1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (16055) 29 қыркүйек, сейсенбі 2015

Қазақ басшысының аузынан шыққан қайсыбiр сөздер кей­де жартаста салған айқайдай жаңғырып жатады. Әсiресе ұлық мерекелерде, үлкен жиындарда айтқан пiкiр­лерi мемлекеттiк БАҚ бетiнен түспейдi. Шенеунiктер қостайды, депутаттар “тамсанады”, “зиялылар” үн қосады. Бұл – бiр жағынан дұрыс. Бiр адамның аузын баққан заманда басқаша болуы мүмкiн де емес қой ендi. Дегенмен кейде прези­денттiң қоғамға түсiнiксiздеу, көпшiлiкке бұлыңғырлау, қарапайым халыққа жағымсыздау сөз айтып жiберетiнi де бар.

Бiрiккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының 70-сессиясында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайын сөз етiп, Арал теңiзiнiң мәселесiн және полигоннан зардап шеккен Семей аймағын сауықтыруды айтты. Бiрқатар өзге мемлекет басшыларының сөздерiмен салыстырғанда, Н.Назар­баевтың сөзi әлдеқайда жұмсақтау, жадағайлау естiлдi. Онысы әлемдi толғандырған проблемалардан гөрi “үй iшiлiк” мәселелерге көбiрек тоқталғандықтан болар, бәлкiм...

Нью-Йоркте өткен БҰҰ-ның саммитiнде Қазақстан президентi Н.Назарбаев республиканың жалпы iшкi өнiмi (ЖIӨ) 19 есеге ұлғайып, халықтың жан басына шаққандағы табысы 13 мың долларға жеткенiн және кедейшiлiк деңгейi 11 есеге, яғни 34 пайыздан 3 пайыз­ға дейiн азайғанын мәлiмдедi. Сонымен қатар ол елiмiздегi орташа өмiр сүру жасының 70 жастан асқанын да әлемдiк деңгейде сөз еттi. Шындығында Қазақстандағы жағдай осылай ма?

Украина президентi Петр Порошенконың БҰҰ бас ассамблеясында сөйлеген сөзi өтiмдi әрi бiреулердiң жанды жерiне тиетiндей өткiр шықты. Оның сөзi шымбайына қатты бататынын сезген “әлгiбiреулер” Украина басшысы сөйлеген тұста шыдай алмай залдан шығып кеттi. Бұл “бiреулер” – Виталий Чуркин бастаған ресейлiк дегегация өкiлдерi. Мұнысын ресейлiк дипломаттар “Порошенконың тым ашық саясиландырылған мәлiмдеме­лерiне қарсылық бiлдiру” деп бағалапты.

ҚАЗАҚ ЖЕРIН АТОМ ОШАҒЫНА АЙНАЛДЫРУ КIМГЕ, НЕГЕ ҚАЖЕТ?..
Бүгiнде жұртшылықты алаңдатқан ресми хабар – Қазақстан мен Халықаралық атом қуа­тын пайдалану және қа­дағалау ұйымының (МАГАТЭ) арасындағы келi­сiм бойынша, жерiмiзде атом отыны қалдықтарын өңдейтiн банктың құрылуы. Қалдықтарды қайта өңдейтiн кәсiпорын Шығыс Қазақстандағы Үлбi кен металлургия зауыты болып белгiленген. Атом отын қалдықтары – өмiрге қауiпсiз жағдайға жеткенше ыдырау мерзiмi жүздеген жылдарға созылатын цезий, стронций, плутоний
Сот залынан жазылған кейiнгi мақаланы “Күтейiк! Қызық алда сияқты...” деп аяқтаған едiк. Көп күттiрмедi. Тура Құрбан айттың қарсаңында қара басты. Бiрқатар БАҚ “былыққан” болды. Сәрсенбiнiң сәтiнде экс-премьер-министр Серiк Ахметов пен адвокаттар куәгерлерден жауап алу кезiндегi үзiлiсте кейбiр ақпарат агенттiктерiнiң сайты жалған деректер таратқаны туралы мәлiмдеме жасады.
Қытай президентi Си Цзиньпиннiң АҚШ-қа сапары тұсында батыс баспасөзi “Орталық Азияға Пекин ықпалының күшеюi Ресей мен Үндiстанның мазасына тидi” деп жазады. АҚШ президентi Барак Обама мен Қытай президентi Си Цзиньпин жұма күнi Вашингтонда кездесiп, өзге тақырыптармен бiрге Азия аймағындағы АҚШ-қа әрiптес елдер мен Қытай арасындағы жер дауын да талқылады.
Өткен аптаның жұмасында облыс әкiмi Нұрмұхамбет Әбдiбеков биыл көктемде су тасқынынан анағұрлым зардап шеккен Бұқар жырау ауданының Ғ.Мұстафин атындағы пөселкесiнде болды. Бұдан бiр ай бұрын мұнда 100 отбасы қоныс тойын жасаса, бұл жолы облыс басшысы 65 адамға жаңа пәтердiң кiлтiн тапсырды.

Қазақстандық миллиардер, Forbes журналының әлемдегi ең дәулеттi адамдар тiзiмiндегi 714-орындағы бизнесмен Болат Өтемұратов жақында өзiне тиесiлi “Информ­бюро” порталына сұхбат берiптi. Ақпарат құралдарына шыға бермейтiн, мемлекеттiк қызметтен кеткелi берi жария болудан қалған Болат Жәмитұлы Қазақстан экономикасындағы өзгерiстер мен жалпы ахуал туралы ой қозғайды.

Көзiн тапқандар жыл сайын, кейбiрi әр бес жылды араға салып, жеке ән кешiн өткiзiп жүр. Әншi Рамазан Стамғазиевтiң жеке ән кешiн өткiзгенiне де жетi жыл аунап түсiптi. Талантты әншi, тәжiрибелi ұстазбен сұхбаттасудың сәтi түстi. – Қытайдағы ағайынға концерт қоюдың талғамы өте жоғары. Фонограмманы қосып қойып, соған iлесiп ән айтып беру дегендi олар қабылдамайды. Төрт-бес жылдың жүзi болды, дағдыланып ал­дық, кешiмiзде әндердiң тарихынан хабардар етемiз де, солардың сөзiмен айтқанда нақ майданда, тiрi дауыста ән шырқаймыз.
«АЛЫСТАНЫ» ЖАҚЫНДА КӨРСЕТЕДI
Тыңдаушыларға “Iңкәрiм-ай” әнiмен танылған “Тарлан” тобының мүшесi Айбек Мұхаметәли “Алыста” деген әнге бейнебаян түсiрдi. “Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңiне сазгер Ахмедияр Есмұханов ән жазып, соған бейнебаян түсiрдiк. Шарын шатқалында, Мыңжылқы, Шалкөде жайлауында түсiрiлген бейнебаянда балалық шағымды тұңғыш ұлым Рамазан сомдайды” дейдi әншi Айбек Мұхаметәли.
Ақбота Керiмбекова: Кейiнге ысырылды
– Көк қағаздың қымбаттауы шығармашылыққа анау айтқандай кедергiсiн келтiрмегенiмен, бейнебаян түсiруге қолбайлау болып тұр. Бейнебаян түсiру­шiлер АҚШ долларының бұрынғы бағамымен саудаласуға келiс­пегендiктен, бiр-екi әнiме бейнебаян түсiру шаруасы кейiнге ысырылды.
50 жастан асқаннан берi лирико-клоротуралық сопрана дауыста ән салып жүрген әлемде жалғыз әншi   Бибiгүл Төлегенова десек қателеспеспiз.  “Мен 85 жасқа келгенше аспаптан ешқашан да ажыраған емеспiн. Ұзақ жылдан берi қасымдағы серiгiм – музыкалық аспабым. Таң құланиектенiп атқанда оянған соң, әуелi бiр жарты сағат денемдi шынықтырып алам.
Микропоэма
...Қара өлең, сен де кәрi, мен де кәрi,
Мағлұм-дүр сырымыздың елге бәрi.
Дариға-ай, не басталмақ, мен бiлмеймiн,
Екеумiз опат болған жерден әрi.
АЛМАТЫДА СҮЙIНБАЙ АРОНҰЛЫНА ЕСКЕРТКIШ ОРНАТЫЛДЫ
Ұлы жырау, әйгiлi айтыскер ақынымыз Сүйiнбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орай Алматыдағы Қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттiк филармониясының алдына ақынға ескерткiш орнатылды. Ескерткiштiң ашылу салтанатында Алматы қаласының әкiмi Б.Байбек, Алматы облысының әкiмi А.Баталов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Н.Оразалин, М.Әуезов атындағы
Т.Медетбек – 70
Қазақтың М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында аса көрнектi ақынымыз, қазiргi қазақ поэзиясының көшбасшысы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi Темiрхан Медетбектiң “Көк түрiктер сарыны” атты шығармашылық кешi өттi. Ерекше атап кететiн бiр жайт, театрда ине шаншар орын болған жоқ.
Теңге iлуден елiмiзде тұңғыш рет ұйымдастырылған Азияның ашық чемпионатында Ғалымжан Iзжан жеңiмпаз атанды. Ұлттық спорт түрлерi қауымдастығы мұрындық болған теңге iлуден Азияның ашық чемпионатына елiмiздiң сайыпқырандарынан сырт Венгрия, Түркия, Ресей, Тәжiкстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Әзiрбайжан, Моңғолия елдерiнен шеберлер қатысты.
ҰЖЫМНАН ҚАҚПАШЫ ҚЫМБАТ
30 қыркүйек күнi елордалық “Астана” футбол клубы түрiктiң “Галатасарай” ойыншыларын қабылдап, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiн­дегi екiншi тартысын өт­кiзедi. Станимир Стойлов шәкiрттерiнiң құнын есептеп шығарған немiстiң Тransfermarkt.de сайты “Галатасарай” футболшыларының да трансферлiк құнын жария еттi.
Аяғын сылти басып, iлбiп бара жатқан адамның шаршаған жүдеу жүзiнен, нұры қашып өлеусiреген көздерiнен таныс бiр бейне елес бергендей болды. Ойланыңқырап барып соңынан қарадым. Иә, жаза баспаппын. Оны таныдым. Сол, сол, соның өзi... Бала кезiмiз едi. Шамамен 4-5-сыныптарда оқимыз. Сыныптас қыздың ағасы әскерден келiптi. Жалғыз емес, келiншек ала келiптi. Бұл қуанышқа орай кешке отырыс болады екен
«ЖАС АЛАШҚА» ЖАЗЫЛУ БАСТАЛАДЫ!
Ахмет Байтұрсынұлының “Айна мен маймыл” деп аталатын мысал-өлеңi бар. Айнаның қарсы алдына барған маймыл айнадан өз бейнесiн көредi де, жанында тұрған аюды аяғымен түртiп қалып: “Мына ұсқынсыз перiң кiм? Он екi мүшесiнiң бiрi оңды емес. Мен бұған ұқсас болсам, iшiме пышақ салып өлер едiм...”, – дейдi.