1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 65 (16043) 18 тамыз, сейсенбі 2015

Кәрiм Мәсiмовке не сөзi өтпей, не қолы жетпей жүрген журналистерге бiр керемет мүмкiндiк туғалы тұр. Ол үшiн «Алтын жүрек» қайырымдылық қоры ұйымдастыратын аукционда “Мәсiмовпен кешкi шай iшу” құрметiн ұтып алу қажет. Бiрақ бұл оңай емес. Өйткенi мұндай ерекше лоттар 300 мың теңгеден басталады. Мәсiмовпен шай iшкiсi келетiн кiсiлердiң қатары көбейсе, үкiмет басшысын “ұтып алуға” бiрнеше миллион қажет болуы да мүмкiн. Ал егер қайырымды кәсiпкер табылса ше? Мiне, бұл – журналистердi Мәсiмовпен бет-бет кездестiру ықтималдығын жақындата түсетiн дүние.

Қарағанды облысының қылмыстық iстер жөнiндегi ауданаралық мамандандырылған соты қарап жатқан iске қатысты айыптау актiсiн үш прокурор кезектесiп, төрт күнге таяу оқыды. Алайда, айып тағу – қылмысты мойындату емес. Оған мықты дәлелдер керек. Сондықтан қағазға түскен құжаттардың сыртында сот тергеуi барысында үш жүзге жуық куә сұралады деп күтiлуде.

Шумен басталған Ұлттық бiр­ыңғай тестiлеу науқаны даулы мәселеге жалғасты. Сынақтан жоғары балл жинап, бiрақ дiттеген мамандығы бойынша студент атана алмаған түлектердiң ата-аналары ренiш бiлдiрдi. Осы мәселеге қатысты өткен аптаның соңында елiмiздiң Бiлiм және ғылым минис­трлiгi арнайы мәлiмдеме жасады. Биылғы бөлiнген бiлiм грантының жалпы саны – 32 мың 788. Оның 500-i сырттай оқу бөлiмiне берiлдi. 32 мың гранттың 12,5 мыңы техникалық, 6 мыңы педагогикалық және 2,5 мыңы ауыл шаруашылығы мамандықтарына және қалғаны басқа мамандықтарға бөлiнген.
Бiз бұдан бұрын “АрселорМитталТемiртау” (“АМТ”) компаниясының басшылығы тамыздан бастап жұмысшылар жалақысының ширегiн қысқартатынын ресми мәлiмдегенi жөнiнде жазған едiк (“Темiртау тағы тол­қып тұр”, 4 тамыз 2015 жыл). Металлургиялық комбинатта баспасөз мәслихатын өткiзген бас директор Виджай Махадеван егер жалақы қорының көлемiн осылай ықшамдамаса, 10 мың адам қысқаратынын қадап айтқан.

ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевқа, ҚР бас прокуроры А.Қ.Дауылбаевқа, ҚР ҰҚК төрағасы Н.А.Әбiқаевқа, ҚР iшкi iстер министрi Қ.Н.Қасымовқа, Қазақстан мен РФ БАҚ-тарына
Ашық хат-мәлiмдеме
Бұрынғы үкiмет басшысының, Қарағанды облысы мен қаласын басқарғандардың жем¬қорлық баптары бойынша қылмыстық iске қатысты соты талай былықтың бетiн ашатын сияқты. Мұны кландар арасындағы қырқысқа балағандардың пiкiрi негiзсiз айтылмаса керек. Әлеуметтiк желiлерде Ақорда үшiн бомба болып жарылатындай ақпараттар көрiне бастады. Ағайынды Нығматулиндердi - сенаторды және президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсiн қаралайтын ашық хат – мәлiмдеме таратылды

Жұма күнi үкiметтiк “Казахстанская правда” басылымы Bank of America конгломератына сiлтеме жасап, Қазақстан дефолт болу ықтималдығы жоғары елдердiң қатарына енгенiн жазды. Басқа-басқа, бiрақ “Каз­правданың” өз сайтына мұндай ақпарат iлiп қойғанына таңғалған журналистер қауымы мұны шыны керек, батылдыққа балады. Десек те үкiметтiк газеттiң батылдығы ұзаққа жетпедi, анығында жеткiзбедi деген дұрыс шығар.

СОНДА БЕРДIБЕК САПАРБАЕВТІКІ БОС СӨЗ БОЛҒАНЫ МА?
Таразда қазанның 9-10-ы күндерi өтетiн Қазақ хандығының 550 жылдық тойына дайындық бүгiнде қызып жатқан шағы. Жуырда вице-премьер, Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтуi үшiн құрылған комиссияның төрағасы Бердiбек Сапарбаев өңiрге арнайы келiп, дайындық барысын пысықтап кеткенiн жазғанбыз. Осы сапарында Бердiбек Мәшбекұлы “егер той өз деңгейiнде өтпесе, бiрiншi кезекте облыс әкiмiнiң басы кетедi” дегендi қадап тұрып айтты. Сондай-ақ облыс басшысы

Тамыздың 11-12-сi күндерi Маңғыстау облысында “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” акционерлiк қоғамының еншiлес ұйымдары мен бiрлескен кәсiпорындарының 58 қызметкерлерiнiң арасында “Үздiк маман” кәсiби шеберлiк байқауы өттi. Бұл – осымен    8 рет өтiп отырған өз iсiнiң шеберлерi арасындағы тартыс. Алдымен теориялық, содан соң iс жүзiнде тәжiрибелерiн ортаға салатын доданың сыйы қомақты. 

ҚР Бас прокуроры А.Дауылбаевтың назарына
2009 жылы Алматы қаласы, Әуезов ауданына үш бөлмелi пәтер сатып алған Рахымжан Нығметжанов алты жылдан берi әдiлетке қол жеткiзге алмай жүр. Редакциямызға арнайы хабарласқан ол өзi сатып алған пәтерге қатысты былық-шылықтың салдарынан денсаулығынан айырылып, жұмыссыз қалғанын айтады. Себебi баспаналы болу мақсатында, ақшасын төлеп алған үйi әлдебiр қылмыстық тарихпен байланысты болып шыққан.
Бiр топ азаматтық белсендi Қазақстан мұсылмандар одағының төрағасы Мұрат Телiбековтi жазалауды сұрап прокуратураға шағым түсiрдi. Шағымданушылар М.Телiбеков өзiнiң “Көшеден соққан жел” (“Ветер с улицы”) атты диссиденттiк кiтабында қазақ хал­қы мен оның дiнiне тiл тигiздi және ұлтаралық араздықты қоздырды деп кiтап авторын заң алдында жауап берудi талап еттi. 
Жазылған жайдың жаңғырығы
“Жас Алаш” газетiндегi (22 қаңтар, 2015 жыл) мұғалiм Есет Жекенұлының “Бұл не сандырақ?” деген мақаласында “...Ресейде Қазан төңкерiсiн жасап, адамды адамның қанауын жойған большевиктер емес пе?!” деп жазғанын оқып, әбден қарным ашты. Осындай мұғалiм­дердiң көптiгiнен сан мыңдаған оқушылар “орысқұлдық” санамен уланып, есiмiздi жия алмай отырмыз. Кеңес одағы орнап, жет­пiс үш жыл билiк құрған кезде “Кеңес одағы орнаған соң, большевиктердiң арқасында бостандық, азаттық алдық” деп жазған “классик” жазушылар,
АҚШ: “Қазақстан үкiметi адам саудасымен күрестегi ең қарапайым талаптарды орындамай отыр”
Сарапшылардың дерегiне сүйенсек, бүгiнге дейiн жер бетiнде 27 миллионнан астам ересек адам, 13 миллионнан астам бала сауда-саттықтың құрбаны болыпты. Және де осы саудаға түскен жандардың 75-80 пайызы жезөкшелiкке жегiледi екен. Ендi жан түршiктiрерлiк мына деректерге назар салыңыз: жезөкшелiкке салу үшiн сатылғандардың жылына 30 мыңнан астамы құрбан болады.
Қымбат Әбдiлдақызы – 35 жыл өмiрiн балалар тәрбиесiне арнап келе жатқан маман.
Қымбаттың балаларға:
Сендер менiң жүрегiмдi қопарар,
Сендер менi жұмаққа да апарар,
Сендерсiңдер – мәңгi жасыл көктемiм,
Бағбаның боп жүргенiм, сол боталар!
Алматы қаласынан хабарласқан оқырманымыз А.Мәкенұлы былай дедi: “Балабақша ауласына джипiмен басып кiрiп, балаларды таптап өткен, бiр бүлдiршiндi жазым еткен Татьяна Семченко екi жарым жылға сотталып, жазасын қоныс колония­сында өтейтiн болыпты. Жазасы тым жеңiл емес пе? Соты да ылдым-жылдым өте шықты...”. Бұл сұрақты бiрнеше жыл “Жас Алаштың” заңгерi болған Кәрiм Жұмағалиевке қойған едiк, былай деп жауап бердi:
МИНИСТРДЕН ЖЕҢIЛIП ҚАЛДЫ
Мәжiлiс депутаты Азат Перуа­шев “ар-намысыма тидi, қыз­метiме кедергi келтiрдi” деп Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiповтiң үстiнен Бас прокуратураға шағым түсiрген. Бас прокуратура депутаттың шағымын Iшкi iстер министрлiгiне жолдапты. IIМ сотқа дейiнгi тергеу жүргiзiп, қылмыс құрамы болмағандықтан, iстi тоқтатқанын мәлiмдедi.
“Тергеу барысында iс мұқият зерттелдi, қажеттi сараптамалар жүргiзiлдi. Қылмыс құрамы болмағандықтан, iс өндiрiсi тоқтатылды” деп хабарлады IIМ-нiң баспасөз қызметi.
(Болған оқиғаның iзiмен)
Мен ол кезде белсендi комсомол болатынмын. Ауданда, облыста пленум мүшесi болып жүрген кезiм. Сол тұста бiздiң Ақтөбе облысы мен Орал облысы бiр-бiрiмен социалистiк жарысқа түсiп, оны әр жылдың аяғында бiрiн-бiрi тексерiп, жыл қорытындысын шығаратын дәстүр бар екен. Мiне, сондай бiр тексерiске мен де сол делегацияның құрамында болып, Орал облысының Қара­төбе ауданына барудың сәтi түстi.
Жазушы Асқар Сүлей­меновтiң тегi Қаратау төңiрегiнiң қожалары болса керек. Бiрде батып ойнай беретiн бiреу, қожалығын бетiне салық еткiсi келiп:
 – Арақта боза жаман, қазақта қожа жаман, – деп соқтыға сөй­лептi.
 Сонда Асқар жұлып алғандай:
 – Боза – арақ емес, қожа – қазақ емес, тым бол­маса осының байыбын бiлiп сөйлесең еттi, – деген екен.

Кәмелеттiк жасқа толмағандарға зорлық көрсеткендер “жәбiрленушiнiң кешiрiм беруiне байланысты” деген желеумен жазадан құтылып кететiн. Жуырда Қазақстанның Бас прокуратурасы осыған заң бойынша тыйым салу жөнiнде бастама көтердi. Жас балаларға зорлық көр­сеткендер Қазақстанның заңына сәйкес 10 жылға дейiн бас бостандығынан айырылады. Егер бұл әрекеттi аса қауiптi қылмыскер жасаса, өмiрлiк жазаға кесiлуi де мүмкiн. Алайда бұдан зорлықшылдар азаяр емес. Оның үстiне педофилия деген дерттiң жазылмайтыны мәлiм болды.

“Әлiбидiң iсi” деген атпен танымал сот процесi ырду-дырдумен өттi ақыры. Тамыздың 7-сi күнi астаналық кәсiпкер Қ.Жамалиев 13 жылға сотталды. Сыбайластары А.Әбiлтаев – 12 жылға, А.Прибытков 8 жылға кесiлдi. Үкiмге қатысты жұрттың пiкiрi әртүрлi. Қ.Жамалиевке мұнша қатаң жаза бередi деп ешкiм ойламаса керек. Кәсiпкердi 13 жылға соттап, дүние-мүлкiн тәркiлеген үкiмнен кейiн “Жамалиевтiң бизнесiне әлдекiмдер көз тiктi” деген болжам қайтадан қы­лаң бердi.
Бүгiн елiмiзде дүбiрге толы футбол матчы өтедi. “Астана-Арена” стадионында жергiлiктi клуб “Астана” УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңiндегi тартысын бастайды. Қарсыласымыздың қандай клуб екенiн бұған дейiн де жаздық. Дегенмен кипрлiк “АПОЭЛ” клубына қайыра соғып, тегеу­рiндi ұжымның өткiрлiгi туралы айта кеткендi жөн санадық. Мұнымыз “Астана” футболшыларын жасыту емес, керiсiнше, қайрау. Тiресе бiлмесе, тiзер­лемейтiн клуб жоқ, оңтайлы сәттi өткiзiп алмау керек.
Футболдан ел чем­пионатының екiншi кезеңi де түңлiгiн түр­дi. Бiрнеше күнгi үзiлiстен кейiн қайта жалғасқан премьер-лиганың 23-турындағы үш матчта тең нәтиже тiркелдi. Қарағандыда “Шах­тер” көкшелiк “Оқ­жет­пестiң” осaал тұ­сын таба алған жоқ. Қонақтар да тең нә­тижеге (есеп – 0:0) тоқтап, бiр ұпай олжалап кеттi. Павлодарлық “Ертiс” “Атырауды” қа­был­дап, 2:0 есебiмен ұтты. Кассай 37-минутта гол соқса, Ронкатто 87-минутта нәтиженi еселеп бердi.
АЛТЫНДЫ НЕГЕ ҚИМАЙДЫ ЕКЕН?
Ifostradasports.com деп аталатын спорттық сараптау порталы бар. Халықаралық портал елiмiздiң спортшылары турасында сәуегейлiк жасап, келесi жылы өтетiн жаз­ғы Олимпиада ойындарынан қанша медаль алатынымызды болжапты. Портал қызметкерлерiнiң мәлiмдеуiнше, “төрт дүркiн әлем чемпионы, жазғы Олимпиада ойындарының екi мәрте жеңiмпазы Илья Ильин Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасынан күмiс жүлде алады-мыс”.