1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (16042) 13 тамыз, бейсенбі 2015
Қылмыс әлемiнде “Вор в законе” дейтiн ұғым бар. Мұның нақты анықтамасы жоқ. Есесiне, қылмыс әлемiнiң өз заңы қатал, оның орындалуын “корольдерi” қадағалайды. Мiне, осыларды “вор в законе” дейдi. Лақап аттары сөйлеп тұрады: “Саша Север”, “Жора Кутаисский”, “Витя Тбилисский”, “Аслан Батумский”, “Камо Московский”, “Годжа Бакинский”, “Марат Сухумский”, “Леха Краснодонский”, “Гурам Ташкентский”, “Колька Калымский”...
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры 405 миллиард теңгеге жуық шығынын қысқартпақ. Бұдан бөлек, еншiлес компаниялардың даму жоспары қайта қарастырылып, бiрқатар жобалардың iске асырылуы уақытша тоқтатылады. Мұның бәрi ақша үнемдеу үшiн қолға алынды. “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының мүшесi Берiк Бейсенға­лиевтiң айтуынша, еншiлес ұйымдардың даму жоспары қайта қарастырылудың нә­тижесiнде
“Әкiм ақылды болса, ақша өзi келедi”. Бұл – Алматы қаласының жаңа әкiмi Бауыржан Байбектiң арғы күнi берген тапсырмасынан кейiн iле-шала пайда болған мақал. Әрине, астарында кекесiн бар. Әкiмнiң қолы жетпейтiн жердегi ел осылай қыжыртып жатқан уақытта қаланың бiр бұрышындағы нөпiр көлiкке “бықпырт тидi”. Екiншi жұмыс күнiнде “Нұротаншыл” әкiм қарамағындағы орынбасарларына  президент  қойған басты  5 тапсырманың орындалуын
ПАЙДАСЫНАН ЗИЯНЫ БАСЫМ ПАРЛАМЕНТТЕГIЛЕР БЮДЖЕТКЕ МИЛЛИАРДТАП ШЫҒЫН КЕЛТIРГЕН
Қаржы мәселесiне қатысты парламентте былық-шылықтың бетi ашылды. Есеп комитетi комиссиясының жүргiзген тексеру қорытындысында сенат пен мәжiлiс депутаттары  бюджеттiң 3 миллиардқа жуық теңгесiн заңсыз жұмсап, мемлекетке қыр­уар шығын келтiргенi анықталды.
Ақтөбеде терроризмдi телефон және WhatsApp арқылы насихаттаған кезектi бiр топ құрықталды. Шiлденiң басында ақтөбелiк Бақтияр Юсуповтың үстiнен Си­рия­дағы “қазақ-моджахедтердiң”   дыбыс және бейнежазбаларын әлеуметтiк желi арқылы таратып, 20 қатысушының басын құрап, “жиҺадқа үндеу” таратқаны үшiн ҰҚК Ақтөбе облыстық департа­ментi қылмыстық iс қозғады.
“Сәлем, журналистер! Жақсылап жазыңдар!”. Қарағанды облысының экс-әкiмi Бауыржан Әбдiшевтiң алдын ала тыңдау кезiнде сот залынан шығып бара жатып айтқан осы сө­зiн аманаттай қабылдаған қаламдастар iстiң жай-жапсарын жұрт­шылыққа жөнiмен жеткiзуге күш салатыны күмәнсiз. Ол өзiнiң адалдығын аңғартқандай: “Ха­лық менi әдiл бағалайды” дегендi қосып қойған.

Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi ұсын­ған Еңбек кодексiнiң жаңа жобасы маңғыстаулық мұнайшылар арасында үлкен қобалжу туғызды. “Онсыз да сақталмайтын құқымызды бiржола тартып алмақшы” деп санаған маңғыстаулық мұнайшылар облыс билiгiнен наразылық митингiсiн өткiзуге рұқсат сұрап хат та жазды. Қазақстан Республикасы президентi мен премьер министрiне 32 000 мұнайшы атынан аймақтағы 16 өндiрiс орыны кәсiподағы ұйымы төрағасы қолын қойып, арнайы жолдау жолдады

Компьютер эволюциясы
Төмендегi мына сызбадан компьютер эволюциясын байқауға болады. Әлемдегi ең алғашқы компьютер 1941 жылы гарвард математигi Говард Эйксонның IBM компаниясының төрт инженерiнiң бiрлесуiмен жасалған. Идея авторы– Чарльз Бэббидж. Ресми iске қосылуы 1944 жылғы 7 тамызда  «Марк 1» аталымымен сынақтан сәттi өтуiмен басталды.

Биыл Қостанай, Ақтөбе обылысындағы киiктердiң қырылуының себептерi әлi күнге дейiн белгiсiз болып келедi. Ғалымдар киiктердiң қырылу себебiн пастереллезға жапты, бiреулерi ракетадан аққан гептил деген отынға жапты, әзiрге тиянақты бiр шешiмге келген жоқ. Менiң айтайын деген сөзiме ғалымдар құлақ аса ма, аспай ма, оны өздерi бiледi. Бiздiң бала кезiмiзде әке-шешемiз қой ұстап, сол қойды ауыл болып кезектесiп бақтық.

Жазылған жайдың жаңғырығы
“Жас Алаш” газетiнiң 2015 жылғы 14 шiлдедегi нөмiрiнде жарияланған “Обырлану дертi асқынбай тұрғанда” мақаласы прокуратура тексеруi нәтижесiнiң қорытындысында берiлген анықтамаға негiзделiп жазылған едi. Алайда бұл мақалаға қатысты Институт жұмысына тiкелей басшылық ету құзыретiне ие Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк бағдарламалар министрлiгi қандай да бiр пiкiр
Жылдар табы түскенiмен нешеме,
Болмағандай тұрысын көр ештеңе.
Аспанымен биiктерiн жалғайтын,
Кез келгенге бұйырмаған кесене.

Қазақстанда шикiзат қоры көп, шикi заңдары одан да көп. Шикiзатты қа­заққа Құдай берген, ал заң шығаратын “зауытты” тоқтаусыз iске қосып, заман­ға ала-құла заңдарды “оптом” өткiзiп ке­ле жатқан “халық қалауларына” қарап iшiң удай ашиды. Қараңызшы: олар түгел мемлекет қамқорлығына бөленген – салтанатты үй-жай, су жаңа көлiк, адам айтса нанғысыз айлық жалақы. Мейлi дейсiң, мәжiлiсте милары қатып отырады ғой.

Өзiм шет тiлiн арнайы тiл курстарында, тiлдердi оқытатын университетте оқымасам да, ағылшын тiлiне жетiкпiн. Бұл – маған 5-сыныптан бастап сабақ берген Құралай апайымның арқасы деп бiлемiн. Өйткенi тiл бi­луде, ең маңыздысы, бастап­қы негiздердi меңгеру. Құралай апай осы негiздердi жақсы үй­реттi.
Ол бiздiң көршiмiз едi. Әке-шешесi ауылда тұрады. Тамыр бiр туысымыз болмаса да, ата-анамыз олармен туысқандай аралас-құралас. Өткенде такси болып жүрiп көршiмiздiң қызын көрдiм... көшеден. Иә, тәнiн сатқан жезөкшелердiң паналауымен аты мәлiм Алматының көшесiнде жүр. Көлiгiме мiнген шетелдiк екi азамат (аз-кем орысша шүлдiр­легенi болмаса бiр-бiрiмен өз тiлдерiнде сөйлесiп келдi)
50 ГРАДУС ЫСТЫҚТА 15 ШАҚЫРЫМДЫ “50-МЕН” ЖҮРГIЗГЕНДЕРДIҢ МАҚСАТЫ НЕ?
Қазiр аптап ыстық алқымнан алып тұрған кез. Ауа температурасы 40-ты артқа тастап, 50 градустан асып жығылып жатыр. Сондай жағдайда бетон жолда салқындатқышы жоқ көлiкте 15 шақырымды сағатына 50 км жылдамдықпен жүрiп көрiңiзшi. Тас төбеден төнген күн сәулесiнiң, астыдан бетонның қызуы ұрған кезде ортасында темiр қалбырда отырған адамның халi айтпаса да түсiнiктi шығар.
Бесiншi сыныпта оқып жүрге­нiмде “Қазақстан пионерi” газетiне менiң “Сен өмiрде бiр рет ерлiк жасап көрдiң бе?” деген шағын мақалам шықты. Содан кейiн-ақ елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен хаттар ағылып келе бастады. Хат тасушы апайдың “сөм­кем ауырлап кеттi” деп ренжiгенi есiмде. Расында да, маған күн сайын шамамен оннан аса хат келушi едi. Әрине, бәрiне жауап жазу мүмкiн де емес.
Орысының өзi қазақша сөйлей­тiн оңтүстiк өңiрдiң адамына бұл әңгiме күнделiктi жайлардың бiрi болып көрiнуi мүмкiн. Ал қандастарымыздың басым көпшiлiгi ана тiлiн бiл­мейтiн бiздiң жақ үшiн, шынымен, таңғалуға тұратын оқиға. ...Павлодардан Екiбастұзға жүретiн автобусқа мiндiм. Екi кiсiлiк орынның бiрiне менен бұрын орыстың бiр жас келiншегi келiп отырған екен. Жасы 28-30-дың шамасында. “Сiзге әрiрек жылжуға тура келедi, көршiңiз болам”,
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жарық көрiп жатқан түрлi баспа өнiмдерi қатарына тағы бiр кiтап қосылды. Алматыдағы “Рух БГ” баспасынан жазушы Бейбiт Қойшыбаевтың “Қазақ мемлекетi тарихына көзқарас” атты еңбегi жарыққа шықты. (Б.Қойшыбаев. Қазақ мемлекетi тарихына көзқарас. Тарихи очерк.   Алматы, Рух БГ, 2015жыл.). Аталмыш тарихи очеркте Қазақ мемлекеттiгiнiң хандық түрiнде құрылуы, дамуы, сырт­қы жаулардан қорғануы, одақтас iздеуi, бiртiндеп тәуелсiздiгiнен айырылуы,
Тап-тал түсте Астанада, “Бәй­те­ректiң” қасында бiреулер менi атып кеттi. Бұғып қалмағанымда, шекеме тиiп, мұрттай ұшып түсер едiм! Менiң кәсiбiме, ақшама қызғанышпен қарап жүрген бiреу тапсырыс берiптi. Атқандар ұсталды да, атуға тапсырыс берген жексұрын еш ұсталмайды...
Тепсiнiп, тергеушiге келдiм.
– Қашқынбаев неге ұсталмай жүр? – деп сұрадым мен.
ҚАЗАҚСТАННАН ЧЕМПИОН ШЫҒА МА?
Дзюдодан әлем бiрiншiлiгi 24 тамызда басталады. Бiр аптаға созылатын әлемдiк додада ел намысын арқалап шығатын жiгiттерiмiз бүгiн Бурабайда оқу-жаттығу жиынын бастайды. Әлем бiрiншiлiгi алдындағы ақырғы әзiрлiкке кiрiскен құраманың бас бапкерi Ермек Имамбековтi аз-кем әңгiмеге тарттық.
БЕСIНШI РЕТ БҰЙЫРДЫ
УЕФА суперкубогы каталондық “Барселонаға” бұйырды. Ат басындай мәртебелi кубокты бес рет иеленген жалғыз ұжым ғана болатын, ол – итальяндық “Милан” клубы. Осы биiкке “Барселона” да жеттi. УЕФА суперкубогын олжалау каталондық­тар­ға жеңiл тиген жоқ. Тбили­сидегi “Борис Пайчадзе атындағы Динамо Тбилиси” стадионында “Севилья” каталондықтарды әбден састырды. 
63 ЖАСЫНДА ЖЕТIМ ҚАЛДЫ
Малазияның тұрғыны Мелия Мұхамед Дия 101 жасында өмiрден өттi. Тағдырдың теперiшiн аз көр­меген ананың артында 63 жастағы мүгедек ұлы қал­ды. Дияның екi нәрестесi сәби шағында шетiнеп кетсе, бiр баласы есейiп қал­ғанда қаза тауыпты. Тумысынан қол-аяғы жоқ мүгедек ұлы Абдур-Рахманды 38 жасында өмiрге әкелген екен.