1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №74 (16052) 17 қыркүйек, бейсенбі 2015
Әдiлбек Жақсыбеков мықты жiгiт-ей негiзi. Әнеукүнi ғана Астананы жайлаған жезөкшелердi тыраңдатып “қуып жүргенiн” ресми БАҚ жарыса жазған едi. Онысына “Әп-бәрекелдi, нағыз еркек екен” десiп, ел риза болған. Бiрақ нәтиже шамалы. Өйткенi әлгi жазғандарды түнiмен тас абақтыға қамап, тәубесiне түстi-ау дегенде қоя берсең, ертесi түк болмағандай “жұмыс орнына” қайта барып тұрады. Қазақ тыныш жүре ме, осыны көрген жұрт “Е-е, Әдiлбектiкi де әншейiн екен ғой...” деген әңгiме шығарды. Мұндай сөз қаны “басына тепкен” қай жiгiтке жеңiл тисiн, Әдекең ендi жезөкшелердi былай ысырып қойып, “7:40” дейтiн уақыт мөлшерiн ұсынды. Ұсынды дегенiмiз жай сөз, әйтпесе, бұл бұйрықпен тең. Ең қызығы, “7:40” мерзiмi жеткiншектердi “желкеден бүргелi” тұр.
КҮНКӨРIС 30 ПАЙЫЗҒА ҚИЫНДАЙ ТҮСТI
2016 жылы студенттердiң шәкiртақысы, зейнеткерлердiң зейнетақысы мен басқа да мемлекет тарапынан төленетiн жәрдем­ақыға 25 пайыздық үстеме қосылады. Өкiнiшке қарай, 2016 жылға дейiн әлi бiраз уақыт бар, ал қазiргi жалақымен жұрт қалай күнелтпек? Теңгенiң 30 пайызға құнсыздануы салдарынан қазақстандықтардың, оның iшiнде бiр жалақыға қараған отбасылардың күнкөрiсi де 30 пайызға жұтаңдай түстi. Теңгенiң артынан бензин бағасы шарықтап, сауда сөрелерiндегi тауар бiткеннiң құны да қымбаттап шыға келдi.
Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгiлiк сессия нәтижесiн­де доллар сейсенбi күнмен салыстырғанда тағы көтерiлiп, 283,98 теңгеге жеттi. KASE-дегi валюталық саудаға нарықтың 23 ойыншысы қатысты. Ал валюталық сауда көлемi бар-жоғы 89 250 долларды құрады. Соған қарамастан, кейбiр банктердегi долларды сатып алу бағамы күндiз 300 теңгеден асып түстi. Банк центр­кредит долларды 301 теңгеге сатса, Қазкоммерцбанк бiр доллардың құнын 299,62 теңге шамасында белгiлептi.
Өткен нөмiрде “Д.Назарбаеваның вице-премьер қызметiне тағайындалуының астарында не жатыр?”, “президент Н.Назарбаев үлкен қызына билiктi тастауы мүмкiн бе?” деген мәселенi көтерiп, саясаттанушылар – Досым Сәтбаев пен Айдос Сарымның пiкiрiн назарларыңызға ұсынған едiк. Бүгiн осы тақырыпты ары қарай жалғастырып, тағы бiрнеше сарапшының болжамын бiлдiк.
Ән салса – Дариға Назарбаева салсын, мен деген опера әншiлерiнiң өзi армандап өткен театрлардың төрiнде тұрады саңқылдап. “Хабарды” басқарса – Дариға басқарсын, “Дариғаның “Хабары” көрсеткен елде тұрсам, шiркiн!” деп тәттi қиялға шомасың ерiксiз. Саясатпен айналысса – Дариға айналыссын, екi-үш аттап, үкiметтiң төрiнен бiр-ақ шықты. Ендi бiр-екi аттаса...
“Президенттiң үлкен қызында арман жоқ шығар, сiрә” деушi едiк. Басқа басқа, Дариғаның да күнi бүгiнге дейiн орындалмаған армандары бар екен.
Қимаймыз ғой, көңiл екеш көңiлдi,
Сол көңiлден қабырғамыз сөгiлдi.
“Қоштасудың қиыны-ай” деп әндетiп,
Көзiмiзден жас та кейде төгiлдi.
НАЗАРБАЕВ ПЕН ЛУКАШЕНКОНЫ САЛЫСТЫРҒАН ДЕПУТАТ ПАРТБИЛЕТIНЕН АЙЫРЫЛДЫ
Ұрандатып сөйлейтiндерше айтсақ, мемлекет басшысы, елбасы – ұлт көшбасшысы, Қазақстанның тұңғыш президентi Нұрсұлтан Назарбаевты Беларусьтiң президентi Александр Лукашенкомен салыстырамын деп Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Жамбыл Қалауов “Нұр Отан” партиясы қатарынан шығып қалды.
“Қазақстан фермерлер” одағының жетекшiсi Әуезхан Даринов “Жас Алаш” тiлшiсiне берген сұхбатында (2005 ж, наурыз) ауыл шаруашылығымен айналысатын құрылымдар өз саяси партиясын құрмақ ниетi бар екенiн айтқан едi. Парламентте iрi холдингтер мен компаниялардың сөзiн сөйлейтiндер болғанымен, орташа деңгейдегi шаруалардың жоғын түгендейтiндер жоқ. Партия сол мiндеттi атқаруы керек деген-дi. Жаңа партия құру бастамасы не болды, ол партия қашан дүниеге келедi? Оқырмандардың осындай сауалдарын Ә.Дариновпен кездескенiмiзде алдымен ортаға салдық.
Қызылшаға қарсы екпе жұмыстары осы жылдың қазан айының 1-iнен қайта басталады. 2015 жылдың 15 қаңтарында басталған вакцинациялау жұмыстары ақпан айының орта шенiнде амалсыз тоқтатылған едi. Өйткенi бес бiрдей облыста екпеден кейiн денсаулығы нашарлап, 396 бала аурухана төсегiне таңылған-ды. Үндiстаннан әкелiнген қызылшаға қарсы екпенiң сапасына күмән келтiрген ата-аналар осы тұста баласына вакцина жасатудан бас тартуға көштi. Екпенiң сапасын анықтаймыз деген дәрiгерлер бұл науқанды кейiнге шегеруге мәжбүр болды. Ендi мiне, екпе жасау жұмыстары қайта жалғаспақ.
БАҒА БIРДЕН ТӨРТ ЕСЕ ӨСТI. ҚҰЛАНДЫҚТАРДЫҢ ҚҰЛЫНДАҒАН ДАУСЫНА ҚҰЛАҚ АСАР КIМ БАР?
 Онсыз да теңге құнсызданып, азық-түлiктiң бағасы аспандап жатқан кезде Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында ауыз судың құны күрт шарықтады. Күнде қымбаттатып жатқан жоқпыз ғой дедi ме, әйтеуiр су саласының сабаздары бағаны бiрден төрт есеге өсiрген. “Үкiмет ендi қара суды да қайғысыз iшкенiмiздi көп көрдi ме?” дейдi “Жас Алаштың” Жамбыл облысындағы тiлшiлер қосынына хат жазып, хабарласқан құландық ағайындар.

Киiз басып, текемет жасау — бiздiң төл өне¬рiмiз. Бұл кәсiп ықылым заманнан қазақтың алтын бесiгi – ауылмен тығыз байланысты. Алайда халқымызға өте ертеден таныс бұл шаруа бүгiнде кенжелеп тұр. Оның себебi де сан алуан, бұрынғы киiз басатын әжелер қатары қазiр сиредi, барының алдына барып, үйренiп жатқандары шамалы т.с.с. Осындай құрдымның алдында тұрған ата кәсiптi ауыл баласы Дәулетхан Шойтанов қайта жаңғыртуға бекiндi.

“Жас Алаш” газетiнде “Үш мүгедек қаңғып жүр үй жағалап” (№68, 27 тамыз, 2015 жыл) атты мақала жарияланды. Бiз сол мақалада жазылған Дәуiтовтер отбасының баспана мәселесi бо­йынша төмендегiнi хабарлаймыз: I топ мүгедегi, зейнеткер Тұрсынкүл Дәуiтова және ол кiсiнiң ұлы, II топ мүгедегi Әбсадық Дәуiтов Қызылорда қаласы, А.Төлебаев көшесiн­дегi №235 үйде өзiнiң ұлы Елiкбай Дәуiтовтiң отбасымен бiрге тұрады.

Кеңестiк дәуiрдiң жақсы да, жаман да тұстары болды. Еңбек адамына деген қамқорлық тура ата-ананың қамқорлығынан еш кем болмады. Еңбек озаттары әр деңгейде­гi салтанатты жиындарда, съездерде делегат болып сайланса, төрден орын алатын. Қарапайым еңбек адамы ауыр науқасқа ұшыраған жағдайда санитарлық 10 орындық – АН-2, я болмаса ЯК-40 ұшағы шақырылатын. Тегiн оқу, тегiн емнiң игiлiгiн көрiп өстiк. Жұмыссыз, баспанасыз адам болған емес. Кеңестiк идеология жемiстi жұмыс iстедi. Жастарды мектепте октябрят, пионер, кейiн комсомол

“Жас Алаш” газетiнiң 72-нөмiрiнде “Кепiлдiгi бар келiн” тақырыбында оқырманның хаты жарияланды. Мәселе әлеуметтiк желiде жарияланған “Вьетнам халықаралық некелестiру агенттiгi” қазақ азаматтарына Вьетнам қызын 6 мың АҚШ долларына 1 жылдық кепiлдiкпен сатып алуды ұсынды” деген ақпаратына байланысты көтерiлген. Арайлым Есмұқанбеттiң пiкiрiнше, әлгi жарнамаға қазақ жiгiттерi жапырыла назар аударыпты. Хаттың өн бойынан түсiнгенiм, перiштедей пәк, арын сақтаған, тәрбиелi вьетнам қыздары бiздiң

Осыдан екi жыл бұрын кiшi қызым Алматыдағы    оқу­ын бiтiрiп, магистратураға түсiп, әрi қарай жұмыс iс­теймiн деп, Астанаға келген болатын. Жаздың бiр күнi “Әке, жұмысқа кiру үшiн, байқауға қатысамын. Құжаттарды тапсырдым” деп, бiр республикалық дең­гейдегi мекеменiң ұзақ қылып атын айтты. Бiздiң түсiнiгiмiзде “бос орын деген болмайды, өздерiнiң адамдары дайын

Жә, жарық дүниеде өлшеусiз дым да жоқ. Бәрi өлшеулi. Мұны, әлбетте, мен бұрын да бiлетiн сияқты едiм. Бiрақ өмiрдiң өткiншi екенiн өз басымнан мұншалық шұғыл, күтпеген жерден, тiптi аяқ астынан кешем деген ой үш ұйықтасам түсiме кiрген емес.
Жер басып жүргендер iшiн­де бiр адамның денi сау, әрқашан кәдiмгi “сыңғырлаған мұз­дай қаракөк” болса, сол мен едiм. Ғұмырда аурухана дегеннiң не екенiн бiлмедiм. “Ауру қадiрiн сау бiлмейдi” деген бар.
АСЫЛБЕК БОРАНБАЙ, ҚАЗАҚТЫҢ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ, ҚР-НIҢ ЕҢБЕК СIҢIРГЕН ҚАЙРАТКЕРI:
             Жалпы, өнердегi әкем, ұс­тазым – Тұңғышбай Жа­ман­құлов. Өнердiң әлiпбиiн, сах­наның мәдениетiн, киесi мен қасиетiн, өзi айтқандай “өнердi есепсiз, шексiз сүю­дi” үйреткен де сол кiсi.    1989-93 жылдар аралығында Т.Жүргенов атындағы Театр – Кино институтында Тұңғышбай ағаның шеберханасында бiлiм алдым. Бала кезiмнен “Тамашадағы” марқұм Құдайберген Сұлтанбаев, Уайыс Сұлтанғазин, Мейiрман Нұрекеев сынды ағалардың өнерiн тамашалап,

...Тағы да ренiш. Халық ренiшi. Ал сол халықтың қуанышын, шын қуанышын кiм бiледi? Кiм есiне түсiре алады? Ел боп қуанған сәттi, күндi, жылды? Нағыз елдiк, халықтық қуанышты... Әрине, тұтас ел болған соң, тұтасқан қоғам болған соң, сол қоғамға бiрiккен қалың ел болған соң, ренiшпен бiрге қуаныш атаулының ел аралап жүретiнi заңды: бiреудiң шаңырағында нәресте дүниеге келедi, бiреу үйленедi, бiреу оқу бiтiредi, ендi бiреу марапат алады, тұтас ауыл төл мен егiнге кенеледi, бiр аудан үздiк атанады, облыс көш бастайды.

«АСТАНА» ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРА АЛМАДЫ
Сейсенбiден сәрсенбiге қараған түнi Лиссабонда (Португалия) “Астана” командасы “Бенфикамен” ойнап, 0:2 есебiмен ұтылып қалды. “Эштадиу да Луш” стадионында ешқандай да таңғажайып оқиға болған жоқ. Бiрiншi таймда есеп ашылмады. Алаң иелерi неше мәрте кеуделей шабуылдағанымен, гол соға алмады. Бiрде астаналық қорғаушылар тұсап қалса, ендi бiрде португалдықтардың өздерi қақпадан қиыс теуiп жатты.