1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (16060) 15 қазан, бейсенбі 2015
БАЛҚАШ ТОРАБЫН РЕСЕЙ ҚАНДАЙ МАҚСАТҚА ПАЙДАЛАНБАҚ?
Осы аптаның басында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандық Балқаш торабын Ресейдiң зымыран шабуылына қарсы ескерту жүйесiне бұдан әрi де пайдалануға берудiң шарттары жөнiндегi Қазақстан үкiметi мен Ресей үкiметi арасындағы келiсiмдi ратификациялау туралы” заңға қол қойды. Мұны дүйсенбi күнi Ақорданың ресми сайты хабарлады.Кеңес үкiметi кезiнде Қазақстандағы әскери нысандардың
Дүйсенбi күнi азаматтық белсендiлер Серiкжан Мәмбетәлин мен Ермек Нарымбаев үш тәулiкке қамауға алынды. Белсендiлердiң үйлерi тiнтiлiп, ноутбук пен компьютерлерi “тексеру үшiн” тәркiлендi. Алматы қалалық iшкi iстер департаментi белсендiлерге ҚР қылмыстық кодексiнiң 174-бабы 1-тармағы бойынша айып тағылғанын хабарлады. С.Мәмбетәлин мен Е.Нарымбаевтың құқық қорғаушылардың қырына iлiнуiне “Фейсбук” әлеу­меттiк желiсiнде “Қазақстан мұ­сылмандар одағының” басшысы
Елiмiздiң бiрнеше ақпараттық сайттары жабылды. Осы аптаның басында қоғам белсендiлерi Е.Нарымбаев пен С.Мәмбеталин қамауға алынды. Ендi “ADAM” журналының әлеуметтiк желiдегi парақшасын жабу туралы шешiм шықты. Осыған қатысты сот процесi бүгiн, яғни қазанның 15-i күнi Алматы қаласы, Медеу аудандық сотында 15-00-де өтедi. “ADAMbol” журналы осы жылдың ақпан айында соттың шешi­мi­мен жабылғаны мәлiм.
Басқасын қайдам, әйтеуiр Қазақстанның сайлау өткiзу тәртiбi ылдым-жылдым. Өзге елдер сайлауға жыл бұрын дайындалса, бiздiң сайлау “сайтанның сапалағындай” аяқасты сап ете қалады. Мұны саясаттың майын iшкен сәуегейлер тұрмақ, қарапа­йым халық та сезедi қазiр. Мәселен, қазақ билiгi 2016 жылы өтуi тиiс президент сайлауын 2015-тiң сәуiрiнде “сақ еткiздi”. Мiне, сол тұста талайлар “е-е, Мәжiлiс сайлауы да тақау екен ғой” деп ой түйген.
Сейсенбi күнi Нидерландының қауiпсiздiк кеңесi 2014 жылдың 17 шiлдесiнде Украинаның шығысында атып түсiрiлген Малайзияның “Боинг” ұшағының апаты жөнiндегi зерттеуiн жария еттi. Голландиялық мамандар ұшақ “Бук” кешенiнен атылған зымыранның оқтұмсығы тигендiктен, апатқа ұшырады деген қорытындыға келген. Бұл баяндама “апатқа кiм кiнәлi?” деген сұраққа жауап бермейдi. Кiнәлiнi анықтайтын тергеу жылдың аяғына дейiн өз нәтижесiн жария етедi.
Кәрiм Жұмағалиевтi “Жас Алаштың” оқырмандары заңгер ретiнде таниды. Билiктегi “батыраштар” мен “қотыраштар” дәл бүгiнгiдей “Жас Алашқа” шүйлiккенде бiлiктi заңгер Кәрiм Жұмағалиев талай мәрте қауiптiң бетiн қайтарған. Әлi де ақылын айтып тұрады. Сексеннiң бесеуiне келген Кәрiм аға қазiр зейнет демалыста. Кейбiреулер секiлдi қартайдым, қажыдым деп масыл болып отырған жоқ, әлi тың. Омарташылықпен айналысып, кiтап жазып, қоғамға пайдасын тигiзiп жүр.

Қазақстанның басты жаһандық жобасы – ЭКСПО-2017 көрмесi күн санап жақындап келедi. Әрине, ауқымды жоба елiмiздегi бiраз қызметтiк салаларды сын тезiне салатын түрi бар. Бұл орайда жолаушылар тасымалы да қарап отырған жоқ. Темiр жол торабы бүгiнде әлемнiң әр түкпiрiнен келетiн туристер ағынына қызмет көрсетуге тыңғылықты дайын. Жалпы алғанда, темiр жол саласы жолаушылар көлемiнiң /әуе және автокөлiк тасымалын қоса алғанда/ 50 пайыздық мөлшерiн тасымалдап отыр.

Қарағанды облысының қылмыстық iстер жөнiндегi ауданаралық мамандандырылған соты экс-премьер-министр Серiк Ахметов пен қарағандылық басқа да шен-шекпендiлерге қатысты қылмыстық iстi қарауды облыстық соттың ғимаратында одан әрi жалғастыруда. Сот отырысы, кейде күлкiлi жағдай кездесетiнiне қарамастан, көңiл көтеретiн орта емес. Ол — үмiт пен күдiк арбасқан алаң. Адамның табиғатын таразылайтын бiрегей безбен.

Мұқағали Мақатаевтың есiмi аталмайтын күн жоқ шығар, сiрә. Иә, дәл солай. Ақынды алғаш мектеп табалдырығын аттағанда “Мектебiң мынау класың, Осында он жыл тұрасың, Тарыдай болып кiресiң, Таудай болып шығасың” дейтiн төрт жол өлеңiмен есте сақтап қалыппын. Бастауыш сыныпта оқып жүргенде ұстазымыз Алуа тәтемен (Мұқағалидың қарындасы) кездесу жасадық. Ақын туралы қызықты әңгiме айтып бергенi де санамда өшпестей жатталып қалды.

Жақында “Жас Алаш” газетiнде астаналық Индира Сапаралинаның “Дүниедегi ең жақсы ене – менiң енем” (1 қазан, 2015 жыл) деген жүрекжарды мақаласын оқыдым. Индира апайға риза болдым. Бақытты болыңыз! Менiң енем де, обалы не керек, жақсы адам. Жалғыз баласы бол­ғандықтан, мiне, он бес жылдай бiрге тұрамыз. Рас, кейде “шаңымызды қағып-қағып” алады. “Қағылған шаңның” iшiнде мен ғана емес, екi қайынсiңлiм де қоса кетедi.

Талдықұм Шалқар ауданындағы ең бай колхоз болды. Колхозды алға сүйреген Алдияр, Зайыр деген ұйымдастырушы ақсақалдарымыз бар едi. Бала болсақ та көзiмiз көрдi. Шығысында Тұмалыкөл, батысында Қаратоғай колхозы болатын. Осы колхоздың балалары “Талдықұм” бастауыш мекте­бiнде оқып, интернатта жатты. Бұл колхозда 1940-41 жылдары 12 ербала және 1 қыз дүниеге келген. Сол

“Жас Алаш” газетiнде (№65, 2015 жыл) оқырман Тоғайбай Нұрмұратұлының “Тәуелсiздiктi бiз кiмнен алдық?” деген мақаласы жарық көрдi. Бұл – көзi ашық, көкiрегi ояу, зиялы қауымның көптен ойында жүрген шешуi қиын күрделi сұрақ. Расында да тәуелсiздiктi бiз кiмнен алдық немесе тәуелсiздiктi бiзге кiм әпердi?

Жыл өткен сайын қымбатшылық белең алып келедi. Iшiп-жейтiн атауыңның, үстiңе iлер киiмiңнiң бағасы тiптi шарықтап кеттi. Бiр ғажабы, оған тiптi таңырқамайтын да болдық. “Е, қымбаттаса қымбаттайды да, тек денiмiз сау, бала-шағамыз аман болсын”, – деп қанағаттық сезiм танытып жүрмiз. Бұдан екi-үш жыл бұрын­ғы “жесең тiсiңе, жемесең түсiңе” кiретiн ет жарықтық бүгiн саған оңайшылықпен етегiн де ұстатпайды.

Бiр жас жiгiт өзiн түнi бойы шөл қысып, әлi кетiп бара жатқан соң: – Су! Су!... Ең болмаса бiр жұтым су бере гөрiңдер!– деп айқайлаған бетi ұйқысынан шошып оянса керек. Жатқан жерiнен атып тұрып, бiр жұтым су беретiн жан таппай, жан-жағына үрейлене қарайды. “Бiр өзiмнен басқа тiрi пенде жоқ, тiршiлiктiң iзi тұрмақ иiсi де сезiлмейтiн шөл далаға қалай келiп қалдым” деген ой, қорқыныш сезiм бойын билеп алған.
ҚҰЙСАҢ БIР ҚҰЙЫП БЕРШI...
Құдайдың қара бауыр бұлты басқан,
Түнерiп тұрып алмай, шiркiн, аспан, –
Құйсаң бiр құйып бершi-ей, ала құйын,
Көңiлдi алаңдатпай шырқы қашқан.

Медицинада полидактилия деген ауру бар. Ол – адам саусағының қалыпты жағдайдан ауытқуы. Нақтырақ айтсақ, қолдың саусақтары мен аяқ башпайларының 5-тен көп болуы. Көбiнесе мұндай ауруы бар адамдар өздерiн өте қолайсыз сезiнедi. Жасырып, жабуға тырысады. Алайда өмiрде мұндай аурумен ауыратын және одан еш қымсынбайтын әлемге белгiлi адамдар бар екен. Соның бiрi – Мэрилин Монро. Бiрақ Мэрилиннiң қасында жүргендер мұны “көре алмаушылардың әдейi шығарған өсегi” дейдi.

17 қазан күнi Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтедi. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылатын “Алтын Орда” турнирiнде елiмiздiң намысын “Алаш прайд” клубының спортшылары қорғап, әлемнiң әр қиырынан келген саңлақтарға қарсы айқасады.  “Алтын Орда” додасының басты жекпе-жегi жауынгерлiк самбодан екi дүркiн әлем чемпионы,
Бүгiн Катардың бас қаласы Дохада бокстан әлем чемпионатының финалдық айқасы өтедi. Елiмiздiң ұлттық құрамасындағы сегiз боксшы әлемдiк додаға қатысуға мүмкiндiк алған-ды. Өкiнiшке қарай, бiреуi алғашқы айналымда сүрiндi, қалған бесеуi ширек финалдан өте алмады. Бүгiн әлем чемпионы атағына ұлттық құраманың капитаны, әлем чемпионы Данияр Елеусiнов (69 келi) пен әлем чемпионатының қола, күмiс жүлдегерi 
ӘКЕСI ОНЫҢ БАС БАПКЕР
Словакия құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпио­натына қатысуға мүмкiндiк алды. Iiрiктеу кезеңiндегi соңғы матчын Люксембург құрамасына қарсы өткiзген словакиялықтар 4:2 есебiмен жеңiске жеттi. Осы ойында словакиялық футболшылардың еншiсiндегi төрт голының үшеуi Владимир Вайсстың пасы арқылы соғылды.