1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (16053) 22 қыркүйек, сейсенбі 2015

Өткен аптада қазақ басшысы бiраз жер шолып қайтты. Ресейге өтiп, Сочиде ат суыт­қаннан кейiн Астанаға келiп “жатып алмай”, Атырауға да соқты. Бiр қызығы, президенттiң осы үш-төрт күндiк сапарын қағазға түсiргiсi келген тәуелсiз журналистер сан түрлi мәселенi бiр тақырып­қа топтастыра алмай дiлгiрдi. Былай қарасаңыз, өйтетiн де жөнi бар. Себебi Нұрекеңнiң осы жолы айтқан әр сөзi – бiр атанға жүк. Әсiресе “құрғақ сүттi “тықпалағандар” жөнiндегi Сочиде айтқан пiкiрi тура ондыққа ұрды.

ТЕҢIЗГЕ БАТЫП КЕТКЕН ТӨРТ ЖАУЫНГЕРДIҢ ОБАЛЫ КIМГЕ?
Қазақстан мен Ресей “Центр-2015” деп аталатын әскери жаттығу өткiздi. Ресей әскерiнiң қолбасшылары бұл жаттығуды “жылдың ең ауқымды әскери маневрi” деп атапты. Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмi ұйымы (ҰҚКҰ) шеңберiнде ұйымдастырылған әскери жаттығудың негiзгi мақсаты – Орталық Азияда болуы ықтимал қарулы қақтығыстарды басу. Қазақстан, Ресей және ...Никарагуа Республикасы қатысқан жаттығулар қыр­күйектiң 20-сы күнi аяқталды.

Экс-премьер Серiк Ахметов пен оның “сыбайластарына” қатысты, қалың қазақ көз тiккен қылмыстық iстi қарап жатқан Қарағанды облысының қылмыстық iстер жөнiндегi ауданаралық мамандандырылған сотында талай куәгер тергелдi, әлi тергелiп те жатыр. Бiрақ олардың бәрiн бiрдей қамту мүмкiн де, мiндет те емес. Сондықтан, бiрнешеуiне байланысты қалам қарымын байқап көрейiк.

Алматыда бiр топ азамат девальвацияға байланысты митинг өткiзу жөнiнде бастама көтердi. “Бақылаусыз девальвация, халықтың өмiр сүру деңгейiнiң күрт нашарлауы: қоғам мен билiктiң мiндеттерi” деген тақырыпта митинг өткiзу туралы ұсынысты Гүлжан Ерғалиева, Әмiржан Қосанов, Рысбек Сәрсенбайұлы, Маржан Аспандиярова және Ерлан Қалиев Алматы қаласының әкiмдiгiне тапсырды.

Өткен сәрсенбi күнi 300 теңгеге дейiн шарықтап кеткен доллар бағамын бұрын­ғы қалпына түсiру үшiн Ұлттық банк интервенция жүргiзiп, жарты миллиардқа жуық доллар жұмсады. Қыркүйектiң 16-сы күнi Қазақстан қор биржасының таңертеңгiлiк сессиясында теңгенiң долларға шаққандағы айырбас бағамы 283 теңгеден асып кеттi. Бiрақ түске таман банктер мен айырбастау орындары долларды 300 теңгеден сата бастады. Кешке қарай доллар бағамы 286 теңгеге түстi.

Өткен аптада доллардың теңгеге шаққандағы бағасы күрт көтерiлдi. Бiр АҚШ долларын сатып алу бағасы 300 теңгеге шыққанда, мардымды дүние айтып, жұрттың алдында түсiнiк бередi деп күткен шенеунiктер бұл жолы да халықтың қытығына тиюден әрiге аспады. “Қазақстандықтардың өмiрi доллардың құны 300 теңгеге қымбаттағанда өзгере қоймайды”, – дедi қаржы министрi Бақыт Сұлтанов.

“Маятас ауылы күнi кешеге дейiн Төле би ауданының аумағына кiретiн елдiмекен болатын. Бадам өзенiнiң бойындағы қарапайым ғана ауыл. Ауылдағы халықтың тiршiлiгi белгiлi. Жұмыс бiреуде бар, бiреуде жоқ. Бiреу iлгерi, ендi бiреу одан кейiндеу дегендей тiрлiк кешiп жатыр. Барлық ауылдар сияқты Маятаста да шешiлмеген әлеуметтiк мәселелер бар.

Ш.Құсайынов атындағы Ақмола қазақ драма театры әртiстерiнiң Зерендiдегi демалыс үйiнде және саунаның iшiнде үш әкiмнiң алдында концерт бергенi жайлы шу көтерген Дәулет Қуанышбаев “Фейсбуктегi” парақшасында бұл әңгiменi осымен доғаратынын мәлiмдептi. “Театрдағылар менi қолдамады, қолдағаны сол, “жалақор” деп, менiң үстiмнен полицияға арыз жазғаны таңғалдырды. Мүмкiн, олар әкiмдерге iштей ренiштi шығар, бiрақ ашық айта алмайды.

Елiмiзде ресейлiк ақпарат құралдары үстемдiк ететiнi бә­рiмiзге аян. Апта сайын, “Комсомольская правда” деген қып-қызыл путиндiк басылым күн сайын, баспадан шығып, қаншама халықты ресейлiк идеологиямен улап жатыр. Солардың iшiнде “Аргументы недели” деген апталық газет те бар. Меншiк иесi де Алматы қаласында тұратын “Крос-Пресс” ЖШС екен. Осы газет бiрiншi бетiнде “Подробности” деген айдармен Андрей Углановтың пайымдарын берiп отырады (газеттiң соңғы бетiнде, бас редактор – Андрей Угланов деп жазылған, мүмкiн соның өзi де болар).

Теңге құнсызданғаннан кейiн қымбатшылық қос бүйiрден одан әрi қысты. Атқамiнерлер “қымбатшылыққа жол бермеймiз” деп, базар аралап кеттi. Әйтсе де, әкiмдердiң бұл әрекетi теңiздiң қақ ортасында ескексiз қалған қайықты жағаға шығарамыз деп тыраштанғанмен бiрдей әрекет. Себебi, доллардың құны 180 теңгеден 280 теңгеге көтерiлген кезде қымбатшылықты әкiм тұрмақ президенттiң өзi де тоқтата алмайтыны белгiлi болды. Жығылғанға жұдырық дегендей, қазiргi таңда қымбатшылыққа жұмыстан жаппай қысқарту келiп қосылды.

Қыркүйектiң 20-сы күнi тарифтердiң өсуiне және аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауына қарсылық бiлдiрiп митингiге шыққан атыраулықтар осындай талап қойды. Олар рұқсат сұраған Атыраудың орталығын емес, шеткi жағын бергенiне қарамастан наразылық акциясына жүзден астам адам жиналды. Митингiнi ұйымдастырушылардың бiрi – “Арлан” қоғамдық бiрлестiгiнiң жетекшiсi Макс Боқаевтың айтуынша, басты мақсат – мемлекеттiк органдардың назарын Атырау облысының экологиялық, экономикалық, әлеуметттiк проблемаларына аудару.
Шыңғырған шындықты сөз етсем:
Өзгенi пiр тұтып кезекпен,
Сұлбаңды сүйретiп ез еткен,
Мимырт тiрлiк кiмге керек?!
Белгiлi сатирик, марқұм Бейсебай Кiрiсбаепен бiр курста оқыған едiм. Ақсары жiгiттiң сөзiнiң қышқылы барын сол кезден-ақ байқағанмын. Лекцияда отырғанымызда маған тiлдей ақ қағазға былай деп жазғаны есiмде: “Мынау – Мұхтар Шерiмов, лекция жазуға ерiнiп... Ұйқың сенiң келдi ме? Қоясың-ау керiлiп”.  Бiрде “Балалар әлемiнен” көрдiм өзiн. Көстiм-шалбар көрiп тұр екен. “Маған балалар киiмi шақ келе бередi, бойым аласа болғандықтан.

Шынымды шыңғырып тұ­рып айтсам, мен жемеген, қатын, бала-шағам ауыздарына салып, рахаттана шайнамаған не бар? Құдайға шү­кiр, осы жасыма дейiн, талқан да жедiк, қатқан нан да жедiк, сорпаның сорпасын да iштiк. Қайқиған бананды балаларым түсiнде төртеу-бесеуден жеп жүр. Береке­мiз кiрiп шай iшемiз, кофенi қайтейiк? Екi жылда бiр ет асып жеймiз, “сары май тау­сылып қалмасыншы” деп, ернiмiздi майлап қана, сөйтiп, қымбатшылықты қы­тықтап,

Көмекшiнiң көздерi алақандай, жүйкесi жыбырлап кетiп бара жатқан тарақандай болды. “Әкiмнiң қолы бос емес” деген сөзiне қарамастан, қақиып қалған қара нандай қап-қара, шляпасы мыж-тыж қария аяғын ақсаңдай басып, кабинетке кiрiп келдi. Әкiм екi қолын айқастырып алып, ойланып отыр едi, көмекшiсiне “кете берiңiз!” дегендей ым қақты.– Шырағым, әкiм болып iстей­сiң бе? – деп сұрады ол.
Путин мен Обама айтысып жатыр. Путин:
– Бiзде өте күштi флот бар!
Обама:
– Бiзде де бар ондай флот және бiздiң флот сiздiкiнен әлдеқайда күштi.

Қайран Сайымжан, кәдiмгi Шерағаң (Мұртаза) “Қызыл би” деп ат берген көрнектi жазушы Сайымжан Еркебаев ауызша әңгiменiң хас шеберi едi ғой. Арғы-бергi әдебиеттi мейлiнше көп бiлгендiктен бе, әңгiменi майын тамызып, нәшiне келтiрiп айтатын. Тiрi жүрсе ол да биыл 80-ге толар едi. Сәкең бiзге, соңынан ерген iнiлерi – Ермекке (Аманшаев), Рахымжанға (Отарбаев) және маған iнi-досы Темiрхан Медетбек екеуiнiң

Дзюдо спортынан Астанада өткен әлем чемпионатының алғашқы күнiнде кеудемiзге алтын медальдi iлiп берген Елдос Сметовпен тiлдесудiң сәтi түскен едi.  Елдос осыдан бес жыл бұрын жастар арасында әлем чемпионы атанғанда талантты ұлдың өсiп келе жатқанын бапкерлер байқады. Жиырма жасында ұлттық құрама сапына алды. Салмағының жеңiлдiгiне қарамастан тiсқаққан балуандармен ырғаса жүрiп, ысылған жампоз “елiмдi әлi қуантамын” деген уәдесiнде тұрды.
ӨЗБЕК БIЗДЕН ТАҒЫ ОЗДЫ
Өзбектер өздерiнiң ұлттық спорты курештi жазғы Азия ойындарының бағдарламасына қосты. Бұл ақпарды УзТАГ таратты. Ендi 2018 жылы Индонезияда өтетiн жазғы Азия ойындарында өзбек курешiнен 15 медаль жиынтығы сарапқа салынып, ерлер – жетi, әйелдер сегiз салмақ дәрежесiнде күреседi.