алты жарым жылға жуық басқарған Асқар Мырзахметов Астанаға ат ауыстырды. Әкiмдiк жүйе қолданысқа енгелi бұл өңiрдiң тiзгiнiн ұстау бақыты бұйырғандардың iшiнде орынтағында ең ұзақ отырған облыс басшысы әзiрге осы – Мырзахметов. Сонымен... Асқар Мырзахметов ендi “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары. Онсыз да “Күлтөбенiң басында күнде жиын” өткiзуден жалықпайтын, ұрандатқан екпiнмен шешен сөйлеуге шебер, жаңа қадамдар жасауға құмар
Таяуда атақты шопан, Еңбек Ерi Жол­сейiт Молдасанов өмiрден өттi. Жөкеңнiң еңбек жолы, адами қасиетi туралы кезiнде баспа­сөзде бiршама жазылды. Сөзi мен iсi кейiнгi ұрпаққа ұлағат тұтарлық әзиз жан хақында өзiм бiлетiн жайттарды жария еткiм келдi. Ұзын бойлы, кең жаурынды, ер мұрынды Жолсейiт ағаны алғаш көргенде бұл­шық етi допша ойнаған ноян­­ның өзiн жер жастандырар алып күштiң иесi екенiн мойындап, баяғының жауға жалғыз шапқан батырларын ерiксiз еске алғаным бар.
ХАН АБЫЛАЙДЫ ДӘРIПТЕМЕЙТIН АЙМАҚ НИКОЛАЙ ПАТШАҒА ЕСКЕРТКIШ ОРНАТТЫ!
Солтүстiк Қазақстан облысында Петр Вагнер деген кәсiпкер өзiнiң туған ауылындағы қирап жатқан шiркеуi қайта қалпына келтiрiптi. Оның айтуынша, бұл жұмысты ол сонау 2008 жылы бастаған екен. “Жер бетiнен жойылып кеткен ғибадат үйiнiң бұрын­ғы iргетасын табу үшiн, құрылыс қазығын үш мәрте ауыстырып қағуға тура келдi”, – дейдi кәсiпкер.
15 тамыз – Шәмшi Қалдаяқовтың туған күнi. Арамызда жүрсе Шәкең мерейлi 85 жасын тойлайтын едi. “Қазақ вальсiнiң королi” атанған, мақтау-марапатты халқынан алған Шәмшiмен екi рет кездестiм. Екiншi кездесуден бастайын. 1988 жылдың күз айы болатын. Мектептерде жаңа оқу жылы басталып та кеткен. Аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Исмат Тұрсынқұлов шақыртқан соң барсам: 
Тұлға
Ол миллиондаған тыңдарманның   құлақ құрышын қандырып, өнер бұлағымен сусындатқан   қазақ сахнасының теңдессiз бұлбұл да­уысты әншiсi едi. Оның әуе­лете шырқаған әнi кә­сiби   тұрғыда адам жан дү­ниесiн ерекше сезiмге бө­леп сиқырлап елiктiрiп   әке­тушi едi. Қазақ КСР Халық ар­тисi, жиырмасыншы ға­сыр­дың үздiк лирико-клоротуралық сопранасы қазақтың   екiншi Күләшi   Айсұлу   Байқадамқызын кейiнгi жастар жыға тани бермейдi. 1927 жылы қазан
ТАЛАНТТЫ БАҒАЛАЙ БIЛУ КЕРЕК
Жыл сайын Беларусь елi “Славян базары” халықаралық фести­валiн өткiзедi. Биылғы доданың бас жүлдесiн иеленген жерлесiмiз, әншi Димаш Құдайбергеновтi ертеректен бiлемiн. 2012 жылы елiмiзде өтетiн “Жас қанат” байқауында ерекше даусымен, өнерiмен көпшiлiктi баурап, бас бәйгенi алған Димаш халық­ара­лық “Шығыс базары”, “Мэйкин Азия” конкурстарында өнерпаздардың бәрiнен қара үзiп, дара көрiндi.
Абайдың өмiрi мен шығармашылығына байланысты мағлұматтардың неғұрлым толық болуы үшiн оның нағашылары мен қайын жұрты жөнiндегi деректердi де қамту маңызды болмақ. Ақынның ата тегi туралы бiршама зерттеулер баршылық. Алайда оның бiр жарым ғасырлық мүшел тойы кезiнде де, одан кейiн де Абайдың анасы жағынан туыс болып келетiн нағашылары ескерiлген жоқ. Ұлы Абай туралы ұлы Әуе­зовтен сөз қалған ба, Мұхтар не дейдi? “Абайдың өз шешесi Қаракесек iшiнде Бертiс тұқымы болады.
Абайдың тойы – халықтың тойы
Алаш жұртының ары, абыройы мен намысы Абай ха­кiмнiң Өскеменде өткен тойында беташар сөздi салтанатты шараға арнайы келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiхалықова алып, барша жиналған қауымды, шығысқазақстандықтарды осынау мерекемен құттықтады.

Жамағайын ағасының қасына ерiп, көлiк жөндеу тұрағында нәпақа тауып жүргенiне екiншi жылдың жүзi. Бүгiн алғаш рет қолына қомақты ақша түстi. Иә, бұған дейiн де тапқан табысы аз болған жоқ. Бiрақ өзi­мен құралпы жiгiттермен бiрлесiп атқарған шаруа бол­ғандықтан түскен табысты да бөлiсетiн. Бұл жолы екiнiң бiрi сатып ала алмайтын бағасы қымбат шетелдiк жеңiл көлiктiң жөнделуi тиiс бөлiгiн өз қолымен жасап бiттi.

“Астана” қарағандылық “Шахтердiң” шыққан биiгiне ат байлады. Иә, 2013 жылы Қазақ футболының тарихында қарағандылық “Шахтер” тұңғыш рет еурокубоктық ойындардың плей-офф кезеңiне шыққан болатын. Топтық кезеңге сынық сүйем қалғанда шотландық “Селтиктен” сүрiнген кеншiлердiң қолы жетпеген межеге “Астана” құрық салса, шiркiн! Еурокубоктық ойындардың тарихында плей-офф кезеңiне жеткен елiмiздiң екiншi клубы ендi кипрлiк
Алматылық “Қайрат” Еуропа лигасының плей-офф раундында француздық “Бордо” клубына қарсылас атанды. Үшiншi iрiктеу раундын­да шотландтық “Абердин” клубын сан соқтырған Владимир Вайсс шәкiрт­терi   ендi Францияның “Бор­­до” клубына қарсы ойнайтын болды. Бұрын-соңды еурокубоктық ойындарда бiздiң елдiң клубтары француздық ұжымымен жолыққан емес.
ДОП ҚУҒАН ЕҢБЕКТIҢ ӨНБЕГI ҚАНША?
Еурокубоктық ойындарға қатысып, сүрiнген клубтарымыз, тартысты жалғастырып келе жатқан қос ұжым, биылғы маусымда қанша сыйақы алады? Еуро­­па лигасының алғашқы iрiктеу раундынан қайтқан “Ақтөбе”, шымкенттiк “Ордабасы” клубтарына 200 мың еуро төленедi. Еуропа лигасының плей-офф кезеңiне жеткен алматылық “Қайраттың” қоржынында 630 мың еуро бар.