1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16061) 20 қазан, сейсенбі 2015
“Жас Алаштың” өткен нөмiрiнде Балқаш торабын Ресейдiң зымыран шабуылына қарсы ескерту жүйесi бұдан әрi де пайдалана беретiнiн жаздық (“Аюдың ойынынан түлкiнiң мойны үзiледi”, №82, 15 қазан). Бiз бұл мақалада Ресейдiң Балқаш торабын барлау үшiн пайдаланатынын, келiсiм мерзiмi бiткен соң қаңқайған ғимаратын қалдырып, құрылғыларын көшiрiп әкететiнiн айтқанбыз. Қазақстан президентiмен кездесуге бiр келгенде апырып-жапырып iс бiтiрiп кететiн әдетi бар Владимир Путиннiң (Ескерте кетейiк, Назарбаев пен Путин биыл 13 рет кездесiп, 12 рет телефонмен сөйлескен). Әсiресе, әскери салада. Бұл жолы да сөйттi. Балқаш торабын әскери мақсатта бұдан әрi де пайдалана бередi және Маңғыстау облысының аумағына зымырандарының бөлшегiн құлатады.

Өткен аптада Нидерландының қауiпсiздiк кеңесi былтырғы жылдың 17 шiлдесiнде Украинаның шығысында атып түсiрiлген малайзиялық әуе компаниясының “Боинг 777” ұшағының апаты бойынша түпкiлiктi зерттеуiн жария еткенiн жазған едiк. Ұшақ қалдықтары бiр жылдан астам уақыт бойы зерттелiп, әуе кемесi қайта құрастырылды. Бүгiнгi нөмiрде аталған баяндамаға егжей-тегжейлi тоқталып, назарларыңыз­ға ұсынуды жөн көрдiк.

Жуырда ғана жемқорлық бабы бойынша айыпталған Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов сот белгiлеген айыппұлды толығымен өтедi. Оның жалпы сомасы – 1 млрд.    101 млн. 60 мың теңге.     Бұл – өте үлкен қаржы. Қарапа­йым халықтың өңi түгiлi түсiне де кiрмейтiн ақша. Бiрақ экс-шенеунiк

Қызғаныштан адам анасын, қызы мен бауырларын өлтiре ме? Iшкi iстер департаментiнiң толық анықталмаған ақпаратты асығыс таратқаны қалай? “Түркiстан қаласында отыз жастағы жiгiт өзiнiң бүкiл отбасына, дәлiрегi алты адамның өмiрiне қастандық жасады, төрт адам оқиға орнында қаза тауып, еке­уi ауыр халде ауруханаға жеткiзiлдi” деген суық хабар өткен аптаның сенбi­сiнде тарады. 

Қазанның 15-iне белгiленген Ж.Зекейұлының 400 миллиондық моральдық шығын өндiруге қатыс­ты сот отырысы тағы да жалғасын таппады. Алматы қаласы, Алмалы аудандық №2 сотының ғимаратына жиналған “Жас Алаш” газетiнiң қол­дау­шылары мен жанашырларын жарты сағаттан астам күттiрген судья Айнұр Бейсеуова бұл күнгi сот отырысын Ж.Зекейұлынан түскен талап арыз­ға байланысты келесi аптаға шегеретiнiн мәлiмдедi.

Шымкенттегi “Замана” басылымының жазуынша, Оңтүстiк Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында ерлi-зайыптылар бес баласын ертiп, Сирияға кеткен. Бұл оқиға қыркүйекте болған. Көршi-қолаң, туыс-туғандарының айтуынша, ерлi-зайыптылардың оғаш қылығы байқалмаған. Тек отағасы сақал өсiрiп, жұбайы хиджаб киiптi. Олар соңғы кездерi ғана туған-туыспен көп араласпай, той-томалақтан шеттеп жүрген.
Ресей қорғаныс министрлiгiнiң мәлiмдеуiнше, 18 қазан күнi Ресей әскери ұшақтары 39 рет ұшып шығып, “Ислам мемлекетi” экстремистiк тобының майдан шебiне 51 шабуыл жасаған. Мұны Азаттық радиосы хабарлады. Министрлiк Ресей әскери ұшақтары “Хама, Латакия және Дамаск пен Алеппо маңындағы аудандарды нысанаға алғанын” хабарлады. 
Сбербанк: жаңа мүмкiндiктер уақыты
Қазақстандағы Сбербанктiң тарихы 2007 жылы елiмiздiң экономикасы ауыр кезеңдердi басынан өткiзiп жатқан кезде басталды. Алайда бұл бизнестi дамытуға елеулi тосқауыл болған жоқ, және бiр-ақ жылдан соң Сбербанк Қазақстандағы он iрi банктердiң қатарына кiрдi. Қазiр, экономиканың төмендеуiнiң жаңа толқынының аясында Сбербанк, әдеттегiдей, өсiм мен сапалы қаржылық көрсеткiштердi көрсетiп отыр. 
Елдi елеңдеткен, қоғам көз тiккен “Серiктiң соты” ендi қаншаға созыларын кесiп айту қиын. Өзiм әу бастан болғанды бiрыңғай баяндай бермей, әйтеуiр, шама келгенше, оқиғаның өрбуiн шашау шығармауға ұмтылдым. Сот басталғалы күзет күш­­тi болды. Iшкi әскердiң жауын­герлерi ғимараттың төңiрегiн тышқан өтпестей қылып қадағалады. Бұрыш-бұрыш пен үйлердiң арасында тұрған ала киiмдi үшеу үндемей-ақ анау-мынаудың мысын басатын. “Мұндайды бұрын көрмедiк” деп, қарағандылықтардың өзi қайран қалды.

Осы көктемде Ақтауға жолым түстi. Мұнайлы өңiрге Сүлеймен Бердәулетов деген азаматты iздеп бардым. Облыс медицинасына айрықша еңбек сiңiрген танымал тұлға екен. Әдебиет пен өнерден, кешегi, бүгiнгi тарихымыздан хабары мол, өте әңгiме­шiл кiсi алғашқы жүздесуде-ақ өзiне баурап алды. Iшкi жан әлемiнiң әдемiлiгiне тәнтi болдым. Бүгiнгi қоғамдық өмiрiмiз­бен бiте қайнасып жүргенiн, көп жыл облыстық «Маңғыстау» газетiнде жауапты қызмет ат­қарған журналист әрiптесiмiз (өтiнiшiн ескерiп бұдан кейiн айтылуға тиiстi кiсiлердiң ешбiрiнiң аты-жөнiн жазбай отырмын) өзiм жатқан теңiз жағасындағы қонақүйге әдейiлеп iздеп келiп, ерекше iлтипатпен жеткiздi

Сонымен, беларусь жазушысы Светлана Алексиевич биылғы қазан айының 8-i күнi Нобель сыйлығына ие болды. Светлана Алексиевич... Бұл кiм? Ендi С.Алексиевичтi оқырмандарға таныстыра кетелiк. С.Алексиевич Беларуссияда туылған. Әкесi – беларусь. Шешесi – украин. Әкесi де, шешесi де орыстiлдi болғандықтан, Светлана орыс мектебiнде оқиды. Шығармаларын да орыс тiлiнде жазады. С.Алексиевичтiң 1980-жылдары жарық көрген “У войны не женское лицо” атты шығармасы КСРО әдебиетшiлерiнiң тарапынан жоғары бағаланып, КСРО халықтарының бiрталайының тiлдерiне аударылған да болатын
Бала күнiмде отбасымыз Таймас атты иттi асырады. Оны күшiк кезiнен атам баққан, сондықтан Таймас тек атама бағынатын, тек атамды ғана иесi деп танитын. Өзi ешкiмнен қорықпайтын, ақылды әрi адал ит едi. Отбасымыздың басынан өткен оқиғадан соң иттердiң тылсым дүниемен байланысы бар екенiне көзiм жеттi. Таймасты атам алғаш әкелгенде ол 3-4 айлық күшiк болды, ал мен ол уақытта бастауышты бiтiргенмiн. Таймас өсе келе, отбасымыздан ажырамайтын адал серiгiмiзге айналды. Дүкенге барсам, артымнан ерiп жү­ретiн, мектептiң ауласына дейiн iлесiп, шығарып салатын
ҚЫЗЫЛ ҒАЛАМШАРДА ТIРШIЛIК БОЛУЫ МҮМКIН БЕ?
Қыркүйек айының аяғында НАСА ғалымдары әлемдi дүр сiлкiндiрген мыңжылдықтың ең маңызды жаңалығын жария еттi. Ғалымдар Қызыл ғаламшардың бетiнен су тапты. 28 қыркүйекте Вашингтонда НАСА ғалымдары “Марс құпиясы ашылды” атты тақырыппен баспасөз мәслихатын өткiздi. Өз зерттеуiн,
“Мыңнан бiр мезеттiң” бұған дейiнгi сандарында физикадағы қызықты жаңалықтардың бiрi – “қара ойық” туралы аз жазған жоқпыз. Қара ойық туралы” зерттеулер өте аз, бiрақ Эйнштейннiң салыстырмалылық теориясының арқасында оның түрi, көлемi, өзге де физикалық касиеттерiн есептеп шығарудың мүмкiндiгi туды. Бұл құбылысты егжей-тегжейлi зерттеген ғалым Кип Торн “қара ойық” туралы бес қызық деректi келтiредi. Бүгiн осы деректердi
ҚАТЕРЛI IСIКТI ЕМДЕУДIҢ ЖОЛЫ – P53 ГЕНI
Пiлдiң салмағы 5 тонна, оның денесiндегi жасушалар адамдiкiнен 5 есе көп. Бiрақ пiлдер адамдармен шамалас жыл жасайды. Ағылшын дәрiгерi Ричард Пето пiлдер денесiндегi жасушалар бiздiкiнен көп болғанына қарамастан, бұл жануарлар қатерлi iсiк ауруларына адаммен салыс­тырғанда 5 есе аз шалдығады дегендi анықтаған.

Аудан орталығына ауылдан қатынап iстеп жүрген кезiм. Таңертеңмен үйден дедектеп аялдамаға шығамын. Тұмсығы пұ­шық кiшкене автобус бiр жарым сағат дегенде менi аудан орталығына жеткiзедi. Содан редақцияда ақ қағазға шұқшиып кешке дейiн отырамын да, сол атыңнан айналайын пұшық автобустан қалып кетпеуiм үшiн автобекетке қарай жүгiремiн... Жадыраған жаз айы болса, әрине, өкпе жоқ. Ал

Бокстан ересектер арасындағы әлем чемпионатын Катар 10 күн iшiнде өткiзiп жiбердi. АИБА-ның президентi Чинг Куо Ву бастаған жақсы-жайсаңдар Дохадан жағасы жайлау аттанды. Екi миллион халқы бар Катар АИБА-ның ақ жалауын Гамбургке ықыласпен табыс еттi. Ендi 2017 жылдың еншiсiндегi әлем чемпионатын немiстер өткiзедi. Әлем бiрiншiлiгiнiң қорытындысы бойынша Куба боксшылары 4 алтын, 2 күмiс, 1 қола медаль олжалап, жалпы есепте көш бастаса, ресейлiктер 2 алтын,
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгiлi Мэдисон Сквер Гарденде өтетiн былғары қолғаптың екi хас шеберiнiң шаршы алаңдағы айқасын асыға күттiк. Бiздер, бокс жанкүйерлерi үкiлеген үмiтiмiз, жерлесi­мiз Геннадий Головкиннiң жеңiстерiне әбден үйренiп кеткенiмiз рас. Бiрақ бұл жолғы сайыстың жөнi де, жосығы да бөлек. Бiздiң оғланның бұл жолғы қарсыласы рингте 34 кездесу өткiзiп, өмiрiнде екi-ақ рет
ТАРТЫСҚА ӘЗIР
Ертең (сәрсенбiден бейсенбiге ауған түнi Астана уақытымен 00.45-те) елордалық “Астана” футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiндегi кезектi тартысын өткiзедi. Мадрид қаласында “Атлетикоға” қарсы тұратын Станимир Стойловтың шә­кiрттерi матчқа сақадай-сай. Аргентиналық Диего Симоене баптайтын