1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №73 (16051) 15 қыркүйек, сейсенбі 2015

Күрестi қанша жерден күшейткен болып күшенгенмен жемқорлық бiзге жеңсiк беретiн емес. Рас, жоғары лауазымды шонжарлар ұсталып жатыр. Кеше Қорғаныс саласының генералдары бiрiнен кейiн бiрi тұтқындалған болатын. Бүгiн вице-министрлер мен аудан, қала әкiмдерiн былай қойғанда, экс-премьер С.Ахметовтiң де “басына күн” туды. ЭКСПО-ға төрағалық еткен Т.Ермегияев үйқамақта. Бiр қызығы, мұны халық жемқорлықпен күрестiң күш алғанынан гөрi кландық топтардың есеп айырысуына, шонжарлардың бiр-бiрiн жарға итеруiне көбiрек ұқсатады.

ПРЕЗИДЕНТ Н.НАЗАРБАЕВ ҚЫЗЫН ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЕТIП ТАҒАЙЫНДАП, ДАУЛЫ ТАҚЫРЫПТЫҢ ҚОЛАМТАСЫН ҚАЙТА ҮРЛЕДI
Қыркүйектiң 11-i күнi Қазақстан прези­дентi Нұрсұлтан Назарбаев үлкен қызы Дариға Назарбаеваны Парламент мәжiлi­сiнiң вице-спикерi әрi “Нұр Отан” партиясы фракциясының жетекшiсi қызметiнен босатты да, премьер-министрдiң орынбасары етiп тағайындады. Бұл ненi көрсе­тедi? Ерке қызды кезектi рет жұбату ма? Әлде Н.Назарбаев үлкен қызын мұрагер санай ма? Бәлкiм, негiзгi мұрагерден қоғамдық пiкiрдi басқа жаққа аудару тәсiлi шығар?

Өткен жұмада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аяқ астынан ауыс-түйiс жасап, үлкен қызын вице-премьер қызметiне тағайындауы саяси ортада әжiк-күжiк әңгiме тудырды. Мұның қатардағы тағайындау емес, билiк транзитiне дайындықтың басы екенiн тiсқаққан сарапшының бәрi түсiндi. Осы арқылы Н.Назарбаев өз қызына билiктiң ауысу процесiнде үлкен рөл жүктегенiн айқындап бердi. Бұл тағайындаудың астарында тағы не жатыр?

Өткен жұмада Ақтөбе облысына жаңа басшы таға­йындалды. Облысты 4 жыл басқарған 43 жастағы Архимед Мұхамбетовтi   премьер-министрдiң орынбасары болған Бердiбек Сапарбаев алмастырды. Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов пен Президент әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi Нұрлан Нығматулин облыс активiнiң алдында жергiлiктi белсендiлерге Б.Сапарбаевты таныстырды. А.Мұхамбетов болса қала басшысы парамен құрықталып жатқан Қостанай облысын басқармақшы.

Көп жасаған және көптi көрген әдебиет­шi-ғалым Рахманқұл Бердiбай қазақ тiлi туралы кезектi бiр пiкiрталаста былай деген едi: “Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде өзiне лайықты орнын ала алмай жүргенiне қазақты кiнәлайтындар бар. Айналайындар-ау, халықтың қолында не бар? Тiлдi тiрiлтем десе де мемлекет тiрiлтедi, өлтiрем десе де мемлекет өлтiредi! Халықтың бұл жерде еш жазығы жоқ...”.

Жыл сайын қоңыр күзде мемлекет және қоғам қайрат­керi, екi жолдасымен бiрге қандыбалақ қаскөй­лердiң қолынан қаза тауып, өмiрден қапияда қыршын кеткен Алтынбек Сәрсенбай­ұлының туған күнi – 12 қыркүйекте боздақтың Кеңсайдағы зиратына гүл шоқтары қойылып, аруағына Құран бағышталады. Сонан соң Алтынбек талай жүрiп өткен Құмбел асуына қарай жаяу жорық ұйымдастырылады. Соңынан Алтынбек жақсы көрiп ойнаған бильярдтан қаламгерлер арасында турнир өтедi.

Солтүстiктегi үш облыстың әкiмдерiнiң саунадағы “серiлiктерi” жайлы қазiр жұртшылық құлақтанып қалды. Бiрақ бұл жөнiнде Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi арнайы хабарлама жасап, болған жайдың барлығын жоққа шығаруға кiрiстi. Солтүстiк Қазақстан мен Қостанай облысы әкiмдiктерi тарапынан әзiрше ешқандай ақталу әрекетi байқалмайды.
АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЙҰЛЫН ЖОҚТАУ
Бiлiмi шыңды теңселткен, 
Ел қамын ойлап мұң кешкен,
Ардың құлы қайран ер, 
Әдiлдiк үшiн күрескен. 
Еркiндiк аңсап тiлегiң,
Нар халқың болып тiрегiң.
Ұлтыңның рухын ту қылып
Бұл тақырыптың менi мазалағанына көп болды... Әйелiмнiң тұла бойымды тiтiркендiрiп, жан-дүниемдi түршiктiрген әңгiмесiн өз аузынан естiгенде, журна­листiк әуестiгiм дес бермей, “мен мұны жазамын” дедiм ширығып. “Жоқ, жазбай-ақ қойшы, әйте­уiр аман шықтым ғой, – дедi ол жаймен ғана. – Өлемiн бе деп едiм, өлмедiм, ендi мiне үйде­мiн...”. Иә, Нұрбақыт үйге келдi. Алматы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының ем­делушi­лер бөлiмiнде екi жұмадай жатып, одан кейiн жансақтау бөлiмiнiң төсегiне артық-кемсiз жиырма бес күн таңылып, жаратушы
Жақында Ерейментаудың Үмбетей жырау атындағы мәдениет сарайында осы елдiң тумалары – Сайлау Жылқыбаев пен Сайлау Байбосынның шығармашылық кешi болып өттi. Жасыратыны жоқ, кейiнгi 7-8 жылда басшы тұрақтамай кеткен Ерейментау ауданына әкiм болып Ермек Нұғыманов атты азамат келгелi ұлттық руханиятқа ерекше көңiл бөлiнуде. Осы екi қаламгерге арналған мәдени шараны ұйымдас­тыруға мұрындық болған да әкiмнiң өзi.

Жоғары оқу орнына түскен әрбiр студенттi күнделiктi болатын дәрiстерден басқа тағы бiр өте маңызды сұрақ мазалайтыны анық. Ол – қаражат мәселесi. Себебi студенттердiң барлығы дерлiк шәкiртақы алмайды, алғандардың өзiнiң азын-аулақ ақшасы iшiп-жемнен артылмайды. Күнделiктi жол жүру ақысы, баспана мәселесi тағы бар. Үлкен өмiрге қадам басқан бозбала мен бойжеткендер көп жағдайда шығындарын жабу үшiн ата-анасынан көмек сұрауға

Студенттер таңнан кешке дейiн қарбаласпен жүрiп, күн ұясына бат­қанда ғана үйге оралады. Күнi бойы жемеген тамағын асқазан демалар сәтте жейдi. Күн тас төбеде тұрғанда жақсы жұмыс iстейтiн асқазан күннiң батысына байланыс­ты үдерiсiн баяулатады. Әсiресе, оқу орнына жақын жатақханада тұратын студенттер артық жүрiс, қозғалыс аз болғандықтан, ешқашан толыспайтын қыздардың өзi тез салмақ қосып алады.

Сабаққа қаламсыз келсең – жаза алмайсың. Жазбасаң – тыңдағаның басыңнан ұшып кетедi. Басыңда түк болмаса – тестiлеуде сәтсiздiк күтiп тұр. Сәтсiздiк сенi дипломнан қағады. Диплом болмаса – жұмыс болмайды, жұмыс жоқ болса – ақша жоқ, ақша жоқ болса – аш боласың, аш болсаң – жүдеп кетесiң, жүдеген соң – ұсқының қашады, ұсқынсыз адамның – махаббатта жолы болмайды, махаббаты жоқ адам – үйленбейдi, үйленбесең

Қытай үкiметiнiң гранты бо­йынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға 10 млн. доллардың суперкомпьютерi әкелiнетiн болды. Бұл – қазақ басшысының Қытайға жасаған мемлекеттiк сапары барысында қол жеткiзген келiсiмдерiнiң бiр жемiсi кө­рiнедi. Келмей жатып, аты “жер жар­ған” бұл қандай компьютер? Деректерге қарағанда, көршiден келетiн техникалық жабдық секундына жүз он триллион операцияны (110 Тфл) жүзеге асыра алады екен.
Әлемде мыңдаған, тiптi миллиондаған субұрқақ бар. Солардың әрқайсысы жобалаушылардың талантынан сыр шертедi. Бiр-бiрiне ұқсамайтыны да сондықтан болса керек. Ал Тарту қаласындағы “Сүйiскен студенттер” субұрқағының жөнi тiптен бөлек. Тарту – Эстонияның ең iрi мәдени орталықтарының бiрi. Оны “жастар қаласы” деп атайтындар да бар. Өйткенi қала тұрғындарының денiн студенттер құрайды.
АТҚАН ОҚТАЙ...
Германия студенттерi әлемдегi ең жылдам қозғалатын автокөлiктi құрастырып шықты. Оның шапшаңдығы “Bugatti Veyron”, “Koenigsegg Agera”, “Ferrari LaFerrari” секiлдi гипермашиналардан әлдеқайда артық. Оны Штутгарт универси­тетiндегi автомобиль құрылысы факультетiнiң студенттерi құрастырған. Әзiрге әлемдегi ең жылдам автомобиль 100 шақырымдық жылдамдықты 1,779 секундты игередi екен.
Қызық екен
***
Сирияның және Египеттiң сұлтаны Саладин қайтыс болғаннан кейiн оның артында тек бiр тал алтын тиыны мен 47 күмiс тиындары қалады. Қалған байлығының бәрiн Саладин сұлтан кедейлерге таратып берген екен.
АҚШ-тың Лас-Вегас қа­ла­сында күрес түрлерiнен әлем чемпионаты аяқталды. Таңат Сағындықов баптайтын грек-рим күресiнiң балуандарына екi қола жүлде тигенiн бұған дейiн жаздық. Өкiнiшке қарай, грек-рим күресiнен Нұрсұлтан Тұрсынов та (85 келi) елге құралақан қайтты. Нұрсұлтанның жолын ширек финалда финляндиялық балуан кестi.
17 қыркүйекте Түркияның Самсун қаласында паратаек­вондодан әлем бiрiншiлiгi басталады. Елiмiздiң намысын қорғайтын саңлақтың бiрi Өмiрәлi Нышанға сәт-сапар тiлеп, аз-кем тiлдестiк. – Спорт маған орасан қуаныш сыйлады, бағдар бердi, арманымның жолын ашты. Паратаеквондо спортымен шұғылданып, түрлi халықаралық сайыстарға қатыстым, ел көрдiм, жер шалдым, дос таптым, – дейдi Өмiрәлi Нышан.
ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ЖАДЫМЫЗДА
12 қыркүйек – Қазақстанның көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күнi. 2006 жылы қандықол қарақшылардың қо­лынан қапияда оққа ұшқан Алтекеңдi халқы ешуақытта ұмытпақ емес. Биыл да бұрынғы үрдiс жал­ғасын тапты. Алтекеңнiң әрiптестерi, серiктерi, шә­кiрттерi, туыс-туған, бауырлары Кеңсайдағы зират басында Құран бағыштап, дұға тiледi