1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (16048) 3 қыркүйек, бейсенбі 2015
Кеше Астана уақытымен күндiзгi 10-нан 37 минут өткенде Байқоңыр айлағынан “Союз-ФГ” зымыран тасымалдаушы ғарышқа көтерiлдi. Экипаж құрамында қазақ Айдын Айымбетов, ресейлiк Сергей Волков және даниялық Андреас Могенсен бар. Ресейдiң ғарыш агенттiгi былай деп хабарлады: “Қыркүйектiң 2-сi күнi №1 алаңнан мерейтойлық 500-шi зымыран тасығыш ғарышқа шықты. Ұшып шыққаннан кейiн 528 секундтан соң “Союз ТМА-18М” кораблi зымыран тасығыштан штатты режимде бөлiндi.
Қазақстанның екi мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты. Жылдағы жаттанды жағдайға сәйкес, биыл да Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттары жөндеу жұмыстарына жабылды. Теңгенiң 30 пайызға құнсызданғаны, қымбатшылықтың қайта басталуы, зауыттардың жабылуы жұртты әбден әбiгерге салатыны сөзсiз. Күзгi жиын-терiн науқанының алдында жыл сайын елiмiздегi мұнай өңдеу зауыттарының жабылатыны түсiнiксiз.

1 қыркүйек күнi таңсәрiден ұл-қызын жетектеп, мектепке ағылған халық жұмысына оралған депу­таттарды кешкiсiн көк жәшiктен көрiп, бiр марқайды. Расында, балаға қарағанда депутаттар ақылды келе ме, әйтеуiр оларды сүйрелеп жүрген ешкiм көрiнбейдi. Әрқайсысы жұмысына өзi келген. Көңiл күйлерi қандай, шiркiн! Қауырт жұмысқа емес, 16-дағы қызға сырға салуға келген құдалар секiлдi, құдды. Бiр-бiрiн арқадан қағып, сауырдан сипап, мәре-сәре.

Биыл бiздiң Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуын атап өтуiмiз – өте қажеттi шаруа деп бiле­мiн. Бұл қазiр бiз үшiн өте өзектi, өте зәру мәселе болып отыр. Себебi бұған дейiн, тiптi осының алдында ғана қазақ тарихы туралы неше алуан алыпқашты әңгiмелер болды. Биiк мiнберлерден: “Бiзде хандық болған жоқ, мемлекет бол­ған жоқ, шекара да болған жоқ” деген ұшқары пiкiрлер айтылды. Оны өзiмiз ғана айтып қоймай

БЕЗБҮЙРЕК БИЛIК НЕМЕСЕ ШТЕФФЕН ЦУТЕР ДЕГЕН КIМ?
Қасiрет арылмаған қазақ даласы үшiн тағы бiр зауал ай сайын бiрнеше мәрте ұшырылатын протон зымырандары мен одан төгiлетiн улы гептилден болып отыр. Қараңыздар, 2013 жылы протон зымыраны18 рет, 2014 жылы 16 рет, ал 2015 жылы 14 рет ұшырылған. Осындай сынақтар 2025 жылға дейiн жалғаса бермек. Ал одан келетiн экологиялық зардаптың қандай болатынын төменде оқи жатасыздар.
30 тамыздан берi Қытайда ресми сапармен жүрген Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы келiсiмдерге қол жеткiздi. Ақорда Қытай мен Қазақстан тарапы құны 23 миллиард долларға жететiн 25 бiрлескен жоба жөнiндегi келiсiмге қол қойғанын хабарлады. Н.Назарбаев Қытайға төрт күндiк жұмыс сапарымен аттанғанда-ақ, қазақ басшысы Бейжiңге құр бекерге сапар шекпегенiн жауырыншылар болжаған едi.

Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шаханов бiрлесiп жазған “Құз басындағы аңшының зары”(Ғасыр айрығындағы сырласу) атты рухани философиялық, тарихи-танымдық және махаббат хикаяларына құрылған эсселер кiтабы дүние жүзiнiң көптеген тiлдерiнде аударылғанымен, қытай тiлiнде жарыққа шыққан жоқ едi. Мәселен, Қытай Халық Республикасының бiр жарым миллионға жуық қазақ тұратын Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында

Рас айтамын! Бүгiнгiнiң адамы “тырнақ астынан” бiр бәле iздеп тұрады. Өзiне тiптi қатысы жоқ болса да, “сау басына сақина тiлеп” жүргенi. Сенбесең, сөзiмдi соңына дейiн тыңда, дұрысы – жазғанымды оқы! Тамыздың соңғы жек­сен­бiсiнде тойланатын “Кеншi күнi” ай тумай жатып, талқыға түскен. Шiл­деде “Металлург күнi” өтi­сiмен басталды. “Бiзде “Байытушы күнi” деген неге жоқ? Бейбақтарды бi­ресе металлургтерге, бiресе кеншiлерге апарып қосады”

Қазақ журналистикасының қарашаңырағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетi туралы сөз қозғалғанда, осы факультеттi ұзақ жылдар бойы iскерлiкпен басқарған атақты декан әрi ұлағатты ұстаз, бiлiктi ға­лым, қарымды қаламгер Темiрбек Қожакеевтi тiлге тиек етпей әңгiме өрбiту мүмкiн емес шығар, сiрә.

4. МИЛАНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨРМЕСI
Милан қаласының Милано Чентрале темiр жол вокзалын құдды бiр салтанатты сарай десең де болғандай. Биiк-биiк мәрмәр бағана, зәулiм шаңырақ... Бұл ғимарат та Италияның өнер туындысының бiрi iспеттi. Айтпақшы, Венециядан Миланға дейiн – жүзiм алқабы. Рас, мұнда күнбағыс та, жүгерi де бар. Алайда жүзiм алқабы басымырақ.

Жасым 85-тен асқан соң, ескi ауруларым мазамды алды. Мен Тараздағы “Мейiрiм” деп аталатын ауруханаға жатып, емделейiн дедiм. Өзiм қаралып жүрген №9 қалалық емхананың дәрiгерлерi арқылы өтiнiш жасасақ, Гүлдара Нұрымова (аурухананың бастығы) ханым: “70-тен асқан ауруларды емдемеймiз” деп, қабылдамай қойды. Мен қатты ренжiдiм. “Бұл қалай сонда? Науқастың жасына қашаннан берi шек қойылып

Бiздiң ауыл бұрын “Шевченко” селосы деп аталған. Ата-аналарымыз селомыздың гүлденуiне көп еңбек еттi. Сөйтiп, балаларының, немере, шөберелерiнiң осы селода еш қайғы-мұңсыз өмiр сүруiне барлық жағдай жасады. Ендi олардың өмiр бойғы еңбектерiн еш кетiрiп, ауылды қиратып жатыр. Мәселен, 2000 жылы селоның басшылары бар техниканы сатып, ауылды құртып кеттi.

Жаңа оқу жылы басталарда баласына киiм iздеп сабылу – ата-ананың жылдағы әдетi ғой. Биыл да сондай қарбаластың iшiнде жүрiп, көзге қораш жағдайлардың куәсi болдым. Ұл-қызыма мектеп киiмiн алмаққа базарға барғанмын. Бағасы мен өлшемiн анықтап тұрғанымда жаныма келген бiр келiншек: “Намаз оқитын қызға арналған мектеп киiмi бар ма?” – деп сатушыдан сұрады.

Биылғы жылдың тамыз айы­ның бас кездерiнде Алматыға жолым түскенге дейiн мен бұл қаланы “нағыз қазақы қала” деп жүрушi едiм. Сөй­т­сем, өзiм тұратын Қостанай сияқты “шалақазақ” екен ғой. Осыдан 10-15 жыл бұрын Қостанайдың қақ ортасындағы “маңдайшасында” “Ка­фесi Шолпан” деген “таңбасы” бар кафенi “Кафесi Шолпан кафесi, кiм екен оның “әкесi” деп өзiмше сынаған болып, “шалдыр-шатпақ” бiрдеңе жазған едiм.

1 қыркүйек – Бiлiм күнiнде Созақ ауданында үш бiрдей бiлiм ордасы ашылды. Әлiшер Науаи мектебiнiң ашылу салтанатына қатысқан аудан әкiмi Мақсат Исаев: “Бұған дейiн Суын­дық орта мектебiнiң құрылыс жұмыстары аяқталған болатын. Мiне, бүгiн ауданымызда тағы үш бiрдей жаңа мектеп пайдалануға берiлуi бұл салаға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетiлiп жатқанын айғақтайды.

Бауырынан батыр ұлдарын баулып ұшыр­ған, азаматы мен ақынын алақанына салып, аялап өсiрген алтын ұя – ауылдың ажары кетiп, азабы қалған. Билiк қанша жерден “өйттiк, бүйттiк” деп тыраштанғанымен, әбiржiген ауылдардың айы оңынан туар түрi жоқ. Тiспен тартқыласаң да түйткiлi тарқамайтын, тас кенедей жабысқан тауқыметтi тiрлiгi тәлкекке түсiп тұр.

Жақында Алға қаласындағы “Шипагер” шипажайында болудың ретi келдi. Сонда бiр қатардың тазалықшысы болып iстеп жүрген Айгүл деген қарындас Өзбекстанда туыпты. 3 жыл бұрын тарихи Отаны Қазақстанға оралған. Келген соң тұрмысқа шыққан, сәбилi болған. Негiзгi мамандығы – мұғалiм. Өзбекстанда өз мамандығы бойынша қазақ мектебiнде сабақ берген. Ал мұнда мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, тазалықшы болып жүр.

ӘПКЕЛI-СIҢЛIЛI ЕКЕУIН ЗОРЛАУ ТУРАЛЫ ҮКIМ ШЫҒАРДЫ
Уттар-Прадеш (Үндi) штатының тұрғындары ақсақалдар кеңесiн жинап, басқа тапқа жататын қызбен қашып кеткен жiгiттке жаза қолдануды сұраған. Ақсақалдар кеңесi жiгiттi ұстай алмағандықтан, өштерiн жiгiттiң екi қарындасынан алмақшы болған. “Олар 15 және 23 жастағы қыздарды зорлау керек.
Астанада өткен дзюдодан әлем чемпионатында қыздарымызға қарнымыз ашты. Белдесуге түскен бойжеткендерiмiз жүктелген мiндеттi орындай алған жоқ. Келесi жылы өтетiн жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшiн ұпайды молынан үлестiретiн ең iрi дода осы әлем чемпионаты едi. “Абылайдың асында шаппағанда...” деп белсенген балуан қыздарымыздың үмiтi ұзаққа бармай-ақ қырқылып түстi. 
ҚАТАЛДЫҚ КЕРЕК!
Канадалық боксшы Давид Лемье (IBF тұжырымының чем­пио­ны) 17 қазанда АҚШ-та Геннадий Головкинге қарсы айқасқа түседi. Осы тартыс алдында тiлiмен шоқ көсеген Лемье әлеуметтiк желiге Бораттың суретiн жариялап, “Головкиннен бұрын Қазақстанды Борат танытты” деген. Ендi мiне, шымкенттiк “Ордабасы” клубының ойыншысы хорват