1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16047) 1 қыркүйек, сейсенбі 2015
1 қыркүйек – Бiлiм күнi
Бүгiн – балауса балғындардың, мұға­лiм­дердiң және барша халықтың мерекесi. Биылғы бiлiм күнiнде мектеп табалдырығын алғаш рет аттайтын бүлдiршiндер саны – 340 мың. Бұл күн – елiмiздiң болашағы үшiн үлкен маңызға ие және ертеңiмiзге бастар даңғыл жолдың бастауы, жауапты кезеңнiң бастамасы. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнiмен бiрге әр баланың жеке тұлға және азамат ретiнде қалыптасу кезеңi басталады.
Теңге девальвацияға ұшырағалы берi Еуразиялық экономикалық одақтың бiрыңғай валютасы – алтын туралы әңгiмелер қайта талқылана бастады. “Алтын” енгiзудi қолдайтын сарапшылар – долларға тәуел­дiлiктен, әлсiз валютадан құтылудың бiрден-бiр жолы – бiрыңғай валютаны енгiзу деп есептейдi. Бұған қарсылар ұлттық валютадан бас тарту – тәуелсiз­дiктен айырылу екенiн алға тартады. “Алтын” идеясын ауық-ауық ауызға алып тұратын – ресейлiк сарапшылар. Бәрiнiң бiрауыздан келтiретiн дерегi – “алтын” есеп айырысуды жеңiлдетедi, елдер арасындағы саудада долларға тәуелдiлiктен құтқарады.

“Шабан ойлайтын” халық президент айтқан идеялардың мәнiн түсiнiп үлгере алмай жатыр. Ел басшысының аузынан шыққан сөзге назар қойып, байыбына ендi бара бергенде Нұрекең тағы бiрдеңе ойлап таба қояды. Мәселен, “Мәңгiлiк ел” идеясының қыр-сыры жұрттың жетесiне жетпей жатып, “Ұлы дала елi” дейтiн тағы бiр атау пайда болды. Екеуiнiң де авторы – бiр адам. Сондықтан халық “Аттан түскiсi келмеген адам елге ат қойғыш келедi” деген мақал шығарды. Шығарса шығара берсiн, президент алдағы жылы Қазақстанға қасқайтып тұрып, тағы бiр “ныспы” белгiлеуi мүмкiн.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ОСЫЛАЙ ДЕП МӘЛIМДЕМЕ ЖАСАДЫ
Халықаралық ПЕН-клуб ұйымы мен “Ашық диалог” қоғамдық қоры Қазақстан билiгiнен түрмедегi сая­саткер Владимир Козловты босатуды талап етiп, мәлiмдеме жасады. В.Козлов жатқан коло­ния­дағы қазiргi ахуалды алға тартқан ұйым өкiлдерi түрмедегi әрбiр әрекеттердi саясаткерге әдейi жасалған қысым деп бағалады. Бұл туралы ПЕН-клубтың ресми сайтында кеңiнен ақпарат берiлiп, В.Козловты саяси тұтқын ретiнде қарастырып, оны қалайда бостандыққа шығаруды талап етiп, үлкен науқан жүргiзудi айтады
Байқоңыр ғарыш айлағы, полигондар және ядролық отын банкi бойынша қазақ ұлттық кеңесiнiң
МӘЛIМДЕМЕСI
Қазақстанда 27 тамыздан бастап Ядролық отын банкiнiң ашылуы зор алаңдаушылық туғызды. Табиғат пен адам баласына қауiп төндiретiн, арты үлкен қасiретке әкелуi мүмкiн бұл жобаға наразылық бiлдiремiз. Жер көлемi бойынша әлемде 9-орын алатын Қазақстан бүгiнде тұтастай экологиялық апат аймағына айналды. 70 жыл бойы жерi мен суын аяусыз ластап, ойына келгенiн iстеген КСРО билiгi қазақ елiн Арал қасiретiне ұрындырып, солтүстiк облыстардың тың жерлерiн экстенсивтi игеру салдарынан топырағын жаппай эрозияға ұшыратты.

Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда ресми сапармен жүр. Қыркүйектiң 3-iне дейiн Қытай басшылығымен келiссөз жүргiзедi, той қонағы болады. Президенттiң баспасөз хатшысы Дәурен Абаев сапар алдында былай деген: “Тамыздың 31-iнде Қазақстан президентi Бейжiңнiң ресми шақыртуы бойынша мемлекеттiк iссапармен Қытайға барады. Бiз ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесемiз, жеңiстiң 70 жылдығын мерекелеуге қатысамыз. Мемлекет басшылары бiздiң әрiптестiгiмiздiң барлық бағыты бойынша “сағаттарын түзейдi”.

Өткен аптада президент Н.Назарбаев билiктiң жоғарғы эшелонында бiрқатар ауыс-түйiс жасады. Сенаторлар Ерлан Нығматулин мен Серiк Нөгербековтiң өкiлеттiгi тоқтады. Жоғарғы сот кеңесiнiң төрағасы Рашид Түсiпбеков те қызметiнен босап, сенатор болып тағайындалды. Е.Нығматулин мен С.Нөгер­бековтiң сенаттан кетуiн жұрт сан-саққа жүгiртуде. Солардың бiр парасы мынадай: “Нығматулиндi сенаттан кетiрген – қаржы полициясы қызметкерлерiнiң президентке жазған хаты...”, “Ахметовтiң жақтастары қарсы шабуылға шықты...”,

Әлемдiк қаржылық-экономикалық дағдарыстың себеп-салдарын iздеген зерттеушi­лердiң басым бөлiгi бүгiнде қарқынды дамып келе жатқан исламдық қаржы жүйесi­не ерекше көңiл бөле бастады. Бiздiң елiмiз де осынау исламдық қаржыландыру жүйе­сiн енгiзуде табандылық танытып, нақты қадамдар жасауда. Ең бiрiншi болып исламдық шағын несиелендiрудi “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ енгiзген едi. 

1.РОМУЛ МЕН РЕМ
Мектеп қабырғасында жүр­генiмiзде тарих пәнiнiң мұ­ғалiмi Шәмшия Төлендиева апайымыз Римге қатысты тө­мендегi аңыз-әңгiменi айтып берген: таққа таласқан iнiсi ағасын тақтан тайдырады. Сөйтiп, ағасының жалғыз ұлын ұрлатып, iзiм-ғайым жоғалтып жiбередi, ал Рея атты қызын аман қалдырады. Бiрақ оған өмiр бойы күйеуге шығуға тыйым салады. Алайда 3-4 жыл­дан кейiн Рея соғыс құ­дайы Марстан екi егiз бала табады.
Маңғыстаулық мұнайшылар еңбек кодексiн өзгертпеудi талап етiп, президент пен премьер-министрге жолдаған хаттарына нақты жауап ала алмады. Жаңа жоба қабылданып кетедi деп алаңдаған мұнайшылар тобы Астанаға сапар шекпекшi. Бұған дейiн “Жас Алаш” шiл­денiң 31-i күнi Маңғыстаудағы 16 кәсiподақ ұйымы өкiлдерi қол қойып, президент пен премьер-министрге хат жолдағанын жазған болатын.
Тамыздың 27-сi күнi жарыққа шығуға тиiс “Аdам” журналының кезектi нөмiрi тоқтатылды. Мұның себебiн баспахана қызметкерлерi техникалық ақаумен байланыстырған-ды. Алайда арада көп уақыт өтпей журнал редакциясына Алматы қалалық әкiмдiгiнiң өкiлдерi бас сұқты. Әкiмдiктiң iшкi саясат бөлiмiнiң заңгерi Серiк Алдабергенов бастаған топ әкiмшiлiк құқық бұзылғаны туралы белгiлер бар делiнген акт жасап, журналды жабу туралы сотқа шағым түсiретiндерiн мәлiмдеген.
Сот залынан
Өткен бейсенбiде азын-аулақ үзiлiстен соң сот отырысында төрт куәгер мен жәбiрленушi жақтың өкiлiнен жауап алу жоспарланған-ды. Жәбiрленушi жақ ретiнде бұған дейiн талап-арыз түсiрген Қарағанды қаласының әкiмдiгi қарастырылды. Ал куәгерлер прокурорлардың өтiнiшiмен шақырылды. Тек қана адалын айтуға ант-су iшкен куәгерлер қатарында бұрын аппарат жетекшiсiнiң орынбасары болған, бүгiнде Қарағанды облысы әкiмi аппаратын басқаратын

Әдебиет саласында болсын, өнер саласында болсын, пiкiр­таласын тудыру, пiкiрталасты өрбiте отырып, жақсы жағын жақсы деп, жаман жағын жаман деп ашығын айту – түсiнген адамға жанашырлықтың, тiлектестiктiң белгiсi. Осы тұрғыдан жазушы Момбек Әбдәкiмұлының “Қазақ киносы неге оңбай тұр?” деген мақаласын оқып, қазiргi күнi   тәй-тәй басып келе жатқан кино өнерiнiң жаңа туындыларының тамтығын қалдырмай оңды-солды   сынап, мiнеп тастағаны, шынымды айтсам, маған ұнамады. Екi түрлi қоғамның қызығы мен шыжығын көрген адам ретiнде сөйлейтiн болсам

Соңғы кездерi республикалық басылымдардан (“Айқын” және т.б.) “Қытай синдромынан” қорқудың қажетi жоқ” деген сыңайдағы пiкiрлердi оқи бастадым. Әзiмбай Ғали, Сейсен Әмiрбекұлы және өзге де мамандар “Қытайдан қорқып-үркудiң қажетi жоқ” дейдi. Бұлар өзiнiң шын ойын айтып тұр ма, жоқ әлде “осылай айтылуға тиiс” болғаннан кейiн айтып отыр ма, ол жағын мен бiле алмадым. Ендi осы ретте өз пiкiрiмдi бiлдiре кетсем деймiн.

“МҰХАММЕД–АЛЛАНЫҢ ЕЛШIСI”
Иранда “Мұхаммед –Алланың елшiсi” атты көркемфильм жарыққа шықты. Бұл фильм 7 жыл бойы түсiрiлдi. Жұмсалған қаржы – 40 млн. доллар. Фильмнiң режиссерi – Маджид Маджиди. Фильмнiң түсiрiлiмi барысында режиссер “пайғамбарды бейнеледi” деген мағынада сүниттер тарапынан сынға ұшырады. Алайда, түсiрушi топ кинода расулдың жүзi көрiнбейтiнiн айтады.
ҚУЫРШАҚТАР АРАЛЫ
Әлемнiң түкпiр-түкпiрiнде түсiнiксiз құбылыстар жиi орын алатын мекендер жетерлiк. Ондай мекендердiң бiрiн табиғаттың өзi жаратса, ендi бiрiн адамдардың өзi қолдан жасаған. “Мыңнан бiр мезеттiң” осы жолғы нөмiрiнде адамдардың өздерi тудырған тылсым жерлерге тоқталмақпыз. Мексика астанасы Мехикодан 18 шақырым жердегi Сочимилько аймағында “Қуыршақтар аралы” аталып кеткен мекен бар.
Жеңгем үнемi «тұңғыш баламды ауыр босандым» дейтiн. Бұл сөйлемнiң астарында әрбiр әйел бастан өткеретiн қиындықтан бөлек, тылсым дүние жатқанын кейiн естiп бiлдiм. 90-жылдардың басы болса керек. Ағам мен жеңгем бұл уақытта басқа ауылда өмiр сүрген. Аяғы ауыр жеңгем Жайнаның айы-күнi жетiп, толғағы қысқан соң, жедел жәрдем келiп, оны ескi перзентханаға жет­кiзiптi. Төрт сағаттық толғақтан кейiн аман-есен дүниеге тұңғыш ұлын әкелген Жайна жеңгем ана бақытына бөлендi.
ӨЛIМ – АДАМ САНАСЫНДА ӨМIР СҮРЕТIН ҚҰБЫЛЫС
Жақында АҚШ-та “Биоцентризм: өмiр мен сана – Ғаламның ақиқат табиғатын түсiнудiң көзi” атты кiтап шықты. Кiтап авторы, ғалым Роберт Ланцтың “ғарыштық” теориясына сәйкес, адамзат өлiм деп атайтын құбылыс мүлде жоқ. Ланцтың айтуынша, өлiм – адамзат санасындағы қиял ғана. Өйткенi адам өмiрдi өзiнiң сыртқы қабығы – денесiмен байланыстырады. Дене өлген кезде адам да өледi деп есептейдi.
Адам ағзасында қан арқылы оттегiн қабылдамайтын бiр ғана мүше бар, ол – көздiң қабағы. Көздiң қабағына оттегi сыртқы ауа арқылы берiледi.
***
Сiз осы жолдарды оқып отырғанда ағзаңыздағы 50 мың жасуша өлiп, оның орнына соншама жаңа жасуша түзiледi.
***
Адам көрген түсiнiң 90 пайызын естен шығарып алады. 
“Болғанынан боладысы қызық” әлем чемпионаты да жала­уын түсiрдi. Әлемнiң әр қиырынан жиналған дзюдо спортының саңлақтары жетi күн Сарыарқа төрiнде белдестi. Қазақ жерiнде алғаш рет ұйымдастырылған әлем чемпионатына келген меймандар мен спортшылар алғыстарын жаудырып кеттi. Жалпыкомандалық есепте Жапония құрамасы (6 алтын, 4 күмiс, 5 қола) топ бастаса, Франция балуандары 2 алтын, 2 күмiс, 2 қола жүлденi иелендi. Үшiншi сатыға 2 алтын, 3 қола жүлде тиген

Қазақ даласына келетiнi есiне түсiп, аяғын тартқаны шығар, Германия ұлттық құрамасы мен түрiктiң “Галатасарай” клубында ойнайтын поляк Лукаш Подольский сандырағы үшiн бiздiң елден кешiрiм сұрады. Қазақ футбол клубтарының арасынан елордалық “Астана” тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiне шығып, бөркiмiздi аспан­ға ата қуанғанбыз.