1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16062) 22 қазан, бейсенбі 2015
БҰЛ ӨЗI НЕТКЕН ТАУСЫЛМАЙТЫН ДАҒДАРЫС ЕДI?
Осы жылдың ақпан айында: “Бiзде дағдарыс жоқ”, – деп мәлiмдеген президент осы аптада: “Энергия тасымалдаушы өнiмдер бағасының төмендеуi себептi ел бюджетiне түсетiн кiрiстер 40 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, өзге экспорттық тауарлардың негiзгi түрлерiнiң, соның iшiнде қара және түстi металдардың, көмiрдiң бағасы төмендедi. Бұл ретте ауыл шаруашылығы аздаған өсiмдi қамтамасыз етiп отыр, ал өнер­кәсiптiк кәсiпорындар, соның iшiнде машина жасау саласындағы кәсiпорындар өндiрiстi азайт­ты”, – дей келе, “нағыз дағдарыс ендi келе жатыр” деген сыңайда ой бiлдiрдi.
Осыған дейiн жағ­дайы­мыз жақсы, экономикамыз қарқынды даму үстiнде, алаңдайтын ештеңе жоқ деген сыңайда жұртты жұбатып, алдарқатып келген президент Н.Назарбаев түнеугүнi премьер-министр Кәрiм Мәсiмовтi қабылдап, дағдарыстың жай-күйiн сөз еттi. Сөз етiп қана қоймай, нағыз дағдарыстың ендi бастал­ғанын ескерттi. Жалпы, дағдарыстың кеше-бүгiн тумағаны анық. Былтырғы ақпан айында теңгенiң құлдырауынан басталған бұл қиындық биыл тiптi қарқын алды.
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТI ТМД-НЫҢ БIРIККЕН ШЕКАРА КҮШТЕРIН ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ
Қазақстан президентi Н.Назарбаев пен Ресей президентi В.Путин биыл 13 рет кездесiп, 12 мәрте телефонмен сөйлескенiн газетi­мiздiң өткен сандарында жаздық. Жыл аяқталғанша екi айдан астам уақыт бар. Ендеше, он үшiншi кездесудi биылғы кездесулердiң соңы деуге әлi ерте. Ресей басшысы соңғы келiсiн­де бiраз шаруаның басын қайырып кеттi. Өз пайдасына, әрине.
Бөкей ордасының азапты жолы мен полигон мүгедектерiнiң мұңын хан тойына жиналғандар байқамады
“Жас Алаш” тiлшiсi Батыс Қазақстан облысын аралап қайтқан едi. Кедендiк одаққа кiрген соң елдегi жеке кәсiпкерлердiң берекесi кетiп, жұмыссыздықтан екi қолға бiр күрек таба алмай қалғандар көп екен. Девальвацияға да, дағдарысқа да қарамай тойланған қазақ хандығының жарты ғасырлық мерекесi де мұндағылардың
Бурабайдағы тәп-тәуiр сам­миттi Болат Өтемұратовтың “бүлдiргенi­нен” жұртшылық хабардар болуы тиiс. Назарбаевпен селфи жасаймын деп ұятқа қал­ған миллиар­дердiң қылығы әлеу­меттiк желiде ұзақ-сонар әңгiмеге арқау болды. Тiптi ресейлiк ақпарат құралдары саммиттiң саяси мәнiнен гөрi қазақ байының тосын әрекетiне көбiрек тоқталды. Бiрақ Өтемұратовты жерден алып, жерге салып жатқандар бiр нәрсенi ескермеген тәрiздi.
«Соттылықа» байланысты қытайдан оралған қазақтардан анықтама талап ету туралы мәселенi шешу – ҚР Iшкi iстер минисрлiгi үшiн үлкен сынақ!
Мәжiлiстiң екiншi оқылымында мақұлданған “Халықтың көшi-қон” заңына байланысты қуанышты жаңалықты БАҚ жарыса жазды, жариялады. Дегенмен, Қытайдан келетiн қандастарымыздан талап етiлетiн “соттылыққа” байланысты АНЫҚТАМА жө­нiнде “Қазақстан арнасындағы «Жаңалықтар» қызметi «сотталмағаны туралы анықтама» жалғасты сұралады деп жатыр.
Өткен аптаның жұмасында экс-премьер Серiк Ахметовтiң iсiне қатысты “ЮТЕКС” компаниясының қызметкерi Анар Мақсұтова сот тергеуiнде басынан кешкен жайды ақтарып салды. Куәгердiң сөзiнен қате кетпеуi үшiн әңгiменi аудиожазбаға сүйенiп жалғас­тырайық. — Тергеу жүрiп жатқанда менi қаржы полициясына шақырды. Маған бiрнеше рет қоқан-лоққы көрсетiлдi. Мен барлығына қысыммен қол қойдым.

Өткен ХХ ғасырдың 20-30-жыл­дары ұлттық әдебиетiмiздiң баста­уында тұрған тұлғалардың бiрi – жазушы, аудармашы, сықақшы, музыкант Қадыр Тайшықов. Биыл туғанына 115 жыл толып отырған бұл қаламгердi өткеннен хабары бар адамдар болмаса, кейiнгi буын өкiлдерi бiле бермейдi. Осыны ескерiп, 2013 жылы “Жас Алаштың” бетiнде Қадыр Тайшықов жөнiнде “Қайраңға ұрынған қайық” (19 нау­рыз) атты мақала жариялағанбыз. Онда Қадырдың Баянауыл өңiрiнiң тумасы және Жүсiпбек Аймауытовпен аталас туыс екенiн де айтып едiк.

«МЕНIҢ ПIРIМ – СҮЙIНБАЙ»
Дәл қазiр ақиық ақынымыз Сүйiнбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойы жер-жерде кеңiнен аталып өтiп жатыр. Осы мерейтойға орай 21 қазан күнi Талдықорған қаласындағы I.Жансүгiров атындағы Мәдениет сарайында ақындар айтысы өттi. Ал бүгiн Жамбыл атындағы мемлекеттiк филармонияда (Алматы) “Сөздiң пiрi – Сүйiнбай” атты халықаралық ғылыми конференция өтедi.
Алыстағы аға­йыннан қасыңдағы көршi артық. Әрине, көршiнiң де неше түрi бар. Бiрақ Запура апайды мен ешқашан ұмытпаймын.
Бiз Түрген ауылына көшiп келгенде, ешкiмдi танымайтын едiк. Көршiлердiң бәрi орыстар екен. Ал олар, көбiне бiздiң қазақтар сияқты емес, адамдармен онша араласа бермейдi. Кiшкен­та­йымыздан әке-шешемiз­дiң көршiлермен жақсы араласқанын көрiп өскендiк­тен, маған бұл онша ұнай қоймады. Бiрақ, амал қан­ша...

Мұғалiм – жауапкершiлiгi жоғары мәртебелi мамандықтардың бiрi. Олай деуге негiз: ол бала бағбаны, бiлiм мен тәрбие берушi, яғни ата-анасынан кейiнгi үлкен өмiрге бағыт-бағдар көрсетiп, олардың қалып­тасып   жетiлуi жолындағы күрескер десек болады. Демек, ұстаз ұлағатты, бiлiктi де бiлiмдар, мәдениеттi де парасатты, жан-жақты заман талабына сай болуы керек.

Мен көптi көрген “көне” қыз емеспiн, жасым – он сегiзде. Бiлетiнiм, инабаттылық, биязылық, адалдық, батылдық, шыдамдылық – шығыс елдерi, соның iшiнде қазақ әйел-қыздарына тән қасиеттер. Ибалы, табиғатынан көнбiс қазақ әйелдерi отбасының тыныштығын сақтаған. “Қызға қырық үйден тыйым” деген аталы сөзге құлақ асып, жаман әдеттерге әсте бой алдырмаған. Ибалы, ақылды қыз ең сұлу ару саналған.

Әбдiраш жездемiздiң қожанасырлығы бар. Басымыз қосыла қалса, әлi күнге дейiн жездемiздi әңгiме етемiз. Бiрде Жылқыбай мен Жамай деген екi iнiсiн ертiп алып ауыл үйдi аралап, сәлемдесiп жүргенде күннiң өте шыққанын аңғармай да қалыпты. Кiрген үйлерiнiң бәрiне Әбдiраш: “Тамақ салып әуре болмаңдар” деп, нан ауыз тиiп кете берiптi. Әбден шаршаған кездерiнде

Үлкен ағамыз 70 жасқа толды. Тойы да жақсы өттi. Түрлi ойындар мен кон­церт­тер қойылып, ағайға сыйлықтар тарту етiлдi. 70 жылдық тойдан кейiн ағай: – Маған мiнгiзген атты сен ал, ауданның әкiмiмен хабарлассаң болды, бередi, – дедi. Алайда әр­түрлi шаруалардың басын қайырып жүрiп ел жаққа барудың сәтi кештеу түстi. Қайырғалы жездей екеумiз аудан орталығы

Жазда туған ауылымда болдым. Ауыл шағын ғана 15-16 үйден тұрады. Жастары жиырма мен жетпiс аралығындағы ауыл тұрғындары түгелге жуық арақ iшедi екен. Iшiнде мүгедек болып қалғандары да бар. Он жыл бiрге оқыған сыныптасымды даусынан зорға таныдым. Арақ алып бердiм. Қосылып iштiм. Неге? Бiлмеймiн...

Қазақ боксшыларының әлемдiк көштiң басына шыққанына төрт-бес жылдың жүзi өттi. Бiздiң боксшылардың Азия құрлығындағы, әлемдiк деңгейдегi қандай сайыс болмасын жеңiс шыңынан көрiнуi кейбiреулердiң iштарлығын тудырмаса екен деп тiлейтiнбiз. Қазақ боксының сайыпқыран оғландары екi жыл бұрын Алматыда өткен әлем чемпионатында айды аспанға шығарып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.
ҚАЗАҚТЫ ҚУАНТАДЫ ӘЛI
Қытайдың 10 дүркiн чемпионы, Бейжiң Олимпиадасының қола жүлдегерi Қанат Исламның АҚШ асып, кәсiпқой боксқа кеткенiн бiлемiз. Тiптi екi-үш жылдың iшiнде бiрнеше дәреже көтеру жекпе-жегiнде жеңiске жетiп, мәртебемiздi тасытқан. Соңғы кездерi Қанат туралы тың ақпарат ести алмап едiк. Қазақтың бағына туған талантты бокс­шының кәсiпқой бокстың қайнаған жерi АҚШ-та бағын
СИЫР САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАНЫ ҮШIН МҰСЫЛМАН ЖIГIТТI ӨЛТIРIП КЕТТI
Үндiстанда 21 жастағы мұсылман Нуман Ахтарды үндiлiктер өлтiрiп кеттi. Ол Уттар-Прадеш штатында iрi қара малды тасымалдаумен айналысатын едi. Өзiнiң жүк көлiгiмен келе жатқан оны Сарахан ауылы маңында үндi экстремистерi ұстап алып, аяусыз тепкiле­ген. Оқиға орнына тәртiп сақшылары жеткенше, алған соққылар әсерiнен Нуманг Ахтар көз жұмған. Ол отбасының жалғыз асыраушысы едi.