1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (16058) 8 қазан, бейсенбі 2015
ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ ҚАЛАЙ ӨТТI? 
Өткен жексенбiде Қырғызстанда парламент сайлауы өттi. Бұл сайлауда ешқандай партия айқын басымдық көрсеткен жоқ. Тiптi билiктiң Социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) өзi 27,4 пайыз ғана дауыс алған. Заң шығарушы органның жаңа құрамына өту үшiн партиялар 7 пайыз дауыс жинап, әр аймақтағы электораттың кем дегенде 0,7 пайыз құптауын алуға тиiс-тiн. Саяси додаға түскен 14 партияның алтауы “Жогорку Кенешке” өттi: Социал-демократиялық партия (27,4%), “Республика – Ата Жұрт” (20,1%), “Қырғызстан” (12,8%), “Онугуу Прогресс” (9,3%), “Бiр Бол” (8,5%) және “Ата Мекен” партиясы (7,75%).
БАС БАНК ИНТЕРВЕНЦИЯЛАРДЫ ЖАЛҒАСТЫРУҒА ДАЙЫН
Ұлттық банк теңге бағамын еркiне жiбер­ген кезде валюталық нарыққа қатысуды тоқтатамыз, тек экономикалық жүйеге қатер төнсе ғана өктемдiк жүргiземiз деген-дi. Ондай жағдай 16 қыркүйек күнi қазақстандық банктер долларды 300 теңгеге сата бастаған кезде болды. Осы күнi Ұлттық банк нарықта алыпсатарлық әрекеттер орын алып жатыр деп, валюта саудасына қатысқан екiншi деңгейлi банктердiң тiзiмiн жария еткен. Теңге бағамын тұрақтандыру үшiн бас банк бұл кезде 144 миллион доллар көлемiнде интервенция жүргiзген.
Қыжыртпа
Тақырып таппай қалғандай атымызды мақаланың тө­бесiне шығарыпты деп ренжiсе, өздерi бiлер. Бiздiкi – бастыра сынаудан гөрi “бастан сипауға” жақын дүние. Әрi әкiмдердiң реитингiн түзгiш әлдекiмдерге құлаққағыс жасап қою да ойымызда бар. Әрине, халыққа бiр табан жақындай түскен әкiмдер кейiн керi кетiп жүрмесе...
Маңғыстаулық “Oil Construction Company” ЖШС кәсiподақ ұйымының лидерi Әмин Елеусiновке қатысты “кәсiподақ қаржысын талан-таражға салды” деген екi жыл бұрын тағылған айыпты облыс прокуратурасы биыл қайта көтердi. Маңғыс­тау облыстық iшкi iстер департа­ментi кәсiподақ бухгалтерi шағымын негiзге алып, кәсiп­одақ ұйымы жетекшiсiне қатысты тағы бiр қылмыстық iс қозғады.

Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаудан танбайтын “Жас Алаш” газетiнiң 2015 жылдың 29 қыркүйегiндегi санынан техника ғылымдарының докторы Тоқтамыс Менде­баевтың “Апат қатерi және атақ алу әуресi” атты көлемдi мақаласын оқып, мазам кеттi. Мақала “атом” атты, миллиондаған бейбiт адамдарды қырып-жойып, қасiрет уын iшкiзетiн тажал туралы болғандықтан, ауыр ойға шомып, ақыры қолға қалам алуға бекiндiм.

Голландиялық NOS басылымының жазуынша, былтырғы жылы Донецк түбiнде құлаған Малайзияның “Боинг-777” ұшағы жолаушыларының мәйiттерiнен “Бук” зымыранының жарықшақтары табылған. NOS мұны Украинаның қауiпсiздiк кеңесi зерттеу бөлiмiнiң басшысы Василий Вовкаға сүйенiп жазып отыр. В.Вовка апаттың себептерiн анықтау жөнiндегi халықаралық тергеушiлер тобына кiрген.

Астана вокзалынан электровозды айдап кеткен бiр топ жiгiтке қатысты қылмыстық iс қоз­ғалды. Достарына электровозды жүргiзуге рұқсат берген Астана депосының қызметкерi көрiнедi. Қазiр депо қызметкерiнiң үстiнен де iс қозғалуда. Электровозға мiнiп алып, елiрiп-есiрген жiгiттер өз әрекеттерiне есеп бермегенi сонша, тiптi мұнысын ұялы телефонның бейнажазбасына түсiрiп мәз-мейрам болысқан.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында ҰҚК-нiң аудандық бөлiмi бастығының орынбасары өз кабинетiнде ажал құшты. Жергiлiктi БАҚ “38 жастағы ер адам өз кабинетiнде атылып өлдi” деген ақпарат таратты. Оқиға қазанның 3-i күнi Қандыағаш қалашығында болған. ҰҚК қызметкерi есiк аузындағы күзетшiнi шылым әкелуге жiберген де, қызметтiк кабинетiнде табельдiк қарумен өзiн-өзi атқан.
ҚАЛАЛЫҚ ӘКIМДIК ПЕ, ЖЕМҚОРЛАР МЕКЕНI МЕ?
Қостанай облысындағы парақорлық оқиғалары жайлы бұрын да жазғанбыз. Биылғы жылдың маусым айында қала әкiмiнiң тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлiмiнiң бастығы Жеңiс Шинкин құрықталып, одан екi айдай уақыт өткен соң Қостанай қаласы әкiмiнiң екi бiрдей орынбасары – Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян парамен ұсталғанынан оқырмандарды хабардар еткенбiз.
АҚТАҢДАҒЫ АШЫЛМАҒАН АЙМАҚ
Солтүстiк аймақтардың, әсi­ресе Ресей шекарасына жақын орналасқан өңiрлердiң тiрлiгi көбiне-көп назардан тыс қала бередi. Журналист әрiптестер­дiң ол жаққа арнайы баруға мүмкiншiлiгi болмай жатады. Ал қазақтiлдi баспасөзбен хабарласа қоятын адамдар ол жақтан табыла бермейдi. Назардан тыс қалатын өңiрлердiң бiрi – Қостанай облысындағы Сарыкөл ауданы.

Өткен ғасырдың 50-60 жылдары республикамызда жалғыз ғана С.М.Киров атындағы (бүгiнгi Әл-Фараби) университет болды да, жастардың арман-тiлегi осыған түсiп оқу болды. Осындағы ұстаздардың осы қалайы жоқ едi ғой. Академиктер Мұх­тар Әуезов, А.П.Покровский, Төлеген Тәжiбаев, Персидский, Козловский, Т.Дарханбаев, Iсмет Кеңесбаев, Мәулен Балақаев, Бiрiмжанов, А.Н.Кока, Поссе, Зейнолла Қабдолов...

“Жүре берсең, көре бе­ресiң” дегендей, күнде­лiктi өмiрдегi келеңсiздiктi, бiр-бiрiне кереғар ұшқары айтыл­ған орашолақтықты көрiп-естiгенде ерiксiз жымиясың. Теледидар бiткен “әкiм­дер базар аралауға шықты, бағаның шарықтауына шектеу қояды, қымбатшылыққа тоқтам салатын болды” деп жарияға жар салып әлек. Президенттiң “қымбатшылыққа жол жоқ” деп қатулана айтқан бұйрығы да мезетiнде естiр құлаққа жетiп жатыр.

Қазақстан президентi Н.Назарбаев: “Асықсақ асығайық, алайда аптықпайық. Бәрi де жөнiмен келедi” деп аталы сөз айтқанда дұрыс-ақ дегенбiз. Бiрақ ақылды адамның айтқан сөзi айтқан жерде қалып қоятыны жаман-ақ. Әрине, бұл бiрiншi рет емес. Асыққанның алды жөн делiк, ал аласұрып аптығып, жанталасып жатқанымызға не жорық? Жайдақ атқа мiнiп, басы ауған жаққа шаба жөнелген қиқар балаға ұқсаймыз. “Сабыр түбi сары алтын” деген бар емес пе

Ұстаз – ұлағатты есiм. Шә­кiрттерiн бiлiм нәрiмен сусындатып, тәлiм-тәрбие беру, жақсы қасиеттердi бойы­на дарытып, адамгершiлiк рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегi ерен. Ғұлама ғалым, заңғар жазушы М.Әуезов: “Халықты халықпен, адамды адаммен теңес­тiретiн – бiлiм”, –   дейдi.
(2015 жылдың 27 тамызында “Жас Алаш” газетiнде жарияланған сыни мақалаға жауап)
Аягөз аудандық iшкi саясат бөлiмi баспасөзге жазылу бо­йынша үнемi түсiндiру жұмыстарымен айналысады. Осыған орай, барлық қала, кент, ауылдық округтер, дербес бөлiмдер, мекемелер, кәсiпорындарға республикалық, облыстық және жергiлiктi БАҚ-қа жазылу бойынша жүктемелер таратылған.
Баланың жүрегiне иман нұры төгiлiп, мейiрiмдi де қа­йырымды болып өскенi жақсы-ақ. Бiрақ бiз кейде талапты тым асырып, баланың жүрегiне артық салмақ жүктеп жүр­гендеймiз. Көршiм бар. Бiзге қоңсы болғанына үш-төрт жылдың жүзi. Бес уақыт намаз оқитын отағасы мен басынан бақайшағына дейiн оранып жүретiн жұбайының көп сөзi жоқ.

Кеңес одағының алғашқы жылдарында большевиктер мен шолақ белсендiлер тарапынан орынсыз асыра сiл­теулер болғаны тарихтан белгiлi. Байлар мен молдалардың дүние-мүлкi тәркi­ленiп, сотталды, жер аударылды. Құдай үйi – мешiттер бұзылып, талан-таражға түс­тi. Тiптi адамдар жерленген қорымдар бұзылып, марқұмдар басына қойылған ескерт­кiш құлпытастар құрылыс материалдарының орнына пайдаланған жағдайлар да болған.

Тамшыбұлақ дегенде Тамшыбұлақ,
Мәнiңдi ұға алама ма жан сығалап.
Ыңыршақты ырдуан бұ фәниге,
Әй, тамшы сiз де қонақ, бiз де қонақ.
Белгiлi қоғам қайраткерi Молдағали Матқанның “Айға шағылған найза” атты кiтабы жарық көрген-дi, Ақмарал Сансызбайдың өлеңiмен де алғаш рет сонда таныстым. Ақмаралдың бiраз өлеңi М.Матқанның кiтабына енгiзiлген екен. Ендi Ақмаралдың бiр топ өлеңiн “Жас Алашқа” ұсынып отырмын. Жас қыздың қай өлеңiнде де ұлтымыздың мұң-зары мен наласы таспадай тартылып жатыр. Ақмарал қызымыз нағыз ақын екен! Халқымыздың жай-күйiн жылап отырып жырлайды, жан дүниесiнiң қатпар-қатпарын қопара, ағынан ақтарыла отырып жырлайды.
ЖАСТЫҚ ШАҚ ЖЫРЛАРЫ
Жақында Алматыдағы “Рух БГ” баспасынан жазушы Бейбiт Қойшыбаевтың көркем шығармаларының бiр томдығы жарық көрдi (Қойшыбаев Б. Жастық шақ жырлары: хикаяттар, әңгiме­лер, романдар. – “Рух БГ” баспасы, Алматы 2015 жыл.). Адам ғұмырының алаулаған жалынды кезеңiн арқау еткен осынау “Жастық шақ жырлары” жинағы ауыл және қала жастары тыныс-тiршiлiгiнен танымды да тағлымды сыр шертедi.
Талдықорған қаласында өтiп жатқан ауыр атлетикадан Қазақстан спартакиадасы бүгiн түңлiгiн түсiредi. Жазғы спартакиада сынында ұлттық құраманың белдi атлеттерi де зiлтемiр кө­терiп, күшiн сынап көрдi. Қыздар арасында көп­шiлiк күтпеген нәтиже тiр­келдi. Жасөспiрiмдер, жастар арасындағы додада олжалы оралып жүрген спортшыларымыз ересектер дуына қосылып, шеберлiктерiн сынады. Нәтиже де жоқ емес. 
Катардың бас қаласы Дохада бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты жалауын желбiреттi. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың сегiз серкесi елiмiздiң абыройын арқалап, әлемдiк дуға қосылды. Бiздiң боксшылардың алтауына жеребе тарту рәсiмi сәттi түсiп, алғашқы айналымда рингке шыққан жоқ. Тек екi боксшымыз ғана әлем бiрiншiлiгiн алғашқы айналымнан бастады. 
ӨЗ ӨНЕРIҢНЕН ӨЗГЕ МЫҚТЫ
Үшiншi рет ұйымдастырылатын “Еуразия барысы” халықаралық турнирiне қатысатын елдердiң бал­уандары Жамбыл жерiне жиналды. Ертең “Тараз-Аренаның” төрiне төселген кiлемде елiмiздiң сайыпқыран балуандары Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан елiнен келген қарсыластарымен күреске түсiп,
ҮЗIЛГЕН БАСЫН ЖАЛҒАП БЕРДI
Австралиялық дәрiгерлер расында да “адам жанының арашашысы” екен. MedikForum.ru порталы автралиялық дәрiгерлердiң бiр жастағы сәбидi ажалдан аман алып қалды деп жазады timeskz.kz. 16 айлық Джексон Тейлор анасы және әпкесiмен бiрге Брисбен қаласында көлiкте келе жатып, қарсы бағыттағы автокөлiкке соқтығысыпты.