1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (16056) 1 қазан, бейсенбі 2015

Апта басында “Азаттық” радиосы “Ақорданың балалары” деген тақырыппен әдемi бiр мақала жариялаған болатын. Әрине, бұған жұрт “қуанды”. Қалай қуанбасын, болашақта ел басқаруы мүмкiн жiгiттердiң “төбесi” көрiне бастаса! Бiрақ халық болған соң, арасында келешектi ойлайтын кемеңгерi де, iшiне пышақ айланбайтын “қызғаншақтары” да кездеседi екен. Кейбiр оқырмандарымыз “Неге Ақорданың ғана балалары? Солар сияқты “өсiп” келе жатқан жастар бiздiң облыста да бар ғой”, “Бiзде аудан әкiмiнiң баласы полицияны басқарады”, “Прокурордың ұлы iрi кәсiпкер” деген секiлдi ақпараттарды бiрiнен кейiн бiрiн ытқыта бастады.

IIМ әкiмшiлiк полиция комитетi төрағасының орынбасары Бақытжан Балташев қызметiнен кеттi. Себеп – тентек ұлының жөнсiз қылығы. Өткен жексенбiде той керуенiнiң тiзiлген қымбат көлiктерi жұртшылықтың есiн шығарған. Олардың кейбiрi тiптi жол ережесiн өрескел бұзып, Қонаев көшесiмен терiс жүрген. Кейiн белгiлi болғандай, той иесi – IIМ әкiмшiлiк полиция комитетi төрағасының орынбасары Б.Балташев болып шықты.
Ел президентi Н.Назарбаевтың бiрiншi сынып оқушыларына тарту еткен оқу құралында қателiктер өрiп жүр...
Биыл елiмiзде 360 мың бүлдiршiн алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың Бiлiм күнiне орай бiрiншi сынып оқушыларына тарту еткен “Менiң Отаным – Қазақстан” (“Моя Родина – Казахстан”) атты оқу құралы 370 мың данамен жарық көрiптi. Демек, бұл – жоғарыдағы оқу құралы елiмiздегi әрбiр бiрiншi сынып оқушысына және көпшiлiк кiтапханаларға еркiн әрi молынан жеттi деген сөз.

Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның 70-сессиясында алғашқы сөзiн орыс тiлiнде айтқанымен, жалпы дебатындағы сөзiн қазақша бастаған. Дайындаған аудармашысы “шылым шегуге” шығып кеттi ме, әлде бұл Сыртқы iстер ми­нистр­лiгiнiң немесе Қазақстанның БҰҰ-дағы өкiлдiгiнiң қателiгi ме, әйтеуiр, 1 минут 19 секундтан соң Қазақстан президентi сөзiн тоқтатуға мәжбүр болды. “Кешiрiм өтi­немiн, жоғарғы мәр­тебелi тақсыр! Ау­дармадан қиындық туды.

“СПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ бас директорының орынбасары Тохталифум Есен­ғұлов пен оған еншiлес “Ұлы қабырға” қытай бұрғылау компаниясының басшысы Жан Ақтөбе облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың сұрақтарына жауап бере алмай қалды. Әкiм компаниядағы жергi­лiктi мұнайшылар мен қытай мамандарының нақты жалақысын, компания басшылығы мен қатардағы мұнайшылардың жалақы көлемiн нақтылап сұрады.

Былтырдан берi қаралып жатқан «Көшi-қон туралы» заңның кейбiр шикi тұстары өзгертiлмеген күйi қабылданып кетуi мүмкiн. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз жиынында түрлi ұйым жетекшiлерi мен азаматтық қоғам өкiлдерi мәлiмдедi. Жылдан астам уақыт бойы талқыланып, қаралып жатқан «Көшi-қон туралы» заңның жаңа нұсқасы шеттен келетiн бауырларды қуанта қоймасы анық. Өйткенi атышулы 46-баптың 9-тармағы өзгерiссiз қабылданар түрi бар.

«ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» НЕГЕ АЯҚҚА ТАПТАЛАДЫ?
“Желтоқсан ақиқаты” – 1986 жылғы Желтоқсан көтерi­лiсiне қатысты құрылған 7-шi (!) ұй­ым. Және оны құрушылардың мақсаты да өзгелерге қарағанда басқаша: белгiсiз қалған желтоқсандықтарды iздестiру, сөйтiп, Желтоқсан көтерiлiсiнiң тарихын сақтап қалу. Сөйтiп, елдегi бiрқатар белсендi азаматтар ұйым құру туралы бастама көтередi. 2009 жылы құрылтай өтедi. Төраға болып сол кездегi “Ұлт тағдырының” атқарушы директоры Бейсен­ғазы Нүкен сайланады.
БАТЫС БАСЫЛЫМДАРЫ НЕ ДЕЙДI?
БҰҰ бас ассамблеясында Владимир Путин мен Барак Обаманың “жекпе-жегiне” тоқтал­ған Батыс ақпарат құралдары екi елдiң басшысы Сирия мәселесi бойынша келiсiмге келе алмағынын тiлге тиек етедi.  “Президент Обама халық­аралық ұйым жүгiнетiн дипломатия мен ережелер жүйесiн не­гiзге алып, “қазiргi қауiптi тәуекелдер бiздi қараңғы түнекке, тәртiпсiз әлемге әкеп соқтырады” деп қауiптенетiнiн жеткiздi. Бұл оның астыртын түрде Пу­тиндi мең­зегенi едi.
Құқық қорғаушы белгiлi атыраулық олигархты рейдерлiк жолмен шетелдiк “Каспиан Салфа Компани” фирмасын тартып алды деп айыптайды. Ком­панияның жаңа қазақстандық қожасы бәрi заң жүзiмен болғанын айтады. Құқық қорғаушының үздiксiз шағымдануы нәтижесiнде тоқтатылған қылмыстық iстi Атырау облыстық прокуратурасы қыркүйектiң 14-i күнi қайта қозғады. 

Жаңа технологиялар колледжiнде Бiлiм және ғылым министрлiгi мен облыс әкiмдiгiнiң қолдауымен “Кәсiпкерлiктi дамыту және техникалық бiлiм берудiң жаңа жолдары” атты   республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өттi. Кәсiби бiлiктi мамандарды даярлау арқылы елiмiзде индустрияландыру және экономикалық өсiмдi арттыруға үлес қосуды көздеген конференцияға 7 облыстан колледж басшылары мен отандық кәсiпкерлер ат басын бұрып, күн тәртiбiндегi тақырыпты талқылауға атсалысты.

Екi айдың өлiара аптасы өзiндiк оқыс өзгерiсiмен оқшауланды. Онсыз да дау-дамайы дүмпiп тұрған “Серiктiң соты” басқасын балалатты. Уақыттың еншiсiнде қалған сот үдерiсiнiң өткенiне ой жүгiртсең, осыған көзiң айқын жетедi. Бастапқыда еңсесi езiлiп, екпiнi басылғандай бұйығылық байқатқан экс-премьер-министр Серiк Ахметов пен оның соттағы “серiктерi” бүгiнде қалжың қа­ғыс­тыратындай қараға жетiп қалған. Қаражаяу қалжың емес, астарында ажуа жатқан мiрдiң оғындай мысқыл. Әйтеуiр, бiр се­нiмдiлiк бар. Әлде, солай көрi­недi?..
Оңтүстiк Қазақстан облысын ұлтжанды азамат Асанбай Асқаров басқарған жылдары әлi күнге дейiн Шымкент қаласының мақтанышы болып келе жатқан Дендросаябақ, Ипподром, Хайуанаттар бағы, Балалар темiр жолы және басқа да көптеген мәдени-көпшiлiк орындар халық игiлiгiне берiлген едi. Сондай тамаша көпшiлiк мәдени орындардың бiрi – “Фосфор” мәдениет үйiнiң бүгiнгi көрiнiсi кө­ңiлiмдi қатты құлазытады.

Мен анасыз өстiм. Iнiм екеумiзге тәрбие берген – әкем. Анам iнiмдi босанғаннан кейiн қайтыс болыпты. Ол кезде мен үш жастамын. Анам есiмде қалмапты. Ал әкем үйленген жоқ. Жеңгелерi “жақсы” деген қыздармен таныстырмақшы болған екен, әкем әртүрлi сылтау айтып, ешқайсысына жоламапты. Атам мен әжем әкеме көп көмектестi. Мен он жасқа келгенде әжем, артынан атам қайтыс болды. Қиыншылықта, жоқшылықта өмiр сүрдiк деп айта алмаймын.

Осы жылдың 3 қыркүйе­гiнде “Жас Алаш” газетiнiң бетiнде тараздық оқырман, тыл ардагерi, биология ғы­лымдарының кандидаты Сердалы Бекбембетовтiң “Ме­йiрiмi жоқ “Мейiрiм” деген мақаласы жарық көрдi. Онда автор “Мейiрiм” медициналық орталығына “70 жастан ас­қандарды қарамайды” деп өкпесiн бiлдiрiптi. Бiз автор­дың жарық көрген мақаласы бойынша төмендегiнi хабарлаймыз:

Сiрә, он сегiзiншi ғасырдың аяқталар тұсы болса керек. Бүгiнгi Арал мен Қазалы жерiнiң шекаралығындағы “Пұсырман төбенiң” маңайында Хамит пен Қасен есiмдi ағайынды екi жiгiт өмiр сүрiптi. Хамит – үлкенi. Үйленген. Екi баласы бар. Ал Қасен үйленбеген. Анасы осы кiшi ұлының қолында. Әкесi ертеректе қайтыс болған. Екеуiнiң кәсiбi “Қотанкөлден” қолсамармен су шығарып, бидай егедi. Жарлы-жақыбай. Сауар­ға ешкi-лағы да жоқ. Мiнiс малынан да жұрдай.

Бiздiң қазiргi және келер ұрпағымыз ата-бабаларының қалай өмiр сүрiп, қалай ел болғанын жақсы бiлуi керек. Бiздiң қазақ “осылай өмiр сүрген, осылай өскен, қара шаңырағын қастерлеген және өзiнiң ұл-қыздарын осы қара шаңырақты шайқалтпай тәрбиелеген” дегендi қай кезде де айтуымыз, айта бiлуiмiз қажет. Осы тұрғыдан келгенде, өз басым “Қара шаңырақ” фильмiн жоғары бағалаймын.

1930-40-жылдарда бос қалған Май ауданы (Павлодар облысы) 1946 жылдан бастап қайтадан игерiлiп, жаңадан ел көшiп келе бас­тады. Бiздiң отбасы 1958 жылы осы аудандағы Сәтек – Мақышқа көшiп келдiк. Бұл кезде мұнда шағын аурухана ашылып, интернаты, моншасы, наубайханасы бар сегiз жылдық мектеп тұрғызыла бастады. Керосин шам жағатынбыз. Аға­ларым мен апаларым алыс жақта оқуда болғандықтан, тек жаз айларында ғана үйге келедi.

ҮКIБАЙ БИ
Баянауылдың Көкдомбақ ауылында Үкiбай би Найзабекұлына (1778 – 1856) кесене көтерiлiп, ас берiлдi. Үкiбай би ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Баянауыл сыртқы округiнiң негiзiн құраған Сүйiндiк елiнiң iшкi-сыртқы қоғамдық-саяси iстерiне белсене араласқан iрi тұлғалардың бiрi. Атақты Шоң мен Шорман билердiң замандасы. Аталмыш ок­руг­тiң құрамында болған Сатылған-Алтынторы болысын басқарған.

Катардың бас қаласы Доха бокс­тан ересектер арасындағы әлем чемпионатын қабылдауға сақадай сай. 5 қазан күнi жалауы желбiреп, он күн бойы әлемнiң әр қиырынан жиналған боксшылардың шеберлiгi таразыға тартылатын додаға    бiздiң боксшылар ертең аттанбақ. Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құраманың сегiз серкесi осы әлем бiрiншiлiгiнде елiмiздiң намысын қорғайды. Келесi жылы Бразилияда өтетiн жазғы

ҚАЛАДА КӨКПАР ТАРТАДЫ
Республикалық “Көкпар федерациясының” Алматы қалалық филиалы шаһардан көкпар бөлiмiн ашты. Бұдан былай алматылық өрендер көкпар тартудың қыр-сырын кәнiгi мамандардан үйренедi. “Алматы қаласындағы №17 жасөспiрiмдер спорт мектебiнде ашылған бөлiмде үйренушiлерге барлық мүмкiндiк жасалған” дейдi мектеп директоры Аманжол Қазымбет.

“Қазақстан” телеарнасы қыр­күйекте Астана қаласы маңында өткен 51 шақырымдық аламан бәйгенiң түсiрiлiмiн көпшiлiкке ұсынды. “Алтын тұлпар” деген атпен екiншi жыл қатарынан ұйымдастырылған айтулы аламанға елiмiздiң әр аймағынан таңдаулы тұлпарлар қосылды. Осынау аламан бәйгеге комментаторлық еткен журналистiң қасында атбегi Орынтай Әмiрғали да өзiндiк ой-пiкiрiн айтты. Әттеген-айы,