1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №81 (16059) 13 қазан, сейсенбі 2015

Өткен сенбiде Анкарадағы темiржол вокзалының маңында екi мәрте жойқын жарылыс болды. Оқиға болған маңда он төрт мыңға жуық адам “Еңбек, Бейбiтшiлiк, Демократия” деген атпен бейбiт митингi өткiзiп, Түркияда тыйым салынған Күрдiстанның жұмысшы партиясы мен билiктiң арасындағы кикiлжiңдi тоқтатуға шақырмақ болған. Лаңкестiк салдарынан 95 адам ажал құшып, 250-ден астам адам жарақат алды. Мұның өзi түпкiлiктi көрсеткiш емес. Жарықшақ тигендердiң көпшiлiгiнiң жағдайы тым ауыр.

Депутат мырзаларды неге “ұйқы қысып” жүретiнi ендi белгiлi бола бастағандай. Бұл үшiн айыр қалпақты ағайындарға алғыс айтып қойсақ, артық емес. Себебi қазiр Бiшкектiң бұқарасы депутаттардың “астына үңiлудi” бастады. Жогорку кенешке сатып алынуы тиiс 120 креслоның шуы әлеуметтi дүр сiлкiндiрдi. Егер осы әңгiменiң жай-жапсарын жадымызға мықтап түйсек, ұлт пен жұрттың мүддесiне келгенде “мүлгiп отыратын” қазақ депутаттарының да сыры ашыла түсетiн секiлдi.

Келесi жылдан бастап нанның бағасы 30 пайыз­ға қымбаттауы мүмкiн. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрi Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi. Министр бұл қымбаттатудың себебiн осыған дейiнгi нанның бағасын қолдан ұстап тұрумен түсiндiрдi.Күнделiктi тұтыну тауарларының iшiндегi басты тағам саналатын нанның бағасының бұған дейiн қымбаттамағаны рас.

Украина президентi Петр Порошенконың Қазақстанға алғашқы ресми сапарынан қазақстандық ақпарат құралдарының басым бөлiгi үзiп-жұлып жұтаң ақпарат берумен шектелдi. Жергiлiктi ақпарат құралдарынан гөрi ақпаратты украиндық БАҚ жедел берiп отырды ма дерсiң. Украинаның осымен бесiншi президентiнiң елiмiзге сапары шын мәнiнде, сараптауға тұрарлықтай тақырып екенi даусыз.

Кеше Алматы қаласы, Алмалы аудандық №2 сотында талапкер Ж.Зекейұлының 400 миллиондық моральдық шығын өндiруге қатысты сот отырысы басталмай жатып аяқталды. Судья келмес бұрын-ақ, оның хатшысы жауапкерлер мен талапкерден өзгелердiң сот залынан шығуын сұрады. Сондағы айтқан уәжi “судья келген соң ғана залға кiресiздер” болды. Қай заңның, қай тармағына сүйенгенi белгiсiз, осылайша судья Айнұр Бейсеуованың хатшысы ә дегеннен-ақ осылайша “жаңалық ашты”.

Жылқы жылының басында кеншiлер қаласы әкiмiнiң баспасөз қызметiне сiлтеме жасаған жергiлiктi газеттер астында кенi бар қауiптi аймаққа қоныстанған тұрғындарды көшiру үшiн Сәтбаевта биылдан бастап, үш жылда бес қабатты 30 тұрғынүй мен екi пәтерлiк үш жүздей коттедж салынатыны жөнiнде жапа-тармағай жарыса жазды. Сөзге сенсек, қоныс аударғандар бiр ықшам­аудан шоғырланады. Оған бұрын бос жатқан жер телiмi бөлiнген.

Мамандығы жағынан физик-математик әрi заңгер, экономист Қайрат Балапанұлы Бекеновтiң «Қазпоштаның» Батыс Қазақстандағы филиалын басқарып отырғанына бар болғаны төрт айдан асыпты. Әйтсе де оны байланыс саласының ардагерi десе де жарасады. «Қазпоштадағы» еңбек жолын 2004 жылы Көкшетаудан бастаған. Кейiн Астанада орталық аппаратқа шақырылып, содан соң Қызыл­ордада үш жыл еңбек етiптi. Өзiнiң айтуынша, жайдан-жай емес “проблема болған” соң.

Жексенбi күнi Беларусьта өткен президент сайлауына дауыс берушiлердiң 87 пайызы қатысты. Бұл сайлауда көпшiлiк күткендей, қазiргi мемлекет басшысы Александр Лукашенко 84 пайыз дауыс жинап, осымен бесiншi мәрте президент болып қайта сайланды. Беларусь орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бо­йынша, оппозициядан түскен үмiт­кер Татьяна Короткевичке сайлау­шылардың 4,5 пайызы дауыс берген,
ТАРАЗ ТҮРЛЕНДI. НАЗАРБАЕВТАРДЫҢ АТЫ ОЗДЫ
Таразда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтой өткен аптаның сәр­сенбiсiнде басталып жұмасында аяқталды. Қазақтың елдiгi мен тарихының тереңдеп жатқандығын бүкiл әлемге паш ететiн, шежiреге алтын әрiппен жазылатын жөнi бөлек, жосығы ерек тойдың өз деңгейiнде дүркiреп өтуiне Астана мен Алматы қалалары және су тасқынына ұшыраған екi өңiрден өзге елiмiздегi облыстардың барлығы белсене атсалысты.

Франция БТА банкiнiң директорлар кеңесiнiң бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовтi Ресейге экстрадициялауға келiсiм бердi. Әблязовтiң адвокаты Пьер Саластың мәлiметiне қарағанда, қуғындағы экс-банкирдi Ресейге беру жөнiндегi шешiмге Франция премьер-министрi Манюэль Вальс қыркүйектiң 17-сi күнi қол қойған. Ал Әблязов пен оның адвокаты бұл жөнiнде өткен аптада хабардар болыпты. 

Павлодарда облыс әкiмi Қанат Бозымбаевтан iрi көлемде (500 мың АҚШ доллары) ақша бопсалады деген айыппен тұтқындалған қалалық “Версия” апталығының редакторы Ярослав Голышкин, мемлекеттiк қызметкер Асқар Бахралинов, бұрынғы полиция қызметкерi Фарид Алиясов, кәсiпкер Нұржан Сүлейменовтерге қатысты сот процесi жүрiп жатыр.

Ағартушы-ұстаз, ғұ­лама ғалым, көсем тұлға Ахмет Байтұрсынұлы да қолына фотокамера ұстап, өз дәуiрiнiң сан алуан қайталанбас тылсым сәтiн қаз-қалпында суретке тартуды әдеттегi сүйiктi iсiне айналдырған. Ол кезде елдiмекендер электр желiсiмен толық қамтылмағандықтан, фотосуреттi жасау үдерiсi негiзiнен бiлте шамның көмегiмен iске асатын. Ал фото­суреттi шығару барысында арнайы химиялық дәрi-дәрмек­тердi пайдалану нәтижесiнде қажеттi ертiндiлердi дайындай бiлудiң де машақаты шаш етектен едi.

Бүгiнгi күндерi белгiлi қазақтiлдi басылымдардың арасындағы фототiлшiлер санаулы ғана. Және де олардың фотосуреттерi газет беттерiнде жиi жарияланып жүргенiмен, өздерiн жұрт тани бермейдi. Негiзiнде фототiлшiлер көп оқиғалардың куәсi болғанымен, әрiптестерiнiң арасында болмаса, көпшiлiктiң алдында көп сөйлегендi қаламайды. Өзiмiзден гөрi түсiрген суреттерiмiз сөйлесiн дейтiндерi де бар.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейi жариялаған “Тарихи фотосуреттер” республикалық байқауына фотосуреттер қабылдау жалғасуда. Байқау Қазақ хандығының 550 жылдығы, Жеңiстiң 70 жылдығы, ҚР Конститу­ция­сы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап елiмiзде америкалық National Geographic журналының қазақша нұсқасы жарық көрмек. Жаһанның бiрнеше тiлiнде таралатын басылым Қазақстанның жағрафия әлемiне тыңнан түрен салмақ. Қазақтiлдi редакция ұжы­мы қазiр Вашингтонда алдағы тапсырмалардың соңғы тетiктерiн пысықтап жатыр. Журналист Жiгер Сәрсеннiң айтуынша, АҚШ Ұлттық географиялық қоғамының ресми басылымы

Түнгi сұлу көрiнiстi түсiргiңiз келсе, түнде емес, ымыртта (бiрден күн батқан соң не күн шығардан бұрын) түсiрiңiз. Осы мезетте сiз аспанның әсерлi көрiнiсiн ұстай аласыз әрi жарық күшi аса жоғары (све­то­силь­ный) объектив iздеп те әу­ре­­ленбей­сiз. Сонымен қа­тар суре­тi­­ңiз­­де көп эле­мент қамтылады әрi қанықтығы да аса қатты болмайды, жалпы айтқанда, суретi­ңiз қараңғыда түсiргеннен әлдеқайда жағымды болады.

Кеңес одағы кезiнде бiз жақта кеңшардың басшысы болып аңғал да адал Iшекбай деген адам болды. Сол Iшекбай кеңшардың бас инженерi болып тұрғанда малшыларға жем таратуға жұмсал­ған шопыры бiр күнi жұмысқа кешiгiп келедi. “Неге кешiктiң?” деген сұраққа шопыры: “Радиаторым тесiлiп, су тамшылап тұрған соң жолда қалып қоямын ба деп қорықтым”, – дейдi. Iшекбай: “Ендi мұнда қалай келдiң?” демей ме.

Сәрсенбiнiң сәтiнде, яғни 7-қазан күнi Ғаббас Қабышұлының үйiне телефон шалып едiм, телефон тұтқасын жазушы ағамыздың өзi алып, сәле­мiмдi жылы қабылдап, жылы сөй­лестi.
– Аға, уақытыңызды алмас үшiн айтарымды сұрағыммен бастайын, – деп едiм, ол кiсi:
– Бiздiң өскемендiк орыстар: “Быка за рога” дейдi. Сол дұрыс, – дедi.

Қазақтың көрнектi ғалымы, фольклортанушы, ҚР ҰҒА-ның академигi Сейiт Қасқабасовтың қазақ әдебиеттануына сiңiрген еңбегi жөнiнде айтқанда, оның М.О.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институтында еңбек еткен жылдардағы iргелi iстерiне тоқталмай өте алмасымыз анық. Ол – қазiргi фольклортану саласындағы сүбелi үлесi. 

Ағайындар жиналып, темiржол вокзалында отырғанбыз. Құдаларды күтiп алайық деп. Бiр кезде репро­дук­тордан жас келiншектiң даусы саңқылдай жөнелдi: “Құрметтi жолаушылар, құрметсiз алкаштар, қайыршылар, жезөк­шелер!   “Шымкент – Астана” жүрдек пойызы мен “Алматы – Шымкент” пойызына отырғызу басталды! Екi пойыздың да машинистерi құдалыққа кеткендiктен, үйленген жастардың достары жүргiзетiн болды.
ҚАЗАҚ БАЛУАНДАРЫ – «ЕУРАЗИЯ БАРЫСЫ»
Осымен үшiншi мәрте өткен “Еуразия барысы” халықаралық турнирiнiң бәйгесiне тiгiлген қомақты қаржыны елiмiздiң бал­уандары иелендi. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған маңызды додада бiздiң балуандар барлық қарсыластарын айқын жеңдi.
Катардың бас қаласы Дохада бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионаты орта тұсынан ауды. Әлемдiк додаға 77 елден боксшылар келген, көмбе көрiнер шақта талай боксшы сайысты аяқтап, әлем чемпионатының медалiнен айырылды. Жолы болмай, тауаны шағылғандардың арасында бiздiң алты боксшымыз бар. Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатынан келесi жылы Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасының төрт жолдамасын олжалаймыз деп көңiлiмiздi өсiрiп қойып едi, өкiнiшке қарай, сегiз серкенiң алтауы жартылай финалға жетпей сүрiндi.