1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (16050) 10 қыркүйек, бейсенбі 2015
Қазақстанның тұңғыш әрi “өмiрбақилық” президентi Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдары қатарластарының көңiлiн табатындай сөз айтып жүр. Мәселен, 2010 жылы өзiнiң атындағы университеттiң студенттерiмен кездескенде ол былай деген: “Менiң қатарластарым өмiрдi ұзартатын дәрiнi тағатсыздана күтiп жүр, тезiрек болса екен деп...”. Сол сол-ақ екен, қазақстандық ғалымдар тау-тасты кезiп, зертханаларды жағалап жасартатын дәрi iздеп кеттi. Жақсыбай Жұмадiлов деген ғалым “Наром” деп аталатын сусын ойлап тап­қанын мәлiмдедi.
12 ҚЫРКҮЙЕК – АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНI
Ол таң бәрiбiр атады. Ол күн мiндеттi түрде туады. Өйткенi Алтекеңнiң арман-мұраты – қара бастың қамы емес, халықтың мүддесiн қорғап, қазақтың келешегiн көркейту едi. Бұл мақсатқа апаратын жал­ғыз ғана жол тұрған. Ол – талайлар жете алмай жүрген лауазымды қызметтi тәрк етiп, жоғары билiкпен бел шеше күресу-тiн. Қатерлi болса да, А.Сәрсенбайұлы осы жолды таңдады.

Азаматтық белсендiлер – Қанат Ибрагимов пен Серiкжан Мәмбетәлиннiң бастамасымен премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтi отставкаға кетiру жөнiндегi петицияға қол жиналып жатқанын өткен нөмiрде хабарлаған едiк. Елдiң экономикалық-әлеуметтiк саясатын құрдымға жiберiп, халықты ауыр ахуалға әкеп тiреген үкiмет жетекшiсiнiң қызметтен кетуiн қолдаушылар саны күн санап өсуде.

Ресей президентi Владимир Путиннiң ТМД аумағында доллар және еуродан бас тартуды қарастыратын заң жобасын Ресей мемлекеттiк думасына тапсыруы қазақстандық әлеуметтiк желi қолданушыларының наразылығын тудырды. “Ресей президентi қалайша доллардан бас тарту мәселесiн бiржақты түрде шешедi”, “ТМД-ның өзге елдерi неге үнсiз?”, “бұл – бiрыңғай валютаны енгiзудiң негiзi” iспеттi пiкiрлер айтылып, жазылды. Бiрақ Путин мұндай заң жобасын тектен-текке емес, ТМД аумағында 2012 жылы ратификацияланған келiсiмге сүйенiп енгiзген болып шықты.

Ұлттық экономика министрлiгi Парламент Сенатына “Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы” заңға өзгертулер енгiзу жөнiндегi жобаны таныстырды. Ұлттық экономика вице-министрi Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, Сенаттың халық­аралық қатынастар, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiне таныстырған жоба бойынша заңға “мемлекеттiк органдарды жұмылдыру жоспары”, “әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердi жұмылдыру жоспары”,

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДА МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ
“Ембiмұнайгаз” акционерлiк қоғамы биылғы мұнайшылар мерекесiн ерекше оқиғамен өрнектедi. Кәсiпорынның Атырау қаласындағы бас кеңсесiнде мұнайлы өлке тарихының интерактивтiк мұражайы есiк ашты. Өндiрiстiк тарихы ғасырдан астам, ал зерттеу шежiресi одан да әрi қазақ мұнайының мән-жайын жаңаша әдiспен баяндау үшiн құжаттар құнтты жинақталды. Алматы мен Астананың, Мәскеудiң ведомстволық мекемелерiнiң мұрағаттары жiтi зерттелдi.
Кеше ғана әлеуметтiк желiлерде (Матриц.кз. Фейсбук, т.б.) мынадай бiр елең еткiзерлiк ақпарат жарияланды. Қысқашалап баяндасақ. 29 тамыз күнi Ақмола облысындағы Зерендi демалыс аймағында Ақмола, Қостанай, Солтүстiк Қазқстан облыстарының әкiмдерi – Сергей Кулагин, Нұралы Сәдуақасов және Ерiк Сұлтанов саунада демалып, оларға Көкшетаудың Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театры және облыстық филармонияның әртiстерi барып өнер көрсетiптi.
Олар Жетiсайға Өзбекстанның бiзбен көршiлес жат­қан Фарыш ауданынан қоныс аударған болатын. Жаңы­лыс­пасам, 2003-04-жыл­дардың бедерi-ау деймiн, ерлi-зайыпты Сейсен мен Ұлпашты көшемiздiң тұрғындары жылы шыраймен қабылдады. Олардың өздерi де осы­ған лайық-тын. Қарапайым да мәдениеттi отбасын­да бiрiнен-бiр сүйкiмдi үш ер бала бар.

Қазақстан тәуелсiз мемлекет болып жарияланған 1990 жылдары жер шарында қуанбаған қазақ жоқ едi. Елiме жетiп еңбек етсем, өз күш-қайратымды Қазақстанның көркеюiне жұмылдырсам деген арман екiнiң бiрiнiң кеудесiнде тұрғаны анық болатын. Шетелдерден Қазақстанға қоныс аударған елдiң iшiнде қарапайым еңбеккер, зиялы қауым, бiлгiр мамандар, қоғам қайраткерлерi де бар едi. Сол көшiп келген көп қазақтың бiрi мен едiм.

Жақында Корея Республикасының бұрынғы президентi   Ли Мен Бактың естелiк­терiн оқып шығып, керемет әсер алдым (Ли Мен Бак. “Өмiрде ғажайып нәрсе өз-өзiнен бола салмайды”, Алматы, 2012 жыл). Бала кезiнен кедейшiлiктiң ащы дәмiн татып, өзiнiң еңбекқорлығымен, табандылығымен жоғары бiлiм алып, iрi компанияларды бас­қар­ған болашақ Корея президентi сексенiншi жылдары “Хюндай” компаниясының құрылыс бөлiмiнiң басшысы ретiнде Малайзияда көпiр салу жұмысына жетекшiлiк етедi.

Жақында әлеуметтiк желiде ““Вьетнам халықаралық некелестiру агенттiгi” қазақ азаматтарына Вьетнам қызын 6 мың АҚШ долларына 1 жылдық кепiлдiкпен сатып алуды ұсынды” деген ақпарат тарап кеттi. Жарнамаға сенсек, Вьетнам қыздары өте тәрбиелi, арын сақтаған, тiлалғыш, перiштедей пәк екен. Және жарнама берушiлердiң ойынша, мұндай қыздар – қазақ жiгiттерiнiң арманы.

Қаскелең қаласындағы А.Байжанов атындағы орта мектептiң ұжымы “Мектепке жол” қайырымдылық акциясына жыл сайын белсене қатысады. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Әр баланың жүрегiне жылу беру, мейiрiмiн-шапағатын төгу, қамқорлық көрсету – сауапты iс. Жылағанды жұбатып, қамыққанға қамқор бола бiлген Желтоқсан қаһармандары

Бiрқатар мерзiмдiк басылымдардың бұдан үш-төрт жыл бұрынғы сандарын қарап шығу қажет болып, А.Пушкин атындағы облыстық әмбебап кiтап­ха­наға бас сұқтым. Жал­пы, баспасөздiң әр­түрлi деңгейдегi көптеген түрлерiнiң тiгiндiсi осында жасалатынын және сақталатынын бiлемiз. Iздеге­нiмдi алдымен “Оңтүстiк Қазақстан” газетiнiң 2010 жылғы нөмiрлерiнiң жиынтығын ақтарудан бастадым.

“Бай жақсы батырдан да, билiктен де,
Әр iстi ақша бұзар килiккенде”.
Деген екен бұрынғы бабаларым,
Ол кезде де осылай сый күткен бе?

1949 жылы Александр Фадеев Париждегi бiр кездесуде “...қазақ әдебиетiнде қазiр тамаша романдар пайда болуда. Солардың бiрi – өткен ғасырда өмiр сүрген қазақтың классик ақыны Абай жөнiнде жазылған “Абай” атты роман” деп ұлы Мұхтар Әуезов есiмiн француз жұртшылығына тұңғыш рет жария еткен-дi. Оның тағы бiр себебi, сол жылы Мұхтар Әуе­зовке “Абай” романы үшiн бiрiншi дәрежелi Сталиндiк сыйлық берiлiп, қазақ әдебиетi мәрте­бе­сiнiң шарықтай өскенi бар.

Бiз осыдан бiр жыл бұрын Мәшһүр-Жүсiп Көпейұлы туралы деректi фильм түсiрiлiп жатыр деп хабарлаған едiк. Жуықта осы дүниенiң авторы, Алматыдағы “Түркi әлемi телестудиясының” директоры, жазушы Доқтырхан Тұрлыбек Керекуге арнайы келiп, аталмыш фильмнiң тұсаукесерiн жасады. Осы мәдени шарадан соң фильмнiң авторын бiрер ауыз сөзге тартқан едiк:

ӘМIР ТЕМIРДЕН ҚАЛҒАН ОСЫ ҚЫМБАТ БЕЛГI НЕГЕ РЕСЕЙДЕ ҚАЛА БЕРЕДI?
Ұлытау – қасиеттi жер. Әйгiлi Ақсақ Темiрдiң Ұлытауға аялдап, Алтыншоқыдағы жалпақ тасқа өз жарлығымен тарихи естелiк қалдыруы да тегiн емес. Әмiр Темiр тасқа қашатып жаздырған осы белгiтас жөнiнде “Қазақ энциклопедиясы” не дейдi? Ендi сөздi энциклопедияға берейiк:

Әртiс Уәли Әбдiрайымовты өз басым құрметтеймiн. “Шаншардың” дүниеге келуiне менiң де мұрындық болғаным бар. Бiрақ iнiм кейде басылымдарға сұхбат бергенде “моторы қызып” кеткен мәшинедей “қайнап” кетедi ғой деймiн. “Дат” газетiне берген сұхбатында: “Бүгiнгi қоғамға сатира керек емес. Өйткенi оны тыңдайтын адамы жоқ. Мысалға, театрлардың айтып, көрсетiп жатқан дүниелерi жоғары жаққа жетпей, жетсе – жақпай жатады.

Таңат Сағындықов баптайтын елiмiздiң грек-рим күресiнiң балуандары әлем чемпионатының жүлдесiмен қоса Олимпиада жолдамасын да иелендi. АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтiп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнi кiлемге үш балуанымыздың шыққанын кешегi санда жазғанбыз.  Жүлдеден қағылған екi балуанның жеңiлiсi жөнiнде кейiнiрек, алдымен сүйiнiштi жаңалықты бө­лiсейiк.
Айсұлтан Назарбаев елiмiздiң футбол федерациясының прези­дентiн сайлау үшiн кезектен тыс сайлау өткiзiп, өзге басшыны тағайындау керектiгiн айтып, хат жазды. Сөйтiп, үмiткер ретiнде өзiн ұсынған. Әлеуметтiк желiдегi бұл ақпарды   “За тебя Баке” тобы таратты.  Айсұлтан Назарбаев ел футболының тiзгiнiн ұстайтын дәрежеге жеттi ме? Айсұлтанның әкесi Рахат Әлиев кезiнде Қазақстан футбол федерациясының президентi деген лауазымды қызметтi атқарған.
ЕКI МЕДАЛЬ ТИДI 
Таиландта ауыр атлетикадан Азия бiрiншiлiгi өтiп жатыр. Құрлық додасынан екi қызымыз қола жүлдегер атанды. 58 келi салмақ дәрежесiнде Әсем Садықова қола медаль иегерi атанса, 63 келiде күшiн сынаған Фаина Сиванбаева да Азия чемпионатының қола жүлдесiн олжалады. Қыздарымыздың алдын Қытай мен Таиландтың ауыр атлеттерi орап кеттi.