1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16044) 20 тамыз, бейсенбі 2015

Заречный кентiндегi түрмеде жатқан саясаткер Владимир Козловқа қатысты түрлi қысымдар жүрiп жатқаны туралы осыған дейiн газетiмiзде жазылды. ЛА-155/14 түрме әкiмшiлiгiнiң тарапынан оған үстеме тағылған айыптаулар мен карцерге жабу, қатаң ұстау режимiне ауыстыру жағдайлары бекер емесi анық. Өйткенi осы жылы В.Козловқа кесiлген мерзiмнiң жартысы өтелдi. Ал бұл дегенiңiз егер түрмедегi тәртiбi жақсы болса, ол шартты мерзiммен босатылуға тиiс-тi. Алайда

“Қамауда отырған Владимир Козловтың айналасында және тұтас колониядағы қазiргi ушыққан жағдайға қатысты алаңдаушылығымды бiлдiремiн. Заңгер Жемiс Тұрмағамбетованың В.Козлов отырған түрмеге арнайы барып, анықтаған жайттарын негiзге ала отырып, қамау­дағы азаматтардың бостандығына, ар-намысына аяу­сыз қысастық жасалуда деп есептеймiн”, – дейдi заңгер, Адам құқық­тары жөнiндегi халықаралық ұйымның жетекшiсi Евгений Жовтис.

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызмет көрсететiн “Techno Trading LTD” мекемесiнiң жұмысшылары биылғы мамырдағы еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен ереуiлден соң қудалауға ұшырап отырғандарына шағымданады. Жұмыс берушi өз әрекеттерiнiң заңдылығын көлденең тартады. Олар жұмыс орындарын қысқартпау­ды, әлеуметтiк төлемдердi уақтылы төлеудi, жалақыны азайтпауды талап еткен арыздарын парламентте айтуды сұрап мәжiлiс депутаты Гүлнар Сейiтмағанбетоваға жолдағандарын айтады. Ол арызға 130 жұмысшы қол қойған.

Жаңа Еңбек кодексiне қатысты пiкiрталас күн өткен сайын қыза түсуде. Дау тудырған бұл кодекс­ке соңғы түзетулер енгiзiлiп, қыркүйекте парла­менттiң төменгi палатасының қарауына жiберiледi. Ал қазақстандық кәсiподақ ұйым өкiлдерi жаңа Еңбек кодексiне “халыққа қарсы” жасалған құжат деп баға бердi. Сарапшылар еңбек қатынастарындағы жаңа өзгертулерге талдау жасай отырып, қарапайым жұмысшының емес, жұмыс берушi басшылардың мүддесiн көздейтiн ережелердi топтастырған деп мәлiмдедi
Сот залынан
Аймақтың бұрынғы жоғары шендi шенеунiктерiн сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен елдi елеңдеткен қылмыстық iстi қарап жатқан Қарағанды облысының қылмыстық iстер жөнiндегi ауданаралық мамандандырылған соты жәбiрле­ну­шiлер мен куәгер­лердi тергеуге кiрiстi. Бүгiн Бауыржан Әбдiшевтiң айналасында өрбiген әңгiмеге тоқталғанды жөн көрдiк.
 ҚР президентi Н.Ә.Назарбаевқа, ҚР бас прокуроры А.Қ.Дауылбаевқа, ҚР ҰҚК төрағасы Н.А.Әбiқаевқа, ҚР iшкi iстер министрi Қ.Н.Қасымовқа, Қазақстан мен РФ БАҚ-тарына
Ашық хат-мәлiмдеме
Бұрынғы үкiмет басшысының, Қарағанды облысы мен қаласын басқарғандардың жем­қорлық баптары бойынша қылмыстық iске қатысты соты талай былықтың бетiн ашатын сияқты. Мұны кландар арасындағы қырқысқа балағандардың пiкiрi негiзсiз айтылмаса керек. Әлеуметтiк желiлерде Ақорда үшiн бомба болып жарылатындай ақпараттар көрiне бастады. Ағайынды Нығматулиндердi - сенаторды және президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсiн қаралайтын ашық хат – мәлiмдеме таратылды. Мемлекет басшысының, бас прокурордың, ҰҚК төрағасының, iшкi iстер министрiнiң атына жолданған бұл хаттағы деректер қаншалықты дәлелдi, шындыққа жатады? Сотталып жатқандарды қорғау үшiн қарсы шабуылдау тәсiлiн қолданғандардың бос байбаламы ма? Мұны тиiстi құзырлы орындар да, аты-жөнi аталған лауазымды тұлғалар да халыққа түсiндiрiп айтуы тиiс. Хаттың мәтiнi төмендегiдей. Екiншi жақтың қарсы пiкiрi болса, оны да жариялайтынымызды оқырмандарымыз жақсы бiледi. Мақсатымыз – ақиқатқа жету. 

Биылғы жылдың ақпанында Астананың соты табиғи монополияны қорғау агенттiгiнiң бұрынғы басшысы Мұрат Оспановты “пара алғаны үшiн” кiнәлi деп тауып, 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл салған. Оспанов оның 250 миллион теңгесiн қазынаға құйыпты. Қалғанын белгiленген мерзiм iшiнде өтемек.

Қазақтың Михаил деген баласы Еуропада Қазақстанның “атын шығарып” жүр. Жуырда ол Париждегi Four Seasons Hotel George V Paris деп аталатын бес жұлдызды қонақүйдiң алдына коллекциялық автокөлiктерiн қаз-қатар тiзiп тастады. Сөйтiп, Париж тұрғындарының көзiн қызартып, армансыз мақтанды. Әрине, көрiмдiк алу үшiн емес. Өздерiн ауқатты санайтын еуропалықтарға кiмнiң кiм екенiн көрсету үшiн. Сонда Михаил Байтазиев кiм?

Алена Жамалиева он үш жылға сотталған күйеуi Қайрат Жамалиевтi қорғау үшiн әлеуметтiк желiде парақша ашқанын газетiмiздiң өткен нөмiрiнде жаздық (“Жама­лиев­тiң жыры”, №65). Қ.Жа­ма­лиевтiң тоқалы ретiнде танылған Айнұр Исина да үнсiз қалуды жөн көрмесе керек, ztb.kz деген сайтқа сұхбат берiп, “Менiң де айтарым бар!” дептi. “Менiң жасым 26-да. Қы­зыл дипломы бар магистр­мiн. Интеллигент отбасында дүниеге келдiм. Ұлым өсiп келедi, жасы – 5-те.

Баяғыдағы бабаларымыздың бiрi: “Отыз тiстен шыққан сөз отыз ру елге тарайды” деген екен. Ал бүгiнде теле-радио арналары, сахна мен экран арқылы ағылып жатқан сөздiң “қырық руға” тарайтыны анық (қазекем кiмнiң кiм екенiн, қайдан келгенiн бiлiп болмайтын жағдайда “қырық рудан жиналған” деген ғой). Ал сол ағылғанның дұрысы мен бұрысы, яғни көздiң “айтқаны” мен құлақтың “айтқаны” араласып жататыны

Пiкiрталас
“Жас Алаштағы” мәдениеттанушы М.Кенжебайдың “Қа­зақ киносы қазақ тарихын неге талапайға салады?” атты мақаласында көтерiлген мәселе­лердiң барлығы – өзектi. Тәуелсiздiк алғалы жиырма төрт жылдың iшiнде күллi жұртшылықтың болмаса да, жарты Алаштың көңiлiнен шыққан; қазақ тарихын, оның елдiк болмысын, адами табиғатын, шынайы мiнез-құлқын ашып, нанымды көрсететiн, ұлттық келбетiн паш ететiн бiр фильмнiң түсiрiлмегенi
«АЛТАЙ – АЛТЫН БЕСIК»
Кеше халықаралық Түркi академиясының ұйымдас­тыруымен Шығыс Қазақстан облысы Қатон-қарағай ауданындағы Қарақаба жазығында “Алтай – алтын бесiк” халықаралық экспедициясы өз жұмысын бастады. Бұл туралы халықаралық Түркi академиясының баспасөз қызметi хабарлады.  Үш күнге жоспарлан­ған бұл алқалы жиынға Әзiрбайжан, Қырғызстан, Түркия және Қазақстанның белгiлi түркiтанушы ғалымдары
Бұрын жапон тiлiн оқып жүргенiмде ұстазым Ким-Сан айтатын: «Теледидар көрушi болмаңдар, теледидар адамды топастандырады» деп. Судент болсақ та, сенсейдiң сөзiн екi етпедiк. Оның есесiне кiтап оқуымызды, әлде бiр «иероглиф» болса да жаттауымызды сұрайтын.  Ал қазiр ше? Үлкенiмiзден бастап, еңбектеген балаға дейiн «зомби» болып кеткен.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшiлiкке жария бол­ған жағдай бәрiмiздiң басымызда да бар. “Жас Алаш” га­зетiнен қаскелеңдiк мұғалiм Айман Сағидуллаеваның сұхбатына (“Мұғалiм мемлекеттiң құлы емес” 4 маусым, 2015 жыл) өзiмнiң үнiмдi қосайын дедiм. Аты-жөнiмдi өзгертiп, мектебiм­нiң атауын әдейi жазбай отырмын. Себебi, шымбайыңа бататын шындықты бiздiң басшылық қастық деп ұғып, өзiне жау санайды.

Болат пен Асқар жас жағынан да, бiлiм жағынан да қарайлас, бiр ауылдың топырағында қатар өскен жiгiттер. Болат – iстеген iсiне өте жауапкер­шiлiкпен қарайтын, керек кезiнде мiнез де көрсететiн жiгiт. Асқар да өз iсiне тиянақты. Екеуi де мұғалiмдiктi таңдады. Ол кезде қазiргiдей заң қызметкерi немесе мұнайшы болам деген “модада” жоқ қой. Өздерiн он жыл бойы оқытқан ағай, апайларына

Қазiр қай саланы алып қараңыз, бiлiмсiздiк жайлаған. Медицинамыз анау, сау адамды мүгедек етiп, тiптi бақилыққа аттандыруда. Бiлiм саласы ғой, жемқорлық пен парықсыз, сауатсыздардың ордасына айналды. Сатылу мен сатып алуды меңгерген балаңыз тест деген пәледен әп-сәтте студен атанып шыға келедi. Ауыл шаруашылығының сауатсыздықтан шатқаяқтаған жағдайын айтып тауыса алмайсыз. Мiне, мына салада елiмiз нағыз сауатты саясатын жүр­гiзуде деп айта аласыз ба? Әй, қайдам...

Мен – торғайлықпын, яғни ауылданмын. 1960 жылдары бiздiң елдiң бiр қадiрлi адамы өзi дiндар, ғұлама, молда Хайдар атамыз Қостанайға туыстарына келiп бiр жетi қонақ болса керек. Қанша сый-сияпат көрсе де, бiр нәрсеге көңiлi толмағандай құлазып елге қайтыпты. Молдекең келдi дегендi естiген соң, ауылдың адамдары келiп сәлем берiп, Хайдекеңнiң жабырқаулы жүзiне алаңдап: “Уа, Хақа, Қостанай қалай екен?” деп сұрамай ма.

ЖАНТАЯ КЕТIПТI
Ауылда Оралбай деген ағамыз болды. Ауылдастарын үнемi күлдiрiп жүретiн кiсi едi. Бiрде жасы кiшi iнiлерi жиналып, Орекендi орталарына алып, керулi желiнiң қасында отырады ғой. Желiде бiр бұзау байлаулы тұрады. Бұзаудың қасына бiр сынық мүйiздi бұқа келедi де, мұрнының суын ағызып, әрi-берi басын шайқап, бұзауды иiскеп “мүүү-мүүү” деп, ыңыранып қояды. Бiр кезде басын қатты шайқап қалғанда, тұмсығы қағып кетiп бұзау бақ етiп аунап түседi.
Бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионаты 26 тамызда басталып, 5 қыркүйекте мәресiне жетедi. Таиландтың бас қаласы Бангкокта жалауы желбiрейтiн додаға қосылатын боксшыларымыз да белгiлi. Жiгiттердiң жалпы дайындығы жақсы. Ұлттық құ­рама боксшыларының денi Бүкләлемдiк бокс сериясының (WSB) бесiншi маусымында “Астана арландарының” сапында сынға түсiп, клубтың чемпион атануына үлесiн қосты.

УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңiнiң алғашқы матчы “Астананың” пайдасына шешiлдi. Сей­сенбiнiң түнiндегi тоқсан минуттық тартыстың қалай өрбiгенiн көрдiк. “Астананың” бас бапкерi Станимир Стойлов матчтың алдында өз пiкiрiн айтқан-ды. Басал­қы бапкердiң тартыс алдындағы ойы көңiлiмiздi өсiрген. “Астана” футбол клубы еурокубоктық ойындарда жаңа белеске жеттi.

СҮРIНБЕСЕ ЖАРАДЫ
Бүгiн, яғни жұмаға ауған түнi алматылық “Қайрат” Еуропа лигасының плей-офф ке­зеңi­н­дегi тартысын бастайды. Алғашқы матч сыртта, Францияның Бор­до қаласында өтедi, қарсылас ұжым – “Бордо”. Түнгi сағат 00:30-да басталатын матчқа Сол­түстiк Ирландияның тө­решiсi   Арнольд Хантер қазылық етедi. Бас қа­зыға Ричард Стори мен Гарет Икин болысады. Төртiншi төрешi – Реймонд Кренгл.
Қазiргi бiз пайдаланып жүрген қайшыны Леонардо да Винчи ойлап тапқан. Ал шындығына келгенде, бұл қайшының түпкi “атасы” Египеттен табылған.  Ғалымдардың дәлелдеуiнше, адам ашық көзбен ешқашанда түшкiре алмайды. Орташа есеппен алғанда, оңқай адамдардың өмiрi солақайларға қарағанда тоғыз жасқа ұзақ болады.  Адам өмiр сүрген уақытында (орташа есеппен) ұйықтап жатып 8 өрмекшiнi жейдi