1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16049) 8 қыркүйек, сейсенбі 2015
«ҚАУҚАРСЫЗ, САУАТСЫЗ, БIЛIКСIЗ...»
Белгiлi диссидент-суретшi, бүгiнде АҚШ-та тұратын Қанат Ибрагимов әлеуметтiк желi арқылы Қазақстан халқына үндеу тастады. Суретшi теңгенiң құнсыздануына, қымбатшылыққа бүгiнгi үкiметтi айыптайды. К.Мәсiмов басқаратын үкiметтi отставкаға жiберудi талап етедi. Үндеудiң мәтiнi төмендегiдей.
Құрметтi қазақстандықтар! Қадiрлi отандастар!
Әлемдiк нарықта мұнай бағасы күннен-күнге төмендеп барады. Ал бiз – мұнайға бай елмiз. Мұнай қорының молдығы жағынан әлемдегi мұнайлы деген 15 мемлекеттiң қатарындамыз. Соған қарамастан, жанар-жағармай тапшылығынан әлi де арыла алмай келемiз. Өткен аптаның соңында АИ-92 маркалы бензиннiң бағасы 108 теңгеден 128-130 теңгеге бiр-ақ секiрдi.
Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде ғана “Қымбатшылықты президент те тоқтата алмайды” деп жазып едiк. Мiне, арада апта өтпей-ақ сауда нарығын қымбатшылық жайлады. Жайлағанда да, баға аспандап кеттi. Теңгенiң құнсыздануынан кейiн 15-20 теңгеге қымбаттаған тауар құны бүгiнде 20-40 пайызға дейiн шарықтады. Себеп – жанармай тағы да қымбаттады.
Өткен аптаның соңғы күндерiнде АИ-92 маркалы бензиннiң бағасы 108 теңгеден 128-130 теңгеге секiрдi. 

Төлқұжатқа президенттiң сөзi жазылады екен дейтiн ақпар шыққалы берi ел iшi ызың-ызың әңгiмеге толып кеттi. Расында, тосын жайт. Өйткенi адамзат баласы “төлқұжат” дейтiн алақандай қағазға ие болғалы берi оған ешбiр ел басшысы өз сөзiн тықпалауға тырыспапты. Ал парламенттен тараған дерекке қарағанда, Қазақстан азаматтарының төлқұжатына тұңғыш президенттiң тәуелсiздiк туралы сөзi жазылатынға ұқсайды.

Сот залынан
Қыркүйектiң бастапқы күнгi сот отырысында Қарағанды қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлiк және автомобиль жолдары басқармасынан көшелерге жарық бағанын орнату үшiн мемлекеттiк тапсырыс қабылдаған “ГорСвет” кәсiпорнының қызметi қаралды. Тапсырыс қабылдағанда тұрған не бар?
Қазақ хандығы — 550
Қазаққа қасиеттiсi — кiндiк қаны тамған қаратопырақ. Демек, ұлан-байтақ даланың әрбiр қарыс қадамы қастерлi. Алайда, ұлт болып ұйысып, елдiктi еншiлеуде Ұлытаудың алатын орны айрықша екенi анық. Ол — тура мағынасында, тасқа басылған тағылымды тарихымыздың қымбат қазынасы, ерлiк пен елдiктiң, береке мен бiрлiктiң бедерлi белгiсi.

Беларусьтiң президентi Александр Лукашенконың тiрлiгiнiң бәрiн тайпалған жорғадай деуге келмейдi. Ол өзiнiң “диктатор” екенiн ашық мойындайды. “Қызтеке болғанша, диктатор болғаным артық” деп басып салады кейде. Шешен сөйлейдi. Қандай мәселенi болса да қолмен қойғандай етiп жеткiзедi. Мәселен, “Билiк деп аталатын астаудың жанында шошқалардың бәрi бiрдей қорсылдайды: қызылы да, ағы да”,

“Адам” тәуелсiз басылымының қызметiн 3 айға тоқтатты. Бұл туралы газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнде жазған едiк. Әлдебiр саяси науқан қарсаңында елдегi тәуелсiз басылымдарға билiктiң жандайшаптары қырғидай тиетiнi жаттанды жағдай. Десек те, “Адам” журналының осы жолғы жабылуының өзiндiк ерекше себептерi де жоқ емес.
Өзi қатыспаған митинг үшiн әкiмшiлiк сотқа тартылып, 20 тәулiкке қамалған азаматтық белсендi Ермек Нарымбаев өткен аптада сот шешiмiне наразылық бiлдiрiп, апелляциялық шағым түсiрген едi. Бiрақ апелляциялық шағымды қараған Алматы қалалық соты оны қанағаттандырмай тастады.
Өмірден кім өткенін білесіз бе?
Бошай ақсақал дүниеден озды...
Әйгiлi атбегi, шежiрешi, ғалым, қоғам қайраткерi, Социалистiк Еңбек Ерi, 92-ге толып ендi 93 жасқа қараған шағында дүниеден озған Бошай Кiтапбаев өмiрiнiң соңына дейiн “Жас Алашпен” хабарласып тұрды. Ақыл-кеңесiн аямайтын, ұсыныс-тiлектерi де мол болатын.
Көрнектi әдебиетшi-ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, қадiрмендi ұстаз Тұрсынбек Кәкiшев өттi дүниеден. 89 жасқа қараған шағында. “Бiз – ең алдымен Кәкiшевке қарыздармыз!”. 1970 жылдан кейiн ҚазҰУ-дың филология факультетiн бiтiрген әдебиетшi-ғалымдардың басым көпшiлiгi осылай дейдi. Неге?

2015 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстанның көрнектi мемлекет және қоғам қай­раткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы 53 жасқа толар едi. Алтынбектiң серiктерi, жақындары мен достары сiздердi жыл сайынғы дәстүр бойынша өткiзiлетiн шараларға шақырамыз. Екiншi Кеңсайдағы Алтынбек Сәрсенбайұлының кесенесiне сағат 9:00-де барамыз. “Просвещенец” санаторийi – Құмбел асуы бағыты бойынша жаяу жорық. Жиналатын жер мен уақыт: “Қазақстан” қонақүйi қарсысындағы субұрқақтың маңы (Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесi қиылысы); автобус сағат 10:00-де жүредi.  Бильярдтан жылдағы турнир. Өтетiн орны – Шагабутдинов көшесi-109 А, Қарасай батыр көшесiнiң қиылысы, “Бастау” бильярд клубы, 10:30-да басталады.

Таяуда Алматыда 35 жастағы ана дүниеге төртем әкелдi. Төрт сәбиден бөлек Баян Абдуллинаның үш баласы бар. Жетi бiрдей баланың ата-анасы атанған жастарды әкiмдiк өкiлдерi арнайы құттықтап келдi деп ақпарат құралдары жарыса хабар таратты. Алайда сол тараған ақпарға қарап отырып, iштей қатты қынжылдым. Көпбалалы ананы құттықтай барған Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Зәуреш Аманжолова жетi балалы отбасыға баспана беру туралы жақ

Былапыт сөз адам тiлiмен қатар пайда бол­ған жоқ. Жүре туындаған. Қазiргi кезде екi сөзiнiң басына жағымсыз сөздi қосып сөйлемейтiн­дердiң қатары кемде-кем. Iшкi эмоциясын сыртқа шығарудың бiр формасы ретiнде қабылдайды. Психологтар оны сыртқы қауiптен өзiн қорғаудың әлсiз амалы ретiнде қарастырады. Ал балалар тiлiндегi “артық” сөздер басқа мәселе. Соған тоқталайық.

1. Ашу мен ыза – ақымақтықтың белгiсi. Сондықтан ашуланған адамға дауыс көтерудiң орнына өзiңiз бiр мезгiл дамыл табыңыз. Ренжiсiп, оны да өзiңiздi де қинамаңыз. Өткен iстi қайта қалпына келтiре алмайтындықтан, оның болашақта қайталанбауы үшiн әрекет жасаңыз. Ашық  әңгiме көмектесуi керек.

Ел арасында: “дуалап қойыпты”, “басын айналдырып алыпты”, “күйеуiн сиқырлап тастапты” дегендi естiп жатамыз. Бiреудiң күйеуiне екiншiсi тиiп, тiптi кейбiреудiң анасы, енесi, әпке-сiңлiлерi араласып, тәуiп жағалап, бiрiн-бiрi азғырып жүрген адамдар көбейе бастады. Кейбiреулер үйiнен ине, жастығының астынан тырнақ, жiппен оралған қуыршақ тауып алдық деп жатады. Расында, сиқырлау, дуа деген нәр­се бар ма? Оны кiмдер жасайды?

Қасиеттi кiтаптарда адам баласының топырақтан жаралғаны хақында тектен-текке айтылмаған. Тарихтың небiр өт­ке­легi­нен өтiп, бүгiнде homo­sapiens­ке айналған адамзат қауымдастығының айтулы бiр өкiлi Ақынның да поэтикалық болмыс-бiтiмi де сол жарық жалғанға шыр етiп түскен топырағынан бастау алады. Топырақ — ақынның төркiн жұрты. Ұлты — алпыс алты тамыры, жұлын-жүйесi, жан жүрегi. Мына жарық дүниеде ұлт пен ұлысқа ақыннан етене жақын ешкiмнiң болмайтыны сондықтан.

“Адам көркi – шүберек” демекшi, қыз балаға киген киiмi ерекше сән берiп, бойындағы сенiмдiлiгiн арттыра түседi. Осы тұста “қыздар кiм үшiн киiнедi?” деген орынды сұрақ туады. Бiрi «өзiм үшiн» десе, екiншiлерi «жiгiттер үшiн» дейдi. Үшiншiлерi өзге қыздардан ерекшелену үшiн әдемi киiнетiнiн айтады. Жауаптың қайсысы дұрыс екенiн әркiм өзi шеше жатар. Кiм үшiн киiнсек те, ер-азаматтардың назар аударатыны анық.

ӘЛIМХАН ЕРМЕКОВ ТУРАЛЫ ЕЛЕУЛI ЕҢБЕК
Жақында тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгiлi ғалым Жанна Қыдыралинаның “Әлiмхан Ермеков: тағдыр және уақыт” атты кiтабы орыс тiлiнде жарық көрдi     (Ж.У.Кыдыралина. Алимхан Ермеков: судьба и время. “Фолиант” баспасы, Астана, 2015 жыл). Бұл кiтапта Ә.Ермековтiң тауқыметке толы тағдыры қоғамдық-саяси тұрғыдан дәйектi ашып көрсетiледi.

Юрий Красножан баптайтын елiмiздiң ұлттық құрамасы өткен аптада маңызды екi матчқа қатысты. Келесi жылы Франция елi ұйымдастыратын Еуропа чемпионатының финалдық ойынына iрiктеу аясындағы тартыста алдымен Чехия футболшыларына, одан кейiн Исландия ұлттық құрамасына қарсы тұрды.

ҚҰРЛЫҚТА ҚАРА ҮЗДIК
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Азия бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Мырзағали Айт­жанов баптайтын елiмiздiң боксшылары құрлық додасынан 5 алтын, 1 күмiс, 1 қола медаль олжалап, жалыпкомандалық есепте бiрiншi сатыға орнықты. Бiздiң жiгiттер 2013 жылы да Азия чемпионатының 7 алтынын олжалап, жалпы есепте топ бас­таған болатын. Биыл да сол биiгiнен төмендеген жоқ.

Ақмола облысының Қабанбай ауылында аламан бәйге өттi. “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының демеушiлiгiмен, “Нұр Отан” партиясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлiгi, Астана қаласы әкiмдiгiнiң қолдауымен “Ұлттық спорт түрлерi қауымдас­тығы” ұйымдастырған шарада арғымақтар 51 шақырымға айдалды.