1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (16045) 25 тамыз, сейсенбі 2015
Бiр күннiң iшiнде еркiне жiберiлген теңге ары қарай қалай құбылады? Соңғы бiр жарым жылдың iшiнде екi мәрте девальвацияға ұшыраған теңгенi құнсыздандырудан қалай құтқаруға болады? Бiз бұл сауалдарды сарапшыларға қойып көрген едiк.  Экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов елдi осы ахуалға тiреген – мұнай бағасы емес, экономиканы тиiмсiз басқарған үкiмет деп есептейдi. Ендiгi жерде халық сенiмiнен жұрдай болған Ұлттық банк төрағасы мен үкiмет басшысы отс­тавкаға кетiп, олардың орнын жұмыс iстей алатын азаматтар басуы керек дейдi ол.

Қазақстан президен­тiнiң, үкiметi мен Ұлттық банк жетекшiсiнiң отставкаға кетуiн, зейнетақыны индексациялау, теңге бағамын 2014 жылғы қаңтардағы деңгейiне теңестiру, табиғи ресурстарды, оларды өндiретiн кәсiпорындарды мемлекет иелiгiне қайтару, жұмыстан жаппай босату мен қысқартуды доғару, ЭКСПО-2017 жобасынан бас тарту жөнiнде талаптар қоймақ екенiн Facebook әлеу­меттiк желiсiндегi парақшасында хабарлаған қоғамдық белсендi Ермек Нарымбаевты тамыздың 20-сы күнi полиция ұстап әкеттi.

“ЕХРО-2017” Ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтiң жүргiзушiсi болған Саят Нәдiрбаевтың бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына жазған арызы қолымызда тұр. С.Нәдiрбаевтың туыстары өткен аптада “31-арна” арқылы бастарына түскен қиын жағдайды қоғамға жеткiзген. Олардың айтуынша, Қаржы полициясы олардың отбасына қысым жасап, С.Нәдiрбаевты қорқытып-үркiтiп әлдебiр құжатқа қол қойғызып алған.

Нарықта “тәлтiректеп” әрең тұрған теңге бiр-ақ сәтте “мойны астына қайырыла” құлады. “Дуалы ауыздан” шыққан көп-көрiм уәделер сол қайырылған мойынның астында кеттi. Маңдайының соры бес елi халық не iстедi? “Қап, кеше бiлгенде...”, деп iшi удай ашып, өкiндi. Несие алған кедейлер мен баласының оқу ақысын әлi төлеп үлгермеген “жайбасарлар” отыра қалып жылады. Ал президент алғыстың астында қалды.

Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк 27 тамызда Қазақстанның Шығыс облысында ядролық отын банкiнiң ашылатынын мәлiмдедi. Ядролық отын банкiнiң елiмiздегi Үлбi зауытында орналасатыны да бұған дейiн хабарланған-ды. МАГАТЭ-нiң мәлiметiнше, ядролық отын банкiнде 90 тоннаға дейiн төменқорытылған уранды сақтауға мүмкiндiк бар көрiнедi.
ОНЫҢ АҚ-ҚАРАСЫН ТЕК СОТ АНЫҚТАЙДЫ
Экс-премьер Серiк Ахметов бастаған қарағандылық бұрынғы жоғары шендi шенеунiктердiң қылмыстық iсiн қарап жатқан облыстың қылмыстық iстер жөнiндегi ауданаралық мамандандырылған сотында мемлекеттiк айыптаудың тiзгiнi үш прокурорға тапсырылғанын бiлемiз. Өткен бейсенбiде сол “үштiктiң” бiреуi Дияр Әдiлов қылмыстық iстiң жәй-жапсарын журналистерге жұқалап жеткiздi.

Оңтүстiк Қазақстан облысының жаңа әкiмi Бейбiт Атамқұлов қызметке тағайындалғанына екi аптаға жақындай түссе де, ешқандай жүрiс жасамағаны елдiң төзiмiн тауыса бастаған. Әрине, елдiң күткенi – кадрлық ауыс-түйiс. Сөйткен Атамқұлов осы аптада атқамiнерлерге тән әдетпен сәрсенбiнiң сәтiнде екi бiрдей маңызды шешiм қабылдап, елдi “еее...” дегiздi. Ешкiм ойға алмаған әкiмнiң ойда-жоқта атқа қона қалғанына онсыз да таңырқап жүрген оңтүстiктiң жұрты бұл жолы тағы бiр тосын тағайындауларға

Ежелден мұң ғой сөз басы.
Шерiмдi, мұңым, қозғашы.
Мұңлықтың мұздай мұңы боп,
Боздашы, қобыз, боздашы!
Тiрiлген мұң боп ерлiктен
Кеуденi кернеп шер бiткен.
Мүләйiм мұңнан бастау ап
Домбырам күйiн өрбiткен.
Қазақстанда өткен аптада Samsung Galaxy S6 edge+ смартфоны мен Tab S2 планшетiнiң таныстырылымы өттi. Samsung компаниясы жаңа өнiмдерiнiң артықшылықтарын толықтыра түскен. Samsung Galaxy S6 edge+ смартфонының дизайны ерекше көзге түседi. Жаңадан орнатылған Apps edge қызметi смартфон қосымшаларын тез ашуға мүмкiндiк бередi.
Халық жазушысы Әзiлхан Нұршайықов ағамыздың   хоббиi фотография, жақ­сы кiтаптар жинау болыпты. Бiр сұхбатында былай дейдi: “1953 жылы мен Павлодар облыстық “Қызыл ту” газетiне редактор болып таға­йындалдым. Павлодар­ға көшерде Алматыдан журналиске қажеттi екi нәрсе сатып алдым. Оның бiрi – “Москва-3” деген қолға ұстап жүретiн жазу машинкасы, екiншiсi “Зорький-С” деген фотоаппарат болатын. Бұл екi құралдың да игiлiгiн көрдiм.
Әр адам суреттерден өзiнiң сәттi түскен келбетiн көре алады. Ол үшiн тек қана сәттi тұрыс, дұрыс жарық және сүйкiмдi бет-әлпет қажет.Басыңызды бұрыңыз. Камераға тура қарап түскен жағдайда бетiңiз үлкейiп көрi­нуi әбден мүмкiн. Сондықтан азырақ болса да бұрылып, болмаса сiздi түсiрiп жатқанын байқамаған кейiп танытыңыз. Айта кететiн жайт, сырт қарағанда, адамның сол жақ денесi мен бетi “жақсы жағы” болып саналады.
“Мемлекеттiк төңкерiс жасамақшы болды” деген айыппен сотталып, 1925 жылы 35 жасында бостандыққа шыққан Адольф Гит­лердiң айқын дарындылығы – шешендiгi. Бiрақ оның халық алдында әсерлi сөз сөйлеу өнерi туа бiткен қасиетi емес екен.  Гитлер өте ұялшақтығынан арылу үшiн сырт келбетi мен сөйлеген сөзiнiң әсерлi болуы үшiн көп еңбектен­гендiгi анықталды. Осы мақсатпен Адольф өзiне Генрих Гофман есiмдi жеке фотограф жалдаған.
1979 жылдың 13 тамызында дүниеге келген. 2001 жылы Ташкент мемлекеттiк универси­тетiнiң журналистика факультетiн бiтiрдi. 2003 жылдан бастап бүгiнгi күнге дейiн “ҚазАқпарат” агенттiгiнде фототiлшi болып қызмет етедi. 2009 жылдан бастап “Рейтер” агенттiгiнiң штаттан тыс фототiлшiсi. МұхтарТұрапұлы фототiлшi ретiнде көптеген марапат­қа ие болған.

Бүгiнде селфи жасауға қызығушылық танытушылар саны күн санап өсуде. Ал селфи жасаушы монопод таяқшаны әлемнiң көптеген алдыңғы қатарлы мұражайлары iшке алып кiруге тыйым салған. Ондағы жәдiгерлердiң және басқа адамдардың денсаулығының қауiпсiздiгi үшiн. Олардың қатарында АҚШ, Голландия, Канада, Франция, Ұлыбритания ал осы жылдың наурызынан

Көптен күткен әлем чемпионаты да басталды. “Алау” мұз айдыны кешенi бүгiнде әлемнiң демiнен желпiнiп тұр. Кеше дзюдодан лицензиялық әлем чемпионаты жалауын желбiреттi. Дүй­сенбi күнi татамиге төрт бiрдей спортшымыз шықты. Олардың жеткен биiгi туралы сәл кейi­нiрек. Алдымен бұл әлем чемпионатына қанша спортшы қатыспақ? Астана төрiнде апта бойы бел­десетiндердiң арасында атағынан ат үркетiн, даңқы жер бетiне мәлiм қандай атлеттер бар деген сауалға тоқталмақпыз.

 ...Көзiм Астанада кеше басталған әлемдiк дзюдо чемпионатында болғанымен, құлағым алыс Бейжiңдегi жеңiл атлетикадан өтiп жатқан әлем чемпионатында. Құлағым деймiн, бүкiл жан - тәнiммен сол жақтамын. Барғым-ақ келiп едi мынау тұрған Қытайға, бiрақ барғызбасым бар­ғызбады. Бейжiң чемпионатының екiншi күнi жiгiттердiң 100 метрге жүгiруiмен басталды. Бәсеке керемет болды

САҢЛАҚҚА ЗӘРУ ЕМЕС
Астанадағы әлем чемпионатына Моңғолия қыздар құрамасын бастап келген бас бапкер Хишикбат Эрджэтод Қазақстан атынан сынға түсетiн моңғол қызы Галбадрах Отгонцэгцэг туралы пiкiрiн айтты. “Галбадрахты жақсы бiлемiн, менiң төл шәкiртiм болды. Моңғолия талантты бiр спортшысын уысынан шығарып алды. Галбадрахтың жағдайын түсiнемiн. Спортшы өсуi керек, тұрмысын түзеуi қажет. Дегенмен де мықты спортшысының шекара асып, өзге елге кетуi қиын ғой”
СТУДЕНТ ҚЫЗ ПОЙЫЗДА ӨМIР СҮРУДЕ
Немiс қызы Леони Мюл­лер студенттiк өмiрi аяқ­талғанша пойызда тұруды ұйғарды. Оған бiр­неше себеп бар. Оның айтуынша, пәтер жалдағаннен гөрi пойызда жү­рiп-тұру – арзанырақ. Мысалы, жалдамалы пәтерге бұрын 450 доллар төлеп келген екен. Ал пойызда тұрғалы берi ол 70 доллар үнемдеуде. “Және, – дейдi студент қыз, – өмiрде адам пайдалана алатын мүмкiншi­лiктердiң жетiп-артылатынын бүкiл әлемге жет­кiзгiм келедi.