1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №76 (16054) 24 қыркүйек, бейсенбі 2015
24 қыркүйек – Құрбан айттың бiрiншi күнi!
Аса қамқор, ерекше мейiрiмдi Алланың атымен бастаймын! Құрметтi бауырлар! Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мерекесi – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Айтқа аман-есен жеткiзген Алла тағалаға сансыз шүкiрлер мен мақтаулар болсын! Халқымыздың сан ғасырдан бергi саналы ғұмырында рухани тiрек болған асыл дiнiмiздегi айтулы мереке – Құрбан айт мейрамы айрықша аталып келедi. Ұлттар мен ұлыстарды бiрлiк пен игiлiкке, мейiрiм мен кешiрiмге бастаған мүбәрак мейрам – Құрбан айт құтты болсын!
Ванга дейтiн бұлғарлық көрiпкел өмiрден өтер алдында (1996 жылы) Сирия туралы былай дептi: “Алдағы уақытта әлемге ежелгi ғылым келедi. “Ол жуық арада бола ма?” деп менен жиi сұрайды. Жоқ, жуықта болмайды. Сирия құлаған жоқ әлi! Сирия жеңiмпаздың табанының астында тапталады. Бiрақ жеңiмпаз ол емес!”. Ванганың “ежелгi ғылым” дегенi соғыс болса керек. Журналистер, сая­саткерлер Вангадан “Үшiншi дүние­жүзiлiк соғыс қашан басталады?” деп жиi сұрапты. Көрiпкел бүй деп жауап бередi екен:

Сонымен, теңгенi еркiне жiберсе, Ұлттық банк алтын-валюта резервтерiн жұмсауды доғарады деген уәж ақталмады. Бас банк валюталық интервенцияларды дүйсенбi күнi де жалғастырды. 21 қыркүйек күнi Қазақстан қор биржасына Ұлттық банк 213,1 миллион доллар көлемiнде валюталық өктемдiгiн жүргiздi. Сөйтiп, 22 қыркүйек күнi қор биржасының кешкiлiк сессиясында долларға шаққандағы теңге бағамы 262,65 теңгеге бiр-ақ түстi. Сәрсенбi күнi таңертең қор биржасындағы доллар бағамы 264,12 теңгеге жеттi.

Алматы қалалық әкiмдiгi қоғам белсендiлерiнiң 27 қыркүйекте митинг өткiзу туралы өтiнiшiн қанағаттандырмады. Себеп – дәл осы, 27 қыркүйек күнi митинг өткiзуге қалалық мәслихат белгiлеген Сарыарқа кинотеатрының артындағы алаңқайда әлдебiр мәдени iс-шара ұйымдастыратын көрiнедi. Алматының “Альянс” жастар ұйымының басқа емес, дәл осы күнi қабаттаса кеткенi әрине, ешкiмдi таңдандырмайды.

Энергетика министрi Владимир Школьник былтырғы және биылғы бензин бағасын доллармен есептеп, айды аспанға бiр-ақ шығарды. Оның есебiнше, 2014 жылы 80 ал биыл 40 цент деп, ең арзан бензиннiң Қазақстанда екенiн мәлiмдедi. Долларсыздандыру саясатын жүргiзудi қолға алуды ескерткен президент Н.Назарбаевтың сөзiне пысқырмағаны ма, әйтеуiр Школьник жанармай бағасын доллармен есептеп әлекке түстi.

Өзгенi қайдам, Астананың дәрiгерлерi қатты жұмыс iстеп жатыр. Өткенде ғана басылымдардың бiрi астаналық урологтың Қазақстандағы еркектердiң жыныс мүшесiн зерттеп жатқаны жөнiнде мақала жариялаған. Не үшiн? Оның кiмге қандай қажетi бар? Сөйтсек, масқара болғанда, ер кiсiлердiң жыныс мүшесiнiң ұзындығына қатысты әлемдiк зерттеу жасаған австралиялық агенттiктiң тiзiмiне Қазақстан енбей қалыпты. Мiне, ғылыми iзденiстiң себебi!
Заң бiткеннiң “майын iшкен”, алайда, соттың сөзiн де жүре тыңдайтын қаржы полициясының астаналық “мүйiзi қарағайдай” тергеушiсi Алексей Шевченконы айтамын. Осының алдындағы мақалада (“Қилы-қилы куәгер...”) оған қысқаша тоқталғанбыз. Тура бiр апта күттiрiп қара көрсеткен тергеушiнi адвокаттар мен айыпкерлер “жылыдай” қолға алды. Оларға судья Исламхан Есенбаев та қосылды.

Қыркүйектiң 20-сынан берi Ресей аннексиялаған Қырымға Украинадан келетiн жүк көлiктерi кiре алмай тұр. Бiр қарағанда, Украина жiберетiн азық-түлiктi кiргiзбеу ең алдымен түбектi басып алған агрессорларға тиiмдi тәрiздi. Бiрақ шын мәнiнде, олай емес. Қырымды украиналық тауардан оқшаулау науқанын жариялаған – Қырымның байырғы тұрғындары – қырым татарлары мен олардың азаматтық белсендiлерi.

“Бәйтерек” АҚ холдингiнiң еншiлес компаниясы “Қазақстандық ипотекалық компания” АҚ қазақстандықтарды жалға берiлетiн әлеуметтiк пәтерлермен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша Алматыдағы “Ақкент” тұрғын үй кешенiнен 275 пәтер алып, оны жыл соңына дейiн тапсырады. 18 қыркүйекте – қала күнiнiң қарсаңында пәтерлердi заңды иелерiне таратып бере бастады. “Ақкент” тұрғын үй кешенiндегi №35 үйдiң ауласында өткен салтанатты шараға Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбек пен “Бәйтерек” холдингiнiң бас­қарма төрағасы Қуандық Бишiмбаев қатысты.

Атырау қаласында “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндiру” АҚ қызметкерлерiнiң IV спартакиадасы өттi
Мұнай. Тарих. Спорт. Атырау қаласында ұғымы жөнiнен бiр-бiрiнен алшақ тұрар осынау салаларды бiр арнаға тоғыстырған игi iс-шара өттi. Биылғы жылы бүкiл елiмiзде және халықаралық дәрежеде аталып отырған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы құрметiне мұнайлы астана ауқымды спорт жарысымен дүбiрледi. Кәсiби спортшылар емес, негiзгi кәсiбi мұнайшы саңлақтар сайысқа шықты.

1997 жылдың сәуiр айы. Ауданнан хабар келдi. Ауылымызға тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкiров келедi екен. Соған Сағыздан 90 шақырым жердегi Кеңес кезiнде сынақ алаңы болған, әлi де сол алаңды Ресей пайдаланып отырған Жамансор деген елдiмекеннiң маңынан ағаш үй тiгiп, қонақтарды қарсы алу керегiн аудан әкiмi Ә.Нәутиев қадап тапсырды. Әрине, тұңғыш ғарышкердi қарсы алу құрметiне ие болу үлкен абырой.

Жақында бiр газеттен “Өз үйiмiздi қорғаймыз” қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Әбдiмәулен Ахметтiң “Борышкерге банктен жеңiлдiк болса” деген мақаласын оқыдым. Мақалада көтерiлген мәселе көптеген адамдардың көкейiнде жүргенi анық. Шынында да, дәл қазiргi күрделi жағдайда банк­тен несие алмаған жандар некен-саяқ қана. Өйткенi, өмiр бiр орнында тоқтап тұрған жоқ.

Мазыға Байқазақпын мақпалдай-ақ,
Мен жүрмiн алты Әлiмге мақтанбай-ақ,
Жанымды Жанқожа үшiн қиып едiм,
Бұл күнде түсiп тұр ғой қақпанға аяқ.

Денсаулығым сыр берiп, облыстық кли­никалық ауруханаға түстiм. Дәрiгер­лер мен медбикелерге риза болдым. Жазылып шығуыма ақ халатты абзал жандардың септiгi тидi. Хирург-дәрiгер Елдос Сұлтанов, Берiк Есiмханов, Марат Төлегенов, жансақтау бөлiмiнде зыр жүгiрiп қызмет еткен дәрiгерлер мен медбикелерге, зертхана жетекшiсi Қозы Көрпеш мырзаға, мейiрбике Нәсиба Омароваға және басқа да мейiрбикелерге алғысым шексiз.

1960 жылдары туған бiздiң және ата-аналарымыздың көзiн ашып көргендерi – кiтап, газет-журналдар. Сол кездерi жастар арасындағы сыйлықтың құндысы – кiтап болатын. 70-жылдары туған бiр ағамның көп кiтап оқығанын естiп, қатты таңырқаған едiм. Ағам: “Ол кезде ауылда кiтаптан басқа түк жоқ едi ғой” дегенi есiме түседi. Қазiр ше? Қазiргiнiң кiтабы – ғаламтор, кино. Шаһардағы қазақ болсын, шалғай ауылдағы қазақ болсын шал­қасынан жатып алып, көгiлдiр экранға телмiредi.

Үй алу кезегiнде тұрғанымызға бiрнеше жыл болды. Кезекте тұрудың да өзiндiк бiр машақаты жетерлiк екен. Мәселен, әрбiр жарты жыл сайын құжаттарыңды қайта жаңартып тұру керек. Құжаттарыңның әрбiр әрпi өзгермеген болуы қажет және т.с.с. Таяуда сондай жаңарту мәселесiмен Алматы қалалық баспана беру департаментiне бас сұққанмын. Сол жердегi кезектi жаңалықты естiп, таң-тамаша болдым.

Өмiрде адамдарға қатысты “бақыт” деген ұғым бар. Ал сол бақыт деген не, бақытты болу деген не? Оның анықтамасы немесе дұрыс сипаттамасы бар ма? Бұл сұрақтарға бiр сөзбен жауап беруге болмайтындай. Өйткенi әр адам бақытты өзiнше түсiнедi және әр адам өзiнше бақыттымын немесе бақытсызбын деп ұйғарым жасайды. Ғұлама бабамыз әл-Фараби “дүниеге келудiң және өмiр сүрудiң өзi – бақыт” деген екен. Шынында да солай емес пе?

­Өтiрiк өмiр мен шын өмiрдiң арасында жiк жоқ сияқты. Себе­бi, бұл адамның ойлау, ойлану, қиялдау қабiлетiмен байланысты болғандықтан, екеуiн де ол   бiр басынан, бiр сәтте қатар өт­керiп жатуы ықтимал. Бәлкiм, өмiрдiң кереметтiгi, қиындығы мен қайшылығы да осында жатқан шығар. Бiрақ бұл туралы кiм дұрыстап ойланып көрiптi... Кезiнде Расул Ғамзатовтан өзiн таңғалдырған шығарма жайлы сұрағанда, ол:

Бәрi күнi кешегiдей көз алдымда. Бұдан дәл 25 жыл бұрын аудан орталығында атақты жыр дүлдүлi, “Боралдайдың бозторғайы” атанған, кезiнде өзiнiң шешендiк өнерiмен одаққа танымал болған әрi әншi, әрi күйшi жергiлiктi ақынымыз Орынбай Таймановтың 125 жылдық мерейтойы аудан орталығында республикалық дәрежеде аталып өтiп едi. Сол кездегi астанамыз Алматыдан көрнектi әдебиетшiлер, ғылым докторлары

«КЕРЕЙ ХАН – ХАН ЖӘНIБЕК! СПЕКТАКЛI ҚОЙЫЛДЫ
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына байланыс­ты Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы қазақ музыкалы драма театры мен “Дариға-ай” жастар театры бiрлесiп “Керей хан – Хан Жәнiбек” спектаклiн қойды. Бұл спектакль­дiң премьерасы 18-19 қыркүйек күндерi өттi. Пъесса авторы – Айбек Тiлеухан. Тарихи туындыны сахналаған – Нұрлан Жұманиязов.

Дзюдодан Астана қаласында өткен әлем чемпионатын ерiктiлердiң (волонтер) қатарында жүрiп, тамашалаудың сәтi түстi. Дзюдо спортының саңлақтарының белдесулерiн көрiп көзайым болдық. Сол серкелердiң iшiнде словениялық балуан қыздың белдесулерi ерекше әсер қалдырып, жанкештiлiгi тәнттi еттi. Ол ерен еңбегiнiң арқасында Словения елiне әлем чемпионатының алтын медалiн алып бердi. Словения спортында бұл қызға дейiн дзюдо күресiнен әлем чемпионы атанған бiрде-бiр балуан болған емес.

ЕУРОПА, ТӨРIҢДI БЕР!
Футзалдан елiмiздiң ұлттық құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкiндiк алды. Қосымша iрiктеу сынында Босния және Герцеговина құрамасын тас-талқан еткен жiгiттер Еуропаның үздiк 12 ұжымы тартысатын чемпионатқа қосылатын болды. 

Бауыржан аға! (Бауыржан Оспанов – ред.) Алматы облысы, Алакөл ауданы, Лепсi ауылында су жаңа спорт мектебiн салып бер­генiңiз үшiн сiзге Алланың нұры жаусын. Осы мектептiң ашылу салтанатында сiз былай дедiңiз: “Бұған дейiн де, қазiр де ауылдың талант­ты балаларын шығардық, қолдау көрсеттiк. Олар бiрен-саран ғана болды. Ендi бiз әр түкпiрден жинал­ған талантты балаларды алыс қалаға

ҚАЖЫЛЫҚҚА КЕЛГЕН ЖАННЫҢ ДЕНЕСIНДЕ 15 ЖЫЛ ҚАЙШЫ ЖҮРГЕН
Сауд Арабиясы үкi­метi Нигерия мемлеке­тiнен қажылыққа келген жанның iшiнде қайшы барын анықтады. Қайшы әлгi адамның iшiнде 15 жыл бойы жүрген көрi­недi. Және денсаулығына еш залал келтiрмеген. Бiр қызығы, қайшының денесiнде жүргенiн ол Нигериядан Жидда қаласына ұшып келген кезде, тексеру барысында бiр-ақ бiлген. Оның айтуынша