1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16057) 6 қазан, сейсенбі 2015
Қазақ хандығы-550
Қазақ хандығының тойы – қазақ мемлекет­тiлiгiнiң тойы. Хан – мемлекет басшысы болса, хандық – мемлекеттiлiк. Әйгiлi Ататүрiк: “Мен үшiн ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзi – ұлтымның кеудесi. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесiн ешкiмге бастырмау үшiн барымды саламын!” десе, ұлттың кеудесiн ешкiмге бастырмайтын да, ұлттың мерейi мен мәртебесiн көтеретiн де – ең әуелi мемлекеттiлiк. Мемле­кет­тi­лiктiң тағдыры, әрине, мемлекет басшысына да байланысты. Әсiресе, Шығыс елдерiнде, Шығыс халықтарында.
Қазақстанның солтүстiгi мен шығысында “орыс мәселесi” мен “казак мәселесi” әлсiн-әлсiн бас көтерiп қалады. Әсiресе, саяси шиеленiстер кезiнде – Ресей өзгелерге агрессия жасаған тұста өршидi. Ресей Қырымды тартып алып, Украинаға басып кiргенде Қазақстанның шығысында “орыс мәселесi” бықсыған. Әлдекiм­дер Өскеменге Донбасстың кебiн кигiзбек болды сол тұста.

Әнеугүнi қазақ басшысы АҚШ-қа барып, БҰҰ-ның 70–шi сессиясындағы дебатта сөз сөйледi. Өзгелер құсап, “майда-шүйде” мәселенi қозғамай, “қабырғалы-қабырғалы” деген бiрқатар ұсынысын ортаға тастады. Соның бiрi – Бiрiккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерiн Азияға көшiру мәселесiн ойластыру жөнiндегi пiкiрi. Негiзi ұсыныс мықты. Әрi оны айтқан адам да тегiн кiсi емес. “Ғаламдық деңгейдегi” саясаткер болған соң, құлашты кеңiрек сермегеннiң несi ерсi?!

Ресей президентi Владимир Путин Нью-Йоркте өткен БҰҰ бас ассамблеясының отырысынан елiне орала салысымен, федерация кеңесiнен рұқсат алды да, 30 қыркүйек күнi Сирияда алғашқы әуе соққысын жасады. Батыс басылымдары Ресей “Ислам мемле­кетi” лаңкестiк ұйымын ғана емес, сириялық оппозицияны да атқылап жатқанын хабарлады.

“Жас-Ай” медицина орталығының жетекшiсi Жасан Зекейұлы “Жас Алаш” газетiн 6 айға жабуды, моральдық өтемақы ретiнде журналистен, әйелiнен, қайын­ атасынан және “Жас Алаштың” оқырманынан – әрқайсысынан 100 миллионнан, барлығы 400 миллион теңге өндiрудi сұрап сотқа шағым түсiрдi. Газе­тiмiздiң биылғы мамыр айындағы 37-нөмiрiнде жарияланған “Академик отбасымен соттасып жүр” атты мақалаға байланысты ол осындай шешiм қабылдапты.

Тамыз айының соңынан берi отандық өнiмнiң сапасын жақсартуға бағытталған жобаны қолға алған топ-бизнесмен Марғұлан Сейсембаев өткен аптада оны доғаратынын мәлiм еттi. Бұған прокуратураның оның үстiнен кезiнде көтерiлген iстi қайта қаузап, жауап беруге шақырғаны түрткi болды. М.Сейсембаев мұны қоғамдық жобаның халық арасында таныла бастауымен байланыстырады. Бизнесменнiң әлеуметтiк желiде жазған пiкiрiне қарағанда, “жоғарыдағылар” жұрттан қолдау тапқан қоғамдық бастамадан қауiптенген болуы мүмкiн.

Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту басталды
Осы аптада алты алаштың баласы асыға күткен Қазақ хандығының 550 жылдығын Тараз жерiнде тойлаудың ресми түрде түңлiгi түрiледi.   Той сәрсенбiнiң сәтi – 7 қазанда басталып, әрi қарай 8-9 қазан күндерi жалғасын табады. Әулиеталықтар бүгiнде қонақтардың алдыңғы легiн күтiп алудың қамына кiрiсiп те кеттi. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы бастама былтыр қазан айында көтерiлген. Қарашада халыққа арнаған жолдауында президент мұны тағы бiр шегеледi. Тойды Жамбыл облысының аумағында

Қазанның 1-2 күндерi Әйтеке би ауданындағы Әбiлқайыр ханның жерленген жерi “Хан моласында” мемориалды кешен ашылды. “Хан моласының” iргесiндегi Толыбай ауылында Әбiлқайыр ханның мұражайы бой көтердi. Бұл жер – Ақтөбе және Қостанай облыстарының шекарасы. 1748 жылдың тамызында Орынбор генерал-губернаторы Неплюевпен кездесiп, Ырғыздағы жайлауына қайтып келе жатқанда, дәл осы жерде, Өлкейек пен Қабыр­ға өзендерiнiң қиылысында Әбiлқайыр хан Барақ сұлтанның қолынан қаза табады.

“Әннiң де естiсi бар, есерi бар...” (Абай) дегендей, мақтанның да мәндiсi, мәнсiзi бар ғой. Оны естияр кезiмiзде-ақ аңғарсақ та, миығымыздан күлiп жүре бердiк. Орындысын жөн деп, орынсызына үндемедiк. Жөн дегенiмiз не бiр кiсi, не бiр ұжым iске асырған игiлiктi мақтаныш етуiмiзге болатынын бiлдiк, ал бекер мақтан­ға үндемегенiмiз оның түп-тамыры өсек-өтiрiкпен өзектес екенiн ескере бермеге­нiмiз болды

ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ТIЗIМI ЖЫЛ САЙЫН 3 МЫҢҒА АРТЫП ОТЫРАДЫ
Бас прокурор Жақып Асановтың айтуынша, Құқықтық статистика және арнайы есеп мәлiметтер базасында 50 мың адам тұр. Олар – жемқорлық үшiн жазаланғандар. “Олар ешқашан мемлекеттiк қызметте iстей алмайды. Жемқорлардың тiзiмi жыл сайын 3 мың адамға артып отырады”, – дейдi       Ж.Асанов.
Құрметтi “Жас Алаш” газетiнiң редакциясы! Жақында отандық телеарналардың бiрi “iшiп қойды, жеп қойды” деп бiр топ бұрынғы шендiлердi көрсеттi. Бұлардың көпшiлiгi сот үкiмiмен жемқор, парақор деп танылғанымен, араларында сот әлi жаза кесiп үлгермеген­дерi де бар. Мәселен, Серiк Ахметов пен Талғат Ермегияев.
ҚАРУЫҢ ЖОҚ БОЛСА, САЛЫҚ ТӨЛЕ!
АҚШ-та Вермонт дейтiн штат бар. Бұл штаттың тұрғындары қару сатып алу үшiн арнайы органдардан рұқсат сұрап әуре болмайды. Содан да болар, штатта адам өлтiру, тонау, зорлау, шабуыл жасау сияқты ауыр қылмыс түрлерi сирек жасалады және Вермонт – АҚШ-тағы ең қауiпсiз штаттардың бiрi саналады.
Өткен жексен­бiде Алматы қаласының әкiмшi­лiгi “Тур Алматы 2015” веложарысын өт­кiздi. Қаланың не­гiзгi күретамыры саналатын көше­лер­дi жауып, шақырымға созылған кептелiс жасағаны былай тұрсын, демалыс күнi мыңдаған студенттi мәж­бүрлеп көшеге шы­ғарды. Сондағысы “веложарыс­қа адам көп жиналды” деу үшiн ғана.
Судья: – Айыпталушы, сiздiң айлығыңыз бар-жоғы 50 мың теңге екен. Тұратын үйiңiздiң құны – 10 миллион доллар. Мұн­ша ақшаны қайдан алдыңыз?
Күдiктi: – Сот мырза, ойлануға мұрсат берiңiзшi!
БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРЛЕРI: ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАМБЕТОВ, СЕРIК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ, ИРАН-ҒАЙЫП
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразиялық Топ (ERG) бiрлесiп, көркем әдебие­тiмiздiң тың туындылармен толығуы және жаңа шығармалардың дүниеге келуiне ұйытқы болуы үшiн “Алаш тарихының ақиқаты” атты арнайы шығармашылық бәйге жариялаған-ды.
Қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерiнен өткен әлем чемпионатын арнайы барып тамашалаудың сәтi туды. Шаруа шаш-етектен болғандықтан, әлем чемпионатында алдымен белдескен грек-рим күресi балуандарының ғана шеберлiгiн көру бұйырды. Дәтке қуаты – жiгiт­тердiң күресу өнерiнде бұ­рынғыдай емес, өрлеу байқалады. Бiрақ әлi де шың­дау­дан өтудiң қажеттiгi көзге ұрып тұрды.

Астана қаласындағы “Сарыарқа” велотрегiнде аралас жекпе-жектен “KUN­LUNFIGHT 4 CAGE­SERIES” тұжырымы бойынша   халықаралық турнир өттi. Қазақ көрермендерi үшiн бұл тұжырым таныс. Қытайда үлкен қолдауға ие, таралу аймағы орасан бұл тұжырымның чемпиондық белбеуi үшiн елiмiз­дегi алғашқы сайыс осы жылдың 4 сәуiрiнде Алматы қаласында өткенi де белгiлi.

ҚАЛДЫ ҚЫЗ
19 жастағы Сиерра Сварингеннiң денесiнiң 70 пайы­зы – түгел қал. Бiрақ ол оған еш өкiн­бейдi. Тiптi өзiнiң өзгелерден ерекше жаратылғанына қуанады. Сиерраның тұла бо­йы – қаптаған қал. Дәрi­герлер оған “меланоцитарлы невус” деп диагноз қойды. Олардың айтуынша, мұндай қал жарты миллион адамның бiреуiнде ғана кезде­седi екен.
ТАҒЫ ДА ТӨМЕНДЕДI
Елiмiздiң бiрiншi ракеткасы Зарина Дияс әлемдiк рейтингте тағы да құлдилап, 45-сатыға сырғыды. Ол бұған дейiн 31-сатыға өрлеп, зор абырой жинаған-ды. Юлия Путинцева да бiр сатыға төмендеп, 80-орынға тұрсақтаса, Ярослава Шведова 86-сатыға орнықты.